Магистрант Ахметова А.Ж
Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
АЛАШ
ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ
ҰСТАНЫМДАРЫ
МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі ХХ
ғасыр басындағы Қазақстанның рухани-мәдени өміріндегі елеулі
оқиға болды. Бұл
съезд 1924 жылы
маусымның 12-18 күндері аралығында
Қазақ
АССР-інің сол кездегі
астанасы Орынбор қаласында өтті.
Съезге Ахмет
Байтұрсынұлы,
Әлихан
Бөкейханұлы, Елдес
Омарұлы, Міржақып
Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы,
Телжан Шонанұлы сынды
белгілі қазақ зиялалары
қатысып баяндама жасауы, сөз сөйлеуі
өткен ғасыр
басында болған бұл
алқалы жиынның салмағын аңғартса
керек.
Съез жұмысына Мәскеуден, Қазақстан оқу комиссариатынан, Түркістан, Бұқар,
Хорезм аймақтары қазақтарынан, Қостанайдың, Семейдің,
Оралдың, Бөкейдің
губернелік оқу бөлімдерінен, Қазақстан ғылым
ордасы, ғылым қауымы, жалпы ресейлік
кеңес
қызметкерлерінің
қазақстандық
бөлімінен, Компартияның
Қазақстандық
комитетінен
шақырылған делегаттардың,
қырғыз ағайындар мен
Башқұртстан
өкіметі
өкілдердің
қатысуы оның ауқымының кеңдігін көрсетеді.
Білімпаздар съезіне
қазақ зиялылары тарапынан
үлкен мән берілгенін, қазақ қоғамының даму
тарихында оның алатын
орны айрықша екендігін
съезді ашып, оған
төрағалық
еткен Қазақстан оқу
комиссары
Нұғыман
Зәлиұлының: «Қазақ қазақ болғалы
мұнан бұрын мұндай съездің
болмағанын; бұл
съезд қазақ-қырғыз халқы білімпаздарының
тұңғыш
съезі болғандықтан мұның жұмысы аса
мағыналы, елге аса пайдалы
болуға тиіс екенін айтып
өткен. Съезде жазу ережелері, әліпби мен
қазақша
пән сөздер мәселесі, ауыз әдебиетін жию
шаралары, ғылыми
және
оқытуға арналған кітаптарды
шығару, бастауыш
мектептің
бағдарламаларын
дайындау мәселелері қаралды. Қазақ
білімпаздарының
тұңғыш
съезінің
материалдарынан филологтар,
педагогтар, әдіскер мамандар және
ғылым тарихын зерттеушілер ғылыми
құндылығын еш жоймаған тұжырымдар мен құнды деректер
табады деп ойлаймыз. Съездегі жазу ережелеріне арналған бірінші баяндаманы Елдес
Омарұлы жасаған.
Елдестің баяндамасынан кейін
оны талқылауға Ахмет
Байтұрсынұлы, Нәзір
Төреқұлұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел
Досмұхамедұлы, Телжан
Шонанұлы, Мұхтар Мырзаұлы, Манан Тұрғанбайұлы,
Мұхтар Саматұлы,
Ишанғали Арабайұлы,
Молдағали Жолдыбайұлы,
Николай Бутовский қатысып, олардың
әрқайсысы
өз дәлелдері мен
тұжырымдарын
ортаға салған.
Жазу ережелерінің талас тудырған мәселелерін жете тексеріп,
дұрыс шешу үшін, Ахаңның ұсынысымен арнайы комиссия құрылып, шешімді сол
комиссия қабылдаған.
Ахмет Байтұрсынұлы төрағалық еткен бұл комиссияның
құрамына Телжан Шонанұлы, Елдес Омарұлы,
Мұхтар Мырзаұлы, Халел Досмұхамбетұлы кірген.
Елдес Омарұлы баяндамасында жазу қағидаттары (принциптері) туралы сөз
ете келіп, «Иауропа халықтарының көбінде жазу сөз жүйесінше түзелген; біл
білетін орыс халқының жазуы
да сөз жүйесінше. Біздің жазуымыз
бұл
уақытқа шейін дыбыс
жүйесінше болып келді». – дейді. Елдес
Омарұлының
бұл айтып отырғаны, қазіргіше
айтқанда жазудың морфологиялық және
фонетикалық
қағидаттары.
Баяндамашы одан әрі
дәлелдерін келтіре отырып,
қазақ жазуы фонетикалық қағидатты
басшылаққа алуы қажет
деген тұжырым жасайды.
«Қазақша жазу
жеңіл болу үшін
де, дұрыс болуы
үшін де дыбыс
жүйесінше болуы керек.
Сондықтан біз жазу
ережелерін тексеріп түзегенде, оның дыбыс
жүйесінше болуын ескеруіміз
керек. Біздің ұстаған негізгі
жолымыз дыбыс жүйесі болуға тиіс» -
дейді баяндамашы. Баяндаманы
талқылау барысында Николай
Бутовский фонетикалық қағидатқа қарағанда морфологиялық қағидаттың тиімділігін
айтып, Елдеске қарсы
уәждер айтады. Қайта
сөз алған баяндамашы
онымен келіспейтіндігін былайша
білдіреді: «Бутовскийдің
мұнысы қате. Тілдік
тетігі сол тілмен
сөйлейтұн елде, бұқарада. Елдің
тілі, сырттан бір
төтенше себеп болмаса,
еркімен өзгеріп,
өркендей беруге тиіс.
Мәселен
қазақ тілі солай
өзгеріп, дыбыстары тап-тапқа бөлініп, бірінен
бірінің жігі ашылып
шыққан, - қазақ
тілінің олай өркендеуіне сырттан бөгеу болған жоқ,
тілдің бұл өзгерісіне себеп болған: сол
тілмен сөйлеген ел, сол
елдің тұрмысы. Ноғай
тілі олай өзгерген жоқ,
ноғай тілінің дыбыстары
бірінен бірінің жігі
ашылмаған, - оның
себебі жазу, әдебиет; Бутовскийше айтқанда, - жазудың арқасында ноғай тілі қазақ тіліндей,
бұзылмай аман қалған – деуге болады. Жазу ережелеріне
арналған баяндама
бойынша жіктік жалғауының екінші
жағы «сың» немесе «сын»
болуы керектігі жөнінде қызу
пікірталас болған. Елдес
Омарұлының – сын тұлғасының ел
ішінде кең тарағанын, ал Ахаңның аса
жиі
қолданылмағанымен
тарихи тұрғыдан келгенде – сын дұрыс
екендігін алға тартып, екеуінің де
өзге де нақты
дәлелдер келтіруі
олардың мәселенің
мәніне терең үңілгенін көрсетеді. Одан кейінгі
әліпби мәселесіне
арналған баяндаманы Ахмет
Байтұрсынұлы
жасаған. Ахаң араб
графикасына негіздеп өзі
түрлеген
қазақ (түрік)
әліпбиінің тиімділігін барынша
жан-жақты дәлелдеп, өз
жобасын ұсынса,
Нәзір
Төреқұлұлы
латын әліпбиіне көшу
керектігін, оның артықшылықтарын алға
тартады. Алдымен Ахаңның ұсынысы бойынша қаулы қабылданса, артынша
Зәлиұлы
Нұғманның
жазбаша ұсынысы бойынша
бұл мәселе қайта
дауысқа салынып, 1
дауыс артықшылығымен түпкілікті шешім қабылдау келесі
съездің
қарауына
қалдырылады. Жалпы латын
әліпбиіне көшу мәселесі қайта
көтеріліп
отырған бүгінгі таңда
қазақ
зиялыларының сонау өткен
ғасырдың
басында айтқан ойлары
мен келтірген дәлелдерін ескерусіз
қалдыруға
болмайды. Олардың сол
кездің өзінде бүгінге дейін ғылыми құндылығын жоймаған пікірлер
айтқанына осы еңбекпен танысқан, зиялы
қауымның, көңілі ояу
оқырманның
көзі жететіндігіне күмәніміз жоқ.
Айрықша
атап өтуді қажет
ететін мәселенің бірі – тұңғыш рет
қазақ
терминологиясын
дамытудың
қағидаттары осы съезде
белгіленді. Кезінде алаш
зиялыларының аттарын атауға, олардың еңбектері туралы сөз қозғауға болмайтындықтан болса,
олар
ақталғаннан
бергі кезеңде де
түрлі себептермен, бірқатар тіл мамандары алғашқы терминология қағидаттары
30-жылдардың орта тұсында жасалды деп жазып
жүр. Елдес
Омарұлынан кейін қазақша оқытатын төрт
жылдық бастауыш мектептің бағдарламаларына
арналған баяндаманы Телжан
Шонанұлы жасаған. Ана
тілі, шама тілі (сан жүйесі), табиғаттану, жертану, елтану,
тарих, сурет пәндерінің
оқытылу жайы, білім
мазмұны, бағдарламалары
туралы қажетімізге жарататын
құнды пікірлер мен
ұсыныстар мұнда да
бар. Мәселен, Телжан
Шонанұлының
«жағырапияны оқытқанда әуелі туған
жер, сонан жақын маңайы, сонан кейін
дүние жүзімен таныстыру
керек» деген сөзі
қандай орынды айтылған пікір. есімізге.
Съезде сондай-ақ қазақтың ауыз
әдебиетін жию, оқу құралдары мен
оқулықтарды,
ғылыми кітаптарды бастырып
шығару, мұғалімдер даярлайтын техникумдер мен
институттардың мәселелері
де сөз болған.
Съездің
президиум мүшесі, соңғы күні съез жұмысына
төрағалық еткен қырғыз халқының
өкілі Ишанғали Арбайұлы қорытынды сөзінде
«Бұл сіиез бұрын-соңды болмаған,
қазақ-қырғыз халқының ғылым мәселелерін бастап
ауызға алған, қазақ-қырғыз білімпаздарының
бастап бас қосқан тұңғыш сіиезі болды. Бұл
сіиездің маңызы зор,
қызметі айрықша. Сіиез негізді мәселерді шешті, елдің
болашағына жөн сілтеп, жол
салды...» - деген екен.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Шаймерден Е. Алаш зиялыларының тілдік мұрасы: арналы бастау,
өміршең дәстүр//Алаштың тілдік мұрасы.
Мақалалар жинағы. –Алматы: Кие, 2009.