Усенова С.М.,  Тажиева Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Таубаева Ж.Ж.

Жамбыл атындағы №5 орта мектебі, Тараз қаласы, Қазақстан

 

КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Психологиялық мәселелердің бірі, онсыз оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін дұрыс шешу мүмкін емес болып келетін, бұл адам қажеттіліктері мен мотивтердің құрылу мәселесі. Көбінесе, кіші жастағы оқушыларда ғана оқуға қызығушылық болмайды,  сонымен де орта және жоғары сыныптарда болмады. Оқу-танымдық мотивтердің амоффорттіліг, қалыптаспауы-оқушылардың оқу материалын меңгеруде қиындық келтіреді және оқу іс-әрекетін толық иеленуге кедергі болады.

Оқу мотивациясының мәселесі өте өзекті  болып келеді, өйткені мектепке аяқ басатын әр бала интелектуалды, психикалық, физикалық және ішкі отбасы өмірінде өзінің спецификасы бар. Олар мектепте қандай мотивация түрімен келетіні осыған байланысты.

Кіші мектеп жасы – оқуда жағымды мотивацияның құруының маңызды аралығы болып табылады. Дәл осы кіші мектеп жасында негізгі оқу іс-әрекетінің компоненттері қалыптасып, оқушылардың мотивациялы қажеттіліктері ортасы қайта құрылуы-көптеген психологиялық жағдайлармен және себептермен анықталады.

Л.И.Божовичтің жетекшілігімен жүргізілген оқыту мотивтерін жетілдіруді зерттеген кезде келесі жағдай анықталды, “кіші жастағы оқушылардың оқу қызметін тудыратын мотивтер жүйесінде әлеуметтік мотив өте үлкен орын алады, яғни балалардың қызметке деген жақсы қатынасын анықтауға қабілетті, сонымен қатар таным қызығушылығынан айырылғандармен қоса” [1].

Р.А.Жданова, “Қазіргі уақытта бастауыш мектеп үшін өте таратылған түрі мотивация типі болып табылады, білімге деген қызығушылықпен, оларды оқыту қажеттілігімен байланыспаған”-деген қорытындыға келеді.

М.В.Матюхинаның зерттеулерінде кіші жастағы оқушылардың нақты іс-әрекет және түсіну мотивтерін анықтау үшін арнайы педогогикалық жағдайлар құрылған және методикалық топтар қолданылған [2]. Зерттелушіге түсіну мотивтерін анықтауға бағытталған дайын мотивтер тізімдемесінің методикасы ұсынылады. Бұл методика балаға өзінің мотивтерін тануға көмектеседі, яғни баланың барлық жауаптарын нақтылауға, азда болса сезіну мотивтерін анықтауға көмектеседі. Әрбір мотив ойлау қабілеті деңгейі түрінде бөлек карточкаға жазылған. Осындай ойлау қабілеті деңгейінің түрі 21 болды. Ойлау қабілетінің деңгейі 1-3-ке дейінгісі борышы мен жауапкершілігін анықтауға бағытталған, 7-9-ға дейінгісі сәттілік мотивациясы, 10-12-ге дейінгісі керемет мотивациясы, 13-15 жағымсыз жағдайлардан қашу мотивациясы, 16-18 мазмұнды мотивациясы, 19-21 үдеріс мотивациясы. Ойлау қабілетінің деңгейінің 1-15-ке дейінгісі әлеуметтік мотивтерді анықтауға бағытталған, ал 16-21-ге дейінгісі, бастапқы оқу қызметінде қалыптасқан мотивтерді анықтауға бағытталған. Зерттеулер бірнеше сериялармен, яғни бес бірінші, бес екінші, үш үшінші сыныптарда өткізілген, оған 154 бірінші сыныптар, 153 екінші сыныптар және 86 үшінші сыныптар қатысқан. Методика бойынша алынған нәтижелер дайын мотивтер тізімдемесімен тіркемеде ұсынылған (1-кесте).

 

1-кесте Кіші жастағы оқушылардың нақты іс-әрекет және түсіну мотивтерін анықтау нәтижелері

 

Мотивтер
Сыныптар

 

% бойынша көрсетулер саны

Рангілік орын

% бойынша көрсетулер саны

Рангілік орын

% бойынша көрсетулер саны

Рангілік орын

Жақсы бағалар алғым келеді

9,9

І

8,5

ІІ

7,8

ІV

Мұғалімнің талаптарын тез және дұрыс орындауға тырысамын

7,7

ІІ

7,1

ІV

6,9

V

Мәдениетті және жетілген адам болғым келеді

6,7

ІІІ

10,8

І

11,7

1

Білім менің болашағым үшін керек екенін түсінемін

6,6

ІV

7,6

ІІІ

9,8

ІІІ

Жаман бағалар алғым келмейді

6,3

V

5,5

VІІ

6,7

Мектепті аяқтап әрі қарай оқығым келеді

6,1

VІ

7,0

V

10,1

ІІ

Сыныпта ең жақсы оқушы болғым келеді

5,8

VІІ

5,4

VІІІ

2,4

ХVІІ

Тапсырмаларды әртүрлі тәсілдермен шешуді жақсы көремін

5,7

VІІІ

3,5

ХV

2,2

ХVІІІ

Қиындықтарды жеңуді, қиын тапсырмалар алуды жақсы көремін

5,6

ІХ

5,9

4,9

VІІІ

Сабақ үстінде ойлауды, талқылауды жақсы көремін

5,1

Х

3,9

ХІІ

3,0

ХІІ

Оқушы жақсы оқу керек екенін түсінемін

4,9

ХІ

4,6

Х

2,6

ХVІ

Сабақта менің жауаптарым бәрінен де жақсы болғанын қалаймын

4,8

ХІІ

4,7

ІХ

1,6

ХХІ

Мұғалімнің және ата-ананың қолдауларын қалаймын

4,3

ХІІІ

2,5

ХVІІІ

2,8

ХV

Сыныптастар алдында оқу үшін өзімнің жауаптылығымды түсінемін

3,7

ХІV

3,7

ХІІІ

6,2

VІІ

Мұғалімнің және ата-анамның ұрыспағанын қалаймын

3,6

ХV

3,4

ХVІ

3,2

ХІ

Мұғалімнің қызықты нәрсе айтқаны ұнайды

3,2

ХVІ

3,6

ХІV

3,9

Х

Жолдастарымның арасында беделді орын алғым келеді

2,7

ХVІІ

3,0

ХVІІ

1,9

ХІХ

Жолдастарым әрқашан мен туралы жақсы пікірде болғанын қалаймын

2,3

ХVІІІ

1,9

ХІХ

2,9

ХІІІ

Сынып бойынша жолдастарым мені сабақ жөнінде талқыламағанын қалаймын

1,9

ХІХ

1,6

ХХ

3,6

ХІ

Жаңа нәрселерді білгенді жақсы көремін

1,8

ХХ

4,4

ХІ

4,6

ІХ

Сабақ үстінде сөз және сан туралы білу ұнайды

1,3

ХХІ

1,5

ХХІ

1,2

ХХІ

 

Осы кестеден, бірінші сыныптықтардың көп саны сәттілік мотивіне көрсеткен (“жақсы бағалар алғым келеді”), ІІ-рангілік орында-мұғалім алдындағы борышы, ІІІ және ІV-орындарда өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру, V-орында жағымсыз жағдайлардан қашу мотивтері орын алады. Одан әрі қарай кіші оқушылардың жолдастарының арасындағы қарым-қатынастарын көрсететін мотивтер тұр. Бірінші сыныптың оқушысы үшін жолдастарының арасында лайықты орын алуға ұмтылу мотивтерін тудырмайды, олардың пікірлері, ойлау қабілеті т.б. Ең соңғы орынды мазмұнды мотивация алады.

ІІІ-сыныпта І-рангілік орында өзін-өзі жетілдіру мотиві орын ала бастайды. ІV-орында жақсы баға алуға ұмтылуды көрсету саны біршама төмендейді. Үшінші сыныптықтар мұғалімнің талаптарын тез және нақты орындау ұмтылысын аз көрсетеді. Бұл мотив V-орынға бітіседі. Сонымен қатар, олар жанұясының және сынып алдындағы жауакершілік мотивтеріне аса назар аудара бастайды. Ол ХІІ-ші орыннан VІ-шы орынға бітіседі. Үшінші сыныптықтардың көбісін жолдастарының пікірі алаңдатады.

Енді, мотивтердің жалпы топтарының мінездемелік ерекшеліктерін талдаймыз. Кең әлеуметтік мотивтер кіші жаста үлкен орын алады. Бала-бақша және отбасы баланың белгілі бір қажеттілігін анықтайды (әлеуметтік), ол жақсы оқу керек екендігін, мектепті аяқтау керек екендігін, білім оның болашағы үшін қажет екендігін, ол мәдениетті және жетілген адам болғысы келетінін, мұғалім мен ата-анасының талаптарын орындауға тырысады. Осындай әлеуметтік қондыру оқудың сәттілігі үшін өте маңызды.

Оқу-танымдық мотивтер (мазмұнды мотивация және процестік мотивация) көрсеткіш саны бойынша кіші жастың барлығында жүргізуші орын алады. ІІІ-сыныпқа қарай, оқу мазмұнымен байланысқан мотивтердің көрсеткіші өседі, сонымен қатар, оқу процесімен байланысқан мотивацияға көрсету саны төмендейді.

Жеке басы туралы аз мотивтер (сәттілік мотивациясы және беделдік мотивациясы) І және ІІ сынып оқушыларында кең әлеуметтік мотивтерден кейін ІІ-орын алады. Үшінші сынып оқушыларының арасында жеке басы туралы аз мотивацияға және оқу-танымдық мотивациясына көрсету сандары бірдей болады. І-сынып оқушыларының арасында жеке басы туралы аз мотивтердің барлығы 29,8 %, ІІ-26,0 %, ІІІ-19,4 % құрайды. Әсіресе беделдік мотивациясына көрсету саны төмендейді. Нақтырақ, “жақсы бағалар алғым келеді”-деген мотивті қарастырайық. Тәжірибенің нәтижесі бойынша бірінші сынып оқушыларында бұл мотив барлық мотивтердің арасында І-рангілік орын алады. Екінші сыныптықтарда-ІІ-орын, үшінші сыныптықтарда-ІV-орын алады. Сонымен, Л.И.Божович, “балалар барлық кезде бағаның объективтік мағынасын түсінбейді және жиі әртүрлі бағалар алғысы келеді”. Кіші жастағы оқушылар бағаның сапасын өзінің оқу жұмысының нәтижелерінің сапасымен салыстырмайды. Балалар бағаның мәнін тапсырманы қалай орындағанынан емес, оны орындауға тырысқанынан көреді. Сонымен қатар, балаларда өзіне бағаны көтермелеу тенденциясы байқалады. Баға нақты, күшті әсер ететін мотив. Көбінесе балалар бағаға өзінің білімін бағалау үшін емес, өзінің беделін сақтау және көтеру үшін тырысады. Осыған байланысты, кіші жастағы оқушы қалаған бағасын алу үшін тиімсіз жолдар қолдануы мүмкін (мысалы; көшіріп жазу) [3].  Осындай жағдайда баға жақсы мотив ролін атқара алады ма? Оқу мотивінің бірден-бірі бола тұра, ол танымдық қызығушылықты жетілдіре алмайды (балалар баға үшін жұмыс істеуге дағдыланады және басқаның көмегінсіз ойлағысы келмейді).

Жоғары деңгейдегі қызығушылық одан да жоғары үлгерімділікпен тығыз байланысты, және оған қарама-қарсы төмен деңгейдегі қызығушылық одан да төмен үлгерімділікпен байланысқан. Сонымен қатар, жоғары және ерекше орташа жоғары мотивация деңгейіндегі балалар арасында үлкен пайызды төмен және орташа төмен үлгерімділігі бар балалар құрайды, және оған қарсы жоғары және орташа жоғары үлгерімділігі бар балалар арасында орташа немесе төмен қызығушылық деңгейін құрайды. Бұл балаларға (өздерінің айтуынша) жазу, оқу, санау, тапсырмаларды орындау, ұнайды, бірақ оның маңызы аз қызықтырады.

Сонымен қатар, мотивация және үлгерімділік арасында тығыз байланыс бар. Сапалы талдау, 75 % жағдайларда мотивация деңгейі бар балалар салыстырмалы төмен ойлау қабілетінде де оқу қызметінде үлкен өнімділік жетістігіне жететіндігін көрсетті. Өте қиын жағдайда ақыл-ойы төмен деңгейде жетілген балалар болады, ал одан да жаман-төмен деңгейде оқитындар. Олар әдетте мектепке оқу үшін жақсы қатынаспен келеді, бірақ бұл балалар оқу барысында қиындықтарға кездеседі, соған байланысты оқудағы нәтижесіздік тәжірибесі жинақталады. Нәтижесінде олардың мектепке, оқуға деген қатынасы теріс болып шығады. Мотивацияның өзгеруі өз кезегінде оқу процесіне теріс әсерін береді, оқудың қиындықтарын күшейтеді және керісінше алға жылжуының нәтижелерінің мәні, қайғыру, оқуға деген жақсы қатынасын қалыптастырады.

Үлгерімділік және мотивацияның баланың нерв жүйесі типінен тәуелділігі мәселесі бар. Жоғары және орташа жоғары белсенділік танытатын күшті нерв жүйесі бар балалар тобы, жоғары немесе орташа жоғары үлгерімділік деңгейі жетістігіне жетеді. Сонымен қоса, осындай балалардың 44 % орташа төмен немесе тіпті төмен ойлау деңгейі бар, егер сөз нерв жүйесі күшті балалар туралы болатын болса, онда жоғары дәреже мотивациясы, салыстырмалы төмен ойлау деңгейінде де жоғары өнімділікті қамтамасыз ете алады. Нерв жүйесі нашар балаларда жоғары және орташа жоғары деңгейлі мотивациясы қажетті жоғары ойлау деңгейінде де жоғары өнімділікті барлық кезде қамтамасыз ете алмайды. Оқу қызметінің жағдайлары нерв жүйесі нашар балалар үшін біршама кернеулі болуы мүмкін. Нерв жүйесінің нашарлылығы оларға өздерінде бар белсенділікті, мотивацияны жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді [4].

Сонымен қатар, нерв жүйесі нашар балалардың мотивтері тұрақсыз деген болжам жасауға болады. Мүмкін, күштің, мотивтің белсенділігінің маңыздылығы ғана емес, оның динамикалық тұрақтылығы, ал нақтырақ айтсақ, нерв жүйесі күшті және нашар балалардың динамикалық тұрақтылық дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Динамикалық тұрақтылығы бар балалар үнемі белсенділік деңгейін танытады, олардың белсенділігі жоғары деңгейде болмаса да бірқалыпты болады. Динамикалық тұрақтылығының деңгейі төмен балалар бірқалыпты емес белсенділік деңгейін танытады, олар үнемі емес, ауыспалы түрде, өйткені қоздырғыш біресе күшті біресе әлсіз реакция тудырады, бұл әлбетте қызметтік өнімділігіне әсер етпейді.

Мотивацияның жоғары деңгейінің құрылуы, ал дәлірек айтсақ, оқушылардың жақсы мотивациясы білім алу кезінде өте маңызды, өйткені мотивация баланың оқу қызметінде жетістіктерге жетуінің негізгі құралы болып табылады.

Біздің зерттеуіміздің нәтижесі қазіргі уақыттағы жағдайларда жүргізуші мотивтердің ауысуы болғанын көрсетті, ал нақты жүргізуші мотивтер болып тек қана әлеуметтік емес, сонымен қоса оқу-танымдық болып саналады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.    Бабаев С. Жалпы психология. –Алматы: Дарын, 2005. -352 б.

2.     Мухина В.С. Детская психология.-М.: Просвещение, 1985.-1985, с.272

3.    Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Монография. – Алматы: Ғылым, 1998. - 225 с.

4.    Божович   Л.И.   Проблема   развития   мотивационной   сферы   ребенка // Изучение мотивационного поведения детей и подростков. – М., 1972.