СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ОНЫҢ
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Данияр Докторбаевич
Ордабаев, АИУ құқық магистранты,
Айгул Тулегеновна
Тургунбаева ХГТУ аға оқытушысы, құқық
магистры
Қазақстан
Республикасында жемқорлыққа қарсы күрес
мақсатты да жүйелі бағытқа ие болды. Мұндай
келеңсіз кеселмен аяусыз да ымырасыз күрес
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алған сонау
90-шы жылдардың басында-ақ жүргізіле бастаған еді.
Қазақстан Республикасы Президенті өзінің 1992
жылғы 4 желтоқсандағы «Қоғамдық тәртіп
пен қауіпсіздік жағдайына мемлекеттік басқарма
органдарының тиісті тұлғаларының жауапкершілігін
арттыру туралы» Жарлығында «...Қоғамның саяси, экономикалық
және әлеуметтік салаларындағы өмірінде
қалыптасқан жағдайды саралау мемлекеттік басқарма
органдарының барлық салалар қызметіндегі келеңсіз
күрделі үдерістердің орын алуын көрсетеді» [1], деген
еді. Одан әрі онда атқару-тарату салаларында бетімен кетушілік,
бақылаудың жоқтығы, тәртіптің
төмендегені алаңдатып отырғандығы, ұйымдасқан
қылмыстардың өсуі айтылды. Қалалар мен ауылдардың
көшелері мен қоғамдық орындарында жөнсіздік пен
басынғандық кең етек алған. Пара алу мен күш
көрсетудің де кең қанат жайып бара жатқаны баса
көрсетілді.
Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің жауапты орындардағы лауазымды қызметкерлер
арасынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
қарым-қатынасты жақсарту мақсатында тұрақты
әрекет ететін жедел-тергеу топтары құрылды. Осы жедел-тергеу
тобы қабылдаған шаралар негізінде бірқатар жоғары
лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық
істер өндірісі аяқталып, сотқа жіберілді.
1994-1995 жылдары республика аумағында
заңдылық пен құқық қорғау шараларын
қамтамасыз етуде мемлекеттік билік пен басқарма органдарының
қабылдаған шараларының жеткіліксіз болуы елдегі
әлеуметтік-экономикалық қайта құру ісін
жүргізуге кесірін тигізді. Әсіресе, лауазымды
тұлғалар тарапынан қиянат ету, ұрлау,
жемқорлық, қылмыстың ұйымдасқан
түрінің тоқтаусыз өсуі айрықша қауіп
туғызды.
Сыбайлас
жемқорлықтың кең етек алуы кез келген мемлекеттің
экономикалық дамуы үшін қауіпті. Оның үстіне
сыбайластық ұйымдасқан қылмыспен ұштасқанда
заңдық бизнес әлсірейді.
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресте Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
атқарып отырған рөлі зор.
Қаржы полициясының
мемлекеттік шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа
қатысты қылмысына қарай қозғаған
қылмыстық істері 22 пайызға артты. Соңғы кездері
жемқорлыққа салынушы субъектілер арнасы да кеңейе
түсті. Ал қаржы полициясының жаңа мәртебесі
жемқорлыққа қарсы қызметті күшейтіп,
барлық мемлекеттік салалардағы сыбайластық
көріністерін анықтауға барынша әсерін тигізетіні
сөзсіз. Республика бойынша орын алған сыбайлас
қылмыстың өсуіне талдау жасасақ, олар соттар арасында
(0-ден 20), ішкі істер органдарының қызметкерлері – 85 пайыз, Сот
әкімшілігі жөніндегі комитетте – 4 пайыз, Әділет
министрлігінде – 5 пайызға, Қорғаныс министрлігінде – 2,3 есе
артса, ауылдық және аудандық әкімдер арасында 22
пайызды құрап отыр.
Мысалға, Батыс Қазақстан облысында 108 млн.
теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырғандары үшін
Теректі ауданының аудандық қаржы бөлімінің
бастығы Жұмалиева, бас есепші Кенжегереева, бас экономист
Белинская және кассир Құттыбаевалардың
мүліктері тәркіленіп, өздері 8, 7 және 5 жылды бас
бостандығынан айырылуға сотталды. Кедендік жүкті
өткізуге рұқсат беріп, 2500 АҚШ доллары көлемінде
пара алғаны үшін Алматы қаласы кеден бақылау
департаментінің қызметкерлері Ахметов пен Маханов 8 және 9
жылға бас бостандықтарынан айырылды. Осы департамент
қызметкері Гисаров аса көп мөлшерде, яғни 16 мың
еуро пара алғаны үшін 5 жылға сотталды. Солтүстік
Қазақстан облысында экономикалық соттың
төрағасы Кенжебаев пен судья Ибрагимова алдын ала сыбайласып 320
мың теңге пара алғандары үшін тиісті 8 және 3
жылдарын арқалап кете барды. Аталған осы облыс бойынша сот
әкімшілігі төрағасының орынбасары Гучок 65 мың
теңге пара алғаны үшін ұсталып, 5 жылға бас
бостандығынан айырылды [2].
Сыбайлас жемқорлық
пен құқық бұзушылықтардың аясын
тарылтатын әкімшілік, қылмыстық және “Сыбайлас
жемқорлық қылмыспен күрес туралы” заңдарға
толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін бірқатар
ұсыныстар әзірленді. Бұл мемлекеттік органдардың
жемқорлыққа салынуын төмендетіп,
сыбайластыққа қарсы тұру тиімділігін арттыра
түседі.
Қазақстан
жемқорлыққа қарсы күресте дүние жүзі
бойынша 122 орында тұрса, енді өткен жылғы көрсеткіш
бойынша 107 орынға жылжыпты. Бұл мемлекетімізде атқарылып
жатқан орасан зор жұмыстардың бар екендігін көрсетеді.
Әрине, үстіміздегі
жылы да жемқорлық қылмыстар өсіп отыр. Тіпті оның
саны 15 пайызға ұлғайған. Солардың ішіндегі
ең қауіпті түрі – парақорлық. Бұл бойынша
103 дерек тіркеліп отырғандығы, бір жағынан алғанда,
Елбасы Жолдауында айтылғандай, қылмыстық қудалау органдары
тек пара алғандарды ғана емес, сонымен қатар шенеуніктерге
пара беріп, өз мүдделері үшін оларды пайдаланғысы
келетіндерді де заң бойынша жауаптылыққа тарта алатынына
байланысты дейміз. Мысалға, Ақмола облыстық денсаулық
сақтау департаментінің бастығы Сәдуақасов
дәрігерлік жабдықтарды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерде
жеңімпаз болу мәселесін шешуге көмек көрсеткені
үшін пара алып жатқан жерінен ұсталады. Ол осы әрекеті
үшін 3 жыл 6 айға сотталып, жазасын жалпы режимдегі түзеу
колониясына жөнелтіледі, – дейді Мақсұт Ыбырайханұлы [3].
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық
ынтымақтастық және құзыретті органдар мен шетел
мемлекеттерінің арнайы қызметтерінің өзара
қарым-қатынасы тиімді тәсіл болып табылады. 2005 жылы
жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етудің
Ыстамбұл жоспарына сәйкес Париж қаласында
Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы
әрекет ету төңірегінде қолданылып жүрген
құқықтық-заңдылық базасын
талқылауға, оны халықаралық стандарттарға
жақындату бойынша ұсыныстар әзірлеуге арналған
Кеңестік топтың төртінші кездесуі болып өтті. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының “Жемқорлық
үшін қылмыстық жауапкершілік” (Страсбург, 1999 жылы 27
қаңтар), Жемқорлыққа қарсы БҰҰ
конвенциясы (2003 жыл 31 қазан), “Қылмыстық жолмен
алынған кірістерді тәркілеу, айналдыру туралы” (Страсбург, 1990 жыл
8 қараша) халықаралық Конвенцияға қосылу
жөніндегі жұмыс одан әрі жүргізілуде [4].
Елбасының
жемқорлыққа қарсы күресте алға
қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру
үшін барлық құқық қорғау
және мемлекеттік органдардың, сонымен қатар барлық
қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының тығыз қарым-қатынасы мен
кешенді әдістері қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Баргалиев К. Совершенствование
законодательства Казахстана – основа для успешной борьбы с коррупцией. //Закон
и время. 2006. №7. С.29-30.
2. Әбдіжәлел Б. Сыбайлас
жемқорлықпен күресті күшейтудің саяси және
әлеуметтік амалдары туралы. // «Заң газеті». 18 шілде 2006 ж.
3. Мауленов Г. Совершенствование
антикоррупционной политики в Республике Казахстан. // Правовая реформа в
Казахстане. 2005. №4. С. 28-30.
4. Рахметов Т. Основные
направления предупреждения коррупции. //Закон и время. 2004. №9. С.29-31.