Современные информационные технологии/
Вычислительная техника и программирование
Мурадилова Г.С., Балгабаева
Р.Н.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті,, Қазақстан
СТУДЕНТТЕРГЕ ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
ПРОГРАММАЛАУ МЕН ЖОБАЛАУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Объектіге бағытталған
программалауды қолдана бастағаннан бергі уақыт
аралығында объектіге бағытталған программалық
жасақтаманы сапалы өңдеу туралы білім мен тәжірибе
жинақталды. Қазіргі кезде объектіге бағытталған
программалаудың әдіснамасы болашақ мамандарды дайындауда
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оны
оқытуға жоғары оқу орындарында көп уақыт
болмаса да, ОБП-дың әдіснамасын терең меңгеру
қажеттілігі туындайды. ОБП-ды оқу үрдісінде
студенттердің көпшілігі әртүрлі
қиыншылықтарға тап болады:
алгоритмдік ойлау үлгісін
объектіге бағытталған үлгісіне ауыстыру;
объектілік декомпозицияны
тәжірибеде үйрену;
объектіге бағытталған
программалау туралы түсініктерді қалыптастыру және т.б.
Мәселенің негізгі
себептерінің бірі - ОБП-ды оқытудың әдістемесінің
теоретикалық қамтамасының жеткіліксіздігі болса, ал екінші
жағынан студенттерге ОБП-ды меңгеруі программалық
жасақтаманы өңдеу үрдісіндегі
қиындықтарымен байланысты. Объектіге бағытталған
программалауды оқыту және жобалау мәселелеріне белгілі шетел
зерттеуші ғалымдардың Г. Буч, И. Грэхем, Дж. Рамбо, М. Фаулер,А.
Якобсон және т.б. еңбектері арналған.
ОБП-дың әдіснамасы
көпжақты және стандартты емес. Объектіге
бағытталған қатынасқа ортақ, жалпылама
қабылданған көзқарастың жоқтығы
артықшылығы да және кемшігі де болып табылады. Оқыту үрдісінде
әртүрлі ОБП интерпретацияларын қарастыру оның
артықшылығы деп санауға болады, ал ОБП-ға ортақ
көзқарастың жоқтығы кемшілігі деп саналып, оны
формальді және шектелген оқыту түріне алып келеді. Объектілік
декомпозициясыз, объектіге бағытталған жобалаусыз, ОБП
артықшылықтарын тәжірибеде іске асыруынсыз оқыту
ОБП-дың принциптерін қарастыру студенттерде ОБП туралы
қажетті түсініктерді қалыптастыруға мүмкіншілік
бермейді.
Студенттер
қиыншылықтардың көбісін оқытудың
бастапқы сатысында көреді: ОБП негіздері туралы түсініктерді
қалыптастыру барысында. Бұл түсініктер қалай
қалыптасса, әрі қарай ОБП әдіснамасын оқып
үйрену содан тәуелді.
Студенттерді ОБП және объектіге бағытталған жобалауды
оқып үйретудің бастапқы сатысында презентация
қолдану ұсынылады. Анимация, программа кодының жолдарын
және UML тілі класстар диагараммаларының элементтер
бөліктерін түспен бөлектеу студенттерге объектіге
бағытталған программалау коды мен UML тілі класстар
диагараммасының байланыстарын жақсы түсінуге
көмектеседі.
Студенттердің көпшілігінде
ойлаудың алгоритмдік үлгісі қалыптасқан. ОБП
әдіснамасының артықшылықтарын түсіне бастағанда
студенттердің ойлау үлгісі алмасады. Объектіге
бағытталған қатынас: күрделі жүйелерді тұрғызу мәселелерін
шешуге; программалаумен жабдықтауды сүйемелдеуді
жақсартуға, программалық кодты кеңейтіп
қалыптастыруға; қайта пайдалану программалық кодын жасауға
мүмкіндік береді. Осы аталған артықшылықтар
ОБП-дың әдіснамасын оқып үйренудегі студенттерді
қызықтырушы факторы болып табылады.
Объектілік декомпозицияны меңгеру
- студенттердің ойлау үлгісін құрылымдықтан
объектіге бағытталған қатынасқа ауыстыратын
маңызды факторлардың бірі. Объектілік декомпозицияны іске
асырғанда кластарды анықтауда келесі ережелерді ұстану
қажет: құрылымы көзқарасы тұрғысынан,
объект қарапайым және түсінікті болу керек; объект бірнеше
абстракциядан тұрмауы керек, сондықтан бұл объектіні бірнеше
объектіге бөлген жөн; объект "өз-өзіне
жеткілікті" болу керек. Деректер құрылымы мен тәртібі
анық, шығаралатын есепке және тұрғызылған
басқа объектілер арасындағы қатынастарға сәйкес
болатын объектілер анықталғанша дейін объектілік декомпозиция
жүргізіледі.
Студенттер үйренуі керек:
нақты жағдайларда өз білімдерін қолдана білу; өз
ойын UML тілінде көрсете білу; ОБП колдану мүмкін болатын
аймақты кеңейту. Ол үшін прототиптері нақты бар объектілер
болатын объектілерге арналған есептерді және мазмұнды
есептерді шешу ұсынылады. Сонымен, объектіге бағытталған
программалауды және жобалауды оқыту барысында ОБП туралы
түсініктерді қалыптастыруда, объектілік декомпозиция мен
тәжірибеде ОБП артықшылықтарын меңгеруде
әдістемелік ұсыныстарға сүйену қажет.
Студенттер қабылданатын
шешімдерді негіздеуге, UML класс диаграммаларының оңтайлы
нұсқасын табуға, прототиптері нақты бар объектілер
болатын объектілерге арналған есептерді және мазмұнды есептерді
шешуге үйрену керек. Сонда ОБП оқыту үрдісі заманауи талаптарға
сәйкес келеді.
Әдебиеттер :
1. Буч Г. Объектно-ориентированный
анализ и проектирование с примерами приложений на С++, 2-е изд. / Пер. с англ.
- М.: «Издательство Бином», СПб: «Невский диалект», 1998. - 560 с.
2. Иванова Г.С., Ничушкина Т.Н., Пугачев
Е.К. Объектно-ориентированное программирование: Учебник для вузов. - 3-е изд.,
стер. /Под ред. Г.С. Ивановой. - М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2007. - 368
с.