АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
К.К. Базарбаева
п.ғ.к., доцент
Алипбекова Л.У.
«Педагогика және
психология» мамандығының магистранты
«Туран-Астана» университеті
Қазақстан,
Астана қаласы.
Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру мазмұнына
айрықша мән беріліп, адамның рухани
жан-дүниесінің дамуына, шығармашылығы мен
белсенділігіне жағдай жасау керектігі айтылған. Осы
тұрғыдан тұлғаның шығармашылығын дамыту,
оны жаңа талап тұрғысынан шешу негізгі міндеттердің
бірі болып саналады. Тұлға
шығармашылығын дамытуда арттерапияның негізгі элементтерін,
әдістемелерін қолдану өте маңызды. Демек «арттерапия
дегеніміз не?» деген сұрақ туындайды.
Арттерапия
– бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art
– өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу)
көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде
кеңiнен тараған. Арттерапия
– ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық
арқылы ем жүргiзу
және әсер етудi бiлдiредi.
Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан
Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың
көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады.
Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық
терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия,
бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ
көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең
әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық
әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы”
терминi қолданылады, бiрақ олар ағылшын тiлдi аналогқа
келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады.
Арттерапия
мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмтерапия,
библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, куклотерапия, битерапиясы.
Фрейдтің
алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер
формасында беріледі деген сөзіне сүйеніп Наумберг өнерді
психотерапияның бір формасы екендігін айтқандардың бірі
болды.
Арттерапиялық
әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапияның
көмекші әдістемесі ретінде де қолданылады.
Арттерапия
клиенттің өзінің шығармашылығы және
өнер шығармалары (картина, мүсін, кітап, киноөнері)
арқылы жүзеге асырылады. Арттерапияны бірінші кезекте күрделі
эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға,
қарым-қатынаста қиналатындарға, көп
үндемейтіндерге, ұялшақтарға қолданылады.
Картиналар
адамдарға үлкен әсер етеді: көңіл-күйін
құлазытуы, көтеруі, сезімдерін оятады. Кескіндеме тек
қана жардың сәнін келтіріп қана қоймай,
оған қарағанда бойын босаңсытуға, күнделікті
ағымдық шаруалардан тынығуға мүмкіндік береді.
Бейнелеу
өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл
кескіндемедегі бояу түстері. Ішкі сезіміңді сөзбен ғана
емес, қолыңа, бояу, түрлі түсті қарындаш алып
сурет салу арқылы білдіруге болады. Егер адам бір нәрсеге ашуланып,
қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала
бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп,
көңілі бірленеді.
Түсті
таңдауға байланысты да көптеген нәрсе айтуға
болады: қызыл түс ашу ызаны, қара-қайғыны,
сұр-мазасыздықты білдіреді. Мамандар жеке түстер ерекше ішкі
сезім күйін, мысалы, сары және қызғылт сары сергектік
пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа,
қоңыр түстер соған сәйкес көңіл-күй
береді, жасыл түс адамды тыныштандырып, көңіл көтереді,
жүйкесі қозғанда тыныштандырады,
ұйқысыздықты болдырмайды.
Сонымен
адам сурет сала отырып, өзінің ішкі сезімін, көңіл-күйін
білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды
жеңіл қабылдайды. Арттерапия арқылы тұлға
бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын
шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың
байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы
көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну
мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру
барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен
сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда
арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.
Әдебиеттер
1. Ауталипова У.И., Бапаева С.Т. Практикалық
психологияның теориялық-әдістемелік негіздері. Оқу
құралы. –Алматы, 2006-160 б.
2. Копытин А.И. Тренинг коммуникации: Арт-терапия. М.,2006.
3. Ковалев С.В. Введение в современное НЛП.
Психотенологии личностной эффективности. М.: Московский психолого-социальный
институт, Филинта, 2002.