Сакенова Л.Т., Қажымұратов Д.А.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті

Информатика мұғалімінің әдістемелік бетінің пайдасы

 

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан, білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі [1].

Сондықтан, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады.

Әсіресе, жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты талап етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.

Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік бет ең негізгі бөлік болып табылады. Ал әдістемелік бет оқушылар мен мұғалімдер үшін әдістемелік және ақпараттық құрал ретінде қажет. Оның негізгі қызметі – педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және диагностикалық, аналитикалық, ақпараттық іс-әрекетін дамыту және информатика мұғалімдердің күнделікті оңай емес еңбегіне көмек көрсету. Информатика пәні мұғалімінің жақсы құрылған әдістемелік бетінде информатикаға байланысты қызықтыратың қажет ақпараттар орналасуы керек:

·              ұйымдыстырушылық материалдар мен құжаттар;

·              лабораторлық-практикалық жұмыстар;

·              сабақтардың дәрістері мен конспектілері;

·              дидактикалық материалдар;

·              презентациялар;

·              флеш және бейнефильмдер;

·              қызықты информатика;

·              информатика бойынша емтихан;

·              сыныптан тыс шаралар мен сценарилер;

·              тестілер мен бақылау жұмыстар.

Сонымен қатар, қосымша олимпиада мен конкурстарды, зерттеушілік жұмыстарды, мақаланы, қажетті сілтемені, графикалық материалдарды, жаңалықтарды қоса алады. Бірақ, жыл өткен сайын әдістемелік беттің құрылымы да, мазмұны да жаңара түсуде.

Әдістемелік беттің ең негізгі ерекшелігі – күнделікті педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыста болу, сол негізде туындайтын мәселелерді тани білу және оны шешудің ұтымды жолдарын қарастыру.

Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, әлеуметтік прогресс педогог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді. Педагог-маман даярлығына, кәсіби шеберлігіне, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін үйренуге қойылар талаптар да өзгеше. Сол педагог-маманның кәсіби білімі мен шеберлігін шыңдауға бірден-бір көмек беретін тұлға, ол - әдіскер.

Әдістемелік беттің басты пайдасы – ақпараттарды тиімді пайдалану, сабақты белгілі бір жүйемен өткізу, оқушыларға сабаққа қатысты толық мағлұмат беру. Әдістемелік беттің мұғалімге көмекші құрал ретінде тигізетін үлесі зор [2].

Қорыта айтқанда, қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек әлі де көбірек көрсетіліп, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстары да нақтылы әрі жан-жақты қолға алынса деймін.

Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Болашақта жоғарыда айтылған мәселелердің өз шешімін табатынына сенемін [3].

 

Әдебиеттер

1.           Садыбекова Ж., «Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» //Информатика негіздері. №4, 2008, 4-5 б.

2.            Искакова Л., Беркутов Ә., Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж. - 241 б.;

3.             Ошакпаева Г., Жаңа ақпараттық технология” sabak-adamzat.ucoz.kz.