Жантугулов
Т.Ж.
Қазақстан Республикасы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экструдирленген азық ауыл шаруашылық
жануарларын, құстарды және т.б. азықтандыру үшін
қолданылатын, дәстүрлі, ұнтақталған
азық қоспаларымен салыстыру бойынша басымдықтарға ие.
Экструдирлеу бірнеше үрдістерді қамтиды: 40 атмосфералық
қысымға дейінгі қысыммен температуралық
өңдеу; өнімді механика-химиялық формасын өзгертуі
және нығыздаушы-экструдердің қалыптамасынан
түйіршік түрінде шығу кезінде өнімнің «жарылуы».
Экструзиялық өңдеуден кейін азықтың
тұтынушылық қасиеттері жақсарады, себебі
әртүрлі хош иісті заттектер түзіледі, ас қорытуды
жақсартатын ферменттердің қарқындылығы
айтарлықтай өседі. Крахмал декстриндер мен қанттарға
ыдырайды, протеиндер денатурацияға ұшырайды. Экструзия үрдісі
жоғары температурада (130-150 гр. С) өтетіндіктен,
уыттардың және басқа нәрлі заттектердің
мөлшері айтарлықтай кемиді. Азыққа осындай әсер
ету кезінде жоғары температура мен қысым қажетті ең аз
мөлшерге дейін кемітіледі және
4-6 сек құрайды. Мұндай қысқа
уақытта дәрумендер мен микроэлементтер бұзылмайды.
Астықты экструзиялау үрдісі жұмыс
органында қысым мен температура арқасында қоспаларды
өңдеуде түйінделеді. Шығу-қалыптама
құрылғысынан –диаметрі 4-8 мм және ұзындығы
1-3 см (ФОТО), ылғалдылығы 5-7 % түйіршіктер шығады.
Түйіршіктер азықтандыруға дайын болып табылады. Қажет
кезде түйіршіктерді жармаға мысалы азыққа
арналған ұсақ құстарды, балықтардың
сүйектерін және т.б. дискті ұнтақтағышта
ұнтақтайды. Технологияның бірегейлігі өндіру кезінде,
мысалы, мәре алдындағы азықтарды өндіру кезінде
түйіршіктеу үрдісі болмайды.
Өңделетін азыққа әсер етуінің
көрнекілігі үшін құрғақ заттектің %-нан
экструдирлеуге дейін және кейін негізгі астық ингредиенттерінің көмірсулы құрамының
салыстырмалы сипаттамасын жүргіземіз.
Зерттеу мәліметтерінен көріп
отырғанымыздай, экструзиялық өңдеуден кейін
азықтардың нәрлі құңдылығы шын
мәнінде екі есеге артады. Астық қоспаларын экструзиялық
өңдеу кезінде, жануардың асқазанының
жұмысының жартысы экструдермен орындалады және сәйкесінше
азықтың энергиясы тұтастай жануардың организмінің
құрылысына кетеді. Бұл, әлбетте, экономикаға
әсер етеді, әсіресе,егер шаруашылық азық
жетіспеушілігіне көріп отырса. Ауылшаруашылық жануарларын
өсірудің экономикалық нәтижесі жақсаруда.
Экструдирленген азық ауылшаруашылық жануарларының
төлдерін өсіруде ауыстыруға келмейтіні шүбәсіз. Кез
келген зоотехник, төлдердің өлімінің 90%-ы
ішек-қарын ауруларынан,не азықпен бірге ас қорыту
жүйесі арқылы енгізілген инфекциялардан болатынын нақтылайды. Біздің
жағдайымызда мұндайдың болуы, азық таза
болғандықтан, өте аз деңгейде. Төлдерді экструданттармен
(стренгалармен) азықтандыруда жануарлардың ішекті асқазан
ауруларынан өлуі 1,5-2 есеге төмендейді. Бірақ ары қарай қатқыл азыққа
көшкенде ішекті бұзылулардан азап шекпеген жас жануар өсуде
өзінің тетелестерін
айтарлықтай басып озады.
Жануарларды әсіресе торайларды, бақылауда азықтандыру
кезінде, ақырдан төсемеге өзінің өкшесімен
қанша құрама азық салатынын мамандар жақсы
біледі, ал бұл жалпы азықтың 10-15%-ы. Экструдирленген
түйіршіктермен азықтандыру кезінде, жануарлар азыққа
көмілмей, ақырдың үстінен алып жейтіндіктен
мұндай болмайды.
Экструдирленген
азықтарды тарату кезінде жайдың шаңдануы төмендейді, ал
бұл тазалық және зарарсыздық. Азықтың
сақталушылығы артады. Азық қоспаларын өзіндік
іріктеу салдары болмайды. Технологиялық жабдықтардың
қызмет ету мерзімі ұзарады. Ал мұның бәрі
қаржыны үнемдеу. Экструдант жақсы сіңіргіштік қасиетке ие, сондықтан
ол асқазанды-ішек бұзылуларында профилактикалық
әрекетке ие.
БАЛЫҚТЫҢ экструдирленген
түйіршіктерімен азықтандыру кезінде азықтың желінуі 100%-ға жетеді. Себебі,
түйіршіктердің тек қысумен ғана,
сығымдалмағанында. Қалыптамадан өнімнің
шығуы кезінде қысымның лезде тасталуы және
температураның төмендеуі жүреді. Түйіршік «суиды»
және цилиндрлі қалыпты, жеңіл, көбіктелген,
құрылымды, кеуекті масса пайда болады. Суды енгізу кезінде
экструдирленген түйіршік ыдырамайды, суда кейбір желе тәрізді
түйірлер түзе отырып ісінеді. Бұл уақыт
балықтың толық желінуі үшін жеткілікті. Қарапайым
сығымдалған түйіршік тез уақыт ішінде ұсақ
бөліктерге ыдырайды және суаттың түбіне тұнады.