Сакенова Л.Т., Раимбекова Ж.А
М.Қозыбаев
атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті
“Ақпараттық
жүйелер негіздері” пәні бойынша
оқу-әдістемелік
кешенді
құру технологиясы
Қазақстан
Республикасындағы білімді жетілдіру жүйесін ары қарай дамыту процесін
оқып үйретудің ақпараттық ресурсы болып табылатын
оқытуға арналған программалық құралдарды
дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын
қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын
және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар,
ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық
оқулықтар, мультимедиалық программалар,
оқу-әдістемелік кешендер.
Кешен - бұл нақты пән
бойынша оқытудың дидактикалық құралдарының
жүйесі болып табылады. Олар сәйкес оқу
бағдарламаларымен құрастырылған оқыту және
тәрбиелік міндеттерін толық жүзеге асыру мақсатында
шығарылады. Мұндай кешендерді дайындаған кезде
сәйкесінше басқарушы және бағыныңқы
сипаттамасы, оқу басылымдары арасындағы тікелей және жанама
логикалық байланыстарының бар болуын ескеру қажет.
Оқу-әдістемелік кешен
(ОӘК)
дегеніміз - үйренушілердің таным қызметін
басқаратын әдістемелік жүйенің толықтығын
қамтамасыз ететін, оқу құралдарының жиыны. ОӘК білімнің барлық сатысына
арналған бірыңғай коммуникативті-танымдық
тұжырымдаманы есепке ала отырып, әзірленуі керек.
ОӘК-ді дайындаған кезде оқу бағдарламасының
және оқулықтың басқарушылық мәні
болатынын есте сақтау қажет. ОӘК толығымен мамандықтың
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына, пәннің типтік
бағдарламасына сәйкес болып, пәннің мазмұның
кеңінен ашуы керек.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
келесі
бөлшектерден тұрады:
·
пәннің типтік оқу
бағдарламасынан;
·
пәннің жұмыс оқу
бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік-тақырыптық
жоспары, қажет әдебиеттің тізімі(негізгі және
қосымша), курстың
модульдік бөлінуі,
қашықтық кеңес беруді өткізу жоспары);
·
студентке арналған пән бойынша оқыту
бағдарламасынан (sillabus);
·
пән бойынша тапсырманы тапсыруға
арналған орындалу графигінен:
·
пәннің оқу- әдістемелік
қамтамасының картасынан;
·
лекция курсынан (лекциялар тезисы, иллюстрациялық және
тарататын материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімін);
·
семинар (практикалық) сабақтарының
жоспарынан;
·
пәнді оқу бойынша әдістемелік
нұсқаулардан;
·
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардан
(есеп-графикалық, лабораториялық жұмыстарды, курстық
жобаларды (жұмыстарды) орындау).
·
студенттерге берілетін тапсырмалардың
қиындығы мен әдебиеті есепке алынатын өздік
жұмыстар;
·
студенттердің оқу жетістіктерін бақылау
мен бағалауға арналған материалдардан (жазба бақылау
тапсырмалары, тестік тапсырмалар, өзін-өзі дайындауға
арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.);
·
оқу сабақтарының программалық
және мультимедиялық сүйемелдеуінен (пәннің
мазмұнына байланысты);
ОӘК-ді құрғанда авторлар нақты талаптарды ескеру
қажет. Олардың негізгілері:
1)
әрбір модульдің материалының мазмұнын бұрын
оқытылған пәндер бойынша оқулықтар мен оқу
нұсқауларының мазмұнымен логикалық тізбектелуін
қамтамасыз ету;
2)
бір пәннің оқу басылымдары арасында, осы
басылымдардың бөлек құрылымдық бөлімдері
арасындағы ішкі байланыстарды қамтамасыз ету;
3)
кешеннің басқа оқу басылымдарында
қарастырылған материалды көшіруге мүмкіндік бермеу;
4)
авторлардың жалпы түсініктік аппаратты қолдануы,
терминология және белгілеулерді унификациялау;
5)
кешен басылымдарының құрылымының немесе
анықтамалық аппаратты құрастыру принциптерінің
ортақтығы;
6)
басылымдарды көркемдеп жасаудың бірлігі [1].
Қазіргі уақытта
қазақ тіліндегі оқулықтардың жетіспеушілігіне
және кейбір пәндерден әдебиеттердің мүлдем
жоқтығына байланысты қазақ тілі мамандықтарында
оқитын студенттерге ОӘК-ді құрудың
қажеттілігі туады.
“Ақпараттық
жүйелер негіздері” оқу –әдістемелік нұсқау СҚМУ-дегі 5В070300 “Ақпараттық жүйелер” мамандығы
үшін жасалған, күндізгі және қашықтық
түрде оқитын студенттердің өзіндік оқу
жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік сүйемелдеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Курстың мақсаты ақпараттық процестердің негізгі
моделдерімен, физикалық және каналдық денгейде
ұйымдастыруымен таныстыру, әртүрлі ақпараттық жүйені
құрудың қазіргі
кездегі моделі мен әдістерін оқу, сондай-ақ
әртүрлі кластағы ақпараттық жүйені
өндеудің моделдер мен әдістерді құру
саласындағы арнайы білімді қалыптастыру болып табылады.
Құрастырылған
ОӘК
құрамына мыналар енеді: пән бойынша теориялық
материалдар; әдістемелік ұсынысы бар лабораторлық тапсырмалар;
бақылау сұрақтары; әдебиеттер тізімі.
Теориялық бөлім курс бойынша өтілетін дәрістер курсын қамтиды. Лабораторлық
бөлім жеке оқу тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындау мен
талдау үшін материалды қамтиды. Таңдап алынған
тақырып бойынша білімді тереңдету мен кеңейту үшін әдебиеттер тізімі мен бақылау
сұрақтары ұсынылады.
Оқу курсы мазмұны жағынан «Математикалық
талдау», «Информатика», «Программалау технологиясы»,
«Ықтималдық теориясы және математикалық
статистика» курстарымен байланысты.
Курсты меңгеру нәтижесінде
студенттер мынаны білулері керек:
ақпараттық процесс туралы түсінікті, ақпараттық
процестердің ұйымдастыру негіздерін, ақпараттық процестер мен
объектілердің сипатталу әдістерін,
жүйелік талдау негіздерін және ақпараттық жүйе
синтезін, жүйелік талдауды ақпараттық жүйенің
есебін алгоритмдеу және қойылу кезінде қолдана білу,
ақпараттық жүйенің концептулды моделін
аңықтау.