Оразымбетова Т.Д., Төлеген З.Д.
Қызылорда көпсалалы
гуманитарлық - техникалық
колледжі, Қазақстан
Таза болса
табиғат – аман болар адамзат
Ата-бабаларымыз бала бойында
сәбилік шақтан бастап қоршаған ортаға,
табиғатқа деген көзқарас, құрмет сезімін
қалыптастырып отырған. Қоршаған тіршілік ортасын ата –
бабаларымыз біздерге сан ғасырлар бойы бүлдірмей, ластамай,
көркейтіп жеткізді.
Сондықтан экологиялық
тәрбие беру отбасынан, балабақшадан басталып, мектепте, колледжде
жалғасын табуы тиіс.
Еліміздің Білім беру
заңында: «Бала тәрбиесіндегі басты міндет – жаратылыстану
және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық
және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру
арқылы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру
үрдісін жетілдіріп, жүзеге асыру» деп көрсетілген
Ата-бабаларымыз табиғатқа
жасалған қастандықты обал деп, ал оны аялап, баптауға
арналған істі сауап деп түсіндіру арқылы табиғатты
бізге бүлдірмей сақтап жеткізді.
Ал сол әсем табиғаттың
ажары мен тепе – теңдігін сақтау, байыптау біздің өз
қолымызда.
Бүгінде тек тәуелсіз
Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында
экологиялық апат тұр.
Экологиялық апатты жерлердің
көбеюі, жер бетінде өмір сүруге қажетті
аймақтардың азаюына әсер етуде.
Осының барлығына да
кінәлі адамзат.
Барлығыда адам қолымен жасалған істер
Адамға абырой әперетін
үш іс бар: құмда қазылған құдық,
өзенге салынған көпір, жол жағасына
отырғызылған саялы ағаш.
Осы
маңызды сабақтың ұраны ретінде пайдалануға болды.
ХХІ ғасырдағы
қоғам толық адамдар тобымен
емес іскер, рухани дүниесі бай, бойына ата-бабамыздың
ізгілігі, имандылығы сіңген, дүние танымы, білімі мен
біліктілігі жоғары тұлғалардан тұруға тиіс.
Бәрімізге белгілі
қоршаған ландшафт біздің психоэмоционалдық
қауіпсіздігімізге
әртүрлі әсер етеді.
Табиғаттың әсем
келбеті адамның өмір тонусын ұстап, жүйке жүйесін
тыныштандырады.
Қалалардың
өсуіне байланысты әртүрлі факторлар адамға оның
денсаулығына әсер етеді
Адамның қандай
ортада өмір сүруі,
оның тұрғын үйіндегі биіктігі, жұмыс орнына адам
қалай жетеді, ол күнделікті кіммен қарым-қатынас
жасайды, қоршаған аламдардың бір-біріне қатынасы,
көңіл-күйі еңбекке қабілеттілігі, жалпы
өмірі осы аталған жайттарға байланысты.
Сондықтан – қала адам денсаулығына зиян келтірмейтін
биогеоценоз болуы керек.
Ол
үшін көптеген қала мәселелерін шешу керек.
Қалаға санитарлық бағытта қолайсыз
өндірістерді қаладан тыс шығарып, тазалықты
сақтаған жөн.
Бүгінгі таңда сапалы,
білімді денсаулығы мықты, жасыл желек ортасында өмір
сүріп еліміздің ертеңіне жауап берер ұрпақ
болғандықтан табиғатты аялауды үйренейік.
Өлі табиғат – табиғаттың аса
күрделі бір бөлігі. Ол – тірі табиғаттың тірегі,
өмір негізі. Ерте ме, кеш пе, тіршілігін жойғандары сол
табиғатқа айналады. Бұл - өмір заңы.
Табиғатты, табиғат
қорғау ғылымын мүлдем ұмытып, экология деп шулап
жүріп, табиғатқа, адам өміріне қалайшы пайдасын
тигізетіндері мүлдем түсініксіз.
Әлемдік ғалымдар саласында әлдеқашан
қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат
қорғау ғылымдары бар. Олар бірімен-бір тығыз
байланысты. Бірақ та біреуінің атқаратын міндетін екіншісі
толық атқара алмайды. Олардың әрқайсының
өзіндік белгілі орны бар. Ғылымға «экология» терминін
алғаш рет 1866 жылы, ұлты неміс австриялық биолог-ғалым
Эрнст Геккель енгізген. Ол биология ғылымында көп салалы зерттеулер
жүргізген. Э.Геккель, «экология» деп – тіршіліктің әрбір
түрінің немесе ағзаның оның қоршаған
табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласын
айтқан. Ол экология ғылымын
биология ғылым саласына жатқызып, экология ғылымына
байланысты ғылыми ізденіспен айналысатын ғалымдар мен практиктерді
(мамандарды) – экологтар деп атаған.
Өкінішке орай, кейінгі кезде экологиялық
проблеманы зерттемекші болып жүрген ғалымдар экология ғылымының толық
мән-мағынасын түсінбей, оны
жайындағы ғылымдардың толық
мән-мағынасын, байланысын түсінбегендіктен, олар өмірге
әлемдік экология, адам экологиясы, әлеуметтік экология,
өндірістік экология, дәрігерлік экология, экологиялық
мәдениет, экологиялық тәрбие, тағы сол сияқты
мән-мағынасыз сөз тізбектерін енгізіп, экология ғылымын
бос сөзге айналдырып жібереді. Осы тұрғыдан «экология»
сөзін кез келген жерге қыстырмалап жүргендер, оны
ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, дәлелдеп,
өмірде пайдасын тигізетін дәрежеге жеткізіп, күнделікті істе
қолдана ала ма, жоқ па? Осы айтқан талапты орындай алса,
дұрыс болар еді. Ал бұл талап орындалмай, экология сөзі
әр жерде бос сөз қалпында қалса, ғылымға
орны толмас зиян келтірмек.
Біз экология ғылымына
қарсы емеспіз. Керісінше, экология ғылымының табиғат
қорғау жайындағы ғылымының негізі екені
жақсы түсінеміз. Табиғат қорғау ғылымы экология
ғылымының жетістіктеріне сүйенбей, өзінің
ғылыми мақсаттарын шеше алмайтынын жақсы білеміз.
Біздің айтып отырғанымыз – экология ғылымының
мақсатын дұрыс түсіну керектігі ғана...
Экология ғылымын қай
жағынан алып қарасаңыз да, оның биология
ғылымының құрамды бөлігі екені ап-айқын
көрініп тұр.
Енді біз табиғат
қорғау ғылымына анықтама беретін болсақ, ол –
адам баласы өз қажеті үшін
табиғаттың әртүрлі қорларын ұқыптың
игілігі үшін сақтап қалу жолдарын үйрететін
ғылым. Экология ғылымы – табиғат қорғау
ғылымының негізі, бастау бұлағы. Табиғат
қорғау ғылымының, оның қағидаларын,
заңдарын табиғатты өмірлік қажетімізге пайдалануда
міндетті түрде орындау – мәңгілік, баянды өмір
сүру негізі.
Пайдаланылған
әдебиет:
1.
Ғ.Сағымбаев, Е.Мамбетғазиева. «Табиғатты
қорғау» Алматы, Қайнар, 1950.
2.
Ж.Шілдебаев «Қызықты экология». Алматы, 2000.
3.
Ж.Жатқанбаев. «Эколоия және биосфера негіздері». Алматы, 2001.
4.
Т.Төлендиев. «Ауасы кең, су бал, жері майса».