Право /7.Экологическое, земельное и аграрное право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., ДЗК-211 тобының докторанты Мустафа
Жанбаз
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Тозған
және бүлінген жерлерді қалпына келтіруді
құқықтық реттеудегі жер қатынастарын
реформалаудың құқықтық маңызы
Қазақстан
Республикасының Конституциясынның 6 – бабының 3 тармағында, «Жер және оның
қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi,
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ
заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы
мүмкiн», делінген [1, 1].
Яғни, Қазақстан
Республикасының қандайда бір жер қоры Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Жер кодексімен және соған
сәйкес қабылданған басқа да нормативтік
құқықтық актілермен реттеліп, мемлекетпен
қорғалатынын анық аңғарылып тұр. Сондықтан да әрбір азамат
өзінің жеке меншігіне берілген жерді тиісті мақсатына
сәйкес пайдалануы тиіс. Жерді нысаналы мақсатына сәйкес
пайдаланбаса заңды жауаптылық туындайды.
Жер
– табиғи ресурс, өндіріс құралы,
кеңістіктік базисі ретінде
кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығы,
халықтардың әлеуметтік-экономикалық
қолайлылығының негізі. Осы қағиданың
негізінде, мемлекеттің бүкіл жер қорын тиімді пайдалануды
және оны қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер
ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеудегі
мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды [2, 1].
Қазіргі таңда Қазақстан
аумағының төрттен үш бөлігінде деградацияға
ұшырау қаупі бар. Осы жерлердің құнарлылығын
қалпына келтіруде ғылымдағы жаңа жетістіктерді,
халықаралық тәжірибелерді және инновациялық
тұрғыдағы жерді тиімді пайдалану енгізу – табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану мен еліміздің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сенімді жолдарының бірі
болып табылады [3, 1].
Бұл малада негізінен сөз
бүлінген жерлерді қалпына келтіру және оны
құқықтық реттеу тұрғысында
болмақ. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезінде ауданның
табиғи жағдайларын даму болашағын, жерлердi қалпына
келтiру уақытында бүлiнген жердiң нақты және
болжамдық жағдайын, химиялық және
гранулометриялық құрамның, агрохимиялық
және агрофизикалық қасиеттердiң, тау жыныстарының
аршылған және сыйымдылық сипаттамасы мен олардың үйiндiлердегi
қоспасының инженерлiк-геологиялық сипаттамаларының көрсеткiштерi,
бүлiнген жерлер орналасқан аудандардың
шаруашылық-экономикалық және
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын, қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi талаптар ескерiлген жөн.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 139-бабында былай
көрсетілген:
1. Жердi қорғау қоршаған
ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi
ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен
орманшаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға,
сондай-ақтопырақтың құнарлылығын
қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған
құқықтық, ұйымдық,
экономикалық, технологиялық жəне басқа да iс-шаралар
жүйесiн қамтиды.
2. Жердi қорғау мақсаттары:
1) өндiрiстiң экологиялық
қауiпсiз технологияларын ынталандыру жəне орман мелиорациялық,
мелиорациялық жəне басқа да iс-шараларды жүргiзу
арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық
қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлiнген жердi
жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
3) жердi
оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тəжiрибеге
енгізу болып табылады [4, 128-129].
Бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобаларын әзiрлеу мына төмендегідей нысында
жүргізілуі тиіс:
1) жер учаскесiн
берген кезде, оны пайдалануы жердiң бүлiнуiне әкелiп
соқтыратында - жер учаскесiн беру туралы жергiлiктi атқару органдардың
шешiмi қабылдағаннан кейiн және жер бүлiнуiне
байланысты жұмыстардың басталуына дейiн;
2) жер
учаскесiнiң нысаналы мақсаты өзгертiлгенде, оның
нәтижесiнде пайдалануы жердiң бүлiнуiне әкелiп
соқтыратында - жер учаскесiн беру туралы жергiлiктi атқару
органдардың шешiмi қабылданғаннан кейiн және жер
бүлiнуiне байланысты жұмыстардың басталуына дейiн;
3) бұрын
бұзылған жерлерде, оларды бүлдiрген тұлғалар
туралы мәлiметтер жоқ болғанда - жергiлiктi атқарушы
органның шешiмi бойынша жүргiзiлуi тиiс.
Бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобаларын әзiрлеу мерзiмi, пайдалануы жердiң
бүлiнуiне байланысты болған жағдайда, жер учаскесiн беру
немесе нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергiлiктi атқарушы
органдардың шешiмiнде бекiтiледi.
Бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобасын әзiрлеу рәсiмi келесi жүйеде
жүргiзiледi:
1) дайындық жұмыстары
(камералдық және далалық);
2) iздестiрудi жүргiзу;
3) бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобасын әзiрлеу;
4)
жобаны келiсу және беру.
Дайындық жұмыстары
кезеңiнде камералдық жұмыстар жүзеге асырылады, ол
қалпына келтiруге жататын жер учаскелерiн далалық зерттеулердi
жүргiзуге арналған жоспарлы–картографиялық материалдарды
iрiктеу, топырақтық және топырақтық–мелиоративтi
iздестiрулер материалдарын, тiзiмдеу материалдарын құрайды.
Қалпына келтiруге жататын жер
учаскелерiн далалық зерттеу жұмыстары жер учаскесiнiң
орналасқан жерi бойынша ауданның (қаланың) жер
қатынастары жөнiндегi өкiлеттi органдарының өкiлеттi
өкiлдерiнiң қатысуымен жобаны әзiрлеушiлермен, тапсырыс
берушiмен және қажет болған жағдайда басқа мамандармен
жүргiзiледi.
Далалық зерттеу барысында:
объектiнiң орналасқан жерiн,
бүлiнген жердiң нақты шекараларын анықтау,
қалпына келтiрiлетiн учаскелердi болашақта пайдалану
мүмкiндiгiн белгiлеу;
бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру үшiн үйiндiлердегi әлеуеттi құнарлы
жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатының
бар болуын анықтау;
бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру үшiн олардың көлемi және әлеуеттi
құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы
қабатының қажеттi көлемiн белгiлеу;
үйiндiлердегi топырақтың
құнарлы қабаты мен әлеуеттi құнарлы
жыныстарының сапасын, олардың минералогиялық және
механикалық құрамын, жыныстардағы улы тұздардың
бар болуы мен химиялық мелиорацияның қажеттiлiгiн,
ылғалдану мен табиғи өсу жағдайын алдын ала
анықтау;
қосымша топографиялық
және топырақтық–мелиоративтiк, агро орман мелиоративтiк,
геологиялық және гидрогеологиялық iздестiрулердi
жүргiзудiң қажеттi көлемiн анықтау.
Ластанған жерде қосымша
ластану себебi мен көзi, топырақ ластануының қауiптiлiк
дәрежесi анықталады.
Мұнаймен ластануға
ұшыраған жерлердi зерттеу кезiнде мұнай өнiмдерi
көп жерлердiң жиегi белгiленедi, ластану тереңдiгi
анықталады, топырақ құрамындағы мұнай
өнiмдерi деңгейiн анықтау үшiн сынамалар
таңдалады. Топырақ мұнай өнiмдерiмен ластанған
кезде ластағыштардың таралу шекарасының түбiне дейiн
сынамалар алынады.
Қалпына
келтiру жобасы жобаны әзiрлеу мен iздестiру материалдарына берiлген тапсырмалар
негiзiнде әзiрленедi. Қалпына келтiру жобасының
құрамында келесi жұмыстар жүргiзiледi:
·
жердi
қалпына келтiру бағытына байланысты бүлiнген жердi
қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстардың технологиясын
әзiрлеу;
·
жер
жұмыстарының, техника қажеттiлiгiн, тыңайтқыштар,
отырғызылатын материалдар, тұқымдар және тағы
басқалардың көлемiн анықтау;
·
өндiру
жұмыстарын ұйымдастыру (қалпына келтiрудiң
күнтiзбелiк кестесi);
·
сметалық
құжаттарды жасау;
·
жұмыс
өндiрiсi жөнiндегi жұмыс сызбаларын әзiрлеу.
Бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобасы, жер қатынастары жөнiндегi өкiлеттi органмен
келiсiледi және тапсырыс берушiмен бекiтiледi.
Облыстың (республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы
органымен берiлген (берiлетiн) жер учаскелердiң
құрамындағы бүлiнген жерлердi қалпына келтiру
жобасы облыстың (республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi
өкiлдi органмен келiсу жүргiзiледi, ал қалған
жағдайда - бүлiнген жерлердiң орналасқан жерi бойынша
ауданның (қаланың) жер қатынастары жөнiндегi
өкiлдi органымен келiсiледi.
Қоршаған ортаның
әсерiн бағалау мақсатында бүлiнген жерлердi
қалпына келтiру жобасы қолданыстағы
заңнамаға сәйкес мемлекеттiк экологиялық және
санитралық-эпидемиологиялық сараптамаларға жiберiлуi
мүмкiн. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасы
мемлекеттiк экологиялық және
санитарлық-эпидемиологиялық оң сараптама алғанда
келiсiледi.
Бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобасы тапсырыс берушiге, жобаны келiсiмдеген жер қатынастары
жөнiндегi өкiлеттi органға берiледi, бiр данасы жобаны
әзiрлеушiде қалады [4, 1].
1) жердi құнарсызданудан жəне
шөлейттенуден, су жəне жел эрозиясынан, селден, су басудан,
батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап
кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен,
химиялық, биологиялық, радиоактивтi жəне басқа да зиянды
заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен
қорғауға;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер
мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта
мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының
өзге де түрлерiнен қорғауға;
3) бүлiнген жердi жаңғыртуға,
оның құнарлылығын жəне жердiң басқа да
пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық
айналымына уақтылы тартуға;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар
жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы
қабатын сыдырып алуға, сақтауға жəне
пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi [4, 128-129].
Бұған
қатысты айтарым, мысалы, Германия, Израиль, Малайзия тәрізді,
елдер жерді, негізінен, басты өндіріс құралы ретінде
пайдаланады. Бұл елдерде шаруалар қандай да бір жерлерді
жалға алса, мемлекетке салық төлейді. Тапқан пайдасын
мемлекетпен бөліседі. Пайдаланған жерін үнемі
тыңайтып, жайнатып отырады. Былайша алғанда, дамушы және
дамыған елдердің басым бөлігінде жер қатынасын
реттеу және оны пайдалану тәсілі арқылы мемлекет те, шаруа
да тек пайдаға батуы керек. Өкініштісі, біз бұл жайтты
ескермей отырмыз. Мемлекеттен жалға алған жерлерін жекеменшігіндей
көретіндердің көпшілігі ол жерлерді заңға
қайшы екенін біле тұра, келесі бір шаруаға жалға беріп
жататын жайттарды да кездестіріп жүрміз. Жерді тиімді пайдалана
алмағандықтан, жайылымға берілген шұрайлы жерлер
халықтың игілігіне пайдаланылмай отыр.
Осы тұста мынаны айта кету керек. Азып-тозған
жерлерді мемлекет қорына қайтарып алу тиімді емес. Себебі, қазірдің
өзінде мемлекет қорында тұрған жерлер бар. Ол жерлерге
мемлекетіміз арнайы инвесторлар тартып, жердің өндіріс
қабілетін арттырудың алғышарттары бүгінде жасалып
жатыр. Ал енді келіп сол қордағы жердің қарасын
тағы үстемелеп, азып-тозып, эрозияға ұшыраған
жерлерді қайта мемлекеттік қорға қайтарып алар
болсақ, біз, біріншіден, ауылдың кәсіпкерлік қабілетін
төмендетеміз. Екіншіден, сарапшыларымыз дүдәмалданып
жүргендей, қарапайым шаруалардың аз-маз жайылымына қол
сұққан боламыз. Осыдан барып нарызылық,
түсінбеушілік туындайды [5,
1].
Сондықтан азып-тозған жерлерді бірден мемлекет
қамқорлығына алғаннан гөрі, ол жерлерді
қалпына келтіру істерін шаруалар арқылы жүзеге асырған
жөн. Мысалы, жерлерді көпжылдық шөптер егу арқылы
тыңайтып, жасылдандырып, жаңа әдістерді қолға
алатын болсақ, аздаған уақыт ішінде бұл іс нәтиже
береді деп,- ойлаймын.
Қазіргі таңда, елімізде жүргізілген жер реформасының
негізгізі ретінде келесідей міндеттерді шешкен жөн, - деп ойлаймын:
·
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
тәртібін белгілеу;
·
жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ
құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды,
табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету
мақсатында жер қатынастарын реттеу;
·
шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең
құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
·
жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің
жерге құқықтарын қорғау;
·
жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту;
·
жер қатынастары
саласында заңдылықты дамыту;
·
экономикалық әдістер негізінде жер ресурстарын басқару
механизмін жетілдіру;
·
республикада жер қатынастарын әрі қарай жетілдіру
және жаңа жер құрылысын қалыптастыру;
·
жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін
арттыру;
·
жерді жылжымайтын мүлік ретінде шаруашылық айналымына
қатыстыру;
·
мемлекеттік жер кадастрын неғұрлым тиімді құру
үшін ведомствоаралық өзара іс-әрекеттің
заңдылығын қамтамасыз ету;
·
мемлекеттік жер кадастрын автоматтандырылған технологияға
көшіру және жер-ақпараттық жүйелерді
құру;
·
жер ресурстарын ара қашықтықтан зерттеуді, картаға
түсіру мен мониторингті барынша дамыту [6].
Жер қатынастарын реформалау жөнінде
Президент Н.Ә.Назарбаевтің Жолдауларында да айтылып жүр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы
жолдаған жолдауында, - «Жер реформасын жүзеге асыру барысында
оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай
келе жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен
қатар экономиканы көтеріп тұрған
жағдайлардың бірі болып табылады» деп, - атап кеткен болатын. Болашаққа
серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды
мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде
ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі
нысанды пайдалану, оны бақылау және
құқықтық жағынан қорғау болып
табылады.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері
Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі
мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына
қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе
жатқан жер реформасы қазіргі таңда заман талабына сай
жалғасын табуы тиіс. Себебі, мемлекетімізде тозған және
бүлінген жерлер өте көп. Осы тозған және
бүлінген жерлерді құқықтық
тұрғыда қалпына келтіруде жер пайдаланушылардың
жауапкершілігін күшейту мақсатында жер қатынастарын
реформалаған жөн және мемлекетімізде жер қатынастарын
жаңа заман талаптарына сай, жер байлығымызды ел
байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін
шешуге бағытталған жер заңнамасын дамытқан жөн. Міне,
осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін,
маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз
қажет деп, - ойлаймын.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.