Физическая культура и спорт/2.Развитие физической культуры и спорта

в современных условиях

 

Бөжиг Ж , Кулейменов А.Ж.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР  САЛТЫНА БАҒЫТТАУ

 

Салауатты өмір салтына қалыптастыруда және ұлттық ойындарға баулу оқушыларды негізгі маңыздылығ денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

         Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.

         Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. [1].

Салауатты өмір сүру салты арқылы оқушыларды ұлттық ойындарға яғни «арқан тарту»,« садақ ату»,« көкпар тарту».

Салауатты өмір сүру денсаулық зор байлық деген нақты айтылған  түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз . Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын .

Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 75 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз.

Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда. [2].

Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы « Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз –азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» - деп атап көрсетті.

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.

Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды,жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін,оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат,міндеттердің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,

Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады. [3].

Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан,балабақшадан бастап,одан кейін мектептерде жалғастыруымыз керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бәсекеге қабілетті елдің болашақ тұлғаларының бойынан табылатын ізгі қасиеттер:

1. Салауатты өмір сүру салты оқушылардың бойында ұлттық рух,ұлттық ойындардың мағанасын дұрыс қалыптасуына ықпал ету.

Онда жоғарыда аталған спорттық шаралар үнемі өткізіліп тұрса,салауатты

өмір салтының қалыптасуына септігін тигізер еді.

2.Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, болашақ тұлғаны тәрбиелеу бағытындағы тәжірибемді әріптестерім өз жұмыстарында қолдана білсе.

3.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп жасындағы оқушыларға арналған үйірмелер ашылса.

4.Барлық мектепте оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі акциялар мен қоғамдық жұмыстар жиі ұйымдастырылса.

Әдеп – ғұрып, салт – сана, дәстүр ұлтты басқалардан дараландырып, ерекшелендіріп көрсететін құбылыс, осы қасиеттер балаға жастайынан берілетін болса ұлттық тәрбиенің сапалы болуына әсер етеді.Адамның бала кезінде ойнаған ойындары өмір бойы ұмытылмай сақталып қалуы және жасы ұлғайған сайын аңсауы ойын әсерінің күштілігінің белгісі. [4].

Ұлттық ойындарды арқылы салауатты өмір салтына баулу мүмкіншілігі жоғары бағалауға болады және тәрбиелік әсерінің төмендегідей бағыттарын басшылыққа алып қарастырдық:

§                   қазақтың ұлттық ойындары – халық мәдениетінің бір тармағы ретінде,

§                   ұлттық ойындар негізінде оқушының денесін шынықтыру және болашақ еңбек дағдыларына қажетті дене қозғалыстарына баулу,

§                   халық ойындары арқылы оқушыларды жерін, елін сүйетін патриоттыққа тәрбиелеу,

§                   ұлттық ойындар салауатты өмір салтына қалыптастырады  және көптеген оқу құралдары арқылы ізденуге болады.

Ойынның ұлттық деп атауының астарында түрлі мағына жатыр. Олай болатыны ұлт ойындары әртүрлі ерекшелігін даралап көрсететін ұлтқа тән қасиеттерді ашып айтып көрсете алатындығымен ерекшеленеді. Екіншіден, ұлттық ойындар, ұлттық әдет-ғұрыптарды салт-сананы, дәстүрді өз ойына жақсы сіңірген, сол арқылы жас ұрпақ ана сүтімен ұлтқа тән қасиеттерді ойын барысында еркін меңгеріп бойына жастайынан дамытуға мүмкіншілік алады.

 

Әдебиеттер:

1.                 М.Б.Сапарбаев. Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тарихы.

2.                 Э.Тлеулов. Дене тәрбиесі. Спорт ілімі мен әдістемесі. Алматы 1994ж.

3.                 Б.Төтанаев. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы.

4. Е. Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Рауан» 1991  жыл

5. Ә. Бүркітбаев. Қазақтың ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні. Оқу құралы.-Алматы: Қазақстан, 1985.