|
Class diagram(класстар диаграммасы) – бағдарламаның кодын
құрудағы негізгі диаграмма. Класстар диаграммасының
көмегімен жүйенің
ішкі құрылымы жасалады, мұрагерлік сипатталады және
класстар арасындағы өзара қатынастар
құрылады. Мұнда жүйенің логикалық
қойылымы сипатталады.
Осылайша, класстар диаграммасы жүйенің жалпы
құрылымымын сипаттайды және жүйе объектілерін сипаттайтын
Collaboration diagram ұғымына қарама қарса
мағынада қолданылады. Алайда бұл айырмашылық
міндетті заң емес, сондықтан кей жағдайда класстар мен
объектілер қойылымында араласулар да кездеседі.
Класстар диаграммасы тек қана жүйенің қойылымын
сипаттауда қолданылмайды. Rational Rose программасы класстар
диаграммасы негізінде қосымшалардың бастапқы кодын
құруға мүмкіндік береді.
Класстар диаграммасы объектіге
бағытталған әдістердің орталық буыны болып
табылады. Класстар диаграммасы жүйенің объектілерінің
түрлерін және олардың арасындағы статикалық
байланыстарды анықтайды. Статикалық байланыстың екі
негізгі түрі болады:
– ассоциация (мысалы, клиент тапсырыс береді);
– подтипы (жеке клиент клиенттердің жалпы түрі болып табылады).
Класстар диаграммасында сонымен бірге класстар атрибуттары, класстар
операциялары және объектілер арасындағы қатынастардан
туатын шектеулерден тұрады.
Класстар диаграммасының сипаттамасын жазбастан бұрын
маңызды бір жағдайға, яғни осы диаграмманы
құрушыларға назар
аударған жөн.Әдетте бұл жағдай сипатталмайды,
алайда диаграммалардағы интерпретация әдісне әсерін
тигізеді, сондықтан модел арқылы сипатталатын барлық
жағдайға қатысты.
Класстар диаграммасын құруды бірнеше аспектіде
қарастыруға болады:
– концептуальды аспект – класстар диаграммалары заттық облыспен
зерттелетін ұғымдарды көрсетеді. Бұл ұғым, әрине, жүзеге асырушы класстарға қатысты, алайда мұндай тура сәйкестік көбінесе болмайды. Шын
мәнінде концептуалды модель әлсіз қатынасқа ие
болуы мүмкін немесе мүлдем
қатынасқа ие бола алмайды, сондықтан
оны
жүзеге асырушы ортаға қатыссыз
қарастыруға болады (программалау
тілдері);
– спецификация аспектісі – модель ПО деңгейіне түседі, бірақ
класстардың программылық жүзеге асуы емес тек
интерфейстер қарастырылады (мұнда интерфейс
ұғымына класстар операциясының сырттан айқын
көрінетін жиыны кіреді);
– жүзеге асу аспектісі – модель ПО бойыншы
класстардың жүзеге асуын анықтайды. Бұл
аспект программистер үшін аса маңызды болып
табылады.
Аспектілерді түсіну құру және класстар диаграммасын
оқу секілді үлкен мағынаға ие. Өкінішке орай,
аспектілер арасында соншалықты айырмашылық байқалмайды
және біршама құраушылар диаграммалар құру
барысында олардың араласып кетуіне жол береді.
Диаграммалар құру барысында ең басты аспектіні
таңдап алған жөн. Диаграммаларды қарастыру
барысында қандай аспектіге сәйкес құрылғанын
біліп алған жөн. Егерде
бұл диаграмманы түрлендіру керек болса, онда бұны
білу міндетті.
Класстар диаграммасына деген көзқарас UML тілінің
формалдық бөлігіне тиісті емес, дегенмен құру
кезінде және моделдерді талдау кезінде аса маңызды. UML
конструкцияларын кез келген 3 көзқараста қолдануға
болады. Көптеген
тәжірибелі бағдарламалаушы-құрастырушылар жүзеге асыру аспектісін
қолдайды. Басқа жағынан алғанда, класстар
диаграммаларын құру ПО талабына сай концептуалды
көзқарасқа сай болуы қажет.
Күрделі тәртіппен және өзара байланыспен
сипатталатын жеке объектілер үшін жобалаушылар
құрастыратын объектілер диаграммасынан айырмашылығы
класстар диаграммасы барлық жүйенің барлық
класстарында құрылады.
Класстар диаграммасының
қолданылуы
Класстар диаграммасы ПС логикалық модельнде құрылады
және келесі мақсаттарда қолданылады:
- Деректерді модельдеу үшін. Пәндік аймақтың
талдауы оған тән
мінездемелерді және олардың арасындағы
қатынастарды көрсетеді.Класстар диаграммасының
көмегімен ол өте оңай жобаланады.Бұл диаграммалар
деректер базасының концептуалды сызбасын жасауда негіз болады;
- ПС архитектурасының қойылымы үшін. ПС архитектурасын
сипаттайтын маңызыд класстарды бөліп алып, оларды диаграммаларда
көрсетуге болады;
- Экранның навигациясын модельдеу үшін. Мұндай
диаграммаларда
шекаралық класстар және олардың логикалық
өзара қарым қатынасы көрсетіледі.
Ақпараттық жолдар класстардың атрибуттары ретінде, ал
басты нүктелер операциялар мен қатынастар ретінде жобаланады;
- Бағдарламаның логикалық компоненттерін модельдеу;
- Деректерді өңдеу логикасын модельдеу.
Класстар диаграммасын көбінесе ПС
модельдеу кезінде қолданады. Олар жүйенің құрылымын
көрсете отырып жобалаудағы көзқарас
жағынан статикалық сипатамалардың
бір формасы болып табылады. Класстар диаграммасы класстарда суреттелген
объектілердің үдемелі тәртібін көрсетпейді.
Диаграммалар классында класстар, интерфейстер және олар
арасындағы қатынас көрсетіледі.
|