ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТ
2.Развитие физической культуры и
спорта в современных условиях.
Магистр-оқытушы Ишанов А. М.
Орал мұнай, газ және
салалық технологиялар колледжі, Қазақстан
Бұқаралық спорт –
денсаулықтың кепілі
Ұлттың
саулығын басты орынға қоя отырып, елбасы дене мәдениеті
саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлерге үлкен
міндет жүктеді. Дені сау ұлттың болашағы жарқын,
келешегі кемел болатынын ескере отырып, спорттың бұқаралық
түрлерін дамытуға аса көңіл бөлуді тапсырды.
Шетелде бұқаралық
спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі
жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және
дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің
құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық
спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық
спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық
спортты дамыту үдерістерінің: бұқаралық спортты қолдауда
мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті
ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру,
бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда
пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың
алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда спортты пайдалану негізгі сипаттары болып
табылады [1].
Осыған орай бүгінгі
таңда еліміздегі мекемелер бұл бағытта жұмыстанып
келеді. Спорттық оқу орындарынан бөлек, кез келген жұмыс
және оқу мекемелері өздерінің құрылымдық
бағдарламасына аталмыш мәселеге орай іс-шаралар жоспарын енгізіп, өзіндік
қолдауын танытып жүр.
Бұқаралық
спорт – дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың
әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында
халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін
бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың
бір бөлігі[2].
Арнайы орта оқу
орындарының оқушылары мен қызметкерлері де бұқаралық
спортпен айналысып, өзінің дене мәдениетінің қалыптасуын
жалғастырып, дене жаттығуларына деген өз қызығушылықтарын
күннен-күнге арттыруда. Мәселен, біздің колледжіміздің
бұл бағыттағы жұмыстары кең өріс алып келеді.
Колледж оқытушылары (қызметкерлері) әр сәрсенбіде
белгіленген уақытта спорттың әр түрімен айналысу мүмкіндігіне
ие болды. Арнайы ашылған үстел теннисі залы, тернажер залы толық
құрал-жабдықтарымен жабдықталып, қолайлы жағдай
тудыруда. Оқытушылар арасында ұйымдастырылатын қалалық,
облыстық жарыстарда алдыңғы орындарда үнемі көрініп
жүрген колледж ұжымы бұқаралық спорттың
даму барысына өзіндік септігін тигізіп отыр. Өз белсенділіктерін
таныту арқылы колледждің спорттық базасын нығайтып, қаламыздағы
белсенді спорттық ұжымдар қатарына еніп отыр. Мұның
бәрі бұқаралық спортқа деген қызығушылықтан
туындауда.
Ендеше,
бүгінгі таңда бұқаралық спортты одан әрі
дамыту үшін, мынадай мәселелерді шешу жолдарын қарастыруымыз
керек:
- мекемелерді спорттық жабдықтау;
- қызметкерлер уақытымен
санасу;
- осы саладағы басқарушы
орындармен тығыз байланыс орнату;
- өзге де оқу орындарымен
жолдастық кездесулерді жиі ұйымдастырып отыру;
-
қызметкерлердің денсаулық мәселесін ескере
отырып, оңтайлы шешім қабылдау арқылы, емдік қасиеті
бар спорт түрлерімен айналысуды арттыру;
- спорттық шаралардың ұйымдастырылуына
жағдай тудыру;
Осы мәселерді шешу арқылы төмендегідей
нәтижелерге қол жеткізуге болады:
-
Колледж оқушылары мен қызметкерлерінің
денсаулығының кепілдігі;
-
Қызметкерлердің өзара байланысын нығайту;
-
Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты
арттыру;
-
Өзге де оқу орындары қызметкерлерімен тәжірибе
алмаса отырып, достық қатынас орнату;
-
Адамдардың жалпы дене мәдениетін дамыту;
-
Колледждің спорттық базасын жақсартып,
колледжді таныту;
-
Мемлекеттік органдармен байланыс;
-
Жекелеген қызметкерлердің спорттық мүмкіндіктерін
ескеру арқылы, оны одан әрі дамытуға ықпал ету;
Осылайша, бұқаралық
спорттың мәселелері мен оны шешу жолдарын қарастыра келіп,
келешекте аталмыш жағдайларды ескеріп, жұмыстана түсу керек.
Бұл тек бір ғана мекемеге ғана қатысты, немесе бір ғана
адамның мәселесі емес, тұтастай алғанда мемлекеттің әлемдік аренадағы
келбетіне әсер ететін игі мәдени шаралар жиынтығы. Сондықтан
елінің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар бұқаралық
спорттың өркен жаюына ат салысу керек.
Пайдалынылған әдебиет
1.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық
жоспары, Астана, 2012
2.
Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан
Республикасының Заңы 1999 жылғы 2 желтоқсан № 490-І,
Астана