Ибраева К.И.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті
СЫҚАҚ
ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ
ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР (АНТРОПОНИМДЕР)
Жалқы есімдер біздің
өмірімізде маңызды да мәнді орын алады. Себебі, адам
өмірі жалқы есімдермен тікілей байланысты. Адамзат
қоғамында есімі, аты жоқ адам кездесуі мүмкін емес.
Егер әңгіме бір жақсы адам туралы болса, алдымен есімізге
оның басқа қасиеттерінен бұрын есімі түсер
еді. Тіпті, бір адамның өзінің бір емес бірнеше есімі
болады.
Жалқы есімдердің шығу
тарихын, мағынасы мен мәнін, оның қоғам тарихымен
байланысын, адамдардың сенімі мен дүниетану
көзқарастарын зерттеу - тарих, этнография, психология ғылымдары
үшін таптырмайтын машық болып табылады. Дейтұрғанмен,
жалқы есім бірінші кезекте лингвистер мен әдебиетшілердің
төл объектісіне айналғалы қашан. Себебі, кез-келген зат аты
мен атауы, алдымен ол - сөз. Қалыптасқан даусыз
қағида бойынша, сөз – адамдардың барлық
сөйлеу әрекетінде: ауызекі сөйлеу, жазба тілінің
түрлі үлгілерінің де (ресми, ғылыми, т.б) өмір
сүруінің кепілі. Жалқы есімдер сөздік
қорымыздың салмақты бір бөлігін құрайтыны
белгілі [1].
Көркем әдебиеттегі жалқы
есімдер (антропонимдер) туралы жалпы тюркологияда емес, бұрынғы
отандық деп аталған тіл білімі көлемінде сөз етсек Ш.Ж.
Жапаров, Э.Б. Магазаник, В.А. Никонов, Г.Ф. Саттаров т.б. сияқты
ғалымдардың жеке еңбектерінің арнайы жинақтарында
жарық көрген мақалалары бар екенін еске сала кетсек
артық етпес. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер, оның
ішінде көркем тілдегі сықақ кейіпкерлердің аттарын
сөз еткенде, әр жерде көркем шығармалардағы
антропонимдер туралы Т.Жанұзақов., Қ.Жұбанов.,
К.Есбаева қатарлы зерттеушілердің еңбектері бар.
Әдеби жалқы есімдер
жалпыхалықтық қолданыстағы есімдерден алына отырып, сол
тілдің тілдік заңдылықтарына бағынады. Әдеби
жалқы есімдер ойдан шығарылған есімдерге жатады. Ол есімдер
кез-келген жазушының сөз саптау жүйесіндегі аса қажет
компонент болып табылады. Автор өз шығармасында кейіпкерлердің
тұлғалық қасиеттеріне байланысты өз тарапынан ат
береді. Бұл қойылған есімдердің кейіпкер бейнесін ашуда
маңызы зор. Орыс зерттеушісі В.В. Виноградовтың: «Көркем
шығармада есімдер, фамилиялар мен лақап есімдердің
таңдалуы, олардың әрбір жанрдағы, стилдегі
ерекшеліктері мен бейнелеу, сипаттау қызметі бірді-екілі мысалмен
қоя салатын мәселе емес» [2] - деген пікірін қаламгер
атаулыға қойылатын өткір талап ретінде
ұғынуға болады.
Көркем шығармадағы
кейіпкерлер аттарының мотивациясына қарап, оларға жалпы
терминдік атаулар беріліп жүр. Мәселен, Әпек, Епіліш, Кібіт, Мершеп,
Тәпә, Шімкөрек т.б аттарды Адыраң,
Дүңкілдек, Жылмаңбет, Кердеңбике, Қиқу,
Маймөңке, Сыпсыңгүл, Ыржалақ аттарды бірімен-бірін
салыстырғанда, олардың әрқайсының эмоциялық
бояуы, экспрессивтік қызметі өзгеше. Басқаша
болатындығы алдыңғы қатарда аталған персонаж
аттар - күнделікті өмірде, ауызекі сөйлеуде көп
кездеспейтін, сөздің мағынасы арнайы зерттеуді қажет
ететін «тосын» аттар. Мазмұн мен түр тәуелді бірлікте
болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Жанұзақов Т.
Қазақ есімдерінің тарихы. - Алматы: Ғылым, 1971. – 128
б.
2. Виноградов В. О теории художественной
литературы. - М., 1977. – 238 с.