Ибраева К.И.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті
БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ КОММУНИКАТИВТІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мәдениетаралық
қарым-қатынастың нәтижесі ретінде болжауға
келетін түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Бұл мәселе
оқушыда тілдік және мәдениетаралық компетенцияларды сабақтастыра
қалыптастыруды көздеген
лингвоәдістемелік міндеттердің
шешімін талап етеді. Осы міндеттер екінші тілді меңгеру барысында
ұлттық мәдениеттің заңдылықтары мен
сөйлеу әрекетінің этномәдениеттік
стереотиптерінің қалыптасуын қарастырады [1].
Мәдениетаралық
коммуникациялық нормалар байланысының зерттеуі,
кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нормалар, ауызша және ауызша
емес аралық мәдениеттi коммуникациялық бiрлiктер
қарастырылып жатқан ұлттың
мiнез-құлығының анық айырмашылығын
көрсетеді
Осыған сәйкес екінші тілді
меңгеру барысында оқыту үрдісінде мәдениетаралық
компоненттердің қолданылуы өзекті болып табылады.
Бұл мәселе көптеген атақты ғалымдардың
еңбектерінде зиялы орын алған. Мысалы, ресейлік лингвистердің
айтулары бойынша, мәдениетаралық коммуникация процессінде
кездесетін мәселелердің көбі үйреніп жатқан
тілдің ұлттық-мәдени ерекшелігі бар компоненттер туралы
білімнің аздығы, сонымен қатар, олардың
мән-мағынасын түсінбеу себепкер болады екен. Белгілі
лингвистер И.Ю. Морковина және Ю.А. Сорокин орыс тілін екінші тіл ретінде
оқытатын мамандарға оқу барысында
мәдениеттің төмендегідей ұлттық ерекшелігі бар
компоненттерді қарастыруға ұсынады:
- дәстүр, соның ішінде
белгілі бір этникалық топтың әдет-ғұрыпын;
- қарастырылып жатқан
қоғамның тұрмыстық мәдениетін;
- күнделікті
мінез-құлқын, яғни нақты бір қоғамда
бекітілген қарым-қатынас және
мінез-құлық әдетінің нормалары (осының
ішіне коммуникацияның ауызша емес (вербалды емес) және паравербалды
құралдары жатады);
- белгілі бір
қауымдастықтың мәдениетін ұстанушы мен
қоршаған ортаның
көзқарастарының
соқтығысуының нәтижесінде пайда болған ерекше
образдық ассоцияцияларды қамтып көрсететін
әлемнің ұлттық бейнесі;
- коммуникация
қатысушыларының «ұлттық мінезі» және оның
«жұмбақтылығы»;
- халықтың мәдени
дәстүрлерін баяндайтын көркем әдеби шығармалар
[2].
Осы жерде көркем әдеби
шығармалардың негізгі қоғамдық міндеттеріне
тоқталып кетсек дұрыс болар, себебі шет тілі сабағында орынды
қолданылған әдеби шығармалардың мәтіні
оқытушыны игеріліп жатқан тілдің тек грамматикалық,
морфологиялық және тағы да басқа тілдік формалармен
таныстырып қоймай, сонымен қатар, сол
ұлттың мәдениетімен, оның салт-дәстүрімен,
әдет-ғұрпымен, тұрмыстық мәдениетімен де
таныстырады.
Көркем әдеби
шығармалардың басты үш міндеті бар: эстетикалық,
әлеуметтік-коммуникативтік және ақпараттық.
Осылардың әрбіреуі маңызды
рөл атқарады, бірақ екінші
тілді меңгеру тұрғысынан соңғы екеуі басты орын
алады. Ақпараттық функция
бейтаныс әлемнің шекарасын айқара ашады,
мемлекеттің мәдениетімен, қалыптасқан нормалар
мен өзін-өзі ұстау ережелерімен, әдет-ғұрпымен
т.б. таныстырады.
Атақты әдеби
ескерткіштер ұлттың бірігуіне және
ұлттың дербес мемлекет болып танылуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, түрлі ұлттықтоптарды бір
мәдениетке кіріктіреді. Демек, әдеби шығармалардың
әлеуметтік–коммуникативтік функциясының мәні
ұлттың бірігуіне үлесін қосу болып
табылады.
Оқушы белгілі
ақын-жазушылардың әдеби шығармаларымен және
олардың жазылуына әсер еткен тарихи шарттарымен таныса отыра,
сол халықпен және оның мәдениетімен іштей
үндеседі, қарым-қатынас орнатады. Себебі оқушы
мен басқа ұлт ӛкілдерінің
арасында екі жаққа да мағынасы түсінікті символдар,
элементтер пайда болуы мәдениетаралық коммуникацияның
толықтай, еш кедергісіз, тосқауылсыз орнығуының негізгі
шарты болып табылады. Тұлғаның тілдік, мәдени
және коммуникативті компетенцияларының дамытуында оқу
барысында орынды қолданылған мәтіндер және
оларға ұтымды келістірілген тапсырмалар маңызды
рөл атқарады.
Мәтіндегі ұлттық
ерекшеліктері бар мәдени компоненттер үйреніп жатқан
тілді қолданатын ұлттың өзіндік
әлемін, яғни ұлттық
мінез-құлқын, менталитетін одан да терең түсініп
білуге көмектеседі.
Осының бәрін
мәдениаралық қарым-қатынас барысында ескерсек, онда
дұрыс және табысты коммуникация орналастыра аламыз. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай бір түйіні. Күннен
күнге қарқынды дамып келе жатқан
Қазақстанның көптілді, көпмәдениетті
қоғамында, сонымен қатар, басқа елдің
азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген
адамды толығымен қалыптасқан коммуникативті
тұлға ретінде қарастыруға болады. Оқушыдан
дәл осындай тұлғаны қалыптастыру –
қазіргі білім саласының негізгі міндеттерінің бірі болып
саналады.
Мәдениетаралық коммуникацияда
коммуникант өзін еркін сезіну үшін ол өзімен
қарым-қатынасқа түскен ұлт
өкілінің тілімен қатар мәдениетін,
салт-дәстүрін, мінез-құлықтарын білу керек.
Сондықтан өзге тілді оқыту барысында тілді сол елдің
мәдениетімен, ұлттық ерекшеліктері бар компоненттерімен
сабақтастырып оқуту нәтижелі көрсеткіштерге
әкелетіні анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы
және әдістемесі. - Клуж-Напока, 2000.
2. Пассов Е.И.
Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М.: Просвещение,1991.