Какенбекова А.А.

№13 ЖББОМ « WEB – дизайн» профілінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Қарағанды қаласы

 

Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі.

 

Ақпараттық технологиялар дамуының белсенділігінің артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын өнімдерді, интеллектуалды міндеттерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Жаңа технологиялардың оқыту үрдісіне енгізілуін оқушылардың шығармашылық, интеллектуалды дамуын арттыру деп түсінеміз. Толық жетілген жасанды интеллект құру адамзат алдына қоғамның барлық бағыттарында жаңа мүмкіндіктер береді

Даярлау – қандай да бір сала бойынша қажет білім беру, оқыту болса, ал жетілдіру – білімді, шеберлікті арттыру, артық жасау. Сонда бұл екі үрдіс барлық жаңашылдықтарды оқу үрдісінде ескеру керек екендігін меңзейді

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2013 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау мен енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі.

Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Ақпараттық - комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі таңда білім беру үрдісінде, оқу материалдарын жете түсінікті ету жолында, соңғы ақпараттық технологиялардың көптеген түрлері кеңінен қолданысқа ие. Локальды және глобальды желілер көмегімен, және де оқу  материалдарын электронды түрде беру арқылы, нақты уақыт режимінде жұмыс жасап, уақыт шығынын азайтып, білім сапасын біршама жоғарылатуда.

Тек қазіргі дамыған компьютерлер көмегімен, барлық осы уақытқа дейінгі белгілі ақпаратты беру түрлерін жандандыруға болады, және де компьютерлерде ғана гипермедиялық сілтемелер негізіндегі ақпараттық – анықтамалық жүйелерді ұйымдастыруға болады. Бұл дегеніміз, оқытуды индивидуалдандыру үрдісінің маңызды көрсеткіші болып саналады.

Дербес компьютерді қолдану арқылы оқытуды жекелендіру үрдісі үшін түрлі оқытудың электрондық басылымдарды қолданады.

Электронды басылымдарды келесі түрлерге жіктеуге болады:

- электронды оқулық;

- электронды оқу әдістемесі;

- электронды оқыту - әдістік жинағы;

- электронды анықтамалық жүйесі;

- электронды тест жүйесі.

Ашық білім беру кеңістік идеясы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген: «Білім сапасын жетілдіру мақсатында аймақтық дәрежеде оқытуды қашықтықтан-виртуальды және жаңа білім технологияларын өңдеу, шығару және енгізу».

Сайып келгенде білімнің жаңа парадигмалары туралы сөз қозғалып отыр, білім беру орталығында үйренуші немесе білім алушы тұр. Электрондық оқулықтар арқылы оқыту мүмкіндігі оқушының алдында тұрған, таңдауы бойынша курс мазмұнының бақылауы, оқу стратегиясы және оқу ресурстарымен жабдықталған. Қашықтықтан оқыту анықтамасы бойынша «оқушының жеке өз басының білім алуы, бұл жерде оқытушы немесе институттың мүддесі емес, керісінше студент өз білімін жетілдіреді. Бұл жерде білім беруші ретінде оқытушының рөлі ауысады. Осындай білім алу үшін қашықтықтан оқыту әдісі пайдаланылып, жаңа ақпараттық технологиялардың басым көпшілігі қолданылады».