Тулегенова
А.А.
А.
Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
экономика факультеті, 2 курс
Ахметқали Т.А.,
Экономика
ғылымдарының магистрі
А.
Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Ең ірі
қор биржаларының ұлттық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының
қор биржасын дамыту қазіргі заман талабына сай, мәселен
бағалы қағаздар нарығы
арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал
құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал,
мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу
болып табылады. Қазақстанда бағалы
қағаздар нарығының дамымағандығынан
қор биржаларының біздің елде дамымағандығын
байқаймыз. Ал тауарлар биржасы да осындай халде. Трейдерлер (дилер)
ұғымы көпке мәлім емес. Яғни нарықтық
экономикаға көшуде біздің реформалардың ішінде
жіберілген қатесі осы қор биржаларының дәйекті дамымауы
деп айту орынды. Бірақ, Қазақстан қор биржасының
қаржылық жүйенің қалай даму керек екенің
қарастырар алдында, әлемдегі қаржы орталықтарының
ерекшеліктері мен принциптерін қарастыра отырып Қазақстан
ұлттық қаржы институттарының
құрылуының базисі бола алады. Дамыған елдердің
қаржы нарығының түпкі мақсаты қор
нарығын құру.
Қазіргі кезде
60 –тан астам елде 200-ге жуық қор биржалары бар[1]. Ең ірі
қор биржаларының қызмет етуінің мысалы ретінде Нью-Йорк
қор биржасы (NYSE), NASDAQ американдық электрондық биржасы,
Лондон қор биржасы(LSE), Токио қор биржасы, Торонто қор
биржасы(TSX). Ең ірі қор биржаларының листинг тізіміне
тіркеуден өткен компаниялардың көлемі 1-суретте
көрсетілген.

Сурет 1. Ең ірі қор биржаларының
листингтен өткен компаниялардың көлемі.
Бұл
көрсеткіштер бойынша ғаламдық биржалар абсолютті
көшбасшылар емес екендігі және қатаң талаптарының
көрінісі байқалуда. Статистикалық деректерге сүйенер
болсақ 2013 жылдың қор нарығындағы акциялар
көлемінің каитализациясы бойынша ең ірі қор
биржаларының тізімін 2-суретте көрсетілген. 
Сурет 2. 2013 жылдың қор
нарығындағы акциялар көлемінің каитализациясы бойынша
ең ірі қор биржаларының тізімі.
Бұл
көрсеткіштер, яғни листинг тіркеуінен өткен
компаниялардың көлемі қор биржаның дамуына елеулі
ықпалын тигізбейтінін атап айту керек.
Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) әлемдегі
басты қаржы орталығы болып есептеледі. Мұнда Coca-Cola,
General Electric, General Motors сынды бүкіләлемдік
корпорациялардың бағалы қағаздары сатылады. Көзге
елестету қиын, алайда бұл күнде аса танымал NYSE қаржы
бренді осыдан екі жүз жыл бұрын құрылған.
Бағалы қағаздар нарығында мыңдаған фирмалар
жұмыс істейді. Бірақ бағалы қағаздар
нарығының 8 мыңдай мамандырылған компаниялар бар. Ол
брокер-дилерлік фирмалар, инвестициялық банктер. Сондай-ақ барлық
қызмет түрін атқаратын ең ірі брокер-дилерлік
компаниялар бар. АҚШ-тың бағалы қағаздар
нарығы инвестициялық компаниялардың бірнеше типімен
ажыратылады, соның ішіндегі одан әрі дамығаны
басқарушылық типі. Олар биржаның екі типін басқарады:
ашық және жабық.
Ашық қор биржасы тікелей инвесторлармен келісім жасайды.
Инвестор ашық қор биржаның акцияларын сату-сатып алуға
кез-келген уақытта құқығы бар. Жабық
қор акциялардың тұрақты көлемімен
түсіндіріледі. Инвесторлар акцияларды сату-сатып алу еркін ашық
қор биржасында жүзеге асырады [2].
Нью-Йорк биржасындағы мәмілелер адамдардың қатысуымен,
яғни оларды мамандар (Specialist) деп атайды. Осындай
биржада әрбір акция бір маманға бекітілген, ал болса осы
акцияның алып сату барлық операцияларын жүргізіп отырады.
Маманның қосымша міндеті ол инвестор бір айрықша
бағамен мәміле жасағысы келсе, онда инвесторға керек
бағаны іздеу болып табылады. Ондай кезде маман керекті айрықша
бағаны таппағанша, мәмілені ашық позицияда ұстап
тұрады және содан кейін мәмілені бекітеді. Енді маманның
соңғы міндеті ол нарықтың ашылу кезінде акцияны
қолайлы бағамен қамсыздандыру болып табылады. Бұл
баға белгілі бір акцияның қазіргі сұраным мен
ұсынымына негізделеді. Егер нарықтың ашылу кезінде маман
керекті бағаны таба алмай жатса ол сауда саттықты керекті
бағаны таппағанша тоқтатып қояды.
Маркет мейкерлер қайталама нарығында
аса маңызды рөлді атқарады өйткені олар катализатор
болып, нарық өтімпаздығын қамтамасыз етеді. Маркет
мейкерлер акцияларға деген сұраным мен ұсынымдардың
болуын қамсыздандыруы қажет. Сонымен олар сатамын деп отырған
акцияларыңызға сатып алушылар бар болатынына және акцияларды
сатамын деген уақытта сатушылардың болатынына кепілдік береді.
Немесе басқа сөзбен айтатын болсақ маркет мейкерлердің
негізгі міндеті ол инвесторлар мен трейдерлерге қолайлы жағдайларды
жасау болып табылады. Қысқаша айтқанда, маркет мейкерлер
инвесторлар акцияларды алып сататын бағалардың айырмасында
ақша табады.
DOT жүйесі немесе Super
Designated Order Turnaround System ол қор нарығындағы
орналастырған акцияларға мәміле жасасуға
мүмкіндік беретін жүйе болып табылады. Бұл жүйе нарықтық ордерлері (Market Order) мен лимиттік ордерлер (Limit Order) бойынша ақпаратты
сауда торабына және бір белгіленген акциялармен айналысатын
мамандарға табыстауды қамтамасыз етеді. Бұл ордерді тез
орындауға мүмкіндік береді өйткені ол ордер брокерге
алаңшаға жіберіліп, оны қолмен толтырады, ал мына жерде ол
маманға тура сол арада жеткізіледі. Ордер орындалған соң
ақпарат қайтадан брокерге Super
DOT жүйесі арқылы жіберіледі. Бұл брокер осындай
мәмілені бекіту инвестордың бірнеше секунд уақыты қана
жұмсалады. Мұндай жүйеге инвестор тек брокер арқылы
ғана қол жеткізе алады. Егер де ұзақ мерзімді инвестор
болсаңыз онда ерекше қызығушылықты тудырмайды
өйткені оның негізгі артықшылығы ол мәмілені
бекітудің жылдамдығы ал бұл болса тек трейдерлерге ғана
керек.
Бұл электрондық жүйе мәмілені бекіткенде
делдалдың қатысу ықтималдығын алып тастау. ECN (Electronic Communications Networks) негізгі брокерлер мен
трейдерлерді біріктіріп олар үшінші тұлғалардың
араласуынсыз мәмілелерге қол жеткізу үшін жасалған. Осы
жүйенің негізгі артықшылығы ол ордердің
орындалуын нақты қазіргі уақытта болып
жатқандығын көрсетеді. Мысалы Нью-Йорк биржасында инвесторлар
тек сатымдық және сату бағасы ақпаратымен ғана
шектеледі. Нарықта ECN көптеген
түрлері бар және әр бір түрінің өзгешелігі
болады. Технологиялардың даму қарқынымен электрондық
жүйелер көптеген жетілдірілген мүмкіншіліктерді алып, ал ол
болса инвесторларды нарықтармен жақындыра түсіп,
мәмілелерді бекіту уақытын азайтып және мәмілелерді
бекітуге арналған қаражаттарды үнемдейді.
Трейдерлерге осы барлық жүйелер үлкен
қызығушылық пен әжептеуір пайда әкелуде
өйткені күні бойы көптеген мәмілелерді орындаған
кезде трейдер айтарлықтай үлкен сома ақшаны үнемдеуіне
және нарықтан тез шығып кіріуінің салдарынан пайда
әкелуге мүмкіндік туғызады. Ең маңыздысы ол
инвестициялап жатқан компанияларды зерттеу болып табылады өйткені
жақсы негізі бар және келешегі бар компания қандай болмасын
инвесторға негізгі құндылық болып саналады.
Level I, Level II және Level III, деп аталады яғни бірінші
деңгей, екінші деңгей және үшінші деңгей.
Бұл бағдарламалардың мақсаты бірдей ол инвесторлар мен
трейдерлерге нарықтан келіп жатқан қазіргі уақытта
болып жатқан толық ақпаратты беру. Басқа сөзбен
айтатын болсақ бұл бағдарлама арқылы нарықта
акцияның не болып жатқандығы туралы хабардар боласыз. Осы
үш деңгейлердің бір өзгешелігі ол құны мен
берілетін ақпараттың көлемі.
Level I Бұл баға белгіленімнің
түрі ең арзан және де ақпараттың
тасымалдауының ең кең тарағаны. Ол қазіргі уақытта (Real-Time) болып жатқанды
көрсетіп отырады. Level I NASDAQ
сияқты электрондық нарықтардағы саудаға
салынатын акцияларды сатып алу және сату (Bid/Ask) бағаларын ұсынады. Нарықтың
электрондық жүйесіне мұндай мүмкіндік кім акцияны сатып
немесе сатып алайын деп отырғандығы туралы ақпарат бермей
және маркет мейкер қанша көлемде акцияны мәміле
үшін іздеп жатқандығы көрсетілмейді. Инвестор тек
қазіргі уақыттағы баға бойынша ақпаратты
ғана алады. Маркет мейкерлер осындай клиенттерге оң көзімен
қарайды өйткені ол ордер көлемін көрсетпейді ал
бұл болса ордерді ұстап, соның арқасында ақша
табуға мүмкіндік береді.
Level II Бұл деңгей болса
алдыңғыдан жоғары дәрежеде, инвесторға
әрбір маркет мейкерге тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ол маркет мейкерлердің істеп жатқан іс
әрекеттерін бақылауға, олар қай акцияға
қызығушылық танытып отырғандығын білуге,
маркет-мейкерлерді аттары бойынша тануға және олардың жасап
жатқан мәмілелер бойынша ақпаратты біліп отырасыз.
Level II. Бұл бағдарлама Level II
бағдарламасының барлық артықшылықтарын
қамтыған және ақпаратты жіберу мен мәмілелерді
тікелей бекітуге мүмкіндіктер берілген. Осы бағдарлама
мәмілелерді жылдам түрде жасауға мүмкіндік береді
және ол тек брокерлік фирмалар мен маркет мейкерлерге қол
жеткізімді болып табылады[6].
Азиядағы ең ірі биржасы – Токио қор биржасы [3]. 1878
жылы дүниеге келген. Жапонияда 1943 жылға дейін биржалық
сауда нарығында талаптар қор биржасына да, тауарлық биржасына
да бірдей, ал Токия қор биржасы коммерциялық ұйым болды. 1949
жылы қайта құрылғаннан кейін қор биржасы
жаңа негізде өз қызметін бастады.
1986 жылдан бастап Токио қор биржасының қатысушылары
шетел инветициялық институттар мен биржа талаптарын сақтаушы
Қаржы министірліктер бола алады. Токио қор биржасына және
ұлттық компанияларының акцияларына бірегей талаптар
орындалуымен көрініс табады, акционерлік қаржының
көлемі(1 млрд иен), соңғы жыл бойынша табыстың
мөлшері (400 млн иен), 5 жыл ішінде шығындарсыз қызмет етуіне
байланысты рұқсат етіледі.
Токио қор биржасының қаржы министірлігінің
рұқсатымен 1973 жылы бірінші шетел компаниялардының акциялары
айналысқа кірді, сол кезден бастап интернационалдық
нарыққа айналды. Шетел компаниялардың акцияларының
белгілеріне ұлттық акциялардан қарағанда
қатаң талаптар жүргізіледі. 1990 жылдардың
соңында Токио қор биржасында 2000 тұрақты
эмитенттердің акциялары тіркелген. Кассалық келісімдер биржа
айналысының негізі ретінде қарастырылады. Жедел келімдер ең
аз мөлшерін құрайды, оның аумақтану
тенденцияларына қарамастан. Сауда-саттықтың басты
тәсілі екі жақты аукцион. Токио қор биржасында
нарықтың негізі екі секциясы ерекшеленеді: 1200-дей ең ірі
корпорациялардың акцияларымен жұмас жасайды, ал екінші секциясында
600-ге жуық бәсен дамыған компаниялармен қызмет
жасайды.
Жапонияның ресми биржасында, басқалардан қарағанда
комиссиялық сыйақылары қолданады. Ол келісім-шарттардың
көлеміне байланысты бірнеше градациясына – 0,075-тен 1,15%. Жапон
қор биржасын конъюктурасын екі ұлттық биржаның индексі
көрсетеді: NIKEL және TOPIX. 2013
жылдың маусым айында Токио қор биржасының акциялар өтімділігі мен капитализацияның көлемі
жағынан көк фишкасы болатын критериялары бойынша кіргендер: екі
автоөндірушілер, екі банк және телекоммуникациялық консорциум
1-кестеде көрсетілген [4].
|
Аты |
Тикер |
Капитализация |
Айналыс |
Ағымдағы
күтілген дивиденттердің табыс деңгейі |
|
Toyota Motor Corporation |
7203 |
20 654 |
2 047 |
1,40 |
|
Mitsubishi UFJ
Financial Group Inc. |
8306 |
8 665 |
1 312 |
1,98 |
|
Softbank Corporation |
9984 |
6 952 |
1 115 |
0,69 |
|
Honda Motor Co. Ltd. |
7267 |
6 675 |
605 |
2,00 |
|
Sumitomo Mitsui
Financial Group Inc. |
8316 |
6 434 |
1 148 |
2,30 |
Кесте 1. Токио қор
биржасының бес ең ірі компаниялары.
Лондон қор биржасы (London Stock Exchange,
қысқартылған атауы LSE) – әлемдегі ең ірі әрі
ежелгі биржалардың бірі. Акциялардың халықаралық
сауда-саттығының шамамен 50%-ы осыған тиесілі.
Қазақстанның ірі компаниялары өз акцияларын орналастыру
үшін дәл осы LSE-ді таңдайды [5].
Лондон қор биржасының айналысының ерекшелегі шетел
бағалы қағаздарының нақты үлесі, сонымен
қатар шетел эмитенттер акциялары мен еврооблигациялар. Сондықтан
Лондон халықаралық қаржы орталығы ретінде өз
беделін сақтауда. Қазіргі кезде Лондон даму тенденциялары белгісіз.
Бүгінгі күнде LSE-ні әлемнің ең ірі қор
биржалары көз салады. Соңғы кездең бастап көлемі
жағынан 2-ші орын алатын АҚШ-тың NASDAQ Stock Market.
Еуропаның ең ірі және беделді жоғарғы
технологиялар мен акцияларының мамандырылған сауда-саттығын
зерттейді.
LSE биржалық
сауда-саттық өткізуден бөлек, биржаның өзінде
Ұлыбританиядағы бағалы қағаздар мен
халықаралық акциялар нарығын ұйымдастыруды әрі
реттеуді жүзеге асырады, листинг механизмін анықтайды және
бағалы қағаздардың орналастырылуын ұйымдастырады,
сондай-ақ Financial Times газетімен бірге FTSE қор индекстерін
анықтайды.
World Federation of
Exchanges (WFE) дерегінше, 2012 жылдың қорытындысы бойынша Лондон
қор биржасы капиталы жағынан әлемде төртінші орын
алған. Алдыңғы жылы оның капиталы 2,4 трлн
долларға жеткен, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен
4%-ға жоғары. 2013 жылдың бірінші жартысында биржаның
капиталы 3,6 трлн долларға дейін өсті, бұл 2012 жылдың
бірінші жартыжылдығындағы нәтижеден 9%-ға жоғары.
Лондон қор биржасында 3 мыңға жуық бағалы
қағаздар сауда-саттығы жүріп жатыр. Акциялар
өтімділігі мен капитализацияның көлемі жағынан
көк фишкасы болатын ең ірі 5-топ компаниялар 2-кестеде берілген
[6].
|
Аты |
Тикер |
Капитализация |
Сауда
көлемі |
Дивиденд
табысы |
|
Royal Dutch Shell Group Inc. |
RDSA |
217,98 |
3 372 679 |
4,94 |
|
HSBC Holdings |
HSBA |
208,62 |
22 799 010 |
4,84 |
|
Vodafone Group |
VOD |
142,5 |
100 651 900 |
5,22 |
|
Rio Tinto |
RIO |
85,54 |
4 995 196 |
2,95 |
|
Barclays |
BARC |
62,44 |
47 158 390 |
2,29 |
|
|
||||
|
|
||||
Кесте 2. Лондон қор биржасының капитализациясының көлемі
жағынан ең ірі 5-топ компаниялары
Сонымен, шетел
қор биржаларының ерекшеліктерін атап кету керек: қор
биржаларының толық жетілгендігі, эмитенттер, инвесторлар мен
мемлекет арасындағы жоғарғы дәрежелі сенімділік;
нарық құралдарының сан түрлерінің
молшылығы; заманға сай интернет-технологиялардың
дамығандығы, шетел нарықтарының мыңдаған
тұтынушыларын, сонымен қатар жеке тұлғалардың
қызығушылықтарын арттыруда; заң
салықтарының мүлтіксіз қызмет атқаруы,
инвестициялық процесті ынталандырады; жоғарғы дәрежелі
инфраструктуралық есептің қолайлы жағдайды жасауы
жаһанданған қор биржаларына шетел инвесторладың кіруі;
халықаралық қор биржаларын құру жолымен ең
ірі қор биржаларының консолидациясы.
Қарастырылып
кеткен ерекшеліктер дамыған елдердің қор биржаларының
эффективті функциялануы, Бұл әлем қор биржаларының
қызметінің жинақталған тәжірибесі көмегімен
корпорациялар мен үкімет мүшелерінің міндетті экономика
құралдарының 75%-мен қамтылуы.
ҚР қор
биржасын дамыту үшін шетел тәжірибесін қолдану өте
тиімді және қолайлы болып табылады. Сонымен, қор биржаларында
басқа да тиімді құралдарды пайдалану, маркет-мейкер
қызметінің маңыздылығы мен тиімділігі
қарастырылды, соның негізінде біздің елімізде маркет-мейкер
қызметін жетілдіру, ең ірі қор биржаларының
жоғарғы технологиямен қамтылуы табыстың өсуіне
зор ықпал етуі байланысты интернет-технологиялардың заманға
сай қолдану; ақпараттың жеткіліктілігін және
толық ашық болуын қамтамасыз ету керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
4. http://ru.saxobank.com/