ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
«Тұран-Астана» университеті
Заңтану мамандығының магистранты
Рзабаев А.
Қазақстан Республикасы Астана қаласы
Қазақстан
Республикасының алдында нарықты экономика жағдайында
ұлттық экономиканың дамуының жаңа жолдарын іздеп,
осы экономика жүйесіне негізделген әлеуметтік саясаттың
жаңа тұғырнамасын қалыптастыру қажеттілігі
туындады. Еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық
дамуының шыңайылығы Конституцияда бекітілген
қоғамдық қатынастардың нормативтік
модельдерінің жүзеге асырылуы баяу және дәйекті
түрде жүргізілмейтініне дәлел жәнеде осындай
жағдайдың болуы тұрғындардың
тұрмыстарының сапасына ықпал етіп, көпшілік билікке
деген сенімдерін жоғалтуға себеп болып отырады. Осындай
жағдайдың болуының негізгі себептерін конституциялық
нормалардың, оның ішінде конституциялық құрылыс
негіздерін бекітетін және ҚР құқықтық,
демократиялық, әлеуметтік мемлекет ретінде бекітетін
нормалардың озық сипатқа ие болуымен байланыстырады.
Бірақ еліміздің Негізгі Заңында бекітілген
қоғамдық қатынастардың жаңа нормативтік
моделіне сай өзіне жүктелген міндетін орындауы мүмкін болмас
еді, егер ол нормалар болашаққа бағытталмаған болса
және конституция бағдарламалық сипатқа ие болмаса.
Конституциялық нормалармен реттелетін қатынастар қатарына
экономика саласы да жатады.
Экономика
ұғымы көп жақты және көп қырлы болып
келеді. О.О.Билык экономикалық жүйенің
құқықтық нормалар әрекетімен
байланыстылығын ескеріп, нормаланған және реттелген сипатын
белгілей отырып экономиканы тек «әлеуметтік-экономикалық» организм
немесе әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде
ғана қарастырып қоймай, оның әлеуметтік-құқықтық
құбылыс ретінде де қарастырады.(1)
Бірақта
Қазақстан Республикасының экономикалық
жүйесінің дамуына тоқталар алдында мемлекет пен
экономиканың өз-ара қатынасының ерекшеліктеріне,
олардың даму эволюциясы мен жаңа экономикалық интеграциялану
уақытындағы өзгеруіне жан-жақты зерттеу жүргізуді
талап етеді.
Мемлекет пен
экономиканың арасындағы қатынастың қалыптасуы сол
қоғамдағы экономикалық жүйенің даму
бағыттарын белгілейді. Ғылыми тұрғыда
экономикалық жүйенің нақты ұғымы экономика
ғылымы саласында толық қалыптаспаған. Бір авторлар
«экономикалық жүйе ретінде өндірісте, материалдық
және материалдық емес игіліктерді айырбастау және бөлу
кезінде туындайтын реттелген шаруашылық қатынастар мен байланыстар
жиынтығы» деп анықтама беретін болса(2) келесі авторлар
өмірлік игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және
тұтынуға байланысты туындайтын адамдар арасындағы
қатынастар мен материалдық өндірістің
құралдары, жағдайлары, процесстері мен нәтижелерін
экономикалық жүйе ретінде қарастырады. (3) Немесе «экономикалық жүйе
қоғамның экономикалық құрылымын
қалыптастыратын бір-бірімен байланысты және белгілі бір
тәртіппен реттелген экономика элемменттері» деп анықтама береді.(4)
Тоқталып өткен анықтамаларға сүйене отырып
экономикалық жүйе құрамдас бөліктері тұтас
және бөлінбейтін элементтерден тұратын көпөлшемді
құрылым деп айтуға болады. Экономикалық ғылымда
«экономикалық жүйе» ұғымына синоним ретінде жиі
қолданылатын ұғым «экономикалық тәртіп» саналады.
Алайда Х.Ламперттің көзқарасы бойынша екі ұғымды
синоним ретінде қолданғанда кейбір ерекшелікті есте сақтау
қажет, яғни «тәртіп» деген ұғым
қоғамдық өмірдін белгілі саласын реттеуді
қамтамасыз ететін нормалар мен ережелер жиынтығын білдіреді. (5) Концепциялы
тұрғыда экономикалық тәртіп ретінде экономикалық
институттар мен қатынастардың ұйымдастырушылық
құрылымы мен реттеу моделін білдіреді. Аталмыш тәртіп
нақты құжаттарда, яғни конституцияларда,
заңдарда, шарттарда т.б. ресми құжаттарда көрініс табуы
мүмкін. Ал экономикалық жүйе элементтерінің
қызметін реттейтін ұйымдастырушылық сипаттағы
тәртіп ережелердің мазмұны мемлекет пен экономика
арасындағы өз-ара қатынас негізінде анықталады.
Мемлекет
пен экономиканың өз-ара қатынасына байланысты
сұрақтар алғашқы мемлекет пайда болғаннан
туындап, мемлекеттің дамып, өзгеріп, әрекет ету барысында
жалғасып отыра береді. Мемлекет пен экономиканың
ара-қатынасының мәселесі жаңа мемлекеттік ұйым
пайда болған сайын жаңа сипатта туындап отырады. Сондықтан,
мемлекеттің даму деңгейіне байланысты бұл
мәселенің шешу жолдары да әр-түрлі болып отырады.
Мемлекет пен
экономиканың өзара қатынасының мәселесін жалпы
теоретикалық деңгейде қарастырылуы олардың
дамуының жалпы заңдылықтарын анықтап, өз-ара
қатынасы мен қызметін және даму эволюциясындағы
ерекшеліктерді айқындап қарастыруға мүмкіндік береді.
Аталмыщ
мәселенің қолданбалы тәжірибе түрінде
қарастырудың маңыздылығы нақты мемлекет пен сол
мемлекетте қалыптасқан экономикалық жүйенің арасындағы туындаған
мәселені шешу немесе белгіленген мақсатқа жету үшін
қажет. Шет ел және отандық тәжірибелерге сүйене
отырып қоғам өзінің экономикалық негіздерін
бағытын белгілеуге және экономика мен мемлекет арасындағы
қатынастарды нақты бекіту мүмкіндігіне ие бола алады.
ҚР алдындада тәуелсіз мемлекеттілікті қалыптастыру
кезеңінде шетелдік тәжірибе мен тарихымыздың
тәжірибелерін қортындылап өз мемлекетіміздің
экономикалық жүйесінің негіздерін қалыптастырып, даму
бағыттарын белгілеу өзекті мәселелер қатарына жатады.
Оның үстіне ҚР өзін әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтыратының Конституцияда белгілеуі мемлекет тарапынан экономиканың
дамуына әлеуметтік сипат беруге міндеттейді. Мемлекет пен экономканың
ара-қатынасын теориялық, тәжірибелік, қолданбалы
түрде қарастыруда келесі алғы шарттарды есте сақтауды
қажет етеді:
Біріншіден, мемлекет
пен экономика көп жақты күрделі құбылыс. Олар
өздерінің әрекеттімен тек саяси және материалдық
қоғамдық өмірді қамтып қана қоймай,
қоғамның басқа салаларына да өз әсерін,
ықпалын тигізіп отырады. Осы мәселені қарастыру жалпы
теоретикалық деңгейде қолданбалы және тәжрибелі
түрінде көп жақты күрделі міндеттер қатарына
жатады. Осы мәселені шешуге көптеген ғылыми еңбектер,
зерттеулер арналған. Бірақта бұл мәселе әл
күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осы
жағдайдың болуының көптеген себептері бар.
Олардың негізгісі қазіргі қазақстандық
мемлекеттілікке, құқыққа және
экономикаға байланысты экономика мен мемлекеттің өзара қатынасын
белгілеу үшін шетелдік және отандық тәжірибені
қорытындылап, негізгі бағыттарын белгілеу қажеттілігін
жатқызуға болады. Мемлекет пен экономиканың өзара
қатынасының өзекті мәселелерін қарастыруда келесі
алғышарттар маңызды қызмет атқарады.
Дәстүрлі түрде отандық және шетелдік
әдебиеттердегі қалыптасқан көзқарастарға
сай экономика негіз қалаушы, ал мемлекет қондырма түріндегі
құбылыс ретінде қарастырылуы қазіргі
уақыттағы қоғамдық құбылыстарға
сай келеді. Өйткені мемлекеттің тарихи даму тәжірибесіне
сүйенсек мемлекет бір уақытта экономикалық, саяси,
әлеуметтік, идеологиялық және тағы басқа
қатынастардың субъектісі болып отырғандықтан мемлекет
бұл жағдайда тек қондырмалық, яғни саяси
құбылысты ғана емес экономикалық, әлеуметтік,
идеологиялық құбылыстарды да білдіреді. Мемлекет сияқты
экономика да қоғам өмірінің әр саласына өз
ықпалын, әсерін тигізіп отырады да көп қырлы
құбылыс ретінде өзін танытады. Сондықтан тәжірибеде
мемлекет пен экономиканың ара-қатынасын тек саяси және
экономика салаларында ғана емес,
қоғамның басқа салаларында да қарастыру
қажет.
Екіншіден, мемлекет
пен экономиканың өзара қатынасын айқындауда осы
қатынастардың пайда болуына себеп болатын факторларға
көңіл аудару қажет, өйткені осы факторлар мемлекет пен
экономика арасындағы өзара қатынастың сипаттық
ерекшеліктерін қалыптастырады. Тәжірибелік жағынан
Қазақстан үшін мемлекет пен экономиканың өзара
қатынасын нақты тарихи кезең мен мемлекеттің
тәжірибесін зерттеуге бағыттау қажет.
Үшіншіден,
мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы қандай елде
немесе қандайда әлеуметтік-саяси жүйеде болмасын белсенді
процестер қатарына жата отырып, екі жақтың өзара
қатынасы мен қызметін білдіреді. Осы процестердің
нәтижесінде туындайтын қатынастар қоғамдағы
қалыптасқан жағдайға байланысты екі жақты анықтаушы
немесе анықтауды жүзеге асырушы қызметті атқарады.
Бірақта қатынастың нәтижесінде экономика
өзінің бастауыш сипатына ие болып отырады.
Төртіншіден,
мемлекет пен экономиканың өзара қатынасын зерттеуде
олардың нарық инфрақұрылымының даму
деңгейіне байланысты топтастыруды жүргізіп, зерттеу қажет(6).
Әлуметтік мемлекетті қалыптастыруда және осы
мемлекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз
ететін әлеуметтік нарықтық экономиканың дамуына
ғылыми тұрғыдан құқықтық талдау
жасау үшін мемлекет пен экономиканың өзара қатынасын келесі үш топқа
бөліп қарастыру қажет.
а) нарық
элементері мүлдем қалыптаспаған саяси-экономикалық
жүйе;
б) жаңадан
қалыптасып және дамып келе жатқан нарықтық
экономикалық қатынастары бар саяси-экономикалық жүйе;
в) жоғары деңгейде
дамыған нарықтық экономикасы бар саяси-экономикалық
жүйе.
Бөліп
көрсеткен топтардағы әлеуметтік жүйелердің
әрқайсысына мемлекет пен экономиканың өзара
қатынастарына өзіндік ерекшеліктер тән. Бірақ
Қазақстан мен басқа мемлекеттердің даму
тәжірибесінде мемлекет пен экономиканың өзара
қатынасының моделінің әлеуметтік жүйелердің
барлығына сәйкес келетін ортақ үлгісі жоқ екеніне
дәлел болып келеді. Осы жағдайда тек жалпы заңдылықтар
мен қағидаларға сүйене отырып мемлекет пен
экономиканың өзара қатынасының сипаты
қалыптасады.
Мемлекет пен
экономиканың арақатынасының нақты түріне
тоқталатын болсақ, онда осы ара-қатынастың бір
әлеуметтік жүйенің сипаты жоғарыда айтылып өткен
топтарға байланысты қалыптасатын ерекшеліктерін
байқауға болады және де осы қатынастар
мемлекеттің экономикалық жүйесін білдіреді.
Нарықтық
экономиканың элементтері қалыптаспаған саяси
экономикалық жүйедегі мемлекет пен экономиканың өзара
байланысының ерекшеліктерін профессор М.Н.Марченко келесі
бағыттарда қарастырады:
1. Мемлекетік
меншіктің басқа меншік нысандарынан үстемдігінің
жариялануы. Оған дәлел ретінде КСРО-ның 1977 жылғы
Конституциясының 11 бабы мемлекеттік меншікті “барлық совет
халқының игілігі” ретінде бекітіп, оның “социалистік меншіктің негізгісі” деп
жариялай отырып, Конституцияның осы бабында “мемлекеттің
міндеттерін орындауға қажетті өндіріс, құрылыс
және ауыл шаруашылық құралдары, көлік пен
байланыс, мемлекет ұйымдастырған сауда, коммуналдық,
тұрғын үй қорларының барлығы мемлекеттік
меншіктікі болып саналады» деп бекіткен болатын. Социалистік мемлекеттердегі
мемлекеттік меншіктің үстемдігі экономикалық
жүйенің негізгі ерекшелігі ретінде танылып, басқа
ерекшеліктерінің туындауына себеп болады.
1. Келесі ерекшелігі ретінде мемлекеттің қолындағы
экономикалық тетіктердің орталықтандырылуы экономиканы
басқару аппаратының ұлғаюына, бюрократизмнің
өсуіне себеп болды. Экономиканың осы әдіспен басқарылуы
мемлекет қаржыларының негізсіз жұмсалуына себеп болды.
2. Аталмыш экономикалық-әлеуметтік жүйенің тағы
бір ерекшелігі ретінде бүкіл мемлекет деңгейінде экономика жоспарлы
түрде дамып отырды. Көптеген жағдайда жоспарлар
нормативтік-құқықтық сипатқа ие бола
отырып, оның орындалуы немесе орындалмауына
құқықтық мағына беріліп отырды.
3. Мемлекет пен экономикалық байланыстың субъектілерінің
арасында қарым-қатынас әріптестік сипатта қалыптаспай,
тікелей бағынышты түрде жүзеге асырылып отырылды,
сондықтан экономикалық қатынастардың барлығы
азаматтық, шаруашылық, коммерциялық
құқық нормаларымен реттелмей, әкімшіліктік немесе
осыған ұқсас императивті нормалармен реттеліп отырды. (7) Экономикалық
жүйенің қалыптасуы мен қызмет етуінің негізгі
шарты билік нысаны ретінде демократиялық тәртіп және азаматтық
қоғам түріндегі қоғамдық
құрылыс болуы қажет.
Әрбір
экономикалық жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін
арнайы тәртіп белгілейтін ресми құжаттарда оның
негіздері, қағидалары, міндеттері бекітілуі керек. Әр
мемлекет экономикалық жүйенің негіздерін бекітуге әр түрлі
жолдармен әрекет етеді. Бірақта барлық дамыған
мемлекеттер экономикалық жүйенің негіздерін Конституцияда
бекітіп, оған құқықтық күштен
басқа, саяси күшті де береді.
Конституцияның
шыңайы мәнін анықтайтын негіздері ретінде – оның
экономикалық аспектісін айтуға болады. Конституция
қоғамдық өмірдің барлық салалрын реттейді,
соның ішінде экономика соңғы орында емес болып саналады.
Конституция өзінің мазмұнымен экономика негіздерін бекітетін
немесе оған ықпал ететін көптеген нормалар мен ережелерден
тұрады. Ол әр түрлі мемлекеттік органдардың экономика
саласындағы өкілеттілігіне, экономикалық дамудың
норма-принциптеріне, шаруашылық субъектілердің мемлекет пен
бір-бірінің арасындағы қатынастарға, меншікке
және ең бастысы адам және азаматтардың
құқытары мен бостандықтарына қатысты нормалар.
Алғашқы конституциялар тек меншік нысандарының бекітумен
ғана шектелсе, соңғы буындағы конституциялар
экономикалық қатынастарды реттейтін нормаларды кеңейтіп,
экономиканың негіздерін қалайтын принциптерді және
экономикалық қатынастардың бағытын анықтады.
Көп жағдайда осындай тәжірибенің конституциялық
реттеуде қолданылуы мемлекеттің эконоимкадағы алатын бастауыш
ролімен негізделеді. Сонымен экономикалық қатынастарды бекітетін
конституциялық нормалар:
Біріншіден, экономикалық жүйені (экономиканың моделін)
бекітетін нормалардан тұрады. Мемлекеттің конституциялық
құрылысының экономикалық негізі қандай
экономикалық модель – нарықты (либералды) немесе мемлекеттік
модельге байланысты сипатталады. Таңдалған экономикалық
модельге байланысты конституция мәтінінде меншік нысандарының,
монополизациялау мүмкіндіктері мен кәсіпкерлік
қызметтің шектері және т.б. анықталады.
Екіншіден, меншік мәселелерін бекітетін нормалардан тұрады,
өйткені қандайда экономикалық қызметтің негізі
меншікке негізделеді, сол себептен меншік конституциялық реттеу объектісі
болуы алғы шарт болып саналады. «Мемлекеттің экономикалық
жүйесі қоғамдық құрылыстың
маңызды элементі болып саналады, сондықтан «мемлекеттің
экономикалық жүйесі» деген ұғымға
қоғамдық қатынастардың негізін
қалыптастыратын, қандайда мемлекеттің өмір
сүруіне іргелес негізін қалыптастыратын меншік мәселесі де
кіреді. (8) Егер алғашқы конституциялар «меншік» категориясы туралы
атап өткен болса, қазіргі заман конституциялары меншік нысандарын
ғана бекітіп қоймай, олардың ара салмағын
айқындап, меншік нысандарының
құқықтық тәртібін бекітеді. Негізінен
мемлекеттер конституцияларында мемлекеттік және жеке меншік нысандары
(ҚР Конституциясы 1995 ж); мемлекеттік, жеке және муниципалды
меншік (Азірбайжан Конституциясы 1995 ж.); қоғамдық,
кооперативті және жеке меншік (Египет Конституциясы 1971 ж.);
халықтық, ұжымдық және жеке меншік (Сирия
Конституциясы 1973ж.) т.б. түрлерде бекітіледі.
Үшіншіден, экономиканы реттеу мен жоспарлаудың
мәселелерін бекітетін конституциялық нормалардан қалыптасады.
Көп жағдайда экономиканы реттеу мәселелері ең бастысы
социалистік мемлекеттерге тән болып келеді. Бірақта нарықты
экономика жағдайында жоспарлау позитивті сипатқа ие. Қазіргі
таңда жоспарлау шектерінде нарықты және мемлекеттік
экономиканың модельдерінің жақындауы байқалады. Кейбір
социалистік мемлекеттерде экономикалық қызмет еркіндігі пайда бола
бастаса (ҚХР), нарықты экономикасы қалыптасқан
мемлекеттер конституцияларында жоспарлау негіздері бекітілген (Италия, Испания).
Мемлекеттердін осындай реттеу механизмдерінің қолдануы
мемлекеттің қатан түрде экономиканы реттеуі
тоқырауға әкеледі де, өзін-өзі реттеу
жағдайлары мемлекетке тиімсіз болуы мүмкін. Көптеген
мемлекеттердегі мемлекеттік жоспарлау соцмалистік жоспарлаумен салыстырғанда
директивті сипатта емес, бағыт беруші, индикативті сипатта болады.
Төртіншіден, адам және азаматтардың экономикалық
құқықтары мен бостандықтарын бекітетін
нормалар.Мемлекеттің конституциялық құрылысының
негізі ретінде жеке тұлғалардың экономикалық
құқықтары мен бостандықтарының
конституциялық реттелуі кіреді.
Жоғарыда
айтылып кеткен тұжырымдамаларға сүйене отырып қандай
мемлекет болсын өзінің тарихи, саяси және экономикалық
дамуына байланысты өзінің экономикалық жүйесін
бекітеді. Экономикалық жүйені бекітумен қатар осы
жүйенің қызметін қамтамасыз ететін негізгі
элементтердің де құқықтық негіздерін
қамтамасыз ету міндеті мемлекеттің алдында туындайды. Қазақстан
Республикасы қалыптасып келе жатқан әлеуметтік
бағыттағы экономикалық жүйенің қандай элементтерден
тұратыны қазіргі уақытта өзекті мәселелерге
жатады.
Қорыта келе
конституцияның тиімділігі
С.Ф.Ударцевтың көзқарасымен келісе отырып,
қоғамның ұзақ мерзімде және тиімді
әрекет етуіне негіз болып, ынталандыратын тұжырымдамалар мен
түсініктер болған жағдайда ғана қамтамсыз ету
мүмкін. Шынайы түрде материализациаланған саяси және
құқықтық институттардың жүйесі
бекітіліп, экономикалық өмірдің еркін ағымы мен
экономикалық жүйенің қызмет етуіне кедергі болмай,
оның тепе-теңдігін сақтап, артық ауыртпашылығын
болдырмауы қажет.(8)
Ал
конституцияның экономикалық аспектісін мен шамасын
қарастырғанда қоғамның даму бағыттарын
және динамкасын ескеру қажет. Конституция конституциялық
құқықтық экономикалық тәртіптің
жүйелі реттеуші актісі бола отырып, дамып жатқан қоғам
жағдайында заңдылықты қамтамасыз етуі керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1 Билык О.О. Конституционная модель экономики
Российской Федерации: структура, содержание, гарантированность
реализации.Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата
юридических наук. Специальность 12.00.02-конституционное право;муниципальное
право. Санкт-Петербург, 2006.-ст.11
2 Экономическая
теория: системный курс: Учеб. пособие для эк. спец. вузов// Под ред.
Плотницкого М.И., Тура А.Н.- Мн.: Мисанта, 2002 430c
3 Герасимов
В.Г. Экономическая система: генезис, структура,
развитие науки. - Мн., 1991.- с.34 406c.
4 Борисов Е. Ф.
Экономическая теория: Учеб. пособие- 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Юрайт,
1999. - 384 с. – 15 б.
5 Хайнц Ламперт, Социальная рыночная экономика. Германский путь. М.: Дело,
1994г;
224с.- С.15
6 Общая Теория
государства и права.Академический курс в 3-х томах. М.:зерцало,
2002.-Т.3-С.50-51 -528с.
7 28 общая теория
государства и права Т.1 Теория государства (Академический курс в 2-х томах.
М.,1998.- 212. 416 с.
8 Ударцев С.Ф.
Экономический аспект конституционных норм как регуляторов конституционного
порядка развивающегося общества //Праворазъяснительная работа и правовое
обучение: проблемы и пути их решения. Материалы международной научно-практической
конференции. Караганда: Карагандинский юридический институт МВД РК им. Б.
Бейсенова, 2005. С. 26 – 31]