Экономические науки/региональная экономика

Орунбаева Ж. Н.

Ақтау, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, «Экономика және құқық» институты,  «Экономика» мамандығының 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к.проф Аманиязова Г.Д. 

 

Алматы төңірегіндегі табиғи ландшафтардың

Қазақстан туризміндегі орны.

 

Бүгінгі  күні  туристік  қозғалыстар  кең  өріс  алып, дүниежүзілік шаруашылықтың  аса  маңызды  бір  саласына  айналды.  Кейбір мемлекеттерде,  туризм – экономикалық  тұрғыда  басты  роль  атқарады да, ол  өздігінен  экономиканың  бір  саласы  болып  саналады.

 Туризмнің  дамып  кең  өрістеуінің  негізгі  факторлары  мемлекеттің  табиғи  ерекшеліктеріменен,  даму  деңгейінің  мүмкіншіліктері.  Әрине,  кейбір  мемлекеттерде  туризм  жоғары  деңгейде  дамыған  болса,  басқа  мемлекеттерде  енді ғана  даму  жолында.  Біздің  мемлекетімізде  де  халықаралық  туризм  жаңадан  дамуда .Ал  туризмді  дамытудың  маңызы зор. 

Алматы туризміндегі елеулі орын алатын туристік экскурсиялық нысандарға тоқталатын болсақ олар негізінен төмендегілер.

ШАРЫН КАНЬОНЫ.

Қызғылт жартастар аңғары тастар сауал көп. Америкадағы өн бойы каньондарға толы Колорадо өзенi де испан тiлiнде қызыл деген мағынаны бiлдiредi. Бәлкiм, Қызғылт жарқабақтардан туындаған шығар. Сол Колорадоның Үлкен каньоны алғаш рет еуропалықтардан 1540 жылы испан конкистадоры Кортестiң отрядынан офицер Коронадо көредi. Жарқабақтан каньондардың тым терендiгi, табанына көз салған испандықтар мұнарға бөккен аңғардан жүректерi шайлықты ма төменге түспей Мексикаға керi қайтқан. Араға екi ғасыр салып мұхиттың ар жағынан келген францискандық монах Гарсос ат басын тiреген. Тек одан жүз жыл кейiн ғана, 1869 жылы майор Пауэлл жетекшiлiк еткен экспедиция Үлкен каньоннан қайықпен өтiп, оның алғаш ғылыми сипаттамасын жасады. Картасыз, бұрылыс, арнасы белгiсiз колорадоны Пауэлл мен оның жаужүрек серiктерi Калифорния шығанағына дейiн жүзiп өттi.«Алғашқы түйсiнерiңiз – көрген түстей. Қорқынышты көлемдегi ойылым! Ойылымның арғы бетi қалың ауа қалтарысынан көрiнер, содан да жеңiл мұнартқандай, бiр қалыпты көгiлдiр толқын. Жағадағы адамды аңғару да қиын. Көп қабатты үйдiң өзi сiрiңке қорабындай ғана болып бiлiнер едi. Ал тереңдiгi… Каньонның табаны көрiнбейдi. Останкино мұнарасы бұл ойықта елеусiздеу ағараңдаған инедей байқалар. Бұндай жыраны бүкiл әлем бiрiге кiрiскенiмен адам қолы қаза алмас. Бұл ғажайыпты тек табиғат қана жасайды. [1]

КӨЛСАЙ. Райымбек ауданының территориясындағы Саты елді мекенінен 7 шақырым қашықтықта тау аралық шатқалда орналасқан. Көл жан-жағынан биік тау сілемдерімен қоршалған. Әсем ландшафтымен көрікті. Бұл аймақта арасы 7 шақырымнан үш көл орналасқан: 1-ші Көлсай көлі — теңіз деңгейінен 1200-1300 м биіктікте орналасқан.1-ші Көлсай арқылы Ыстықкөлге өтетін туристік  маршруттар бар. Мұнда туристерді қабылдайтын коттедждер көл жағалауында, арнайы киіз үйлер, тамақ пісіретін, балық аулайтын орын және қайық тұрақтарымен жабдықталған.

2-ші Көлсай көлі – 1-ші көлден 5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 1700-1800 м биіктікте, ұзындығы 500-600 м, ені 120-170 м-ге жуық. Өзінің табиғи көркем көрінісі туристердің мұнда келуіне үлкен ықпал жасайды. Мұнда туристік саяхаттарды ұйымдастыратын ұйым және стационарлы палаталы туристік мекеме жүмыс істейді.

3-ші Көлсай көлі - теңіз деңгейінен 2300-2350 м биіктікте  орналасып, орманзонасының арша зонасымен түйіскен тұсындағы табиғи туристік комплексті құрайды.Көлсайкөлін  Солтүстік Тянь-Шань меруерті деп атайды. Тік, баурайлары шыршаға тұнған үш биік таулы көлдер Күнгей Алатау шыңының сілемдерінде орналасқан. Әр көлдің өзінің қайталанбас келбеті бар. Таза көгілдір суда – кемпірқосақ  бақтағы бар. Бұл жаяу жүргінші , жылқыға мініп және тау велосипедімен  жорыққа шығушы  үшін  керемет орын.

АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғи байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы қүрылған мемлекеттік қорық. Алматы қорығы жануарлар дүниесіне де бай. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған. Ғалымдар орманның қалыптасу заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықты көп жылдан бері "табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы мемлекеттік қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған.

АЛМА АРАСАН. Бальнеологиялық курорты Іле Алатауының көркем табиғатты алқабында теңіз деңгейінен 1800-1852 м биіктікте. Алматыдан 26 км. 1931 жылы ұйымдастырылады. Емге пайдаланатын шипалы суында радон, сульфат, карбонат, натрий қосылыстарының әлсіз минералданған ерітінділері бар. "Алма арасан" курортында нерв жүйесі, буын зақымдары, тері аурулары және әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. "Алма арасанда" арнаулы булау, әртүрлі лабораториялар мен емдеу бөлімдері, емдік: физкультура кабинеттері бар.[2]

АЛМАТЫ ЗАКАЗНИК.Іле Алатауы аймағындағы табиғи ландшафтыларды және тым азайып немесе мүлдем құрып кету қаупі төнген жануарлармен өсімдіктерді қорғау үшін құрылған. 1953 жылы ұйымдастырылған. Алматы заказник бөлінген жер 234 мың га. Батысында Ақсай өзені, шығысында Шелек, Кербұлақ өзендерін, солтүстікте Ақсай, Алматы, Түрген, Шелек тас жолымен шектеседі. Оңтүстікте Шелекке құятын Қүрметі өзенінің сағасына дейін созылады.

БЕСШАТЫР.Бесшатыр қорғаны  біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген көне сақ тайпаларының  бас ұрар  орны болған. Осы 2 шаршы  км жерде 18 хан қорғандары орналасқан , олардың шамамен  диаметрі 9 м және биіктігі 2,5 м. Қорған астында Тянь-Шань шыршасының   бөренелерінен  зираттар салынған. Бұл ежелгі көшпенділердің  ескерткіштері Жетісуда, Ілес өзенінің бастауында орналасқан. Хан қорғандарынан бастысқа қарай солтүстіктен оңтүстікке қарай жануарлар суреттері ойылып салынған 45 тас плиталар бар. Ғалымдар бұл жерді мазараттың рәсімдер бөлігі болған деседі.

ӘНШІ ҚҰМ. Әнші құм Іле өзеніні аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, адам кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы, көбіне, түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі.

"АЛТЫНЕМЕЛ" ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ  БАҒЫ. Алматы облысының Кербұлақ ауданының аумағында 1996 жылы ұйымдастырылған ұлттық  бақ. Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Ауданы 460 мың га. Оның құрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткіштерінің бірі "Әнші құм" (жергілікті Тұрғындар "Айқай құм" деп атайды) енеді. 3 ландшафты — таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады.Жоңғар Алатауы шыңдарының батыс сілемдерінде Қазақстанның ең ірі қорығы Алтын  Емел Ұлттық Паркі орналасқан. Бұл жерде  Ақтау түрлі түсті тауының түрімен , Қатутау құм тауының  қайталанбас  түрлерінен  ләззат алуға болады.

МЫҢБҰЛАҚ (Шоқан бастауыда). "Әнші құмнан" күн-шығысқа жылжығанда топ-топ болып ұйыса өскен ағаштар көзге бірден шалынады. Бұл Мыңбұлақ өңірі деп аталады. Өмір нәрі болған сол су бойларында тораңғы деген ағаш өседі. Бұл да табиғат-ананың берген теңдессіз сыйының бірі. Өйткені, тораңғы Алтынемел өңірінде және Америка құрлығында ғана өсетіндігі расталған. Сондай-ақ, Мыңбұлақты бойлай ұлттық паркте жиде, қара сексеуіл секілді сирек кездесетін ағаштар өседі. Сонымен, 1858 жылы қазақтың тұңғыш этнограф-ғылымы Шоқан Уалиханов  Қашқарияға барған сапарында бір түнеп, суын ішкен бастауға ат басын тіреуге болады. Ен даладағы ойық іспетті бұлақтың ауқымы кең  .  Бұлақ басындағы ағаштар арасында кішігірім шатыр тігуге де әбден болады, ыңғайлы. Ал, суының дәмі бөлектеу. Түщы болғанымен тойымды. "Мыңбұлақ" аталуы да осы сансыз бастаулармен қайнарлардың көптігіне байланысты қойылған.[3]

ҚЫЗЫЛАУЫЗ. Бұл үңгір сияқты кірер екі аузы ғана қып-қызыл тастардан түзілген, қалған жері қара тас "Қызылауыз" аты да осы тастарға байланысты қойылған. Осы тастар "Қызылауыз" атты әдемі демалыс үйінің кірер есігінде әшекейленген. Бұл демалыс үйін кезінде қазақтың біртуар перзенттерінің бірі Д.А. Қонаев атамыз салдырған. Демалыс үй, ат басын бұрған туристерге сан алуан мағлұматтар берері анық.

ҚОРАМ ЖОТАСЫ. Қорам деген батыр болған. Қорам батыр 1831 жылы Шелектің оңтүстігіндегі Жуантөбеде дүниеге келген. Қорам жотасының негізгі бұлай аталуы Қорам батыр өзінің атасы қайтыс болғаннан кейін атасы Сатанға күмбез орнатқан. Бұл күмбез ел арасында "Қорам орнатқан қорған" деген атқа ие жылдар өткен сайын бұның орны тек жота секілді болып қалған. Соған байланысты "Қорам жотасы" деп аталады.  Бұл кісі Шарын өзенінің жағасындағы Сарықамыс деген жерде қайтыс болған. Осы кісінің атына қазір ауыл және мектеп бар, яғни осы Қорам батырдың атымен аталады. Қорам атындағы мектеп туристік өлкетану бағытында ғылыми жүмыстар ұйымдастырлып жүр.

НАЙЗАТАПҚАН. Бұл үлкен таудың бір сілемінде орналасқан арасанның атауы. Осы арасаннан негіздеуі бабаларымыздың қару жарақтары табылған. Жалпы Жетісу өлкесінде көлдер де көп. Мысалы Алакөл, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл, Жалаңашкөл т.б. Осылардың ішіндегі ірісі Алакөл. Бұл көлді айнала таулар қоршап жатыр. Жабық, Тоқжайлау, Текелі, Шыбынды, Сайқан, Тоқта, Барлық таулары. Бұл аймақ өзінің жануарлар дүниесінің ерекшелігімен туристерді қызықтырады. Сонымен қоса ең ірі көл ретінде Балқаш көлін айтуға болады. [4]

Алматы облысы экскурсиялық объектілерге бай болғандықтан оларды сипатына қарай жіктедік, олардың негізгілеріне  жеке  шолу жасай отырып, әр қайсысының өзіне тән асыл қасиеттеріне тоқталдық. Ата-бабаларымыз мұра қылып қалдырған орасан мәдениет пен өнер туындылары тарихи ескерткіштеріне  шолу бердік.Осы аталған тарихи, табиғи, археологиялық ескерткіштер Алматы облысының туризмімен қоса Қазақстанның дүниежүзілік  туризмдегі дамуына ерекше үлес қосады .

Сонымен  қатар,  айта  кететін  бір  жайт,  Алматы  қаласында  маманданған  туризм  түрін,  танымдық  туризмді,  альпинизмді  ұйымдастыруға  болады.Қалада  халықаралық  маңызы  бар  симпозюмдар,  конференциялар,  кездесулер  өткізу  қажет.  Сол  арқылы  Алматыға  келетін  туристер  санын  көбейтуге  болады.Алматы  қаласындағы  туризмнің  бүгінгі  жағдайы,  оның  келеңсіз  жақтары  және  болашақтағы  даму  мүмкіншілігі  айтылған.Әрине,  бүгінгі  уақытта  туризмді  халықаралық  деңгейде  дамытуға  біраз  нәрсе  қажет.  Айтатын  болсақ,  бірінші  қаражат  мәселесі,  одан  келе  мамандар  мәселесі,  жаңа  туристік  инфрақұрылымдар  мәселесі  және  тағысын  тағылар.Сондай – ақ,  бұл  бөлімде  туризмді  дамыту  жолдары,  ұсыныстар  берілген.  Оның  ішінде  « Жібек  жолының»  Алматы  туризмін  дамытудағы  рөлі,  Ұлттық – этнографиялық  орталық  құрудың  қажеттігі  және  т.б.  Мұндай  орталықтың  туризмді  жақсарту  үшін  пайдасы  мол  болар  еді.  Бұл  туралы  жоғарыда  айтылған.Сонымен  қатар  бұрынғы  туристік  инфрақұрылымды  жаңарту  қажет.  Оның  ішінде,  алғашқы  турбазаларды,  санаторияларды,  қонақ  үйлерді  және  т.б.  Сонымен  осы  жұмыстарды  дұрыс  жолға  қойсақ,  Алматы  қаласын  болашақта  туристік  мәдени  орталыққа  айналдыруға  болады.  Ол  үшін  бәріміз  де  өз  үлесімізді  қосуымыз  керек.

Алматы қалалық әкімшілігінде Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі дамыту бас жоспарының тұсау кесері рәсімі болды. 1,5 млн. астам тұрғыны бар қаланың келешегін айқындайтын  жиынға әкім Иманғали Тасмағамбетов бастап, қаланың бүкіл активі мен сәулеткерлері қатысты. Баспа сөз барысында Алматының 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай қаланың жекелеген аумағын жоспарлау қолға алынды. Қаладағы көне тарихи нысандарды  сақтап  дамытумен қатар, мәдени  рухани және халықаралық туризм орталығы мен қаржы-қаражат орталығы ретінде өркендейтіндігін айта келіп, Алматыда ұлттық нышандық құрылыс пен сәулет нақыштары басым болу қажеттігінде назар аударылды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Вуколов В.Н. Основы техники и тактики  активных видов туризма. Учебное пособие для вузов Алматы,1996.

2)Вуколов В.Н.Проблемы обеспечения безопастности  активных и спортивных походов студентов в учебном процессе факультета туризма// Теория и методика физической культуры, 2004,№1.

3)Вуколов В.Н. Первопрохождение перевала и вершины имени 60-летия.Казахской академии спорта и туризма // Теория и методика физической культуры,2004,№2

4)Вуколов В.Н. Современные состояние и перспективы развития активных видов туризма в Республике Казахстан //Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан.Алматы,2001.