КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА
ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
ПЕН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық
жауаптылық институты қылмыстық
құқықта қоғамдық қатынастарды
қорғайтын, сотталғандарға тәрбиелік сипатта
әсер ететін, қылмыстардың алдын алатын
қылмыстылықпен күресудегі маңызды тәсіл ретінде
қарастырылады.
Қылмыстық
жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы
қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салған, қоғамға
қауіпті, кінәлі әрекет жасағандық үшін
ғана белгіленеді.
Қылмыстық
жауаптылықты мазмұнына қарай былайша түсінуге болады:
а) қоғамға қауіпті белгілі
бір нақты әрекетті істеген адамға мемлекет, қоғам
тарапынан кінәсін бетіне басу;
ә) қылмыс істеген кінәлі
адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану.
Бұл орайда, Г.Ф. Поленовтың
қылмыстық жауаптылыққа берген анықтамасын
дұрыс деп ұғынуға болады, яғни
«Қылмыстық жауаптылық – бұл қылмыс жасаған
адамның тек мемлекет алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен
қатар қылмыстық құқықтық шараны
қолдану нәтижесінде болған кінәлінің
қиналуы, оның кейін өкінуінен тұратын және
мемлекет алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты
болуы». [1]
Мемлекет тарапынан қылмыстылықты
анықтау алдын ала тергеу органдарымен жүзеге асырыла отырып,
тұлғаның
жасаған қылмысы сотпен заңды түрде
бағаланып, оны қылмыскер деп танудан тұрады. Мемлекет
тарапынан қолданылатын қудалау әр кез кінәліге жаза
тағайындаумен ғана аяқталып қоймайды.
Қылмыстық заң қылмыс жасаған адамдарға
қылмыстық құқықтық шараларды
қолдана алады. Мысалы, медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шаралары.
Қылмыстық
жауаптылық пен жаза бір біріне ұқсас түсініктерге
жатпайды. Қылмыстық жауаптылық өзіне тән
ерекшеліктерімен мемлекет атынан қолданылатын мәжбүрлеу
шаралары бар және мазмұны жағынан кең ауқымды
болса, жаза қылмыстық жауаптылықтың нысаны ретінде
арнаулы заңдылықтар арқылы жаза туралы ережелерге
сүйене отырып қолданылады.
Қылмыстық
жауаптылық басқа заңды жауаптылық түрлерінен
(азаматтық, әкімшілік, тәртіптік және тағы басқа)
ерекшеленеді. Яғни, қылмыстық жауаптылық,
қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым
салынған қылмыстық әрекеті үшін кінәліге
жаза тағайындауға және соттылықтың туындауын
көздейтін қылмыстық қол
сұғушылыққа қатысты құқық
қорғау органдарымен қолданылатын шара болса, заңды
жауаптылықтың басқа түрлері тиісінше өзге де
құқық бұзушылықтарға
қолданылады. Қылмыстық жауаптылық қылмыс
жасалған уақыттан басталады. Қылмыстық
жауаптылықтың іске асуы болып – қылмыс үшін
кінәлінің жауаптылыққа тартылуынан басталып,
істің сотта қаралуы және жазаны өтеу уақыты
танылады.
Қылмыстық
белгілері бар әрекет жасаған адамды жағдайдың
өзгеру салдарынан сот істі қарау кезінде, егер ол жасаған
әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса,
қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Осы
сияқты, қажетті қорғанудан болған, қауіпті
қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға
қатысты, аса қажеттіліктен тағы басқа болған
әрекеттерге заң жүзінде қылмыстық
жауаптылық көзделмеген.
Е.И.
Қайыржанов қылмыстық жауаптылықты екі негізге
бөліп көрсетуді қолдайды: субъективті және объективті.
Субъективті негіздің мәні, оның – адамның еркімен
байланыстылығында, саналы түрде шешім қабылдауында және
осы шешімдерге байланысты адамда белгілі бір жауаптылықтың
болуында. Объективті негіздің мәні – адамның әрекетіне
қылмыс құрамының барлық белгілері бар нақты
бір әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында. [2]
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-ші
бабының бірінші бөлігінде
«есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам
ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс»
делінген.
Қылмыстық
құқықта адамның жасына белгілі бір
психофизикалық қасиет ретінде ерекше көңіл
бөлінеді. Себебі, адамның жасы – қоғамға
қауіпті іс әрекет жасаған азаматты әрбір нақты
жағдайға байланысты танудағы міндетті, әрі басты
белгілердің бірі.
«Қылмыстың
субъектісі ретінде қоғамға қауіпті әрекетті
жасағаны үшін қылмыстық тәртіппен тек белгіленген
жасқа толған адам ғана танылады». «Қылмыс құрамына
қылмыскерді сипаттайтын белгілері ретінде есі дұрыстық
және адамның арнайы жас шамасы кіргізілген. Бұл
өзгертілмейтін, жалпы және тұрақты белгілер».
Қылмыскерді
сипаттайтын қылмыс құрамының белгілері
қылмыстың субъектісі деп танылатын адамның қасиеттерін
көрсетеді. Мұндай жағдай қылмыстық
құқықтың демократиялығын көрсетеді,
яғни кеңестік заңның алдында барлық
адамдардың теңдігі
қағидасы. Қылмыстық заң адамдардың
жауаптылығын олардың нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне,
табына, партияға қатыстылығына, қызметіне байланысты
дифференцияланбайды.
Зерттеуші
Р.Михеев: Заңда белгіленген жасқа жеткен, бірақ
психикалық тұрғыдан толыспаған (мысалы,
психофизикалық даму жолындағы іркіліс) өз
әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға
қауіптілігін немесе нақты мән-жайын түсінбеген болмаса
оларға басшылық ете алмаған тұлға
қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайды дейді. [3]
Егер
кәмелетке толмаған адам осы он төрт немесе он алты
жасқа толса, бірақ психикасының даму жағынан артта
қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс
жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін
толық көлемінде түсіне алмаса, не оған ие бола алмаса,
қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс емес (ҚР
ҚК 15 бабы 3 бөлігі).
Осыған
байланысты кәмелетке толмағандардың жауаптылығына
тоқталайық.
1997
жылы 16 –шы шілдеде қабылданған Қылмыстық кодекс
кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы жеке даралап, арнаулы тарау ретінде көрсеткен.
Бұл
дегеніміз мемлекеттің әділеттілік және ізгілік принциптерін
басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың
жас шағынан жеке ақыл жөнінен толық жетілмегендігін
ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының
көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң
кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоя
алмайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере
отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше
жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның
мақсаттарына жетудің бірден бір оңтайлы жолы болып саналады.
Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға
қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.
Қылмыстық
кодекстің 78-бабының 1- бөлігіне сәйкес
«кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге
қарай жасы 14-ке толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар
танылады» деп көрсетілген. Яғни, заң шығарушы қылмыстық
жауаптылық туындайтын ең төменгі жас – он төртке толу
деп белгілеп отыр.
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық
жауаптылыққа тартылмайды. Он төртке толмаған балалар
өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға
қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және жауап бере
алмайды.
Ал
он төртке толған кәмелетке толмаған өзінің
іс-әрекетіне жауап бере алады және қылмыстық жазаны
сезіне алады.
Осыған
байланысты заң шығарушы «кәмелетке толмаған» деген
терминге анықтама беріп отыр. Ал, бұл қылмыстық
жауаптылықтың нормасын дұрыс қолдануға
мүмкіндік береді. КСРО жоғарғы Сотының 1976 жылғы
3 желтоқсандағы №16 қаулысының 6-тармағында соттардың кәмелетке
толмағандардың қылмысы және кәмелетке
толмаған адамды қылмыстық
іске тарту туралы мәселелерді тәжірибеде дұрыс
қолдану туралы былайша түсініктеме берген «сот кәмелетке
толмағандардың жасын (туған күні, айы, жылы) дәл
анықтауда шаралар қолдануға міндетті».
Жасөспірім
туған күні емес келесі, ертеңіндегі күннен бастап
белгілі бір жасқа толды деп саналады. Сот-медициналық сараптама
жасты анықтау кезінде сотталушының туылған күнін сол
жылдың соңғы күнімен
белгілейді; жастың ең төменгі немесе
жоғарғы шегін жылды
анықтауда, сот сараптамасының қорытындысымен
анықталған төменгі жас мөлшерін белгілейді. [1]
Егер
сот жеткіншекті арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемесіне жіберудің
қажеті жоқ деп тапса, ол ұсынысты
қанағатандырудан бас тартады, ал материалдарды «Кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі комиссия туралы» Ереженің 30-бабында көрсетілген
тәрбиелеу сипатындағы басқа шараларды қолдануы
үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
комиссияға жібереді.
Заң
қылмыстық жауаптылықтың жалпы жасы 16 жас деп
белгілегенімен, субъектінің ерекше белгілеріне немесе
қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттің
сипатына байланысты кейбір қылмыстардың субъектісі кәмелетке
толған, яғни 18 жасқа толған адам ғана бола
алады. Мысалы, бұйрыққа бағынбау немесе оны өзге
де орындамау (ҚК-тің 367-бабы), кәмелетке толмаған
адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға
тарту (ҚК-тің 132-бабы) сияқты қылмыстардың
субъектілері, әскери қылмыстардың және басқа да
бірқатар қылмыстардың субъектілері тек 18 жасқа
толған адамдар ғана бола алады.
Сонымен,
қылмыстық кодексте
кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығының жалпы негіздері: кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері (ҚК-тің 78-бабы), кәмелетке толмағандар
тағайындалатын жаза түрлері (ҚК-тің 79-бабы), кәмелетке
толмаған адамдарға жаза тағайындау (ҚК-тің
80-бабы), кәмелетке толмағандарды қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босату (ҚК-тің 81-бабы),
тәрбиелеу әсері бар мәжбүрлеу шаралары (ҚК-тің 82-бабы) және олардың қолдану
мерзімдері (ҚК-тің 83-бабы), кәмелетке толмағандарды
жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату
(ҚК-тің 84-бабы), ескіру мерзімі (ҚК-тің 85-бабы)
және соттылықты жою мерзімдері (ҚК-тің 86-бабы),
сонымен қатар бірінші рет, осы бөлім арқылы кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктерін талдауы оны дұрыс қолдану мүмкіндіктерін
және 18 жастан 20 жасқа дейінгі жас аралғында қылмыс
жасағандардың қылмыстық жауаптылығында
(ҚК-тің 87- бабы), ізгілік қағидаттарын іске
асыру, адамның жеке тұлғасына
дұрыс қарау тағы басқа да ерекшеліктерін
қарастырады.
Қорыта
айтқанда, жастардың арасында адамгершілік –
құқықтық насихат жұмыстарын барынша
пәрменді түрде жүргізе отырып, оларды
құқық негіздерімен қаруландыру,
құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру
қажет –ақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Поленов Г.Ф. Уголовное право РК. Общая часть: Учебное пособие.
Алматы: «Әділет Пресс», 1997.
2. Е.И. Кайыржанов Е.И. Уголовное право РК (Общая
часть). А.:1998.
3. Михеев Р.И.
Проблемы вменяемости, вины и уголовной ответственности: Автореф. ... д-ра юрид.
наук. − М., 1995. – 92 с.