Усенова С.М.,
Асылбекова Ф., Серікбаева Ә.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
КОУЧИНГ – ТРЕНИНГ СТУДЕНТТЕРДІҢ МҮМКІНДІК
РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ
ПСИХОТЕХНИКАЛЫҚ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Студенттердің білімді меңгеруінде жетік
меңгеруіне арналған нағыз қажетті әдіс,
жаңа ғылымдарды меңгеруде студенттерге қолданатын
тиімді әрекеттердің бірі болып саналады.
Тренинг термині «қабылдау, үйрену,
дайындық» ағылшын психофизиологы Р.Д.Кобсон
жүйкелік-психикалық шешу үшін қолданылады деген
мағынаны білдіреді. Топтық психологиялық тренингтер осы
тұрғыда қолданылып, кең мағынада даму
мақсатында, психикалық түзету және үйрену
саласында қолданылады./6/
С.И.Макшановтың психологиялық
тренингте даму процесіне сүйенетін болсақ, ол айқын өзгеріске
түседі. Ал білімге байланысты кейбір авторлар тәжірибе ретінде
қарастырады. Кьелл Рудестам тренингтік форманы «оқыту
тәжірибесінің ядросы; ал кей жағдайларда студенттің
дәріс алу кезінде және
оқуындағы өзгерістердің сәтті өзгерісі» деп
қарастырады. Сонымен бірге тренинг процесі кезінде әртүрлі
ғылымдарды қолдануына және сол жинағанын өмірде
қолдануына болады. «Өмірлік тәжірибе» түсінігін
ең кең мағынада қарастыруға болады. Біздің
әрқайсысымыз өз тәжірибемізді жинаймыз.Студенттің
білім алуда өзгелерге деген
қатынасы, көзқарасы, қылған әрекеті
өмірлік тәжірибесіне байланысты болады. К.Левин мен Бетел студенттермен жүргізілген топта
қарым-қатынаста компетенттілікті арттыру мақсатында
қолданылған тренингтік жаттығулар Т-Топ атағына ие
болады. Сабақ барысында көптеген студенттер тек сабаққа
қатысушы ретінде деп өзін бағаласа, олардың
айтқан ақпараттарын өзгелер қаншалықты
қабылдайды және олардың орны қандай болатынын
байқау қажет. К.Левин адам бойындағы өзгерістер
көбінесе эффективті өзгерістер топтық қарым -
қатынастар барысында жүретіндігін анықтаған, яғни әр адам өзін оны
өзгелер көретіндей етіп қарастыруы қажет деп
қарастырған. 1960 жылдары
гуманисттік психология саласы бойынша К.Роджерс тренингтік ағымына тоқталушылар
оны әлеуметтік тренингтер және өмірлік тәжірибеге сәйкес болашақ мамандарды
даярлауда үнемді қолданған. Бірінші жүйе жеті
өмірлік категорияға негізделеді:
мәселені шешу, қарым - қатынас,
тұрақтылық, өзіне деген сенімділік ойлаудағы
талқылаушылық, Мен–тұжырымдамасындағы
өзін-өзі басқару
қабілеттілігі.
Тренингті
жүргізудің келесі нұсқаулары:
Өзіндік даму топтары.
Студенттер топтағы
өзге студенттердің пікірін тыңдап, өздері келешекке
жоспар құруға кіріседі .
Іс-әрекет арқылы оқыту.
Топтың әрбір
мүшесі өзінің жеке басының мәселесін шешеді.
Бірақ шешу барысында өзге
қатысушылардан кеңес сұрап, ақыл бөліседі.
Арнайы дағдылар.
·
Индивидумның жалпы дамуы;
·
Өзара тұлға аралық қатынастың зерттелуі
және құрылуы;
·
Ұжым әрекетінің оптимизация жолымен еңбек
қатынастарының жақсаруы.
Тренингтік
топ қатысушылардың ойлағандай өзгерістері мен
тәсілдері болып табылады.
Топтағы қатысушылардың
өзгерістері келесі факторларымен көрсетіледі:
1.
Топқа мүше болу. Топқа мүше болудың өзі
тиімді түрде әсер етіп, өзгеріс тудыруы мүмкін.
Топқа жақындау адам проблемасы аса күшті еместігі және
өз проблемаларымен өзі жалғыз еместігін көрсетеді.
2.
Топтың эмоциялық көмегі. Топтың эмоциялық
көмегі өзара қызығушылықты тудырады.
Көмекті сезіну студент бойындағы ауыртпалықты түсіреді,
сенімділікті тудырып, студентті белсендіреді.
3.
Топтың өзге қатысушыларына көмек. Өзгелерге
көмек беру - өзінің қажеттігін сезінуге
көмектеседі. Бұл фактор өзіне деген сенімділікті тудырып,
өз проблемаларымен ат салыса алатынына көмектеседі.
4.
Эмоциялық әсер ету мүмкіндігі. Эмоциялық әсер
ете алу ол өз ауыртпалығын шешуге көмектеседі. Эмоционалды
көмек топтың өзара қатысушы студенттерінің
проблемаларын ашуға сәйкес келеді.
5.
Кері байланыс. Бұл адамның өзіндік мен
түзеуінің пайда болуына әсер етуші, сол жайлы топтан
алған ақпаратты негізгі
қажетті факторлардың бірі
болып табылады. Кері байланыс ол вербальды немесе вербальды емес, жалпы
және спецефикалық болуы мүмкін.
6.
Бақылау және ойластыру. Тіпті енжар бақылау соның
ішінде белсенді қатысу топтағы жұмыс қатысушының
өз тәжірибесін, қылығын өзінің
эмоциялық әсер етуінде әртүрлі жағдайларды байқай алады.
Болашақ
мамандарды даярлауда тренинг:
·
Жетіспейтін білімдерді толықтыруда
қолданылады;
·
Студенттердің қателіктерін түзетуде;
·
ЖОО-да алынған білімдерді бекіту.
Адамдар
арасында жүретін түсінбеушіліктер мен қиыншылықтар
оларды өзара түсінуге алып келеді. Топ ішіндегі студенттердің
өзара болған қорқыныш пен жалғыздықты сезінбеуге өз үлестерін
қосады. Оқу процесінде болатын тренингтік жаттығулар
өзіндік әлеуметтік - психологиялық күйін тудырады. Ол студенттердің оқу
процесінде болған қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар ол тек студенттің емес жеке адамның да
болған қиыншылықтарын шешуге өз көмегін тигізеді. Әлеуметтік -
психологиялық процесс кезіндегі пайда болған жағымды
әдеттер көмегімен болған қиыншылықтар шеттетіледі
де, шынайы өмірдегі болып жатқан ағыммен бірге жүреді.
Әлеуметтік – психологиялық тренингтерді тек қана
теориялық емес сонымен бірге практикалық тұрғыдан да
қарастыруға болады.