Белгібекова Г.Қ., Жанқұлдықова
А., Альмуханбетова Б.Ж.
І.Жансүгіров атындағы Жетысу Мемлекеттік
университеті, Қазақстан
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫ МЕН БІЛІМ
АЛУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ДАМУЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Білімгерлердің өзін-өзі бағалау үрдісі психология-педагогика тұрғысынан үл-кен рольге ие. Жоғары оқу орындарында өзін-өзі бағалау мәселелері және оның бі-лімгердің ақыл-ойы қасиеттерімен
байланысы психология,
педагогика ғылымын-да аз
зерттелген, сол себептен оны
өте көкейкесті мәселе деп есептейміз.
Өзін-өзі бағалау үрдісінде тұлға
бойында алаңдаушылық жиі
кездеседі.Алаң-даушылық
түсінігін саралайтын болсақ, ол тұлғаның
жеке
қасиеттерінің
бірі(өзі-нің
білімінің
жеткіліксіздігін байқайды, сөйтіп өзін –өзі
төмен
бағалап,сәтсіздік-ке
ұшырайтындай
үрей туындайды).
Осындай эмоциялық күйлер бүгінгі
таңда көптеген білімгерлердің бойында
кездеседі. Олардың
өздерінің білім деңгейіне, оны
орындаудағы
өзіндік жауапкершіліктерін, нәтижелеріне баға беруі баланың ақыл – ой
деңгейінің
даму дәрежесіне байланысты.
Өзін-өзі бағалау өте
күрделі үрдіс, ол ақыл-ойдың кеңдігін қажететеді.Өзін-өзі бағалау
мәселелерін өз еңбектерінде атақты
педагогтар және психологтар
С.Л. Рубинштейн[1], Л.И. Божович[2], А.Н. Леонтьев[3], К. Роджерс[4], О.Н. Мол-чанова[5] тағы
басқалары
қарастырған.
Психологиялық
тұрғыдан алғанда өзін-өзі бағалау мәселесіне
жеткілікті деңгейде назар
аударылып келеді. Атап айтсақ, оқу әрекетінде өзін-өзі
бағалау мә-селесін
Лепкина мен Рыбак,
қарастырған. Олардың
зерттеулерінде өзін-өзі
бағалау теориялары сараланып
зерттелген.
Білімгерлердің
өзін-өзі
бағалау үдерісі ақыл-ой тәрбиесімен
етене байланысып жатады. Осы
тұрғыдан І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемелекеттік университетінің
«Математика», «Музыкалық білім»,«Бастап-қы әскери дайындық»
мамандықтары
білімлерлерінің
ақыл-ой дәрежелерін қа-лай дамытатыны
және
өздерін-өздері
қандай дәрежеде бағалай алатындарын
ба-қылауға
алдық. Әр
мамандықтан 10
білімгерден қатысты.
Білімгерлердің ақыл-ой деңгейін
және өзін-өзі бағалау дәрежесін анықтау
мақсатында әңгіме-сұхбат жүргізіліп, сауалнама алынды. Сауалнама мазмұны мынадай:
1. Ақыл-ой тәрбиесінің мәні
неде?
2.Өзіңнің ақыл-ой деңгейіңді
қандай дәрежеде деп
ойлайсың?
3.Кез-келген сұрақ сені ойландыра ма?
4. Өзіңнің білімдік
дәрежеңді
қалай
бағалайсың?
5. Топ арасында
өзіңді
қай орынға қоясың?
6.
Өзіңе-өзің
баға беруде қандай қиындықтар
кездесті?
Бақылау нәтижесінде білімгерлердің
50 пайызы өзінің ақыл-ой
дәрежесін жоғары
бағалады, 30 пайызы
орташа бағалады, 20
пайызы бағалауда қиналды.
Біздің тұжырымдауымызша, адам өз
алдына белгілі бір
мақсат
қойғанда
ғана ойланады.
Жұмбақ мәселелерді шешу
үдерісі
ақыл-ойды
қозғайды, терең
ойландырады. Осы тұрғыдан алғанда ақыл-ой
тәрбиесіне сипаттама бергенді
жөн көрдік.
Ақыл-ой
тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі
құралы болып келе-ді. Білім алуға және
ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен
әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам
дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның
деректерін, түсініктерін және
заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана
терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің
мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ",
"Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас
киім, білім — сарқылмас бұлақ" деген
халықтың даналық сөздерінен-ақ
байқауға болады.Бірақ білімгер өмірінің іс-әрекеті тек педагогтың мақсатты ықпалымен шек-телмейді. Оған
қосымша қоршаған
ортаның ықпалдары мен әсерлерін есепке алу қажет.
Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы және
өзін-өзі
тәрбиелеу, өзін-өзі
бақылау ұғымымен айқындалады.Ақыл-ой
тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының
негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга,
еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды.
Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің
жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте
ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз
дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен
орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі,
экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат
және қоғам құбылыстарына
талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу,
қоғам өмірінің құқықтық
негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.Ақыл-ой
тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой
тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және
ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың
түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген
мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың
түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап
кеткен жөн.
Жалпы айтқанда ойлау
дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың
арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды
бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі
күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол
білмеуден білуге қарай бағытталған ой
қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау
адам миы қызметінің
нәтижесі. Ой-түйсіну, қабылдау, елестету арқылы
алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы
өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау- бар-лық адамдарға
тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие
қоятын мін-деттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты
жақтарын немесе түрлерін қалыптас-тырады. Педагогтың міндеті ойлау түрлерінің
мәнін терең түсіруі, оларды тұтас пе-дагогикалық
процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой
қабілетінің да-муына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу
қажет.Енді әрбір ойлау түрлерінің
тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз
етейік.Нақты және абстракт логикалық ой-лау.Нақты
логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны
кейде көрне-кі ойлау деп те атауға болады. Нақты
логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде,
адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.Абстракт
логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға
сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселе-лерді
шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту.
Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те
атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді
ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді
жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын
әрекеттердің ортақ прин-цшітерін немесе тәсілдерін
білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дә-режесі,
оның ауқымы жалпылық тұрғыдан
қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші
топтардың қамтуына тәуелді.Алгоритмдік ойлау көздеп
отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты
әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы
жұмысты іске асыру.
Индуктивтік
ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баян-дауда
ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға
қарай қозғалуын қажетсі-неді. Дедуктивтік ойлау
жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесі-мен
байланысты.Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты
зиялылық білігін си-паттайды. Адамның өмір
тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған
мақ-сатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда
іске асады.Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой
күштері деп атайды.
Ақыл-ой күштері адамды білім
қорын
жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге
асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге
қабілетті етеді.
Ақыл-ой
тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:
— ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
— негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
— зиялылық біліктерді қалыптастыру;
— дүниетанымды қалыптастыру;
Ақыл-ой дамуы және
ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу)
жатады.
Анализ
дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе
бүтіннің жеке қасиет-терін ойша бөлу болып
табылады.Синтез -заттың бөліктерін
ойша үйлестіре бірік-тіру
немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін
бі-ріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қай-шы ойлау
операциялары болғаны-мен, олар
бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша
олардың
ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды
салыстыру деп ата-лады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті
алғы шарты.Араларындағы ұқсастық неме-се айырмашылыққа тәуелді заттар немесе
құбылыстарды топтарға ажыратуды жік-теу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын
тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәти-желі
қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін,
білімдарлығын көрсетеді.
Білімгерлердің зиялылық іскерлікті
меңгеруінің оқу және тәрбие
жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі
нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерлік-терінің тобын білімгерлердің меңгеруі өте қажет.Жалпы
оқу іс-әрекеті іскерліктері-нің
қатарына оқу, тыңдау,
өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады.
Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша
сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде
шәкірттердің практикалық әрекетінің іске
асырылуын атай-ды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық
ережелерді білу, жазу және сөй-леу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу
- сөздердің, дыбыстардың,
дауыс ыр-ғағының
дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.
Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету,
олардың білім саласында теория-лық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе
мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми
педагогикалық сауаттылығына байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті білімгерлердің
ғылыми дү-ниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның
негізінде әлем танымдылығын
түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын
ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, білімгер барлық пәндерді оқу процесінде негізгі
дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баян-ды етуге талаптанады және
де нәтижесінде өзіне- өзі баға
береді.
Әдебиеттер:
1. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: Питер, 2006, 713 с.
2. Божович Л.И. Проблемы
формирования личности. - М.: Изд-во "Институт практической
психологии", Воронеж: НПО "МОДЭК", 1995, 352 с.
3. Леонтьев А.Н.
Педагогическая психология - М., 2000.
4. Роджерс К. Самооценка личности. Лекция №10. – М., 2010
5. Молчанова О.Н. Самооценка в первой зрелости //
Вестник МГУ. Сер.14, Психология, 1990, №2, с.24 - 48.