Сайлыбаева Қ.Ә., Накипбекова Л.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ СУИЦИДАЛДЫ ӘРЕКЕТКЕ БАРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

 

Бүгінгі таңда әлемді елеңдетіп отырған ХХІ- ғасырдың дертіне айналуға шақ қалған елеулі жағдайдың бірі -жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін аты да, заты да жағымсыз естілетін «Суицид» дерті болып отыр. Осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. «Суицид-адам жанының азапқа батып, санасы тарылып, ішкі үлкен дағдарысқа ұшырататын, өмірдің керек еместігіне алып келетін психологиялық күйзеліс». Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаған барлық түрлерінің көбісі жанжал және бейберекет жайсыздықтан: үлкендердің ұрып соғу әрекетіне тап болу қорқынышы, өзінің қоршаған орта жағынан (мектептегі қиыншылықтар, достарымен қатынасы, ата-анасының елемеуі) көрініс алатын жанжал мен қарым-қатынас, тас жүректік. Суицидке жетелейтін негізгі факторлар:

1. Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т.б)

2. Дағдарысты күйге тап болу.

3. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді. Суицидденттер үшін суицид-проблеманы шешудің тәсілі.

4. Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.

БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, Ресейде-де шамамен 23-24 адамнан келеді.

ХХI ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселен, Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілген. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.

Қазіргі кезде Суицидология деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

Суицидальды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.

Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.

- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

- Жасөспірім - 17-29 жас;

- Ересектер арасы – 30-35 жас;

- Қарттық кезең – 55-70 жас.

5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару жоқтың қасы. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидальды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидальды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.

Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.

Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.

Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін.

А.Г.Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.

А.Г.Абрумова және В.А.Тихоненко суицидальды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.

Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е.Личко мен А.А.Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.

Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады.

Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.

И.П.Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П.Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.

Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Наразылық, қарсылық.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

Суицидальды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл-ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады.

Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид оқиғаларының орын алу себебінің 7% отбасылык кикілжің, 4% тұрмыстық жағдайының төмендігі, 4% генетикалық жолмен тұқым қуалау, ал 85%-ның себебі белгісіз болып отыр.

 

Сурет 2 – Суицидке бейім жеткіншектер жанұясының статусы

 

Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.

Біз фактор деп белгілі-бір жағдайларда себепке айналатын, қандай да бір құбылыс немесе процестің ағымының қажетті жағдайы болатын себепке айналуы мүмкін қозғаушы күшті түсінеміз.

Кесте  - Дүниежүзі Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары көрсеткен     

       адамның өзіне-өзі қол жұмсауына себеп болатын факторлар.

 

Денсаулы-ғының нашарлы-ғы

Өмір сүру ауырлы-ғы

Қаражат қиынды-ғы

Құмар-лық

Отбасы келіспеушілігі

Рухани дерт

Жазасын өтеу

Белгісіз жағдайлардан

1.2%

1.2%

3%

6%

18%

18%

19%

41%

 

 

2 сурет – Адамның өзіне-өзі қол жұмсауына себеп болатын факторларының көрсеткіші

 

 «Фактор» түсінігі бар құбылыс қандай да бір процестің барасы немесе нәтижесі үшін белгілі – бір мәні бар, бірақ ол мән қандай екендігі,  фактордың әсері неде екендігін берілген түсінік анықтап бере алмайтындығын білдіреді» (В.Н.Кудрявцев.).

Қазіргі уақытта мінез-құлықтың қандай да бір формаларының қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін афторлар қоғамдық дамудың өзге кезеңінде нейтральды болуы мүмкін.

Адамдық даму көптеген факторлардың әсеоімен шартталған: адамның тұқымқуалаушылығы, ортасы, тәрбиесі, өзінің іс-әрекет тіжірибесі.

Факторлардың жиынтығы позициясынан ғана жеткіншектердің аутоагрессивті формалары мәселесін талдауда жеткіншек тұлғасының психикалық құрылымындағы өзгерістер мен бұл өзгерістерді тудырған себептік әсерлер арасындағы байланысты бейнелеуге болады. Сондықтан өзара байланысты, өзара тәуелді және өзара шартталған факторларды зерттеу мен анықтауға бағытталған жүйелік зерттеулер ғана жеткіншек мінез-құлқының аутоагрессивті формаларын шынайы алдын-алу процесін психологиялық қамтамасыз етудің объективті суретін беруге болады.