Психология и социология/12. Социальная психология

 

Психология магистрі Кайсинова Р.О.

                   С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ., Қазақстан

Шығыс мәдениетіндегі гомосексуалдылық мәселесі

 

Шығыс елдерінде ұзақ жылдар бойы  гомосексуалдылық тақырыбында сөз қозғауға тыйым салынған. Оның бір себептеріне ислам әлемінде  бір жынысты қатынас мүмкін емес және ислам дінімен қатты жазаланғанымен түсіндіреді. Шығыс елдерінде гомосексуалдылық шетелдік феномен немесе Батыстан келген ауру ретінде қарастырылады. Осылайша ақпарат көздерінде берілген бұрмаланған мәлеметтер теріс стериотиптерді қалыптастырады. Бірқатар шығыс елдерінде гомосексуалдылық жастардың батысқа еліктеушіліктің салдары ретінде қарастырылады. Алайда бұл мәселенің түп негізіне келетін болсақ, бұл дәстүрлі емес  жынысты қатынастар  ерте ғасырлардағы шығыс тарихында,  әдебиеттерде және тарихнамаларда көрініс алады. Сонымен қатар қасиетті кітіптарда да бұл тақырыпта жазбалар  қалғананы туралы айта кету керек. Шығыс тарихында гомосексуалдылық ауыр күнә ретінде санап. Күнә жасаған адамдарды өлім жазасына кескен. Шығыс елдерінде, соның ішінде Тайыр Шығыста бұл күнә үшін өлім жазасына кескен. Бүгінгі күнде Суад Аравиясында, Иран, Сомали, Йемен және Афганистан  елдерінеде бір жынысты қатынастар өліммен жазаланса, Алжир, Катар, Бахрейнде тордың аржағына жабылады. Түркия, Йордания, Мысыр және Бали сияқты елдерде гомосексуалдылық қылмыстық жазаға тартылмаса да, қоғамман қатты айыпталады[1; 65б].

Гомосексуализм термині алғаш рет 1869 жылы венгер дәрігері Банкертпен сипатталған.   1974 жылға дейін гомосексуализм патология немесе ауру ретінде қарастырылп келген, кейіннен АПА  гомосексуализмді патологиялар қатарынан шығарған [2; 16б].

Гомосексуалдылықтың себептері бүгінгі күнде әлі нақты айқындалмаған. Осыған қатысты көптеген теориялар пайда болды.  Мысалға, француз психиатры Андре Тардье  пікірінше, өз жынысындағыға құштарлық- тумыстан пайда болған физикалық және моральді кемтарлық деп сипаттаған. Ал неміс невропатолы және психиатры Карл Вестваль гомосексуализмді тумыстан өзгеріске ұшыраған жыныстық сезім деп қарастырған.

Зигмунд Фрейд бойынша, бұл тумыстан пайда болатын қасиет емес, индивидуалды даму ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын құбылыс.Психоанализ бойынша гомосексуалдылық  бұл қалыпты жағдайдағы психикалық ауру емес, керісінше ерте балалық жастағы тұлға қалыптасуындағы спецификалық шарттарының нәтижесі. 
Осылайша, гомосексуализмнің пайда болуына қатысты бүгінгі күнде келесі теориялар басым болып келеді: неврогенді, шартты рефлекторлы,нейроэндокринді және генетикалық.

Тұлғаның гомоэротика бойынша сексуалды идентификациясының дамуында келесі белгілерге назар аудару қажет:

1)     Шешесінің туыстарының арасында  гомосексуалдардың болуы;

2)     анасымен қатты  және амбивалентті байланыстың болуы  (махаббат-жеккөру);

3)     бірнеше өзінен үлкен ағалардың болуы;

4)     ер баланың кукламен ойнауы, әйел затына тән киімдерді киюі, парфюмерия және косметика қолдануы,  қыздарға тән уақыт өткізуі, әйеге тән мінез-қылық көрсету;

5)     өзімен жасты балалармен ойнау немесе шулы ойындарға қатысуды ұнатпау және с.с.;

6)     өзінің жанында доминантты досты қалауы,  айқын маскулинды белгілері барларға қызғанушылық көрсету;

7)      қыздарға және ер балаларға ерте романтикалық сезімдердің пайда болуы;

8)     өзіне сенімсіздік  және ұялшақтық, ерекше өз жастағы балалармен қарым қатынасқа түскенде көрініс алуы;

9)     нарциссизм, өз денесіне шамадан тыс қызығушылық білдіруі, аутофелляцияға ұмтылу;

10)шамадан тыс ұқыптылық пен жинақтылық;

11)балағат сөздерді қабылдамауы, ұнатпауы;

12)сексуалдылықтың ерте оянуы;

13)жалаңаш ерлердің денесіне қызығушылық білдіруі;

14)ерлердің жалаңаш күйін көру кезіндегі эрекция пайда болуы;

15)фотография, мүсін, бейнеулеу өнерлеріне , соның ішінде эротикалық сипаттағы бейнелеу өнерлеріне қызығушылық білдіру;

16)өзінің ішкі әлеміне басқа біреудің кенеттен, рұқсатсыз енуінен қорқуы, оның жанын түсінетін адал жан достың болуын тілеуі[3; 127б].

Бұл айтылған белгілердің тек кездесуі емес олардың кешенділігі маңызды болып келеді. Сонымен қатар гомосексуалды тұлғалардың тең жартысына  бала кезеңінде сексуалды қорлану басыны кешіргендері бүгінгі күнде дәлелденіп отыр.

Гомосексуализмнің бірқатар психологиялық себептері де бар. Гомосексуализмді  әлеуметтік –психологиялық жәе әлеуметтік факторлардың  әрекеті нәтижесінде туындаған деген концепциялар бүгінгі күнде көптеп орын алуда. Сонымен қатар, балалқы шақта үлкендер тарапынан қорлану, қарсы жыныстағылармен қарым-қатынаста шек қойылуы немесе мүлдем қатынаспауы, мәдениеттің ерекшеліктерінің әсерінде болуы, ана тарапынан гипер қамқорлық, сексуалды сәтсіздіктен қорқу және тағы басқа себептерді қарастыруға болады. Сонымен қатар, гомосексуализмнің психологиялық себептері сексуалды рөльдік идентификацияның бұзылуы, ерте балалақы шақтағы қиыншылықтар, жанұядағы жағымсыз жағдайлар – ажырасу, ерте өлім ата-аналардың фригидтілігі, нарцисстік қырларды жатқызуға болады, бұл қасиеттер гомосексуалдар шыққан жанұялардың 80-90 % көрініс алған. 

А.М.Свядощтің көзқарасы бойынша тумыстан пайда болған гомосексуализм бұл әйелдің белсенді мінез-құлық типі  және еркектің пассивті пассивтілігі, ал реактивті  немесе ситуациялық – ерекетің белсенділігі және әйелдің пассивтілігі[4;354б].

Гомосексуалды бағыт себептері келесі факторларға тәуелді болуы мүмкін:

1)     Қарсы жыныстағы ата-анаға антогонизм (қыз баланың авториталды әкесі, әке алдындағы қорқыныш). Мысалға, түркия жерінде әкеге деген қатынас маңызды және ерекше орынды алған. Әкелік сөзді екі айтқызылмаған. Әке жанұя тәрбиелеу стилінде авторитарлы бағытты таңдайды;

2)     Гетеросексуалды қатынастарға жиеркені сезімін тудыратын, күш қолданылған ата-ана арасындағы жиі  ұрсыстар, бұл өз кезегінде өз жынысындағы құрбылармен жылы қатынастарды бекітеді. Мысалға, ерлі-зайыпталар арасындағы қарым-қатынастың бұзылу себебінен, анасы еркек туралы теріс пікірлер білдіру жағдайында, ұл балады еркектік, ер-азаматтық пікірі зардап шегеді. Гендерлі мәселесі бар жанұяларда кей жағдайда анасына баласына келесі ұғымдарды түсіндірмегені айқындалған: анасының ер-азаматтылықты бағалағанын, ерекше  орынды әке азаматтылығы алатынын балаға түсіндірмеуі. Ирвин Бибер ер балалар  сәтсіз некенің құрбандарына айналатынын айтқан. Бір жанасты қатынасты таңдаған адамдардың жазған кітаптарында немесе айтылған сұхбаттарында олар ер азаматтың қоғамдағы немесе жанұядағы рөлі төмен болатынын және ер азаматтың жанұяда маңызды орын алмайтыны туралы пікірлерін байқауға болады. 

3)     Қарсы жыныстағы балалармен қарым – қатынасқа шек қою немесе мүлдем тыйым салу (балалар үйі , тек ұлдарға (қыздарға) арналған интернат). Мысалға, шығыс мәдениетінде қыздар мен ұлдарға арналған оқу орындар, басқа да қоғамдық мекемелер бөлек болып келген;

4)     ата-анасына маңызды  және мәнді жынысқа айқын мән және таңдау беру («егерде сен ұл (қыз) болып туғандында...»);

5)     Ана тарапынан гипер қамқорлық. Аналар өздері толықтай аңғармау себебінен, өз ұлдарының өмірін тым аса бақылауға алуы мүмкін.Кей жағдайда бұндай мінез-құлық қажеттілік себебінен туындауы мүмкін-баланың ерта жаста ауыршаң болуы, өзіне  көп мөлшерді назар аударуын талап етеді.  Бұл тақырыптағы көптеген зерттеушілре ерсек жастағы гомосексуализммен ерте балалық шақтағы ауыршаңдық арасындағы корреляцияны орнатқан.

            Психологиялық көмеккке жүгінген гомосексуалдардың көбі бала кезінде астма, жүрек ауруы,  салмақтың артуы, көз көру нашарлығы, сияқты аурулармен ауырғандарын айтқан және сол себептен, ұлдармен бірге спорттық ойындардан бас тартуға мәжбүр болғанын айтқан. Бұл өз кезегінде олардың қалыпты ұлдарға ұқсамайтыны туралы пікірлерін тудырған, басқа ұлдармен салыстырғанда өзін кем сезінгеніне әкелген. 
         Зерттеулер көрсеткендей, гомосексуалды еркектердің  аналары әдетте   экспрессивті, экстравертивті, эмоционалды, әр қашанда көмекке дайын болатын және ұлдарының өмірінде қатысуы белсенді болатыны айқындаған. Бұл жағдайдағы аналардың мәселесі, тәрбиелеуде асырушылық білдіріп, ұл бала мен өзі арасындағы шекарасының жоюлуына әкелетіндігінде жатыр.       

         6) Мінез ерекшеліктері (өте ұялшақ болуы, жабық, қарыс жыныстағылармен қарым-қатынасқа түсуде қиыншылықтар)[5; 168б].

Гомосексуализм  әртүрлі болғандықтан,  олардың келесі түрлерін ажырату қажет:

1)     Псевдогомосексуализм (құмарлықтың болмауы, тек пайда үшін контактіге түсу, жезөкшелік);

2)     Нарцистік  гомосексуализм (нарцистік сатыда секс-рөльдік идентификацияның тежелуі);

3)     Психогенный гомосексуализм (из страха, стеснительности, последствия травмы);

4)     Шынайы гомосексуализм (биологиялық табиғаттың көрінісі).

Робин Скиннер бойынша, гомосексуализм энергетикалық дисбаланс көрінісінің айрықша формасы болып келеді.  3 жасана қарай бала қай жынысқа жататыны айқын түсінеді. Бүл сәттен бастан баланың қай жыныстық «топқа» қосылу процессі басталады.Себебі екі жыныстағы баланың ерте жастан бастап - ақ анасымен қатты байланыста болады. Ер балалрдың алдында күрделі міндеттер турады: біріншіден, еркекке психологиялық түрде даму үшін ол әкесіне «қосылуы қажет», ал қыз бала сол анасының қасында қала береді.

Р.Скиннер бойынша егер, бұл процесс кезінде дисбаланс туындаған жағдайда, яғни еркек арасында ер баланың орын таба алмауы , және психологиялық тұрғыдан еркекше дамымай қалуы, кейінгісінде анасына қайта орылуы , сонымен қатар жеткілікті мөлшерде әкелік жылулық, махаббат пен әкелік достық қажеттілігінің қанағаттанбай қалуы гомосексуалдылыққа әкелуі мүмкін дейді[6,34б]. Кейін гомосексуалды қатынастар кезінде бұл қанағаттанбаған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ол партнерінен терең сезімдерді және терең достық байланысты іздейді. Р.Скиннердің ойынша махаббатқа және жылулыққа қажеттілігі қанағаттанған жағдайда гомосексуалдылық кері көрініс көрсетуі мүмкін деген.

Мусылман әлеміндегі гомосексуалдылықтын дамуына ислам ережелерінің әсерлері арқылы  шек қоюда. Шығыс мәдениеті  мен дін заңдарының ерекшеліктеріне байланысты еркек және әйел зат арасындағы қарым қатыныстың реттелуінді бірқатар шектеулерді  қарастыруға болады. Бұл шектеулер ер балалрдың ерте жастан еркектер арасында жиі болуы, әйелдердің арасында болуыға тыйым салыну, ер мен әйелдердің өмір сүруіндегі шекаралармен сипатталады.

 Ер балалаларға ерте жасынын  еркекке тән қасиеттерді баулыйды, алайда бұл кезендегі ер бала бойында асыра нәзіктікті  дамытпау мақсатында  әке махаббаты мен әке жылулығына толықтай бөлене алмаған балаларда эмоционалды дисбаланс байқалуы мүмкін. Ислам дінімен және ислам дінімен байытылған шығыс мәдениетінде ер балалардың, сонымен қатар қыз балалардың жыныстық қатынасқа түсу ережелері тым қатал қадағаланған.
         Осылайша, алынған ақпараттарға сүйене отырып шығыс мәдениетінде гомосексуализм батыс мәдениетінен немесе жастардың басқаларға еліктеуінен пайда болған құбылыс деп айту қиын, себебі жоғарыда айтылып келгендей, гомосексуализмнің бір себептері ретінде ер адамның әйелмен контактіге түсуге қатаң тиым салынуында және кез келген гетеросексуалды контактіге шек қою еркектер арасында энергиялық шиеленістің босансуына әкеледі. Ал қоршаған ортада барлығы бұндай мінез-құлық таныта отырса, басқаларда бұл құбылыстың жалғастырушысы болуға тырысуда, басқаша айтқанда «әлеуметтік дәлелдеу» эффектісі және конформдылық әсері жүреді. Жыныстық қатынасқа шек қою күші ұлғайған сайын анормальді немесе табиғатқа қайшы қылықтар мөлшері ұлғая түседі.

Қоғамда бұл тақырып айналасында көптеген даулар арасында, соның ішінде бір жынысты қатынастарды қатты айыптаулар арасында, әке-шеше тарапынын болатын жаза алдындағы қорқыныштар мен үрейлер,  сонымен қатар жанұядағы діни тәрбие мен дәстүр ерекшеліктері, тыйымдары арасында қалған гомосексуалды бағдары бар жастардың көбі өзіне қол жұмсауда немесе  қоғамнан , жақын туыс туысқандарынан, жанұясынан мүлдем алыстап кетуде. 

 

Әдебиет:

 

1.     А.Cem Kece.  Eşcinsellik Kader Değildir. – Стамбул:  Утопия График. – 2009. - 258 б.

2.     Кон И.С. Лунный свет на заре. Лики и маски однополой любви. - М.: Олимп; 000 «Фирма «Издательство АСТ», 1998. - 496 б

3.     Ворник Б.М. Расстройства половой идентификации. - К., 1998. – 378б.

4.     Свядощ А. М. Женская сексопатология. - М.: Медицина, 1974. – б.283Дж. Hиколоси,

5.     Л.Э. Hиколоси. Предoтвращение гомосексуальности. Руководство для родителей.- М.-Класс Независимая фирма. 2008.-442б.

6.     Кравчук А. Разные - равные. - Луганск, 2002. – 687б.