қызметтік жағдайын асыра пайдалануды  әсерінен көлеңкелі экономиканың үдерістері

 

Демеубаева Ақмарал Оспановна, Тоқсанбаева Гүлжан, Қозыбаева Назира

 

Әкімшілік қызметі, негізінен заң қызметі барлық деңгейде шенеуніктер жеке түрде қолданатын бірден-бір тауар болып табылады. Оларда будан басқа ешнәрсе жоқ. Алайда, кез келген ашық сипаттағы нарықты қатаң бақылау үшін  керегі де жоқ. Қолдан жасалған ашық мүмкіндіктердің тапшылығы – сыбайласқан әрі көлеңкелі басқарудың ең кірісті тәсілі.

Сыбайлас жемқорлықтың әрекеттері Қазақстан азаматының күнделікті өміріне әсер етуі қазіргі таңда маңызды сипатқа ие болып отыр. Бизнес өкілдері бұл әрекеттермен жиі кездесіп отырады. Олар заңдарды орындай отырып, әкімшілік бюрократтық аппарат меншік құқықтарын шектеулі түрде реттеуге, құқық тапшылығын жасанды түрде құруға ұмтылады. Бұл жағдайда әкімшілік аппарат жеке мүддесін айқын сақтайды, яғни түрлі лицензиялар мен шешімдерді саудалап, осы арқылы өзіндік табыс тауып отырады. Әкімшілік шешім нәтижелерін тікелей тұтынушы ретінде, жеке адам, заңды меншік иесі, кәсіпкер тани алады. Жеке пайда немесе жеке мүдде оның билікке жүгінуіне деген бірден-бір себеп болып келеді. Олармен қарым-қатынас жасаудың әкімшілік шешімін шығаратын билік өкілі оны бизнеске «инвестициялап», сыбайлас жемқорлық кірісі ретінде пайда таба алады.

Егерде сыбайлас жемқорлықты әлемдік өркениетте алатын орнын анықтап, мәселеге кеңінен қарайтын болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес өте маңызды сипатқа ие болады. Мемлекеттік лауазымды және саяси тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлық барлық парламенттік және үкіметтік бағдарламалардың әлеуметтік нәтижелілігін жоққа шығаруы; қоғамның мәдени, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық дамуын қиындатуы әрі бұрмалауы; қоғамды және мемлекеттің ыдыратуына әкелуі мүмкін.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жаңа ауқымдары келесі себептерге байланысты пайда болады:

а) әлеуметтік-экономикалық дағдарыс пен экономиканың белгілі бір секторларының экспанциясы, ерекше тауар түрлерін сатып алу бойынша мемлекеттік келісім шарттары;

б) 90-жылдары өзгерген саяси жағдайларға орай халықаралық деңгейде сауданы ырықтандыру; мұның өзі заңсыз сауда тәжірибесі мен сыбайлас жемқорлықтың ұлғаюына ықпал етуі.

Сыбайлас жемқорлық деп- мемлекеттік (муниципальды) қызмет атқаратын мемлекеттік істерді дұрыс басқаруға кедергі келтіретін тұлғаның дұрыс емес әректерін танимыз. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлері: билік және басқару органдарындағы қаржы сыбайлыстығы, саяси сыбайластығы.

С.И. Ожегеневтың сөздігінде сыбайлас жемқорлық деп, «Пара беру арқылы сатып алу, лауазымды тұлғалардың, саяси қайраткерлердің ақшаға сатылуы» ұғылады.[1]

Энциклопедиялық сөздікке сыбайлас жемқорлық «лауазымды тұлғаның жеке баю мақсатында өз қызметімен байланысты құқықтарды тікелей пайдалану» деп сипатталады. Шетел тілдері сөздігінде сыбайлас   жемқорлық (лат. Corruption ) қоғам және саяси қайраткерлердің, лауазымды тұлғалардың ақшаға сатылуы деп түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлық деп, міндеттерді орындау кезінде немесе осы міндеттерге байланысты талап етілген немесе қабылданған сыйлықтар, ынталандырулар, болмаса оларды заңсыз алу сияқты әрекеттердің жасалуы ұғылады деп көрсетілген (әңгіме мемлекетке зиян келтіру туралы болып отыр).

 Бұрынғы замандардан бері сыбайлас жемқорлықтың үш түрі болды: сыйлық, қызметіне ақы төлеу және заңсыз әрекет жасау. Сыйлық беру сыйлық алушы адамға құрметпен қарауды білдіреді. XVII ғасырдың өзінде-ақ сыйлық беру барынша рұқсат етіліп, параға айналды. Сөйтіп, парақорлық  шенеуніктерге құрмет көрсету тәжірибесіне айналды. Сыйлық берудің келесі түрі істі жүргізу мен рәсімдеу шығынымен байланысты болды. Шенеуніктердің істі жүргізу мен рәсімдеуге арналған төлем түріндегі кірістері оларға жалақы тағайындау кезінде ескерілсе, бұйрықтағы тиісті өз үлестерін алуға болатын істер көп болса, онда оларға аз жалақы төленді. Сөйтіп, «Істеген жұмысынан қоректену» тәжірибесі XVII ғасырдағы шенеуніктер күтімі бойынша мемлекеттік жүйенің бір бөлігі болып табылып келді. Сыбайлас жемқорлықтың үшінші түрі - заңсыз әрекет жасап, істі қолайлы шешкендігі үшін, істі жүргізу және рәсімдегендігі үшін артық ақы төлену. [2]

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша көзқарастар өте көп. Мәселен: 1) сыбайлас жемқорлық-парақорлыққа (ұйымдасқан немесе жүйелі парақорлыққа) ұқсатады; 2) сыбайлас жемқорлықты жеке мүддесінде, қызметтік жағдайын асыра пайдалану ретінде қарастырады. 3) сыбайлас жемқорлық деп пайда күнемділік үшін қызметтік жағдайын асыра пайдалануды айтады; 4) сыбайлас жемқорлыққа мемлекет қызметшілердің ақшаға сатылуы арқылы сипатталатын жағдайларды жатқызады; 5) сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыстың элементі ретінде қарастырады; 6) сыбайлас жемқорлық деп, лауазымды тұлғаның немесе өзге бір мемлекеттік қызметінің өз қызметтік өкілеттіліктерін әдейі бұзуын атайды. Барлық осы анықтамалардан туындайтын ортақ анықтама мынадай: жемқорлық әрекетін жасаған сыбайласқан адам немесе адамдар белгілі бір игіліктерді, жеңілдіктерді, артықшылықтарды немесе өзге де пайдаларды заңсыз иемденген тұлға деп есептіледі. Бұл пайда міндетті түрде материалдық сипатта келмейді.

Сыбайлас жемқорлық деп, лауазымды тұлғаның билікті немесе

  Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық механизмі билік органдары және қоғамның басқа құрылымдары немесе олардың өкілдері аралығында бейресми немесе бақылаусыз түрде ресурстар алмасуда танылуда.

  Екі құбылыстың – ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың өзара тығыз байланысқандығы  соншалық, олар үшін жағдай: бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу көп қажет керек етеді.  Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлар көленкелі экономика мен оның қылмыстық секторымен өзара үйлескендігі. Мұның өзі мафиялық құрылымдардың дамуына ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлықтың түрлерін олар мемлекеттік құрылымдарды, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық бірлестіктері мен шаруашылық құрылымдарын қылмыстық ортаның бақылауына бағындыру тәсілі ретінде пайдаланады. Мұнданғы басты тәсілдер – сатып алу, тіпті зорлық көрсету.

   Сонымен қорыта келе мемлекеттің жұмысын жақсарту мақсатында әкімшілік органдары үшін мемлекеттік өмірдің жеті қағидасы әзірленуі тиіс: аянбай қызмет ету, есеп беру, адалдық, ашықтық, объективтілік, тік мінезділік, көш бастау, мұның барлығын мемлекеттік құрылымдар қызметінде пайдалануға болады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Қарысбаев Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері // Қазақстан жоғары мектебі №3. 2004.

2.     Есипов В.М. Экономическая безопасность хозяйствующих субъектов в России // Эпи №8. 2004. с. 148-158

3.     Тарасов М. Усиление роли государства по ограничению теневой экономики в России // Проблемы   теории и практики управление №2. 2002 с. 19-23