УДК 37.025.7

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

(Дүниетану сабағының материалдары негізінде)

 

Ибрагимова Гулсанам Гуламовна – педагогика магистрі, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы

 

Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өркениетке жетудің қайта жандануы мен дамуының негізгі міндеттерінің бірі «жаңа құрылымдағы жаңаша көзқарас және ойлаудың шығармашылдық түріне ие болған адамды қалыптастыру» болып табылады [1, 13 б.].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдіс-тәсілдерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгіменен құруға мүмкіндік береді.

ілім беру мәселесі (болашақ ұрпаққа не үйретіліп жатыр?) көптеген ғасырлар бойы теориялық, идеялық-саяси күрестің негізі болып келеді, себебі оның шешіміне халықтың мәдениет деңгейі дәрежесі, оның жақсы өмір сүруі, жастардың өздігінен өмір сүруге, еңбектенуге дайындығы дәрежесі тәуелді болады.

Бұл мәселе бүгінгі таңда да өзінің көкейкестілігін жойған жоқ. Бұл бағытта ойлау процесінің дамуы мен жаңаруы мәселесі де аса қажетті болып танылады, өйткені қоғамды жаңаша міндеттерді орындауға, халықтың шығармашылдық дайындығын, өзіндік сипатын дамытуға мән берілуге тиіс. Сонымен қатар, білім беру саласындағы зерттеулердің өршуі барысында, ойлаудың дәрежесін анықтауда қоғамның мүлдем жаңаша жағдайы көзге түседі. Біздің қоғамдық санамыз шындықты мойындауға, ақиқатты түсінуге шақырады, яғни адамзат, оның ойлауы мен шығармашылық потенциалы барлық басталудың, адам ойымен туатынның бәрі, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен тұрмысының бастамасы болып есептелінеді. Сондықтан болашақ ұрпақтың ойлау қабілетін дамыту өте қажетті міндеттердің бірі.

Сонымен қатар, бүгінгі күнде маңызды мәселелердің бірі 12 жылдық білім беруге көшу болып жатыр. 12 жылдық оқытудағы басты мақсат – қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру [2, 10 б.].

Мұнда жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Осы мәселе бойынша оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді.

Демек, 12-жылдық білім алуға көшуде де жас ұрпақтың ойлау дағдысының жаңа деңгейге көтерілгенін ескеру қажеттілігі байқалады. Қазіргі кезеңде ойлаудың кең тармақ жайған түрінің бірі ретінде сыни ойлаудың қалыптасуы да маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «...бастауыш сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылдық тұрғыдан таныта білуге, ... база жасайды» [3, 6-8 б.].

Аталған тұжырымдамада болашақ ұрпақтың өзіндік, дербес ойлауын, шығармашылдық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуды бастауыш сатыдан іске асыруды құптайды. Кез келген мәліметке, дерекке жан-жақты тоқталу, құбылысты, затты, оқиғаны түрліше шешім арқылы қабылдау негіздері бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл қасиеттер өз кезегінде сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерімен тығыз байланысты.

Ата-бабаларымыздың «Тарих алдында басымызды иеміз, болашаққа қарай ұмтыламыз» секілді нақыл сөзінде де біздің зерттеу мәселеміздің негізі жатыр. Осы күнге дейін білім беру мен тәрбиелеу бойынша жинақталған тәжірибелер бүгінгі күнде де өз құндылығын жоймайды, бірақ қоғамда болып жатқан қазіргі жаңаша өзгерістер оқу-тәрбие процесін жаңаша бағыт алуын көздейді. Мұның арқасында біз өркениетті елдер қатарына қосыла алатындай қоғам бола аламыз. Бәсекелес елдер қатарына қосылмақ үшін тарихымызды ұмытпай, бәлкі оған жаңаша мағлұматтар қосылғанын қамтамасыз етуіміз керек.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің міндеттері ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту..., жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту қажет» деп айтылады [4, 5 б.].

Біздің зерттеу жұмысымыз үшін психологиялық тұрғыдан ойлау процесі туралы Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Л.М.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе еңбектері өте маңызды. Сонымен қатар, философиялық тұрғыдан А.Г.Спиркин, Д.П.Горский көзқарастарына сүйендік. Физиологиялық тұрғыдан М.Н.Сеченов, И.П.Павловтардың зерттеулері де елеулі орынға ие болды. Ал, тікелей сыни тұрғыдан ойлау мәселесі көптеген ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында көрініс тапқан (Ж.Пиаже, Дж.Дьюи, А.Тягло, Т.С.Воропай, С.Тулмин, С.Мирсеитова, С.Бахишева, т.б.). Ойлау қабілетінің бастауышта оқыту мен тәрбие процесінде дамуын зерттеу мәселесі В.В.Давыдов, Ш.А.Амонашвили, Л.В.Занков еңбектерінде қарастырылады.

Өте маңызды жұмыстар жоғары сынып оқушыларының және студенттердің ойлауын қалыптастыру мәселелеріне тиесілі зерттелген (И.М.Карпенко, М.В.Кралина, Н.В.Миничкина, Н.В.Михалкович және т.б.). Болашақ мұғалімдердің ойлау процесінің құрылымы жайындағы зерттеу жұмыстары да біздің назарымызды алды (М.А.Голубева, Н.И.Подгорная, Н.Г.Хакимова, И.В.Богдашкина және т.б.).

Психологиялық зертеулерде тікелей ойлау процесінің түрлері бойынша жүргізілген жұмыстарда да бейнеленген (Г.Э.Белицкая, И.Л.Зиновьева, Е.В.Конева, Л.Г.Петрова және т.б.)

Оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау мәселелеріне аса көңіл бөлмейтіндігі анықталды. Олар басты назарды белгілі пән бойынша білім беруге қаратады. Сыни тұрғыдан ойлау мәселесі төңірегінде мақтан тұтар ұлттық тұлғаларымыз да өз пікірлерін айтып өткен болатын. Атап айтқанда, Әл Фараби, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов белгілі үлес қосқан.

Жоғарыда атап өтілген зерттеулердің құндылығын бағалай отырып, осы күнге дейін бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастыру мәселесіне қажетті назар аударылмаған. Дүниетану сабағында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік бағыттары жасалынбаған. Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастыру үшін арнайы құрылымдық қасиеттері мен әдіс-тәсілдері де қарастырылмаған.

Мәселені үйрену және жалпылау бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің мұғалімдері тәжірибесінде келесі қорытынды жасалынды:

- бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесіне аса мән беріледі, алайда олардың сыни ойлауының мәніне назар аударылмаған;

- дүниетану сабақтарына деген қызығушылықтың төменгі деңгейде екендігі байқалды;

- оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі жан-жақты, терең ойлаудың алуан түрлері пайдаланылады, алайда сыни ойлаудың нақты әдістері дұрыс пайдаланылмайды;

- мұғалімдер сабақты ұйымдастырудың сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырудың арнайы құрылымын білмейді;

- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері ескерілмейді;

- оқушылардың дүниетану сабағында өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға көңіл бөлінбейді;

- шығармашылық жұмыстардың түрлері дұрыс пайдаланылмайды;

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауының қалыптасқандық дәрежесіне қойылатын талаптар анықталмаған.

Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінің оқушыларын, мұғалімдерін, ата-аналарымен өткізілген сауалнамалар, әңгімелер нәтижесінде оқушылардың сыни ойлау дағдыларымен қаруланбағандығы анықталды. Оқу бағдарламаларын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды, күнделікті сабақ жоспарларын талдау, сабақтарға ену барысында сыни ойлауды қалыптастырудың оның құрылымдық кезеңдері, әдістемелік компоненттерінің ескерілмейтіндігі байқалды. Осылардың барлығы сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды зерттеуді және оның оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсартуға үлесін тигізетінін дәлелдеуді қажет етті.

Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастыру бойынша оқу-тәрбие процесін зерттеу, «Дүниетану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін талдау нәтижесінде оқушылардың сыни ойлау дағдыларын игермегендігі, сабақтың құрылымын, пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қайта қарастыру арасындағы қарама-қайшылықты анықтауға мүмкіндік берді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз осы қайшылықты шешудің нәтижесінде, нақтырақ айтқанда, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларымен қаруландыру, сабақтың құрылымын өзгерту, арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалану көкейкесті мәселе болып саналады.

Осы орайда, біз зерттеу жұмысымыздың басты міндеттерін анықтап, сол бойынша жұмыс жоспарымызды белгіледік:

1 Бастауыш сынып оқу-тәрбие процесінде оқушылардың сыни ойлау негіздерін қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау;

2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқыту процесінде сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытудың мәні, міндеттері, құрылымын анықтау;

3 Бастауыш сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және технологиясын жасау;

4 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың сыни ойлау негіздерін қалыптастыру жүйесінің тиімділігін анықтау бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмысты өткізу, оның нәтижелерін талдау және қорыту арқылы нақты нұсқаулар ұсыну.

Жұмыс жоспарымыздағы зерттеу міндеттері арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруда келесі реттегі педагогикалық шарттар анықталды:

1 Дүниетану сабағының құрылымын өзгерту;

2 Сабақ барысында сыни ойлау негіздерін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалану;

3 «Оқушы – оқу әрекеті – мұғалім» жүйесін орнату;

4 Оқушылардың өзіндік және шығармашылдық тұрғыдағы жұмыстарының мазмұнын сыни тұрғыдан ойландыруға бағыттау;

5 Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықты орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім мен тәрбие беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы салаларда оқушылардың өздігінен жан-жақты ойлау деңгейіне келіп тіреледі. Бұл өз ретінде олардың сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесінде кез келген фактіге, құбылысқа, оқиғаға пікір білдіру арқылы жаңа материалды игерудің өте тиімді  екендігі дәлелденіп отыр.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерімен қаруланғандығы пәнді оқып-меңгеру барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізуі, сонымен қатар өзінің белсенді позициясын табуымен байланысты болады. Мұнда оқушылар өздігінен білім алуға деген қызығушылықтары арта түскендігі байқалады.

Зерттеу барысында қол жеткізілген нәтижелер бастауыш білім беру сатысында, атап айтқанда, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелерінде, әдістемелік бірлестіктерде, оқу-әдістемелік құралдар дайындауда, бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау және қайта дайындау барысында кеңінен пайдалануы мүмкін.

Зерттеу перспективалары, біздің пікірімізше, бұдан да кеңірек бағыт алуды, яғни бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау негіздерін тіптен бастауыш білім беру сатысында жүргізілетін барлық пәндер бойынша қалыптастырылуын зерттеуге жалғасуы тиіс.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Б. Қадірова. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми-педагогикалық проблемалары. – Алматы, 2005.

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Астана хабары, 2004, 6 қаңтар

3. А. Құсайынов. Білім және реформа. //Егемен Қазақстан, 2002, 24 сәуір.

4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңынан. //Бастауыш мектеп, 2000, №6-7

 

РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматриваются педагогические основы формирования критического мышления учащихся начальных классов.

 

SUMMARY

In this article the critical thinking of children in school.