Қазақ және орыстарға
ортақ кісі есімдерінің тілдік сипаты
МЕДЕТБЕКОВА П.Т.
(филол.ғ.к., доцент.)
БОЗЕКЕНОВ Т. (филол. фак. 4-к.
студенті)
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ-сы,
Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тал бесіктен жер бесікке енгенше сенімен бірге өмір сүретін
– есім. Ғылым тілімен
айтқанда, «айрықша тілдік таңба». Жалқы есімдерсіз
адамзат қарым-қатынасы болуы мүмкін емес, тіпті елестетуде
қиын. Жалқы есім –
лексиканың ең жылжымалы, өзгермелі қабатын, атау беруші
халықтың танымдық көзқарасына сәйкес
әлем моделімен анықталатын ономастикалық кеңістікті
құрайды. Кісі есімдерінің жалпы жинтығын антропонимия
десе, оларда зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады. Антропонимдер – кісі аттарынан тұратын
жалқы есімдердің ірі разряды. Антропонимдер кісі аты, әкесінің
аты, тегі, лақап аты, бүркеншік аты, криптоним (жасырын аты),
қосымша аты және т.б. сияқты кластарға
бөлінеді. Антропоним формуласында, атау беру уәжінде, атау
құрлымында байқалатын әр халықтың
өзіндік атау беру дәстүрі бар. Кез-келген
халықтардың антропонимдік қоры (антропонимдер жиынтығы)
құрамы жағынан әр түрлі болып келеді. Әр
халықтың атау тізімі немесе реестрі (антропонимиконы) шектеулі,
сондықтан бір атқа бірнеше адам ие болуы мүмкін.
Антропонимдердің тілдік аспектісі оны
ұлттық белгі ретінде айқындайды. Антропоним бір тілге
қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай,
сонымен қатар, оның шығу тарихы, қолданылу
аумағы, сол есімді қолданған халықтың
салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен
әлеуметтік жағдайы,
қоғамдық ортасы жайлы көптеген маңызды
мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
Антропонимдерді
ономастиканың арнайы бөлімі – антропонимика зерттейді.
Қазіргі антропонимдік жүйенің қалыптасуы мен дамуын
бірыңғай қарастыру мүмкін емес өте күрделі
және ұзақ үрдіс екені байқалады.
Антропонимиканың теориялық негіздері В.Д. Бондалетов, Н.А. Баскаков, С.И. Зинин, Ю.А.
Карпенко, А.А. Реформаторский, А.М. Селищев,
О.Н. Трубачев, Н.М. Тупиков, В.П. Морошкин, В.К. Чичагов, Л.В.
Успенский, А.А. Белецкий, В.А. Никонов, Н.В. Подольская, А.В. Суперанская, Р.Г.
Алеев, Г.Ф. Саттаров, К.М. Мусаев, Т.Ж. Жанұзақов сияқты
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Антропонимка саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында,
оның ішінде қазақ тіл білімінде көптен зерттеліп
келеді. Қазақ ономастикасы тақырыбына Т.Ж.
Жанұзақовтың, А.Т. Қайдаровтың, Г.Б. Мәдиеваның, Б.М. Тілеубердиевтің кешенді
еңбектері арналған.
Антропонимдердің
тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды.
Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана
қарастырылмай, сонымен қатар, оның шығу тарихы,
қолданылу аумағы, сол есімді қолданған
халықтың салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы
көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде
қарастырылады. Әр тілдің
ономастикалық қоры түрлі кезеңдерде, түрлі
тілдерде пайда болған тілдік бірліктердің жиынтығын
құрайды. Қазіргі қазақ тілі лексикасының
құрамы жағынан біркелкі емес. Тіліміз түркі
сөздерімен қатар, араб, парсы, орыс және де басқа шет
тілдерден енген кездеседі. Қарастырылып
отырған екі тілде де басқа шет тілдерден енген антропонимдермен
салыстырғанда көбіне араб және парсы тілдерінен енген есімдер
пайыздық көрсеткіші жағынан басым. Түрік
тілінде қазақ тілімен салыстырғанда араб тілінен
алынған жалқы есімдер біршама көптеп кездеседі.
«Есімдер
мен атаулар – әр дәуірдің ескерткіші, ұрпақтан
ұрпаққа жалғасатын құнды шежіре,
ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түскен тарих айнасы» [2, 105 б.]. Осы
және де басқа себептерге байланысты жалқы есімдерді зерттеу
жалпы алғанда тарих үшін оның ішінде тіл тарихы үшін
өте маңызды. Ономастика ғылымының зерттеу
нәтижелері тіл білімі тарихы үшін, халықтың тарихы
үшін, диалектолoгия, этнография,
археология, география, философия ғылымдары үшін құнды
да маңызды дереккөз болып табылады.
Антропонимдердің
пайда болуы өте ұзақ уақытты талап ететін күрделі
үдеріс. Сондай-ақ, әр халықта, әр
ұлтта өзіндік саяси,
әлеуметтік және ең бастысы қоғамдық жағдайларға
байланысты қалыптасып, дамиды. Антропонимиялық жүйе
қоғамның талаптарына сай өзгертіле отырып
жетілдіріледі.
Адам есімдерінің қоғамға
байланысты дамып, өзгертіліп отыратыны дауысыз. Қоғам дами
түскен сайын дамып, қоғам құрылысы
күрделене түскен сайын күрделе отырып, қоғам ағымына
сай өзгертіледі. Антропонимдер мен антропонимиялық
жүйе қоғамның құрылысына, оның
дамуына сәйкес өзгеріп,
түрленіп қоғамдық талаптарға жауап беріп отырады.
Әрбір халықтың ұлттық антропонимиялық
қоры сол халықтың ұлттық тарихына, тіліне,
салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, дініне,
дүниетанымына және тағы да басқа өзіндік
ерекшеліктеріне тікелей байланысты қалыптасады.
Өмір есігін жаңа ашып, өмір табалдырығын енді
ғана аттай бастаған нәрестеге жарасымды, айшықты ат
беру – әрбір халық үшін маңызды да, мәні зор
дәстүрі. Адам есімі өзі өмір сүрген
қоғаммен, қоршаған ортамен тығыз байланысты.
Тарихта талай әлеуметтік істердің, қоғамдық
құбылыстар мен ірі оқиғалардың адам есімімен
аталып, кейінгі ұрпаққа, тарихта мәлім болып
жүргені осының айғағы. Ұрпаққа
жарасымды есім беру – ежелден келе жатқан, ізі суымаған жалпы
халықтың игі дәстүрі. Есімдерде халық тіліндегі
сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп әрі
жаңарып отырады. Оларда ғасырлар үшін қарт шежіре
сияқты ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.
Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан көп те
мол болуымен қатар, құрамы мен құрылысы
жағынан да әр алуан, өзінше бөлек. Ол жөнінде
жазылған еңбектер біздің қазақ тіл білімінде де
аз емес. Әйткенмен, кісі есімдері жөнінде жазылған
еңбектердің ішіндегі халыққа ең қажеттісі
де, керегі де адам аттары жайлы анықтама құралы. Осыған
орай, 1968 жылы белгілі ономаст ғалым Т. Жанұзақовтың
«Қандай есімді ұстанасыз?», 1989 жылы «Есіміңіз кім?» деген
қазақ есімдеріне қатысты еңбектері шықты. Телқожа Жанұзақов
өзінің бұл жинақтарында кісі есімдерін лексика –
семантикалық тұрғыдан, сан
есіммен байланысты келетін есімдер, алуан түрлі тілек
мақсаттарға байланысты қойылатын есімдер, ырымға
байланысты берілетін есімдер т.б. деп бірнеше топқа бөліп
жіктелеп өтеді.
Тарих қойнауына көз салсақ КСРО мемлекетінде он бес
одақтас мемлекет өмір сүрді. Олардың ішінде
қазақ халқы да бар еді. Негізгі көшбасшы ұлт
орыстар болды. Нәтижесінде қазақ ұлты мен орыс
ұлты арасында мәдени,
экономикалық және саяси байланыстармен қоса рухани байластар қарқынды
дамыды. Екі ұлт арасында кісі есімдерін алмасу байқалды. Яғни
орыс пен қазақ халқына ортақ кісі есімдері пайда
болды.
Еліміз егемендік алғанымен Ресеймен қатынасты үзбегені
анық. Ресей мен Қазақстан бір географиялық
аймақта орналасқан. Айта берсек, атай береміз дегендей Ресей
мемлекетімен де, ұлтымен де қарым-қатынасымыз тығыз орнағаны соншалықты бір
жылдары қазақ халқының арасында туылған
нәрестеге Ресей қалаларының аттарын да қою сәнге
айналған еді (Минск, Армия), мұндай жағдайлар ұлы
үйленіп, әскерге кеткенде босанған келінінің баласына
әскери борышын атқарып жүрген жерінің атын
қойған екен. Тағы бір мысал, 1985-90 жылдары орыстың
ертегілерінің кейіпкерлерінің аттары да назардан тыс
қалмағандай, мысалы: «Людмила» есімімен қыздарының атын
атаған. Қазіргі кезде осы
екі халықтың арасында ер, әйел адамдарына ортақ кісі
есімдері көптеп кездесіп жүр. Мысалы: Сара, Роза, Тимур, Роман, Рая,
Лаура, Зина, Шура және т.б.
секілді. Ғылыми жұмыстың өзектілігі қазақ
және орыс халқына ортақ кісі есімдерінің
танымдық, мағыналық даму үдерісін айқындап,
лингвистикалық сипатына айрықша тоқталып өту.
Совет кезеңінде, яғни орыс тілінен жалқы есімдер, әсіресе әйел есімдері
төртінші кезеңде, Октябрь революциясынан кейін, Кеңес
заманында кеңінен жайыла бастағандығы байқалады.
Мысалы: Лиза, Марина, Клавдия, Римма, Рита, Светлана, Тамара, Клара, Мира,
Мая, Жеңіс сияқты есімдер көбіне ХХ ғасырдың
орта кезінде дүниеге келген балаларға берілген.
Кеңес үкіметінің тұсында сол кездегі
қоғамдық ұғымдардан туындаған антропонимдер
қолданысқа енеді. Т. Жанұзақов Совет
есімінің ХХ ғ. 30 жылдары шыққанын алға тартады.
[3, 70 б.]. Съезд, Советия,
Советгүл, Совета, Советнұр, Советхан, Кеңес, Кеңесгүл, Кеңесхан есімдерін
беру сол кездегі жаңа ұғымдарға байланысты
жаңалықтың нышаны болса керек.
Орыс тілі арқылы Жанна, Луиза, Клара, Роза, Дина, Элеонора, Рига,
София сияқты интернационалдық
есімдер де көптеп енді және кеңінен болмаса да қолданыс
тапты.
Екі
халыққа да ортақ есімдерді анықтау мақсатында
сауалнама жүргізу арқылы біраз нәтижеге кенелгендейміз.
Сауалнама студенттер мен университет қызметкерлерінен және
оқытушыларынан алынды. «Қазақ және орыс халықтары
ортақ кісі есімдерін білесіз бе?»
деген халық арасында жазбаша сауалнама жүргізілді.
Төмендегідей нәтижеге ие болдық:
|
ұлты |
ерлерге тән ортақ есімдер |
әйелдерге тән ортақ
есімдер |
|
Орыс және қазақ |
Тимур, Роман, Эрик, Мухтар,
Артур(ағылш.), Дамир, Расул, Рашид, Руслан, Таир, Диас (исп.), Мэлс, Марат, Денис(гр.), Руслан, Диас |
Жанна, Рита, Рая, Лаура, Ая, Дина,
Ёлка, Зоя, Эльмира, Альбина, Эльвира, Диана,
Сая, Камила, Индира, Алина, Рима, Лидия, Мадина, Маргарита, Анна,
Мариям, Аида, Адиля, Карина, Эльнура,
Тамара, Мая, Анель, Зарина, Светлана, Феруза, Замира, Клара, Мира, Луиза, |
Нәтижесінде қазақ пен орыс халқына ортақ
49 кісі есімі тіркеліп, ғылыми жұмыстың басты нысаны ретінде
көзделініп отыр. Солардың ішінде басым көпшілігі әйел
затына берілетін есімдер болды. Тағы бір айта кететін жайт
қазақ және орыс халқына ортақ кісі
есімдерінің көбі дерлік грузин,
араб, татар, француз т.б. халқынан енген.
Зерттеуіміздің басты мақсаты – қазақ және
орыс халқына ортақ кісі есімдерінің тарихын қарастырып,
екі жақты мағыналық байланыстарын ажыратып,
лингвитикалық сипатын айқындау.
Қазақ
және орыс халықтарына ортақ есімдерді қарастырып
отырғандықтан, айтпай кетуге болмас деп ойлаймыз.
Зеттеу
нәтижесінде ерекше жағдайлар да кездесті. Соның бірін мысал
ретінде айта кетер болсақ, қазақ пен орыс халқына
ортақ Мұхтар деген
есімді алайық. Мұхтар деген сөз арабшадан «таңдаулы,
іріктеулі», - деген мағынаны береді. Бұл есімді жазушы Мұхтар Әуезов, Мұхтар
Мағауин, ақын Мұхтар
Шаханов секілді тұлғаларымыз арқалап жүр.
Аталған есімдер қазақ үшін киелі
саналғандығы сонша ырымдап, солар секілді «ақын болсын,
жазушы болсын» деген ниетпен жаңа туған сәбиге Мұхтар деп атау беріп жатады. Бір
қызығы орыс халқында Мұхтар деген есімді «ит» атаулы
үй жануарына, соның ішінде ерекше тұқымдыларына
қояды екен. Сонымен қатар
«Әділ» есімі де қазақ халқы үшін терең
мағыналы, мәнді есімдердің қатарында, яғни
ұл баласының атын ырымдап - адалдыққа жаны
құмар, таза, шыншыл, т.б. болсын деген ниетпен атаса, ал поляк
елінде де осы есімді иттеріне тура сол мағынада қояды екен.
Қазақ пен орыс халқына ортақ есімдердің
айтылу жағына келгенде де екі басқа. Екпіннің түсуі
әр түрлі. Мысалы: Сара(ир.) деген есімді алайық. Сара деп
қазақша айтқан кезде екпін соңғы буынға
түседі. Ал орыс тілінде бірінші буынға түседі. Бірақ
есім екі тілдің түсінігінде де бір мағына сипатында
қолданылып тұр. Қазақ пен орыс халқына
ортақ есімдерің айырымы тек екпіндердің қойылуында.
Қазақ халқы ырымшыл халық. Егерде үй
ішінде бала шетінеп өлім-жітім көбейіп жатса, жаңа
туған сәбиге орыс халқының есімін береді екен. Сол
кезде өлім болмайды деп сенген.
Біздің дана халқымыз «Балаға қандай ат
қойылса, оның болашағы, тағдыры да соған байланысты
болған», - деген. Кісі есімін таңдауда айтылуы қиын,
қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін,
ұлттық атауларға қайшы келетін есімдерді
қоймаған жөн. Сондықтан да еліміздің ертеңі
болатын бөбектерімізге есім таңдауда жаңылмай, тілдік
мағынасына, қолданысына қөңіл бөліп,
дұрыс таңдау жасай білейік.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.
Бигельдиева М.М. Қазақ және түрік
әйелдер антропонимиясы// Кандидат.диссерт.авторефераты, Алматы, 2010
2.
Қожанов О. Қазақ ономастикасының
нормативтік актілерінің жай-күйі // Қазақ
ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық
ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана:
«Ақжол-Баспа» 2004. – 224 бет. 105-106 беттер.
3.
Жанұзақов Т.Ж. Қазақ
есімдерінің тарихы. Алматы, Ғылым, 1971 – 218 бет.
(Лингвистикалық және тарихи этнографиялық талдау).
4.
Султаньяев О.А. Об основах положительной экспресии в
казахских именах. // Антропонимика. В.А. Никонов, А.В.Суперанская. М.: 1970 –
360 с. С. 74-77.