Қазақ тілін оқытуда
жаңа технонолгияның қолданылуы туралы.
Г.Ш.Мизанбаева.,
Қ.Ж.Балапанова.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Бүгінгі таңда қозғалып жатқан өзекті
мәселелердің бірі білім беру жүйесінде жаңа
электрондық технологияны енгізу, халықаралық
коммуникациялық желелерге шығу, білім беруде ақпараттық
технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке
тұлғаларды қалыптастыру және қазіргі заман
талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау. Білім
берудің жаңа жүйесі
жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі,
дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу
әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен
міндеттер қойып отыр. Қазіргі кездегі қоғамның
ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың
қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі
саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру
саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың
озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман
талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Ақпараттандыру ісі
Қазақстанның білім беру жүйесінің білім
жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына
сәйкес оқыту деп аталатын
оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая
түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында
электрондық ұстанымдарын анықтау және
айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды.
Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен
мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына
және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау
қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік
жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.
Дәстүрлі әдістемелік жүйеде оқу үрдісіндегі
бөліктер бірдей және бір уақытта қатысады. Ал
классикалық оқу үрдісінде әдістемелік тәсілге
байланысты оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі
формалары, әдістері мен оқыту құралдары
қолданылуы мүмкін. Электрондық оқытудың
әдістемелік оқыту моделінде оқыту
құралдарының орын алуы өзгерді.Олар оқыту құрылымы
мен мазмұнын, әдістерін және оқытудың формаларын
анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту
шеңберінде жиі қоданылатын оқыту әдістемелері мен
формаларына тоқтаоа кетейік. Электрондық оқытудың
әдістеріне топтық әдіс және жеке дара оқыту
әдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту
формаларына жатқызуға болады.(1, 28 б.)
Педагогикалық технология
ұғымы бүгінгі күні оқыту аясына
тұрақты еніп болды. “Педагогикалық технология’’ деген
ұғымының эволюциясы туралы мынаны айтуға болады.
Алғашқы кезең- XX ғасырдың 40- 50 жылдарын
қамтиды. Мұнда білім беру технологиясы термині, негізінен,
оқыту барысында қолданылатын көру- есту
құралдарын білдіреді.
Екінші кезең-XX
ғасырдың 50-60 жылдары десе болады. Бұл кезеңдегі білім
беру технологиясы дегеніміз прагммалап оқытуды танытатын еді.
Үшінші кезең –XX
ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин
алдын ала айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін
ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін
болады.
Төртінші
кезең-ғасырдың 80 жылдарынан бастап, осы кездегі білім беру
технология дегеніміз оқыту үдерісінде компьютер мен ақпараттық
құралдарды пайдалану барысын танытады.
Педагогикалық
технология деп, оқыту проуцесінің өзін жүйе ретінде
құру мен басқару, диагностикалық мақсаттар
қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде
ұйымдастыру барысында танылады. Біздің ұсынатын
бағытымыз осы соңғы айтылғанымен тығыз
байланысты. Бұл бағыттың ерекшелігі сонда, мұның
түпнегізі оқыту үдеріснің жалпы
заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіріп
тану және нақты
білімоқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек
деген идеяға негізделеді. Бұл жерде білім берудің екі
жақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы танылып,
жүйеленуі тиіс. Оның бір жағы берілеті білім
мазмұнынының теориялық деңгейде оқу
мақсатына лайық жүйеленуі болса, екінші жағы соны
оқыту үдерісін жүйелеп тану болмақ. Электрондық оқыту
құралдарына оқытуды ұйымдастыру және
жүргізу үшін арналған бағдарламалық
өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдаында
әр түрлі оқыту формалары мен әдістерін, мазмұнын
қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту
құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың
негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау және
қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы,
ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.
Нақты
бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы
жеке дара және топтық оқыту сияқты әр түрлі
әдістерді қолана отырып, оқытуды іске асыруға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар электрогдық
оқулықтар.
Бағдарламалық
өнімнің деңгейі оны қолдану кезіңдегі нақты
жұмыс істеу қабілеті мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз
етумен анықталады.(2, 36 б.)Бағдарламалық өнімнің
жұмысы оның жылдамдығымен, сенімділігімен,
интерфейсінің ыңғайлығымен сипатталады. Мәселен,
бағдарламалық өнімнің деңгейін тек қана оны
қолданған кезде анықтауға болады.Алайда,
электрондық оқыту құралдарын бағалап
таңдауды естен шығармау қажет.
Электрондық
оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі
ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі.Сонымен бірге
электрондық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа
құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық
мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар,
анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалар,
ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық
сілтемелер беріледі. Электрондық оқулықтың жетістіктер
мыналар болып табылады. Шұғыл кері байланысты қамтамасыз
етеді, дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет
ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі,
гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу
барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік
береді, қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді,
әңгімелейді, жобалайды, т.с.с.( мультимедия технологияның
мүмкіндігі мен артықшы тура осы жерде көрінеді), әрбір
студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға
мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз
етеді, белгілі бір бөлім бойынша білімді текскруге мүмкіндік туады.
Электрондық оқытудың жаңа
мүмкіндіктері арқылы қосымша білімдермен
қаруланған қызметкерлер маңызды бәсекелестік
артықшылыққа ие болады. Виртуальдік ұйымдардың
жаңа үлгілері оқытудың қажеттігін арттыруда,
оқытудың дәстүрлі бағдарламаларын
қашықтықтан оқыту бағдарламалары барған
сайын ығыстырып келеді және өз білімін басқарудың
дамып келе жатқан жүйелі жинақталған тәжірибеден
пайда табуға көмектеседі.Электрондық оқулық жас
буынның жаңа әдебиеті болып есептелетіні даусыз. Сондай
ақ ол компьютер технологиясының мүмкіндіктері мен
кәсіби оқулықтардың дәрежесін біріктіреді.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі
мақсаты оқу үрдісін үрдісін және толық деңгейін
бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту.
Білім берудің кез келген саласында
« Электрондық оқулықтарды » пайдалану студентердің
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау
жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен
еңбек етуіне жағдай туғызады. Осы уақытқа дейінгі
, білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі
ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды
пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қазіргі уақытта
электрондық оқулықтың құрылысы сапалы
және жаңа деңгейде болуы тиіс. Электронды
оқулықтың ең қажет элементі аудиохабарлар болып
табылады.
Инновциялық білім беру
құралдары, аудио видео құралдары компьютер,
интерактивтік тақта, интернет, компьютер мультимедиялық
құралдар, электрондық
оқулықтары мен оқу әдістемелік кешен, медиатека,
инновациялық веб сайт және т.б. Сондықтан да қазіргі
таңда көптешен веб қосымшалар, интерактивтік
бағдарламалық
өнімдер, қозғалмалы нысандар құруға
мүмкіндік беретін векторлық және графикалық
бағдарламалық жабдықтар көптеп шығып,
қолданыс табуда.
Қазақ тілін жаңаша
оқыту барысында сабақта жан жақты технологияларды
ұтымды қолданып, сиуденттердің шығармашылықпен
жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет.
Оқыту кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір
кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін
және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды,
нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде
дидактикалық міндеттерді
қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.
Жаңа технологиялар дәуірі
жағдайында студенттерге қазақ тілін жеделдете
оқытудың әдістемелік жүйесінің мазмұны
айқындалып, соңғы ғылыми жаңалықтар
негізінде толықтырылады, білім берудің жаңа парадигмалары
негізіндегі жеделдете оқытудың мәні айқындалып, ұстанымдары нақтыланады. Қазақ тілін оқыту кезеңдерінің тіл
үйрету деңгейлерімен байланысы анықталып, жеделдете
деңгейлік оқытудың соңғы нәтижесі
қатысымдық құзіреттілік деңгейін айқындау
мақсатында аралық, қорытынды сынақтарды және
өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдері
айқындалады.
Қазақ тілін жаңаша
оқыту барысында сабақта жан жақты технологияларды
ұтымды қолданып, студенттердің шығармашылықпен
жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет.
Оқыту кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір
кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін
және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, боладын нәтижелерді кезең бойынша
диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою
мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету. Жаңа
технологиялар дәуірі студенттерге қазақ тілін жеделдете
оқытудың әдістемелік жүйесінің мазмұны
айқындалып, соңғы ғылыми жаңадықтар
негізінде толықтырылады, білім берудің парадигмалары нгізіндегі
жеделдете оқытудың мәні айқындалып, ұстанымдары
нақтыланады. (3,12 б.)
Электрондық оқулық
оқу материалдарын демонстарацигияланған гармониялық
түрде жеткізеді. Онда пәндегі теориялық тақырыптар
кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды
графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,
сұлба, тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда
теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны
мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да
материалдық қорыту үрдісі
ұтымды болады. Бұлар практикум компьютерлер көмегімен
жүзеге асырылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал
толықтырушы материалдар интерактивтік компьютерлер типте жүзеге
асады.
Әдебиеттер тізімі
1.Құрман
Ж.Н. Қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері.
Алматы,2009.
2.Әбдікәрімов
Б., Сарбасова Қ.А. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда
педагогикалық технологияларды пайдалану. Еуразиялық гуманитарлық институттың
хабаршысы.-2004 ,3
3.Даумов Н.Ғ.
Оқытудың ақпараттандыру процесінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту: Пед.
ғыл.канд.дисс. Алматы, 2003.