Педагогические
науки/
5.Современные методы преподавания.
Бұл пікірдің маңыздылығын
ұлы педагог М. Жұмабаевтың мына ой тұжырымынан көруге
болады: «Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен,
әдіспен күресе білетін адам шығара білу» деген сөз. (4)
ХХІ ғасыр
ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа
компьютерлік сауаттылық қажет. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту
керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз
керек. (1)
Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында
интерактивті тақтамен жұмыс
жасау тиімді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын,
интеллектуалдық танымын, білімін сапасын арттыруға болады.
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың
білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе
сабақты бекіткен уақытта жауап алуға мүмкіндік береді.
Химия пәнінде улы заттармен тәжірибе жасай алмағандықтан,
электрондық оқулықтарды
пайдалану арқылы компьютердің
көмегімен тәжірибелерден үзінділер көрсетіледі. Электрондық оқулық - бұл
дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық
технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. (3)
Ақпараттық
мәдениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана
емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық
формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс
пайдалана білу деген сөз. (1)
Жаңа
ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға
өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін
көріп, өз - өзіне сын көзбен қарауына және
жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағының
түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты
сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат - оқушының сабаққа деген қызығушылығын
арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім
беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден,
мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне
байланысты болса, екіншіден, сабақ
материалына, ал үшіншіден, сынып
типіне, төртіншіден оқытушы мен оқушының көңіл
– күйіне де байланысты. Сабақты
тартымды әрі сәтті өткізе білу оқытушылар қауымынан көп ізденуді,
білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет
етеді. (4)
Бұл
орайда инновациялық технологияларды пән
бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа
пайдалану тиімді болатынына зерттеу,
салыстырып жүргізіп отыру қажет. (3)
Ақпараттық
технологияларды жүзеге асырудағы бір мүмкіндік – ол электронды оқулық. Қазіргі уакытта сабақ материалына
байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Колледжде химия сабағын компьютердің көмегіне
сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа
материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін
аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға
болады. (4)
Осындай
ақпарат құралдарын пайдалана отырып сабақ барысында оқушылардың
қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп,
өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа
баулып, қорытынды жасауға, оқушының ақыл-ойын
дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға, сабаққа
ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен
кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік
береді. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай
оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін
оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын,
зеректігін, ойлауға икемділігін,
өмірге ғылыми
көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар:
«Кім көп біледі?»,
«Білгір химик», «Кім жылдам?» сияқты
танымдық ойындары қолданылады. Оқушылардың
дайындаған презентацияларын,
эстафеталық сұрақтарын, электрондық оқулықтарды
пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін
дамытып, есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым
мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын
арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық
сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау
үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай
химиялық ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру,
логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге
қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту
қажет. (3)
Қорыта
айтқанда компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы
жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,
оларды жүйелік байланыс заңдылықтарын табуға итеріп, нәтижесінде
өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына
жол ашуы қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті
50 елдің қатарына
кіру стратегиясы».
2.
«Химик анықтамалығы»
журналдары. №1 (15),2010 жыл, №2 (16),
2010 жыл.
3.
А. Салихова «Оқушылардың
шығармашылығын дамыту»
Ғылыми-әдістемелік
журнал, №5-2009 ж
4. Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65
«Mail.ru» сайттары