Педагогические науки/дистанционное образование

Оразбаева Индира -4курс студенті

К.т.н., доцент  Жунусова Л.Х.-ғылыми жетекші,

Текесбаева Н.А.-аға оқытушы 

Абай  атындығы Қазақ Ұлыттық Педогогикалық Университеті

Delphi ортасында пошта клиентін жасау

        Қазіргі таңда электронды пошта жәшігін ашып, ол поштамен жұмыс істеу заман талабының бірі болып табылады. Әлемде, пошта қызметін көрсететін белгілі бірнеше жерлер бар.

       Элоктронды почта- бірнеше минут ішінде  жер бетінің кез келген нүктесіне хат жететін, қары-қатынастың қолайлы және сенімді құралы. Қолайлы және сенімді болғаны соншалықты миллиондаған адамдар визит карточкаларында телефон нөмерімен қатар өз Е-mail-ын да жазатын болды. Электронды почтамен (E-mail) жұмыс істеудің жалпы схемасы мынадай. Пайдаланушы таңдалған провайдерге өтініш жасайды, тіркеледі және электронды почта адресін алады.

      Провайдер серверінде пайдаланушының почта жәшігі жасалады, онда келіп түскен және жөнелтілетін хабарлар жиналады.

         Microsoft  Outlook Express  программасын іске қосу үшін (Іске қосу- Программалар- Outlook Express )  бұйрығын таңдауға болады. Internet Explorer 5.0 браузерінен ол Сервер – Почта және жаңалықтар бұйрығымен іске қосылады.

        Мәтіндік  редкторға ұқсайтын терезеде сөз хат жазасыз, SMTP-сервері (Simple Message Transfer protocol- қарапайым хабарларды беру хттамасы) деп аталатын өзінің ровайдеріне почта серверін жіберіп, алушының адресін  тақырыпта көрсетесіз. Ол сіздің адрестыңыз тіркеліп, жазылып қойылған торап желісінде болады,ол өз кезегіндебелгілеуі бойыша береді.

       Хат сізге арналып келсе, сіздің провайдеріңідің  басқ сервері- POP-сервері (Post Office Protocol- почта хаттамасы)-хабарды қабылдайды және сіз оқығанша қатқыл дискіде сақтайды. Хабар сіздің компьютерге тартылып болғаннан кейін сервер оны өзінен өшіріп тастайды.

Электронды почта хабарын жасаутөмендегідей тәсілмен жүргізлуі белгілі.

       Хабар жасау ретінде мәтінді, алушының адресін және жаңадан шығатын хабар тақырыбын енгізу түсініледі. Outlook Express хабар жасау үшін хабар жасаудың жеке терезесі қарастырылған. Бұл терезе негізгі терезеден немесе  Outlook Express  қарау терезесінен, сонымен қатар хабар жасау терезесінің өзінен шақырылуы мүмкін. Бұл кейбір хабарды жасай отырып, хабарды жасаудың тағы қосымша терезесін шақырып, бір уақытта екі хабар жасауға болатынын білдіреді. Негізінде, хабар жасау ашық терезелері саны кез келген болуы мүмкін.

      Хабар – хабар жасау бұйрығын таңдаңыз немесе құралдар панелінің  “хабар жасаңыз” кнопкасын басыңыз. Экранда хабар жасау терезесі пайда болады, оның жұмыс аумағы екі негізгі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы жақта қызметтік ақпаратты енгізуге арналған өрістер, ал төменгісінде – хабар мәтіні орналасады. Тақырыбын өрісінде хабар арналған мәселені қысқаша баяндау енгізіледі (міндетті емес, бірақ параметр алушы қалап – тілейтіндей). Кімге өрісінде алушының адресі, Көшірме өрісінде басқа алушының адресі (егер ол басқа) көрсетіледі.

       Хат мәтінін дәл мәтіндік файлды тергендей етіп теріңіз.

       Хат жолдау үшін  Файл – Жіберу бұйрығын немесе Жіберу кнопкасын шерітіңіз.

       Кететіндер папкесінде жіберілген хаттар саны пайда болады, сәтті жіберілген  кезде олар бұл папкіден ғайып болады.

      Жіберілгендер кнопкасын шерітіңіз және жіберілген  коррес – понденциясының тізімін қарап шығыңыз. Егер хабар қайсыбір себептен жіберілмесе,  Хабарды жіберудің сәті болмады деп шығады. Сонымен бірге адрестің дұрыстығын бірінші тексерген жөн.

       Қосымша операциялар. Жаңа хабарды жасағанда көбіне екі қосымша операция қолданылады.

        Алушының адресі адрестік кітаптан таңдалады. Жиі қолданылатын адресті  Адрестік кітап – Адрес жасау деп орналастыруға болады.

       Барлық өріске қажетті мәліметтерді  енгізіңіз – Есімі, Әкесінің аты, Тегі және т.б. Жаңасын қосу өрісіне алушының Е – mail енгізіңіз және Қосу – ОК.

     Енді бұрын жазылған адреске жаңа хат енгізу үшін программаның сол жақтағы төменгі терезесіне адамның есімі тұсында екі рет шеріту жеткілікті. Сонымен бірге хат редакторында адрестік кітапшада жазылған адресті енгізгенде, Outlook Express сізге аяқтауды андатады.

     Көбіне файлдарды жөнелту қажеттілігі туындайды. Бұл үшін хат жазып болған соң хат редакторына файл кірістіру кнопка – қысқышы бойынша шертіп,  дискіде қажетті суретті, программаны, веб – парақты немесе басқа файлды тауып, екі рет шерітіңіз.

      Ішті хат сізге келген кезде Келгендер тізімінде жөнелтімі бар хат сол жағынан кішкентай қыстырғышпен белгіленеді. Егер сіз төменгі терезеде орналасқан  хаттың  тақырыбында үлкен қыстырғыш тұсында шерітсеңіз, жөнелтілген файлдардың атауын, типін және мөлшерін көресіз. Дискіде қажетті файлдарыңызды сақтау үшін оны тізімнен таңдап алаңыз және оны тышқантетікпен шерітіңіз.    

      Электронды поштаның дәстүрлі нұсқадан артықшылығы: материалдың үлкен көлемділігі, интерактивтілік, тікелей қолжетімділікті қамтамасыз ету, соның ішінде қашықтықтан оқытуда тиімді болып табылады. Электронды поштамен жұмыс жасау барысында қолданушы өз мақсатына жету үшін интерактивті  режимдегі коммуникативті технологияларды қолдана отырып, мәтіндермен, графикамен, схемалармен жұмыс істеу, пайдалану қабілеттіліктерін дамытады.

Әдебиеттер:

1.     Ибрагимов И.М. ИТ и средство ДО, -Академия, 2007-223с

2.     Борн  А.” История” новых технологий  в образований – Российский открытий университет, М. 2004, 310б.