Баттал Жанар
Т.Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университеті, Қазақстан
Халықаралық сыртқы орта –
фирма үшін жаңа мүмкіндіктер өлшемі
Қазіргі жылдам
өзгерістерге ұшырап жатқан заманда бизнес пен мәдениет
арасындағы тепе-теңдік көп жағдайда компанияның
табыстылығын білдіреді, ал оның жоқтығы – сәтсіздікті
білдіреді. Сыртқы ортаның халықаралық өлшемі деп
фирма қызметін басқа елдерде дамыту мүмкіндіктері мен
мемлекеттен тыс шетелде болып жатқан оқиғаларды дамытуды
түсінеміз. Бұл өлшем сыртқы ортаның басқа
барлық аспектілеріне ықпал ететін фактор болып табылады.
Халықаралық ортада тағыда жаңа бәсекелестер,
тұтынушылар мен жабдықтаушылар пайда болады, сондай-ақ ол
жаңа әлеуметтік, технологиялық және экономикалық
тенденцияларды қалыптастырады.
Қазіргі күні кез-келген
компания жаһандық масштабта бәсекеге түсуге
мәжбүр. Жапония мен Кореяның жоғары сапалы және
арзан автокөліктері американдық автокөлік
өнеркәсібін тұрақты өзгерістерге әкелді.
Ұялы телефондар мен құрылғылар саласында да
американдық компаниялар кореялық Samsung, финляндиялық Nokia
және тайваньдық High Tech Computer (HTC) Corporation тарапынан қатаң бәсекелестікке
ұшырауда. Ал ішкі нарықтары тарылған көптеген
компаниялар үшін өсудің жалғыз ғана
әлеуетті мүмкіндігі шетелдік нарықтарға шығу
болып отыр.
Соңғы жылдары
халықаралық сыртқы ортадағы аса маңызды
өзгерістердің бірі экономикалық биліктің Қытай
және Үндістан елдеріне ауысуы. Бұл мемлекеттердің ХХІ
ғасырдың жаһандық экономикасын өзгертуге
жеткілікті тұрғылықты халқы, интеллектуалдық
мүмкіндіктері мен динамикалылығы бар. Егерде қазіргі
қалыптасқан жағдай жалғаса беретін болса, онда
Үндістан бар жоғы 30 жылда Германияны басып озып
әлемнің үшінші экономикасы атанады, ал Қытай
ғасыр ортасына қарай әлемнің №1 экономикасы ретінде
АҚШ экономикасын алмастыруы мүмкін.
Ішкі нарықпен
салыстырғанда жаһандық орта
«ойын алаңы» секілді, онда үнемі оның қатысушылары
да, ережелері де өзгеріске (бұл өзгерістерді болжау мүмкін емес) ұшырайды.
Сондықтан жаһандық көлемде қызмет ететін фирма
басшылары тек мемлекет шегінде ғана шешім қабылдамай, шетелдік
мемлекеттердің де заңдық, саяси,
әлеуметтік-мәдени және экономикалық факторларын да
есепке алулары тиіс.
Көптеген компаниялар арнайы
жаһандану стратегияларын жүзеге асыруда, бұл үшін
әрине, үлкен қаржы қажет. Бірақ фирма басшылары
саудалық шектеулердің жойылуы, коммуникацияның қысқаруы
мен арзандауы, тұтынушы талғамдарының көптеген
тауарларға ауыспалылығы әлемді бір ортақ бизнас-кеңістікке айналдыратынын
жақсы түсінеді. Себебі
болып жатқан жаһандық өзгерістер компанияларды
жаңа, жоғары бәсекеқабілетті деңгейге
көтереді.
Жаһандану үрдісінде
компаниялар бірнеше кезеңдерден өтеді:
1. Ішкі кезеңде
нарықтық әлеует компанияның орналасқан елімен
шектеледі; өндіріс пен маркетинг оның ішкі нарығының
шегінде жүргізіледі. Бірақ фирма
басшылары жаһандық ортадағы қызметтің
артықшылықтары туралы білетіндіктен, халықаралық
нарыққа шығу жолдарын қарастырады.
2. Халықаралық
кезеңде компанияның экспорт үлесі артады. Ол әрбір ел
үшін бәсеке әртүрлі қарастырылатынын білдіретін
мультиаймақтық стратегияға алмасады. Тауардың дизайны,
маркетинг және жарнама жергілікті құндылықтар мен
қызығушылықтарды жоғарғы деңгейде
көңіл бөлуді талап ете отырып, әрбір елдің арнайы
талаптарына бейімделеді. Әдетте компаниялар бұл кезеңде
әрбір елде тауар маркетингімен жеке жұмыс үшін
халықаралық бөлімшелерді пайдаланады.
3. Мультиұлттық
кезеңде компанияның маркетингтік және өндірістік
қуаттары әлемнің әртүрлі елдерінде
орналастырылады; сату көлемінің 30 %-дан астамы басқа елдерге
жеткізуден қалыптасады. Бұл компаниялар көптеген елдерде
ұқсас тауарларды таратуға негізделетінін білдіретін
жаһандану бағытындағы көзқарасты қолданады.
Бүкіл әлем бойынша стандартталған тауар дизайыны, маркетинг
және жарнамалық стратегиялар пайдаланылады.
4. Жаһандық даму
кезеңінде компания ешбір елге тәуелсіз. Мұндай компаниялар
(олардың көпшілігі бұл уақытта корпорация деп аталуы
мүмкін) барынша тиімді жағдайлар ұсынған елдерде
тауарларын сатып және ресурстарды сатып ала отырып жаһандық
деңгейде қызмет етеді. Бұл кезеңде компанияның
меншігі, бақылау және жоғарғы басшылық
әлемнің бірнеше елдері бойынша бөлінеді.
Жалпы даму бағыты бойынша да
және күнделікті қызмет жоспарында да фирмаларды барынша
жаһандануға итермелейтін бірқатар себептер бар. Мұндай
стратегиялық императивтер қатарына кіретіндер компанияның маңызды
құзіретін пайдалану, төменірек бағамен
қорларға ие болу және өз саласында бәсекелесу
қажеттілігі. Айрықша құзіреттілік компанияның
табысты жұмыс істеуі үшін аса маңызды мән беріп,
ерекшелейтін күшті жақтары мен артықшылықтарын анықтайды.
Жаңа нарықта айрықша құзіреттілікті қолдана
отырып, компания кіріс пен пайданы көбейте алады.
Халықаралық ауқымда
қызмет етудің тағы бір маңызды негіздемесі – шет
елдерден материалдар, жұмыс күші, капитал және технология
сияқты қорларды иелену қажеттілігі. Кей жағдайларда
компаниялар шетелдік қор көзіне мұқтаж болады,
өйткені жергілікті нарықта сәйкес өнімдер мен
қызметтер толығымен жоқ немесе компания қажеттілігін
қанағаттандыра алмайды.
Өткізудің жаңа
нарықтарын іздеу қажеттілігі де компанияның
халықаралық нарықтарға шығуының кең
терелған себептерінің бірі. Компания өз өнімін
өткізіп жатқан нарық толығымен қалыптасып
болғанда, бұл нарықта жоғары табыс пен кірістің
өсуін қамтамасыз ету барған сайын қиындай түседі.
Жаңа нарықтарды игеру үрдісінде екі артықшылық
байқалады. Біріншіден, өндіріс ауқымын
ұлғайтқанда өндірілген бір өнімге шаққанда,
өндіріс шығындарын орташа ауқымды қысқарту
базасында үнемділікке ие болу мүмкіндігі пайда болады. Екіншіден,
жаңа нарықтарды игеруде кіріс кіру жолдарын
диверсификациялауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда,
көптеген елдерге қызмет көрсете отырып жеке алған бір
мемлекеттегі өз өнімінің сатылуына онша тәуелді
болмайды, ол компанияға өзін осы ел экономикасының болуы
мүмкін күйзелісінен қорғануға мүмкіндік
береді.
Компанияның шетелдік
өткізу нарығына шығуының тағы бір себебі –
компания жұмыс істеп жатқан салада бәсекелестік күрес
тиімділігін арттыруға ұмтылу. Мұндай жағдай, мысалы,
жер қазу жұмыстары құрал-жабдықтарының
нарығында, сонымен қатар сурет пленкасы және сурет басып
шығару қызметін ұсынатын нарықта қалыптасады.
Бұл аумақтағы көшбасшылық позициясындағы
компаниялар, өз бәсекелестеріне үстемдік етуіне
мүмкіндік бермеу үшін әлемнің әрбір
аумағында бір-біріне қарсы үнемі шабуылдар мен қарсы
шабуылдар қолданады.
Осындай себептерді негізге ала отырып
компаниялар жаһанданудың кезеңдерінен өтеді. Сол арқылы
олар халықаралық нарыққа шығып бәсекелік
күресті күшейте отырып, өзі үшін жаңа
мүмкіндіктерге ие болады.
Әдебиеттер:
1. Р. Дафт,
/Менеджмен. МВА. / 8-е издание/
пер. с англ. под ред. С.К.Мордовина. –
СПб.: Питер, 2011. – 800 c.
2. Рикки У. Гриффин,
Майкл У.Пастей, /Халықаралық бизнес: оқулық/ ауд. А.М.
Бержанова., Э.Ж.Шалбулова. – Алматы, 2012. – 1000 б.
3. Андреева
О.Д., Зайцев Л.Г. / Маркетинг и стратегический менеджмент/ Бизнес-курс МВА.
модульная
серия «Экономист-международник»/эл.уч.–230 с.