Экономические науки/ Экономика сельского хозяйство

 

Ибраева Жанар Маратовна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты, Қазақстан Республикасы

 

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы маркетингтің ролі

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өткендей “2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс. Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды” [1].

АӨК-де маркетингті қолдану нарықтық қатынастарды дамыту мен ауылшаруашылығы саласын оңтайлы мамандандыруды орнықтырудың қажетті шарттары болып саналады. Маркетинг нарықтағы ауылшаруашылық өнімдерімен және де басқа да тауарларға деген сұраныс пен ұсынысты және сондай-ақ олардың даму беталыстарын зерттеу, агроөндіріс кешенінің ұтымды құрылымын құру және Қазақстанның жекелеген облыстарымен аймақтары арасында өнім айырбасталуын ынталандыру арқылы агроөндірістік кешен кәсіпорындарының мамандануын тереңдету мен дамыту үшін қажетті шарттарды қалыптастырады.

Ағымдағы стратегиялық мәселелерді шешу кезінде маркетинг әдісі кәсіпорындарға қолында бар материалдарды, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануына мүмкіндік береді. Нарық экономикасында маркетинг кәсіпорынның барлық өндірістік және өнімді өткізу қызметін ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізіне, ал маркетингті басқару оларды басқару жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Сондықтан, кәсіпорындарда маркетинг – дербес маманданған ішкі шаруашылық бөлімше ретінде қызмет етуге тиіс. ҚР-да нарықтық қатынастардың және маркетингтің дамуын қолдайтын заңнамалық және нормативтік база құрылған.

Жоспарлау әдіснамасында келешекте ауыл шаруашылығының дамуы сценарлық әдіспен болжамдау бірауыздан мойындалған. әдіс мынадай келесі элементтерді өзіне қосады: кәсіпорынның даму мақсатының нұсқаларына негізделу, өсу факторының жеткілікті жиыны, мақсатқа қосалқы жүйе қозғалысының талдамасы. Саланың дамуын анықтаушы кілтінің кезі – ұлттық аграрлық экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің қолдау саясаты және оның бөлек секторларында. Ауыл шаруашылығының даму параметрлерін болжау факторлардың есебін, өсудің потенциалын анықтаумен мемлекеттің ықпалын болжайды. Мемлекеттің рөлі ауыл шаруашылығының өнімдерінің бағасын реттеуде және салалар арасындағы бағалар үйлесіміде, валюталық бағамда, экспорт дамуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын тежеуде, аграрлық сектордың кәсіпорындарын бюджеттік қолдауда және т.б. жағдайларда орын алуы тиіс.

  Ауыл шаруашылығын дамытуда үш мүмкін кезеңді бөліп көрсетуге болады: бірінші кезең – толық стагнация (стагнация – тоқыраушылық, тұралаушылық). Бұл кезең өткен ғасырдың соңғы онжылдығын және осы ғасырдың бас кезеңдерінде (1990-2005ж) қамтыды және ауыл шаруашылығы күйреуімен, егістік аудандарының апаттық қысқаруы, мал саны, ауыл шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілудің төмендеп кетуімен және т.б. жағдайлармен сипатталды. Екінші кезең – ауыл шаруашылығының әлсіз және инерциялық дамуының техникалық және инновациялық модернизациялануы.

  Инерциондық дамудың сценарийі егістік аудандарының тенденциясы қысқартылуының жалғасуымен, мал саны, азық-түлікке деген импортқа мемлекеттің жоғары деңгейде бағыныштылығы сақталады.

  Біздің мемлекет ауыл шаруашылықты дамытуға бірінші қадамды жасады.

  Аграрлық сектордың технологиялық модернизациясының сценарийі елдің азық-түлікке тәуелсіздігін ішінара жоғарылатуға бағдарланған (импорттың орнына қолдану). Ол өзіне ресурсты жинақтаушы технологияны тарату бағытының басымдықтарын, өндіріске жоғарғы егіндік ауыл шаруашылығы мәдениетіне ендіруді және жаңа жануарлардың тұқымын, минералды тыңайтқыш активті түрде қолданумен өсімдіктерді бүлдіргіштерден қорғайтын құралдар мен аурулар, кеңейтілген масштабта арам шөптерді жоюды кіргізеді. Бұл қалпына келтіруден инвестициялық өсуге ауысуды, келешекке деп жинақтаушы технологияларды ендіруді білдіреді. Мұндай технологиялар өндірістегі дәл шығындарды қысқарта отырып, тұрақты егінмен қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаны бүлдірмейді. Барлық шығындардан үнем оларды ендіруден 30-дан 80%-ға дейін болады.

  Үшінші кезең – кешенді инновациялық даму. Бұл кезең 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Ауыл шаруашылығы кешенді инновациялық даму жобасы тереңдетілген негіздегі инновация факторларын алдыңғы жобаларға қарағанда АӨК аясының барлық түрлерінің жүйесінде өзгешеленеді. Олар өздеріне селекционды – генетикалық, өндірістік – технологиялық, ұйымдық – экологиялық сипаттағы жаңа оңтайлы құрылымдарды қосады. Мұндай жобаның өткізілуінің нәтижесі болып, яғни ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу өндірістерінің технологиялық және ұйымдық деңгейінің өсуі арқасында елдегі азық – түліктің бәсекеге қабілеттілігін елеулі түрде үлкейту саналады. Инновациялық үдеріспен технологиялық модернизациялану орны ауыл шаруашылығында қазірде орын аллады және белгіленген кезеңдер біршама шартты екендігі түсінікті. Бірақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін жоғарылату үшін елдің азық – түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажетті экономикалық өсу мен инновацияны енгізу қарқынын жеделдету керек.

ҚР-ның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жер ресурстарына бай Қазақстанның ауылшаруашылығы өндірісін дамыту жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар делінген. Сондай-ақ, ауылшаруашылығының өнімділігін арттыру және ауылшаруашылық қайта өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауылшаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығының жаһандық жылынуының ықтимал салдарына бейімделу шаралары іске асырылады.

Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50% тұратындығын ескере отырып аграрлық саланы дамыту ауылда тұратын халықтың өмір сапасын арттырудың шешуші факторы болып саналады. Осыған байланысты ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады.

2015 жылға қарай ауылшаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар: біріншіден экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 8%-ға дейін ұлғаяды, екіншіден агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде екі есеге ұлғаяды және үшіншіден етті қайта өңдеу 27%-ға дейін, сүт 40%-ға дейін, жеміс және көкөніс 12%-ға дейін ұлғаяды [2].

Нарықтық экономикада басқа шетелдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Жалпы шетелдік тәжірибеден кез келген елдің өркендеуі мен дамуының тек қана нарық жүйесіне байланысты еместігін, сондай-ақ маркетингтің де елеулі сипатта ықпал ететінін көруге болады. Себебі әлемде нарықтық экономикасы бар артта қалған мемлекеттер де, дамыған елдерде де қатар болғандықтан, дамыған мемлекеттердің көпшілігі дерлік экономиканың өркендеуі маркетингтің жоғары даму деңгейіне келіп саятыны анық байқалады. Сонымен қатар, көптеген ірі фирмалар да маркетингті өз шаруашылық қызметінің басты алғышарттарының бірі ретінде жете бағалайды. әлемге танымал бірқатар шаруашылық субъектілері маркетингтік іс – шараларды белсенді жүргізу нәтижесінде өз өнімдерінің өндірісі мен сату көлемін бірден ұлғайта білді.

Сонымен, ҚР-ның экономикасында нарықтық экономикалық жүйелерге тән маркетингтің барлық түрлері біртіндеп дами бастады. әсіресе, өнеркәсіп маркетингінен тұтыну маркетингі, макромаркетингтен микромаркетинг және стратегиялық маркетингтен жедел маркетинг кеңінен қолданысқа ие болды. Осы еңбек микромаркетингтің әртүрлі аспектілерін зерттеуге арналғандықтан, отандық кәсіпорындарда оны ұйымдастыру әдістерінің, түрлерінің және қағидаларының сан алуандығын зерттеуді көздейді.

Қазіргі заман маркетингі – күрделі, әрі көп аспектілі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, дербес экономикалық үдеріс, ойлау түрі және тұжырымдамасы, сонымен бірге, үнемі өзгеріп отыратын қазіргі нарық шарттарында бизнесті жүргізу әдістемесі мен технологиясы, фирманың саясаты, стратегиясы және тактикасы болып саналады. Қазақстан экономикасы өркендеген нарықтық қатынастарға кірген сайын маркетингтің тиімділікті арттыру құралы ретіндегі ролін жоғары бағалар мен субъектілер де көбейіп, оның элементтері нақты нарықтық қатынастарға  және жекелеген ұйымдардың іс – қызмет ерекшеліктеріне жедел бейімделетін болады.

Қазақстандағы ауылшаруашылығының барлық салалары нарық экономикасының барлық ажырағысыз қасиеттерін, оның ішінде маркетинг саласын да қабылдай отырып, нарыққа еніп келеді. Агроөндірістік кешен маркетингінің ерекшеліктері агробизнес жүйесіндегі нарықтардың және аграрлық азық – түлік кешеніндегі сұраныстың, ұсыныстың, баға ерекшеліктерімен айқындалады. ҚР-дағы агроөндіріс кешенінің негізін халық үшін азық – түлік өнімдері мен өнеркәсіптің көптеген салалары үшін шикізат өндіретін ауылшаруашылығы құрайды. Ал басқалары болса, ауылшаруашылығына қызмет жасай отыра, өзіндік маңызға ие болып саналады. Ресурстар саласына ауыл шаруашылығын техникамен, жеммен, ұрық – тұқыммен, тыңайтқыштармен, жануарлармен өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттармен және өндірістің басқадай материалдық факторларымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Сонымен бірге, бұған ауыл шаруашылығы үшін қажет болып саналатын несие мекемелері де кіреді. Аталған мекемелер ауыл шаруашылық ресурстарының нарығын қалыптастырады, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтайды және несиелеу шарттары мен бағалары арқылы ауыл шаруашылығы шығындарының мөлшеріне ықпал етеді. Агроөндірістік қызмет саласы ауыл шаруашылық мекемелерін жалгерлік шарттары бойынша техникамен қамтамасыздандыру, ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу және қосалқы бөлшектерімен жабдықтау, жер өңдеу жұмыстары, агрохимия, ғылыми – зерттеу шараларын атқару және жаңа технологияларды енгізу, ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысын басқару, маман даярлау және қайта даярлау сияқты көптеген әртүрлі қызметтерді қамтиды. Бұл сала агроөндіріс кешенімен оның жекелеген салаларындағы жұмыстың жақсаруын қамтамасыз етеді. Бұған нарықтық қатынастар тереңдеген сайын маңыздылығы арта түскен жеке меншік құрылымдармен қоса мемлекеттік құрылымдар кіреді.

Агроөндірістік маркетинг саласы ауылшаруашылық өнімдерінің фермадан сатып алушыға дейінгі қозғалысын, яғни жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізілімін қамтамасыз ететін барлық салаларды қамтиды. Аталған салада мемлекет пен халықтың ауыл шаруашылық өнімдеріне деген қажеттіліктері анықталды. Басқа сөзбен айтқанда, ол нарықтық экономиканың не өндіру керек? қанша өндіру керек? және қандай бағамен сату керек? деген негізгі үш сұраққа жауап береді. Бұл салаға көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, өнім дайындайтын, сақтайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындар, биржалар, аукциондар, т.б. жатады. Нарыққа кірген сайын маркетинг саласының ролі күшейе түседі. Нәтижеде ол агроөндіріс кешенінің басқада салаларының арасында маңызды да басым орынға ие болады. Мысалы, АҚШ агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімінің өзіндік құн құрылымында маркетинг саласының үлесі 75%-ды құрайды [3].

Жалпы аграрлық маркетингті екіге бөлуге болады: жеке кәсіпорын шеңберінде әрекет етуші микромаркетинг және мемлекеттік билік органдары арқылы мемлекет көлемінде жүзеге асатын макромаркетинг. Оның басты міндеті барлық нарыққа қатысушылардың өз өндірістік – сауда шығындарын өтеуге және пайда табуға мүмкіндік туғызуы үшін тауарлар өндірісімен өтімділігіне қолайлы жағдайлар жасау болып саналады.

Ұзақ мерзімге дейін батыс экономисттері аграрлық маркетинг түсінігін ауылшаруашылық өнімдерін фермерлерден сатып алушыларға дейін жеткізу деп түсінді. Бірақ, бұл түсінік маркетингтің эконмикалық жағынан мазмұнын толық ашпайды және тауар өндірушілердің, алып сатушылардың және де мемлекеттің қызметтерін ескермейді. өнімді өндірушіден сатып алушыға дейінгі жеткізу процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Тауарды оңтайлы бағада өткізу үшін, ол сатуға дайын болуы тиіс, яғни буып оралған және қажетті көлемде және кең ассортиментте сатып алушыға жеткізілуі тиіс. Бұл мақсаттар үшін дамыған елдерде күшті инфрақұрылым, тасымалдау, қоймалау, өңдеуші кәсіпорындар, көтерме нарықтар, азық – түлік дүкендері желісі жұмыс істейді. өнімдер нарығында тауар бір меншік иесінен екінші меншік иесіне өтеді. Сондықтанда, агромаркетингті ауылшаруашылығы өнімдерін, шикізаттарды өзара келісім және өзара қолайлы баға бойынша сатып алушылар мен сатушы арасындағы сауда келісімі деп те қарастырамыз.

Сонымен, маркетингтің сипаты және негізгі белгілері туралы жүргізген зерттеулер нәтижесінде маркетингті қазіргі заманғы бизнестің философиясы мен идеологиясы, экономикалық үдеріс, шаруашылық іс – қызмет саласы, ойлау түрі мен тұжырымдамасы, шаруашылық жүргізу субъектілерінің басқару жүйесі, ғылымның саласы деп түрліше мазмұндауға болады.

Отандық кәсіпорындарда маркетинг, негізінен, тұжырымдамадан іс – қызмет түрі ретінде жетіліп келеді. Қазіргі жағдайда білім және ғылым саласында маркетинг қарқынды даму үстінде. Бұған маркетинг саласы бойынша мамандар мен ғылыми қызметкерлердің даярлануы және ғылыми – зерттеу жұмыстары мен ұйымдық - әдістемелік құралдардың шығарылуы айқын дәлел.

Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингті қолданудың мәні өндірісті өндірілген өнімге деген сұранысқа сәйкестендіру және өнімнің бәсекеге қабілеттілігн жоғарылату, кәсіпорын ресурстарын мақсаттармен ұштастырудан, ал мақсаттарды сатып алушылар талаптарымен байланыстырудан көрінеді.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.                     «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 15.12.2012ж

2.                     Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары

3.                     Клюкач В.А. Развития маркетинга в агропромышленном производстве. Учебное пособие. - М.: Экономика, 1994. - С.115.