Нурпеисова А.М.

э.ғ.к., доцент Алдажаров Қ.С.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университет, Алматы қ.

 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ.

 

           “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты студенттердің  талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни студенттердің  сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, студенті ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр. Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.      Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-делінгендей, қазіргі жаһандану заманында білім жүйелері оқытудың инновациялық технологиясынан іздене отырып, ақпараттық технологияны тиімді пайдалануды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда әлемдік білім кеңістігіне ену, сондай-ақ шығармашылық ізденістегі дарынды, жеке тұлғаның дамуына жан-жақты жол ашылып отыр.

         ХХІ ғасыр - білім, ғылымның дамыған, ақпараттық технологияның кеңінен өріс алған ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар  алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Қазіргі заман талабына сай қоғамдағы білім беру ордалары әлемдік білім беру кеңістігіне енуді, білім жүйесін ақпараттандыруды мақсат ете отырып, төмендегідей міндеттерді қойып отыр:

-Білім сапасын арттыру;

-Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

-Орта және жоғары  білімді ақпараттандыру;

-Интернет жүйесін пайдалану;

-Электрондық оқулықтар;

-Қашықтықтан басқару .

           Ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Оқытылатын тарауларды оқытудың жобалау әдісімен оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін пайдалану оқытушы мен студент  арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. XXI ғасыр – ақпарат  ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен қарым қатынасқа оқытып тәрбиелеуге жағдай жасайды. Елдерде қазіргі технологияның дамуы, қоғамды парасаттандыру, жаңа білімді туындату, игеру қабілетімен де анықталады. Жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде жаңа технологиялардың кең көлемде қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің əлемдік білім кеңістігіне ену үдерісі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Үйлестіру үдерістерінің қарқынды дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады. Осыны жүзеге асыру үшін электрондық оқулықтарды пайдалана білуімізді қажет етеді. Электрондық оқулықтар студенттің ойлау қабілетін, өзін-өзі реттеуді дамытады, өздігінен оқып үйренуге талпындырады. Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін кеңейтеді. Оқыту жүйесінің жан-жақтылығын көрсетеді. Компьютермен оқытудың мақсаты білім деңгейлері жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды,  студенттің білімге  деген қызығуы, сабақ сапасы бұрынғыдан да арта түседі.

Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Ақпараттық - комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Заман талабына  сай  мамандардың  жоғары жетістікке жетуіне  компьютердегі жұмыстың маңызы жоғары. 

Жаңа технологияны қолдану оқытушыға дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір оқытушының ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді. Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

 Жапон ғалымдарының айтуынша, ақпараттық қоғамдағы компьютерлендiру үрдiсi адамға ақпараттың сенiмдi көзiне ие болуға себiн тигiзедi, өндiрiс пен әлеуметтiк салада ақпаратты өңдеудi автоматтандырып жұмыстың анағұрлым жоғары дәрежеде орындалуын қамтамасыз етедi. Қоғамның қозғаушы күшi бұрынғыдай материалдық өнiм емес ақпараттық өнiм болуы керек. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде.

«Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.

Ақпараттық технологияның қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мәселелері негізінде білікті мамандардан ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қаматамасыз ету элемент-терінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды. Ақпараттық технологияны білім жүйесінде пайдаланғанда, еспке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Жоғары білім жүйесіндегі (қазіргі кезеңдегі) оқыту процесіне ақпараттық технологияларды енгізу мынадай факторларды есепке ала отырып жүргізіледі:

Қолданбалы программалар: WordPad, MS Word, MS Excel, Paint т.б. мектеп курсында пайдалану тиімді. Қазіргі қоғам сұранысына сай студент білімді, жан-жақты, шығармашылық қабілетін дамытуда қолданбалы бағдарламаны меңгеру жеткіліксіз.

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Осы міндетті басшылыққа ала отырып студенттің  бәсекеге қабілетті жан-жақты болуын «болашақ» деп белгіледік.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қатамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір студенттің  білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір студенттің  өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дара-ландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде студенттердің  оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарына ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер оқытушы қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі жастардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.     ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2006ж.

2.     Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Өскемен қ, 15 наурыз, 2007ж. 

3.     Михеева Е.В. Практикум по информационным технологиям в профессиональной деятельности. - М. : Издательский центр «Академия», 2006.

4.     Советов Б.Я. Информационные технологии: Учеб. Для вузов. - М.: Высш. шк., 2005.