Педагогические
науки/
5.Современные методы преподавания.
Жоғары санатты оқытушы,
әдіскер Қайырлиева А. М.
Орал мұнай, газ және
салалық технологиялар колледжі, Қазақстан
Техникалық және кәсіптік білім беру
оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі
Педагогикалық
сөздікке сүйенер болсақ, «әдіс - нақты бір
міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама
біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды
жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады» [1].
Кез келген әрекеттің нәтижесін көру үшін оған
оңтайлы әдіс, тиімді жолмен келу керек. Бүгінгі таңда
елімізде білім беру ошақтарының барлығында педагогикалық тұрғыдан
мойындалған, нақты тәжірибемен сарапталған жаңа
технологияларды қолдану кең өріс алуда. Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [2] - деп білім беру жүйесінің
даму шарттарын айқындауды тапсырады. Осыған орай бәсекеге қабілетті
маман даярлауда мемлекет оқытушылардың алдына келелі мәселелерді
қойып, оын шешу жолдарын қарастырып, осы жолда нәтижелі еңбектену
міндетін жүктеп отыр.
Білім
беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман
болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [3,47].
Аталмыш
мәселелерді шешу жолдарын әр білім беру мекемесі өзінің
ішкі білім беру тәртібі тұрғысынан қарастырады.
Техникалық колледждерде дайындалатын мамандардың барлығы нақты
салаға мамандалған техниктер. Мұндай мамандарды оқытып-даярлау
жүйесі практикамен тығыз байланысты. Біздің колледжіміздің
оқу-өндірістік базасы бұл талаптарға сай, болашақ
мамандардың өз саласында нәтижелі еңбек етуі үшін
кепілдік бере алады. Ал оқыту тұрғысынан келер болсақ,
оқытушылар соны технологияларды көбірек пайдаланып, сабақтарын
қызықты да тартымды етіп өткізуге тырысады.
Отандық
және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен оқытушының
шығармашылығы үйлесім тапқан жағдайда, оқу
процесін ұтымды ұйымдастыруға болады. Сондықтан
педагогикада оқытушыға қойылатын ең үлкен талаптың
бірі шығармашылық әлеуетінің жоғары болуы өз
талабын күшейтіп отыр.
Кәсіптік-техникалық
кооледжде инновациялық технологияларды қолдану оқушының
білімге деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандығына
деген ықыласын, ынта-жігерін қалыптастырып, практика мен оқу
дәрісінің үйлесім табуы арқылы жетістікке жол ашады.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, белгілі жайт,
педагогикалық мамандану болмағандықтан, бұл салада оқушыларды
сабаққа ынталандыру үшін көрнекі құралдар
мен оқу әдістері тиімді болу керек. Сондықтан да, оқушының
жеке тұлғалық қасиеттері мен қажеттіліктерін
ескере отырып жұмыс жасау міндеті қойылады. Ең алдымен сабаққа
оқушыларды қызықтыра білу талабын орындау қажет. Топтағы
оқушыларды психо-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, әр
топқа оқытудың өзіндік жолын пайдалану шарт. Өйткені
бірізділік оқытушының сабағына деген көзқарасты
сол деңгейде қалдырады. Сондықтан оқытушы топтағы
оқушылар құрамына қарай өз іс-әрекетін ұйымдастырады.
Бұл біріншіден, оқушының мұғалімнің
алда қандай әрекеттер жасайды деген жұмбағын
таптырмайды, екіншіден әрдайым жаңашылдық танытуының
арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
оятады, үшіншіден оқушы мен арадағы байланыс нығайып,
оқытушының кәсіби шеберлігіне деген оқушының
сенімі нығайып, құрметі жоғарлайды.
Оқытушы-оқушы
байланысы тек біржақты емес, кері байланысты болуы шарт. Себебі үнемі
тек оқытушы белсенділігіне құрылған сабақ оқушының
оқу іс-әрекетін тежеп, олардың қабілетіне кері әсерін
тигізуі мүмкін. Сол себепті кей кездері оқытушы оқушыға
сенім артып, сабақты ұйымдастырып-өткізу мүмкіндігін
тудыруға болады. Еліміздегі және
шетелдік ғалымдардың зерттеу тәжірибесін ала отырып, оны
тиімді және оңтайлы қолдану оқытушы жұмысына оң
әсерін тигізері сөзсіз. Бүгінгі таңда
П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту
технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық
технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және
сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы,
М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы,
П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульдік оқыту технологиясы, өзбекістан
психологтар ассоциациясының мүшесі Ф.Я.Вассерманның биоақпараттық
технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа
да көптеген ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде
кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаеваның
дамыта оқыту технологиясы, М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту
технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде қолданылуда. Оқытушы
осылайша кеңінен танымал ғалымдардың еңбектерінен өзіне
керегін алып пайдаланса, оқушылар оқытушының тиімді іс-тәжірибесінен өзіне керегін ала білуге үйренеді. Сондықтан
да оқытушы белгілі бір дайын үлгілерді пайдалану барысында, оны
елеп-екшей білуі шарт. Ой елегі мен тәжірибе сүзгісінен өткен
әрекет қана нәтижелі болмақ.
Сонымен зерттеу барысында техникалық және кәсіптік
білім беру оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдану
тиімділігі былайша көрінетінін байқатты:
- Ой еркіндігі мен шығармашылық
дамуға жол ашады;
- Техник-мамандардың
оқу-іс әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктерін ескеріп отырып, нәтижелі
білімге қол жеткізеді;
- Оқушылардың оқу
процесінде туындайтын қиыншылықтарын шешу жолдары табылады;
- Оқушының сабаққа
деген ынтасы өсіп, қызығушылығы артады;
- Оқытушы мен оқушы
арасындағы қарым-қатынас нығаяды.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Орысша-қазақша
түсіндірме сөздік: Педагогика/Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006.-482 б.
2. ҚР
Білім туралы заңы. Астана, 2007
3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа
педагогикалық технология. Тараз, 2003ж, 47-бет.