Современные информационные технологии/3.Программное обеспечение

 

Султанова Г.А.

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан  

 

DELPHI ОРТАСЫНДА ПРОГРАММА ҚҰРУДЫҢ ЫҢҒАЙЛЫҒЫ

 

Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау – объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкеледі. Жылдам құру жүйесінің негізіне визуалды жобалау мен оқиғалы объектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған. Мұндай программалаудың мәні – программа жасаушы құрал жұмыстың көп  бөлігін өзі атқарып, программистке диалог  терезелерін құрастыру мен оқиға өңдеушіні құру жұмыстарын қалдырады. Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі – объекті бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделген. Программалау іскрелігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын жаза білу қажет.  Delphi  ортасы – программист  жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта. Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады:

-      негізгі терезе;

-      объектілер тармағының терезесі;

-      объектілер инспекторының терезесі;

-      броузер терезесі;

-      формалар терезесі;

-      программа кодының терезесі.

Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан. Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше элементтерден  тұрады.

Ең қарапайым проектінің өзі көп формадан  тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс. Проекті аты проекті  файлының  атымен   сәйкес  келеді  және  дискіге   сақталу   барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері файлы да  осы атпен аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы файл аттары өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында орындалады және қосымшаның ехе файл проект атымен аталады.

Проект параметрлер файлында параметрлер мен олардың мәндері текстік редактордың әр түрлі жолында орналастырылады. Проектіні компиляциялап және орындау қажет.

Осы тәсілдерді пайдалана отырып,  кез келген есепті ары қарай жобалап, талапқа сай етіп өзгертіп программалауға болады. Delphi  ортасында программалау тілі мен оны құру жолдарын қарастырсақ, мысалы ретінде төмендегі есепті қарастырамыз.

Пайдаланушы мен компьютер арасында сұхбат ұйымдастыру. Программа пайдаланушыдан атын сұрайды. Пайдаланушы атын енгізгеннен  кейін  «Сенде компьютер бар ма?»  деп сұрайды. Егер пайдаланушы «Иә» деп жауап берсе «Жарайсың», ал «Жоқ» деп жауап берсе «Неге» деген сөзді экранға шығарады. Ол үшін формаға төмендегідей компоненттерді орналастыру керек:

 

1 кесте. Сұхбатты ұйымдастыру компоненттері

Компоненттер

Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні)

Label1

Caption: Атың кім?

Font: шрифті және  түсін таңдау

Label2

Caption: Сенде компьютер бар ма?

Font: шрифті және  түсін таңдау

Label3

Caption: бос қалдырыңыз

Font: шрифті және  түсін таңдау

Button1

Caption: Иә

Font: шрифті және  түсін таңдау

Button2

Caption: Жоқ

Font: шрифті және  түсін таңдау

Button3

Caption: Орындаңыз

Font: шрифті және  түсін таңдау

Edt1

Text: бос қалдырыңыз

Font: шрифті және  түсін таңдау

 

Қарапайым программа құру үшін программа кодын құрып өзгертуге, жөндеуге тура келеді. Төменде код терезесімен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері келтіріледі. Жаңа жобаны ашқаннан кейін төмендегідей жолдар көрінеді. Компоненттерді орналастырып болғаннан кейін type бөлігіндегі төмендегі жазулардың бар екеніне көз жеткізу қажет:

 

unit Unit1;

interface

uses

  Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

  Dialogs;

type

  TForm1 = class(TForm)

    Label1: TLabel;

    Label2: TLabel;

    btn1: TButton;

    btn2: TButton;

    btn3: TButton;

    btn4: TButton;

    Label3: TLabel;

    edt1: TEdit;

    procedure btn1Click(Sender: TObject);

    procedure btn2Click(Sender: TObject);

  private

    { Private declarations }

  public

    { Public declarations }

  end;

var

  Form1: TForm1;

implementation

{$R *.dfm}

end.

Delphi бұл жолдарды жаңа форма үшін код терезесіне автоматты түрде қояды. Код терезесі программаның жұмысы басталғаннан кейінгі жағы қарастырады. Ал форма терезесі оның сыртқы көрінісі. Екі терезе бір-бірімен тығыз байланысты.  

unit Unit1 және implementation

 жолдарының арасына қажетті жолды қояды.

{$R *.dfm} және end.

Бұл компонент палитрасынан қосымшаларды құрайтын копоненттерді таңдайды. Компонент құрамы визуальды және логикалық компоненттерден тұрады. Тетік редакциялау жазықтығы сияқты заттар визуальді компоненттер, ол кестелер логикалық болады. Delphi-де программа визуальді түрде жазылатындықтан, барлық осы компоненттер форма жазықтығында өзінің графикалық көрінісіне ие болады, олармен тиісті түрде операциялану үшін қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған программаға көрініп тұрған тек визуальді копонент болып қалады. Компонент  қызметі бойынша палитра беттерінде топталған. Жолдарының арасына қажетті мәтінді қоямыз.

Button1Click және Button2Click оқиға өңдеушілеріне төмендегідей өзгертулер енгіземіз:

procedure TForm1. Button1Click(Sender: TObject);

begin

Label3.Caption:=Еdіt1.text;

Label3.Caption:='Жарайсың!'

end;

procedure TForm1. Button2Click(Sender: TObject);

begin

Label3.Caption:=Еdіt1.text;

Label3.Caption:='Неге!'

end;

end.

1 сурет. Пайдаланушы мен компьютер арасындағы сұхбатты бейнелейтін

форма терезесі.

 

Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді. Delphi–дің  артықшылықтары:

- қосымшаны өндеу жылдамдығы;

- жасалған  қосымшаның  өнімділігінің   жоғарылығы;

- жасалған   қосымшаның  компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі;

- delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;

- delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент  пен инструмент құрудың мүмкіншілігі;

Delphi –де  қолданушыға өте ыңғайлы,  тез программа құруға мүмкіндік береді. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Культин Н. Основы программирования в Delphi 7.0 - Санкт-Петербург, 2005.

2.   Гофман В. Delphi6/В.Гофман, А.Хомоненко. – Санкт-Петербург: БХВ – Петербург, 2001.

3.   Абдолдина Ф.Н. Delphi ортасында бағдарламалау. Әдістемелік құрал.- ШҚМУ баспасы, Өскемен, 2005.

4.   Баас Р. Delphi4. – К.: Издательская группа BHV, 1999.

5.   Дарахвелидзе П. Программирование в Delphi5. – Санкт-Петербург: БХВ-Петербург, 2001.

6.   “rambler.ru” және “google.ru” сайттары.