Төлеген Зухра
Дамирқызы
Қызылорда көпсалалы
гуманитарлық - техникалық
колледжі, Қазақстан
Экологиялық зардап экологиялық
сауатсықтықтан туындайды
Бүгінгі таңда адамзат алыдындағы аса
күрделі экологиялық мәселе – биосфера тіршілігін
тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
және қорғау мәселесін қойып отыр. Бұл
мәселенің тууына адамдардың қолымен жасалған
экологиялық сауатсыз іс-әрекеттердің нәтижесі себеп.
Яғни антропогендік ланшафтардың пайда болуы.
Антропогендік ландшафт –
табиғат комплекстеріне адам баласының тікелей немесе жанама
әсер етуіне байланысты
өзгерген жерлер. Мәселен, кесілген ормандардың орнында
жайылымдардың пайда болуы. Кейде мұндац антропогендік ландшафтар
қайта қалпына келуі мүмкін. Ал адам баласы ландшафтарды
сауатсыз пайдаланған кезде олар дегредацияға ұшырап,
тақырлар мен шөлдерге айналып кетеді. Ғылыми деректер бойынша
жер шарындағы Сахара, Гоби, Такла-Макан, Қазақстандағы
Арал, Семей, Байқоңыр, Балқаш, Каспий, Орта Азиядағы кейбір
ірі құм экожүйелері антропогендік ықпалдың
тікелей немесе жанам әсерінің нәтижесі екені
дәлелденген.
Табиғатқа аса ірі өзгеріс енгізуге себеп
болған қуатты өндірістің дамуы. Өндірістің
дамуы шаруашылық мақсаттарға алуан түрлі табиғи
қорды пайдалануды қажет етті. Өндірістің дамуы
табиғи қорлардың азаюына қосымша қоршаған
ортаның ластануы сияқты мәселе ала келді. Өндірістен
шығатын керексіз заттармен алдымен топырақ, ауа, су қоймалары
ластанады. Бұл ластану топырақты құнарсыздандырып,
өсімдіктерге, жануарларған жағымсыз әсер етеді.
Адам өзінің іс-әрекеті арқылы
табиғатта ұзық уақыттар аралығында бір-біріне
байланысты үйлесімді жүріп отыратын заңдылықтарға
әсер етіп, кейде олардың бұзылуына жағдай жасайды.
Ормандардың бейберекет қырқылуы, жерді қалай болса
солай пайдалануы қырғын соғыс зардаптары табиғатты
талан-таражға салуда. Табиғат заңдылықтарын
мұқият зерттеп білмеудің нәтижесінде табиғатта
болатын тіршлііктің тепе-теңдігі бұзылып, оның
өзі адамның күнделікті тіршілігіне қауіп
төндірді. Халық санының артуы, өнеркәсіп пен
шаруашылығының дамуы, ғылым мен техниканың
өркендеуі аз уақыт ішінде биосферада елеулі
өзгерістірдің болуына мүмкіндік туғызады.
райының ауытқуына
әсер етеді.
Адамның шарушылық әрекеті –
табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам
еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы
ортаға бейімделуімен қатар, оны өзгертеді де.
Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-біріне
тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе,
басқалардың да өзгеруіне әкелетіні түсінікті. Сондықтан
табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын
да ескеруі қажет.
Экологиялық сауатсыздықты жойып, қауіп пен
қатерлерді болдырмау үшін экологиялық білім мен тәрбие.
Табиғат – ананы аялау, жер қойнауындағы табиғи
байлықтарды тиімді пайдалану, зиян келтірмеу сияқты
экологиялық мәдениет қажет.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
кодексіне адамдардың денсаулығына келетін зиянды өтеу
тәжірибесі жетілмеген.
Оның себебі: бірінші,
экологиялық мәселелердің көтерілуі осы салада
тоқырау басталған өткен ғасырдың70-жылдары
ғана басталуы.
Екінші, бұл саладағы
зиянның өлшенуі және дәлелденунің
қиындығы. Қияннан бастаталатын себебі экологиялық зиян
көзі біреу емес, бірнеше болуы мүмкін. Мәселен, көмірқышқыл
газ, көмірсутегі, күкірт оксиді, азот оксиді, сынап,
қорғасын т.с.с. көптеген кәсіпорындардың
қалдықтарында кездеседі. Оның үстіне ол
қалдықтар ұзақта орналасқан жерде
тұратындарың денсаулығына әсер етуі мүмкін,
кеселдің содан болғанын дәлелдеу қиын. Еш
кәсіпорын ақшасын оп-оңай бере салғысы келмейді. Кейбір
зияны әсері организмге жаңа аурулар әкеліп, аллергия,
жүрек кеселдері, өкпе ауруы, рак, психиканың бұзылуы
секілді ауруларды қоздыруы мүмкін.
Осы себептерді
анықтауға медициналық сараптама керек. Сараптама
қорытындысы шешім қабылдауға негіз болады. Бірақ,
өкінішке орай мұндай сараптама жасаудың бекітілген
біріңғай әдістемесі жоқ және нақты да
тиянақты сараптама жасауға медициналық мекемелер дайын емес.
Үшіншіден, азаматтар
мұндай құқықтары бар екенін біле бермейді
және оның өз пайдасына шешілетініне сенбейді, содан барып
адам денсаулығына келтіретін зиянды өндіретін сот тәжірибесі
жетілуі қиындайды.
Өз қолымызбен істелген іс-әрекеттер
өзімізге кері қайтатынын есімізге сала жүріп
экологиялық дағадысты тежеуге ат салысайық адамзат.
Қазақ
халқында халықтық
табиғат қорғау дәстүрі ертеден бері
сақталған. «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын
тап»деген халық мақалын есте ұстаған ата-бабамыз
күздеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға
көшіп, қонысын ауыстырып отырған. Мұның түбірі жердің шөбін
қалпында сақтап, қорын азайтпауда жатыр. Қорқыт
бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып, «у
шығып кетеді» деп бәйек болуы, Асан қайғының
халқына жайлы қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл жерді кезуі тегін
емес қой. Қазақта «үш сауап» деген бар. Ол не?
Үлкендер айтатын тыйым сөздер де бар,
«құдыққа түкірме», «жалғыз ағашты
кеспе», «құстың ұясын бұзба», «малды теппе», т.б.
Бұның табиғатты қорғау екенін түсінеміз.
Дағдарыстың
алдын-алып экологиялық сауатсыздықты жоя отырып
болашаққы оң көз қараспен қарайық.
Барлық нәрсе адамзат
қолымен өзгереді. Табиғат иесі адамзат.
Жер ананы аялайық,
өзімізді ардақтайық ағайын !
Пайдаланылған әдебиет
1.
Ғ.Сағымбаев, Е.Мамбетғазиева. «Табиғатты
қорғау» Алматы, Қайнар, 1950.
2.
Ж.Шілдебаев «Қызықты экология». Алматы, 2000.
3.
Ж.Жатқанбаев. «Эколоия және биосфера негіздері». Алматы, 2001.
4.
Т.Төлендиев. «Ауасы кең, су бал, жері майса».