Психология және әлеуметтану/8. Педагогикалық психология

 

Магистр психологии и педагогики Тоқтарбекова Қ.Т

Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Қазақстан

Тарихи теориялардағы «психологиялық мәдениет» ұғымы

 «Психологиялық мәдениет» психология ғылымындағы жаңа ұғым. Сондай-ақ, ғылыми әдебиеттерде сирек қолданылады. Әрине, бұл ұғым психологиялық болса дағы, әр түрлі ғылыми облыстар аймағында құрылады: философия, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, психология. Психологиялық мәдениет ұғымының мәні мен құрылымын түсіну үшін, ең алдымен «мәдениеттің» жалпы ғылыми категориядағы орынын анықтайық.

«Мәдениет» ұғымының көп деңгейлі және көп мәнді екені бізге мәлім. В.В. Семикин өз монографиясында аталмыш ұғымға берілген бірқатар ғалымдардың еңбектерін көрсетеді. Атақты Батыс мәдениет зерттеушілері А. Кребер мен К. Клакхольн [1] өз еңбектерінде мәдениет ұғымына 200 ден астам анықтамаларын береді. Ал, Берри, Пуртинга, Сегол және Дасен қазіргі уақытта мәдениеттің қарастырылып, талданып жүрген алты категориялық облысын жазған [цит.1]:

-       дескрептивті: мәдениетпен байланысты іс-әрекет және мінез-құлықтың әр түрлеріне акцент жасайды;

-       тарихи-адамзат қауымдастықтарындағы мұрагерлік және дәстүрлерге қатысты;

-       генетикалық: мәдениеттің пайда болуына байланысты;

-       құрылымдық: мәдениеттің қоғамдық және ұйымдық элементтерін назарға алады;

-       нормативті: мәдени дәстүрлермен байланысты ережелер мен нормаларды суреттейді;

-       психологиялық мәдениетке қатысты мәселелер шешіміне үйрену, оқытуға назар аударады.

Осы жерде мәдениетке қатысты «мәдениеттің адам психологиясына әсерін» зерттеуші Д. Мацумото төмендегідей анықтама берген: мәдениет – қиын да жалпы ұғым. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, материалды мұрагерлік және мінез-құлық формасында беріледі. Бұлардың барлығы қазіргі біздің өмірімізді түсінуге негіз болады. Мәдениет бізді қоршаған адамдарға, ортаға, күнделікті өмірде бейімделу үшін ата-бабаларымыздың және біздің меңгерген бағдарламаланған реакциялар жиынтығы. Сәйкесінше, санамызды бағдарламалық қамтамасыз етеді [2].

П.С. Гурьевич мәдениетті түсіндіруде үш тұрғыны бөліп көрсетеді:

1.     Философиялық - анторпологиялық: «мәдениет - адамның   феноменологиясы ретінде» түсіндіріледі, «адамзат» деген ұғым беріледі.

2.     Философиялық-тарихи: мәдениет-шығармашылық процесс ретінде;

3.     Әлеуметтік: бірінші орында мәдениеттің құнды табиғаты тұрады.

П.С. Гурьевич пайымдауынша «Құндылық – мәдениеттің адаммен өлшенуін көрсетеді. Ол барлық рухани образдарды ақыл-ойға, сезімге және адам еркіне қарай тартады» [3].

Көптеген авторлар мәдениеттің әр түрлі функцияларын анықтап сипаттауға тырысады. Э.В. Соколов [4] алты функциясын береді: қорғану-бейімделу, қайта құрылу, коммуникативті және «психикалық-разрядтты», сонымен қатар тұлғамен байланысты функциялар – гоминизация, әлеуметтену, инкультурация.

Ю.В. Ананьев  мәдениеттің біршама, өзгеше 9 функциясын берген (бейімделу, эдукативті, когнитивті, валюативті, ақпараттық, коммуникативті, нормативті, реттеуші, интегративті).

Мәдениет – жеке адамдарды біртұтас қауымдастыққа біріктіреді. Ол әр бір нақты тұлғаны қоғаммен байланыстырады. Бұл байланыстар көп деңгейлі және көпмағыналы. Адамзат мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі – психологиялық мәдениет болып табылады. Ол адам психологиясының ішкі әлемін көрсетеді. Сондықтан, «психологиялық мәдениет» ұғымының анықтамасын мәдениеттану мен психологияның қиылысқан тұсынан іздеу қажет. Ал, оның феноменін «мәдениет-тұлға-мәдениет» өлшемінде зерттеп қарастырған жөн [1].

«Психологиялық мәдениет» ұғымының мазмұны мен этимологиясын түсіну үшін әр түрлі ғылыми бағыттардың тарихына көз үңілтейік. Біздің зерттеу пәніміздің тарихи бастауы ретінде И.Г. Гердер, И.Кант, Г.Ф. Гегель         сияқты      неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің еңбектерін санауға болады. И.Г. Гердер «мәдениет адамды жануардан айырықшалайды және оның ерекше көрінісін құрайды» дейді. Ол мәдениет туралы көптеген ой-пікірлерді береді. Біріншіден, мәдениет тарихи процесті адамның пайда болуы мен сол процестің нәтижесі. Екіншіден, мәдениет – ол ақыл-ой және адам іскерліктерінің бірлестіктері . Үшіншіден, нақ осы мәдениет адамды адам етеді, адамнан жаңа адам жасауға, оны бейнлеуге ықпал етеді. Тарихи прогрестің мазмұны мен мақсаты адамгершілік дамуынан тұрады. Гердер «адамгершілікті тәрбиелеу» процесі барлық адамдармен және мәдениеттің барлық формаларымен жүзеге асырылатынын көрсеткісі келді. Табиғаттың жалпы заңы – «Хаосты тәртіпке айналдыру» бұл мәдениетпен жүзеге асырылады [1].

Мәдениеттің психологиялық аспектілерін, оның психологиялық тадамдарын неміс классикалық философиясының өкілі И. Конт шығармаларынан байқауға болады: «Логика» атты өз еңбегінде ол ғылым айналысатын үш маңызды «Нені білу шарт?», «Не істеу қажет?» және «Мақсат неде?» деген сұрақтарды бір жиынтыққа әкеледі – «Адам деген кім?». Бұл сұрақ адам тұрмысы мен адамзат прогресіндегі ең басты сұрақ. Бұл бұл сұрақтарды жауабын ол «прагматикалық» сипаттағы антропология» жұмысында береді. Практикалық антропология ол – адамды әлем азаматы ретінде тану туралы білім. Бұл туралы жалпы білім беретін орта мектептен кейін «академиялық білім» ретінде зерттеу қажет. Себебі, бл бағыт адамды өмірге дайындайды. «Біз жануарлар әлеміне жатамыз, тек білім арқылы ғана адам болфп қалыптасамыз». Кант адамды жабайылықтан бөліп көрсететін – мәдениет, ақыл-ой, моральдық жетілу мәдениеті әдісін көрсетеді.

Мәдениеттің психологиялық аспектілерінің дамуын Ф.Гегель жұмыстарынан да көреміз. Ол өз еңбектерінде ХІХ «Халық жанын» зерттеу міндетін көрсетті (Энциклопедия философских наук). Гегельдің айтуынша, мәдениет «халықтар жанында» немесе «субъективті жанда» көрінеді. Индивид қоғамға араласып, осы негізде шынайы адамзат болмысын меңгереді және рухани аймақтағы адамзатпен жинақталған мәдениетті меңгеру барысында тұлға болып қалыптасады. Әрине, бұл процесс білім арқылы жүзеге асады. Білім – ол адамның руханилыққа жоғарлауы, сәйкесінше, тәуелсіздікке осы тәуесіздік рухани субстанциясы болып табылады.

ХІХ ғасырдың ортасында «халықтар психологиясы» атауымен жеке бағыт пайда болады. Бұл пәннің негізін салушылар неміс ғалымдары М.Лацарус және Х. Штейнталь . Концепцияларының негізгі мазмұны «бір халықтың идивидттері тұрмыс аймақтары жне шығу тегінің бірліктеріне сай ерекше табиғаттың ізіне ие! Сондай-ақ, тәннің жанға әсерлері икемділікке, рухани қасиеттердің біртектілігіне әсер етіп, халық рухының біртұтастығын қалыптастырады» [1]. 1879 жылы В. Вунд өзінің құралыптастарының идеялары мен талдамдарын қабылдап, психологияны дербес ғылым ретінде құру міндеттерін қалыптастырады. Вундттың ойынша, психология екі бөлімнен тұрады. Оның әрқайсысы адам санасының әр түрлі деңгейіне жатқызылып, өз заңдары мен әдістерін қолданады.

Адамдардың әлеуметтік мәдениетіндегі өзара әрекеттерінің спихологиялық механизмдерін зерттеуде француз ғалымдары Г. Лебон және Тард еңбектері үлкен орынға ие болды. Бұл екі ғалымда мәдениетті зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық өкілдері еді! Ақпаратты ішкі мәдени түрде берудің психологиялық механизмдерін түсіндіру мәселесі интерокционизм концепциясында дамыды. Бұл туралы У. Джеймс, Дж.Болдуин, Ч.Х. Кули Дж. Г. Мид сынды американдық ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. ХХ ғасырдың басында мәдениетті психологиялық зерттеулердің жаңа бағыты –мәдениеттің психоаналитикалық концепциясы болды. Бұл бағыттың негізін салушы Зигмунд Фрейд. Фрейдттің психоаналитикалық концепциясының негізін түсінуде оның тұлғаға берген моделін ескерген жөн. Бұл модельде «мен», «ол», «жоғары», «жоғары мен» әсер ету сферасында күреседі.

Мәдениетті зерттеуге психоаналитикалық тұрғы ХХ ғасырда өз жалғасын тапты. Мәселен, Г. Рохейм, М.Мид, Р. Бенедикт, К.Юнг, Э.Фромм секілді ғалымдардың еңбектерін ескерген жөн. Фрейдизм идеясын неғұрлім бірізділікпен ұйымдастырған ғалым ретінде Г.Рохеймді атауға болады. Ол мәдениет теориясын құру барысында негізгі назарды сублимациялық принципке салды. Оның ойынша, барлық мәдениетті іс-әрекет түрлерінің астарында сублимация жатыр. Сублимация, сонымен қатар, невроздарды да өткеруге қабілетті.

К. Юнг мәдениетті түсіндіруде Фрейд тұжырымынан алшақтанды. Ол Фрейдттің пансексуализімін теріске шығарып, мәдениеттің тұлғалық және ұжымдық формаларының құрылуына сеп болатын «психикалық энергия» (либидо) – адам инстинктері қатынасында жан-жақты және дербес болып келеді. К.Юнг, сонымен қата, мәдениет контекстіндегі психологиялық типтер теориясының құраушысы. Оның пайымдауынша, оның екі типі бар: логикалық интуитивті. Логикалық ойлау –европалық мәдениетке тән. Ал, шығыс мәдениетінде дәстүрлі түрде интровертті (интуитивті) ойлау орын алған.

Мәдениетті зерттеудегі антропологиялық бағытты американдық ғалымдар А. Кребер мен М. Херсковиц дамытты. А. Кребер өзінің «Антропология» атты еңбегінде мәдениеттің құнды және шынайы құрылымдары туралы түсінікті берді. Мәдениеттің құнды аспектісі оның қозғалмалы және мәнді бастауы болып табылады. А. Кребер оны «этос» деп атады. «Этос» - мәдениеттегі басым болатын құнды идеалдардың жүйесі. Бұл жүйе оның мүшелерінің мінез-құлқын бақылау тенденциясына ие [1].

Сондай-ақ, М.Херсковицтің қызықты зерттеулерін де келтіре кеткен жөн. Ол мәдени антропологияның мәдени концепциясын өңдеген адам. Жалпы алғанда, бұл ғалым «мәдениетті – адам өзі жасаған орта» деп мәлімдеген. Ал, нақты көрсеткені: «мәдениет – ол психологиялық шынайылық». М.Херсковиц мәдениет пен адам арасындағы байланыс туралы тезис қлыптастырған.

Психологиялық мәдениет – адамның жүйелі сипаты ретіндегі мәдениеттің негізгі құрам бөлігі. Ол әлеуметте тиімді өзіндік анықталу мен өзіндік дамуға ықпал ететін өмірде өзіндік ұйымдастырылуы. Сәтті әлеуметтік бейімделу мен қанағаттану. Ол өзіне психологиялық аспекте адам негізін, адамның өзі мен ішкі әлемін, адамзат қарым-қатынастары мен іс-әрекеті, гуманитарлы бағытталған құнды мәнділік аймағын (талпыныс, қызығушылық, дүниетаным, құнды бағдарлар), рефлексияның дамуын, сонымен қатар адам танудағы психологиялық негіз - шығармашылық және өзіндік өмірді қосады [5].

Сонымен, мәдени-тарихи концепция ағымында 200 жылдан бері көптеген идеялар мен тұжырымдар туындап келеді. Бұл ағымдар психологиялық мәдениет теориясын да құрауы ықтимал.        

 

Әдебиеттер:

1.     Семикин В.В. Психологическая культура в образовании человека: Монография. – СПб., 2002. – 144 с.

2.     Автономова Н.С. Понимание, разум, метафора // Вопросы философии. 1986. № 7.

3.     Гуревич П.С. Философия культуры. – М., 1994.

4.     Соколов Э.В. Культурология. – М., 1994.

5.     Ералы.А «Мәдениет негізі - ғылым» // Студент.-2002. № 17-18,мамыр