Абдрахманова
А.Т.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қай
ғылымды алмайық өздерінің ойын туралы
еңбектерінде “Ойын-баланың жетекші әрекеті” деген сипаттама
береді, өйткені ойын баланың ойын өрбітіп бойын
өсіреді. Ойын-таным процесін дамытудың негізі
болғандықтан әрбір мұғалім оқыту мен
тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып
отыру керек. Сабақта ойын элементтерін
қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде
өткізу үлкендерден аса біліктілік пен шеберлікті,
шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан олардан
оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен
және сақтықпен қарау талап етіледі. Ойын
мазмұнындағы сабақты жоспарлағанда көзделетін
мақсат оқушының жас және психологиялық
ерекшеліктеріне сай құрылыпты, оларды
шығармашылыққа қарай жетелей алуы керек.
Мұғалім ойынға тек
қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің
құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның
білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса
ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете
алады. Ойын үстінде балалар арасында пайда болатын көтеріңкі
көңіл-күй (эмоциялық қарым-қатынастар)
байқалады, дәлірек айтқанда жақсы көруге,
өзінен кішілерге жанашырлықпен, қамқорлықпен
қарауға талпынады, яғни өзін соған міндеттейді
де, жаңа білік дағдылары мен мінез-құлық
сипаттары мен сапаларына бейімделеді.
Жекелеген
психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында
жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір
жетіліп келсе де (оларда көру мен есту қабілеті жоғары екені
байқалады, олар түрлі формалар мен түстерді тану және
атауға келіп тіреледі. Бірінші класс оқушылары өздері
қабылдайтын заттардың қасиеттері мен сапаларына жүйелі
талдау жасай алмайды. Бұл жағдай арнайы жасалған
тәжірибелерден айқын көрінді.
Баланың
қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктері
онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін аңғару мен
айырудан гөрі күрделілеу қызмет түрінің
қалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл
қызмет түрі мектептегі оқу процесі кезінде ерекше жедел
қалыптасады. Сабақтардың үстінде оқушы
қандай да бір пәннің және құралдың
қабылдау міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де кең
түрде тұжырыымдайды. Осының арқасында қабылдау
мақсатқа бағытталады. Мектепке келген балалардың
әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар
өздірінің зейінін негізінен өздеріне тікелей
қызықтығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен
ерекшеленетін нәрселерге аударады (ырықсыз зейін), мектеп
жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап баладан сол
кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және
мәліметтерді назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп
жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілерге зейінін
бағыттап, оны дәйекті ұстауды үйренеді. ІІ-ІІІ
кластарда көптеген оқушылар ырықты зейінді игереді, оны
мұғалім түсіндірген немесе кітапта бар кез келген
материалға көздей алады. Ырықты зейін, оны қандай да
бір міндетке алдын-ала ойластырып бағыттай білу – бастауыш мектеп
шағындағы маңызды жетістік.
Тәжірибе
көрсетіп отырғандай, танымдық әрекетті дамытуды
қалыптастыруда баланың іс-әрекетін сырттан жақсы
ұйымдастырудың, ол өз санасын басқара алатындай
үлгілерді пайдалана отырып хабарлау мен сыртқы
құралдарды көрсетудің зор маңызы бар. Мысалы,
фонетикалықталдауды мақсатқа бағыттап орындауда бірінші
класс оқушыларының картон белгілер сияқты
құралдарды пайдалану үлкен рольатқарады. Оларды
салудың дәл бірізділігі балалардың зейінін
ұйымдастырады, олардың күрделі, нәзік те
«ұшқыр» дыбысты материалмен жұмыс істегенде зейінін
шоғырландыруға көмектеседі. Баланың
өзін-өзі ұйымдастыруды алдымен үлкендердің,
әсіресе мұғалімнің жасаған және
бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесі. Зейінді
дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім
қойған мақсатқа жетуден өздері қойған
міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады. Бастауыш сынып
оқушысы көбінесе сырттай ашық және эмоциялы
оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте
сақтайды. Бірақ мектеп өмірі бастан-ақ балалардан
материалды еркін есте сқтауды талап етеді. Оқушылар күн
режимін, мінез-құлық ережелерін, үй тапсырмаларын
арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды өзінің
мінез-құлқына басшылыққа ала білуі немесе оларды
сабақта еске түсіре білуі керек. Балалар ең мнемикалық
міндеттерді ажырата алатын болады. Олардың біреуі материалды
дәлме-дел есте сақтауды, екіншісі оны тек өз сөзімен
айтып шығуды қарастырады және т.б. Бастауыш сынып
оқушыларының есте сақтауының табыстылығы
олардың мнемикалық міндеттердің сипатын түсінуіне, есте
сақтау мен еске түсірудің тиісті әдіс-тәсілдерін
меңгеруіне байланысты.
Арнайы
жұмыс жүргізу бастауыш сынып оқушыларының еске
түсіру әдістерін үйренуі үшін де қажет.
Бәрінен бұрын мұғалім материалдың жекелеген
мағыналық бірліктерін олар тұтас игергенше естіртіп немесе
ойша қайталап еске түсірудің мүмкіндіктерін
көрсетеді. Үлкен немесе күрделі текстердің жекелеген
бөліктерін еске түсіру уақыт бойынша белгіленуі мүмкін
(тексті түсіндірген соң дереу немесе белгілі бір уақыт
аралығынан соң қайталау). Осы жұмыс процесінде
мұғалім балаларға жоспарды пайдаланудың мтериалды еске
түсіру кезінде бағыт-бағдар алуға мүмкідік
беретін ерекше компас ретінде көрсетеді.
Жүйелі
оқу ісі балалардың қиялы сияқты маңызды
психологиялық қабілетті дамытуға көмектеседі. Бастауыш
мектеп оқушыларының мұғалімнен еститін және
кітаптан оқитын мәліметтерінің көпшілігі картиналар мен
схемаларды сөзбен бейнелеу түрінде болады. Оқушылар болмыс
бейнелерін әрдайым есте жаңғыртып тиіс (әңгіме
кейіркерлерінің мінез-құлқын, өткен
оқиғаларды, ландшафтарды, кеңістікте геометриялық
фигуралар қояды және т.б.). Бастауыш мектеп шағында
қайта жасау қиялы (өнімсіз) мектептегі барлық
сабақтарда, біріншіден, объектілерді жобалау жағадында сипатауда
тура көрсетілмеген, бірақ солардан заңды түрде
туындайтын анықтай және бейнелей білуді, екіншіден, кейбір
объектілердің, олардың қасиеттері мен күйлерінің
шарттылығын түсіне білуді (мысалы, берілген оқиға шын
мәнінде болған жоқ, бірақ оны шартты түрде егер
осылай…» қиялдауға болады, онда оның салдарында солайша шарты
түрде анықтау керек) қалыптастыру жолымен дамиды.
Бастауыш
мектеп оқушыларының қандай да бір заттардың шығу
және құрылу шарттарын көрсетуге тырысуы – олардың
творчестволық (өнімді) қиялы дамуының аса маңызды
психологиялық алғы шарты. Бастауыш мектеп оқушыларының
ойлауын дамытуда да екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен
І-ІІ кластардағы оқытуға тура келеді) олардың ойлау
әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың
ойлауын еске түсіреді. Оқу материалын талдау бұл жерде
көрнекі әсер ету жоспарында
басым болады. Бұнда балалар нақтылы заттарға немесе
оның дәл баламаларында, бейнелеулерге сүйенеді (иұндай
талдайды кейде практикалық әсіерлі немесе сезімді деп атайды). Бастауыш сынып оқушылары кейде
заттар мен жағдайларды олардың қандай да бір жек сыртқы
белгісі бойынша жиі бір жақты бағалайды. Балалардың ой
қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау
деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау логикалық
дәлелдер негізінде емес, пісірілудің қабылдаған
мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
Бұл
кезеңдегі балалар жасайтын жинақтау заттардың көзге
түсетін белгілерінің күшті қысымымен болады
(бұларға утилитарлық және функционалдық белгілер
жатады). Бұл сатыда туындайтын жинақтаулардың көпшілігі
заттар мен құбылыстардың бетінде жататын нақты
қабылданған белгілер мен қасиеттерді қамтиды
Оқу
жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен
жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға,
өз әрекетін қадағалауға (бақылауға),
бағалауға дағдыландырудың маңызы өте зор. Бастауыш
сынып оқушысының оқу әрекеті мазмұнына мыналар
кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми
заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді
шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін
меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді
және дағдыларды меңгеруі олардың оқу
әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.
Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Оқу
міндеттері (немесе тапсырмалар).
2. Оқу әрекеттері (баланың
қолданатын нақтылы практикалық және ой
тәсіл-амалдары).
3.
Бақылау (оқшылардың өзін-өзі
қадағалап, тексеріп отыруы).
4.
Бағалау (мұғалімнің және оқушының
өзіне-өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты
оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау-баланың
таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау
арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен
құбылыстардың арасындағы күрделі себептік
баланстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу
әрекеті арқылы іске асады. Ойлау-нақты сұрақтар
қоюда, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-белгілі міндетті,
теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге
бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі
қалыптаспайды. Балалардың дамуына ең алдымен, оқыту
мазмұнында ерекше орын алатын пән-ана тілі. Ана тілін үйрену-сөздерді
жаттау, олардың жүйесін, өзгерту заңдарды білу
ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз
көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу
үлгілерін ойлау жүйесін де меңгереді.
Оқушылардың танымы өзіне
тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс.
Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы
және ішкі күштер немесе себептер болады. Танымдық
әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық
белсенділігі дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген
ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше
көрінісі.
Жалпы, орта білім беру жүйесінің
іргетасы бастауышта білім беруден басталады, ол жалпы білім беру
жүйесінің алғашқы маңызды сатысы. Бастауыш
мектепте баланың оқу мен психикалық дамуының бастапқы
негіздері қалыптасады. Бастауыш білім беру арқылы оқушыларды
жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты
көзделеді. Оқушылардың білім дәрежесін көтеруде
пәнаралық байланыстың ықпалы зор екеніне көп
жылғы тәжірибемізде әлденеше рет көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Айтпаева А.К. Программа “Использование казахских
народных детских
2.
Ахметов С. Бастауыш кластардағы білім берудің тиімділігін
арттыру жолдары. - А.: Рауан, 2000. - 84 с.
3.
Әбілқасымова А.Е, Сарбасова Қ.А. Бастауыш мектептегі
математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы
материалдарын пайдалану. – А., 2000. -
21 бет.
4.
Битьянова М.Р., Азарова Т.В., Афанасьева Е.И., Васильева Н.Л. – Работа
психолога в начальной школе. – М.: Совершенство, 1998.
5.
Вопросы педагогической психодиагностики. – Таллин, 1986.
6.
Бодалев А.А.
Личность и общение. - М.: Педагогика, 1990. - 271 с.