Педагогические науки/ 2. Проблемы
подготовки специалистов
П.ғ.к.,
доцент Кипшаков С.А.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Республикасы
Кәсіби
оқыту магистры, аға оқытушы Сыздыкова А.И.
«Өрлеу»
БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,
Қарағанды
қаласы, Қазақстан Республикасы
Болашақ
педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
Қазіргі
педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі
«құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз –
тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік
күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа
әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды
қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен
қамтамасыздандырады.
Құзыреттілік
еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған
талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның
ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен
негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін
анықтай отырып, ол адамның алдына қойған
мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін
атайды.
Педагогикалық ғылымда
«кәсіби құзыреттілік» түсінігі: еңбек
нәтижесін анықтайтын білім мен білік жиынтығы; тапсырманы
орындаудағы дағды мөлшері; жеке қасиеттер мен
құрылымдар комбинациясы; білім мен кәсіби маңызды жеке
қасиеттер комплексі; мамандандыру векторы; еңбекке теориялық
және практикалық дайындалудағы бірлік; күрделі
мәдени түрдегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға
қабілеті және т.б. [1].
Құзыреттілік
тұлға қасиеті ретінде әр түрлі формада болады:
іскерлік деңгейі ретінде, тұлғалық өзін-өзі
жетілдіру қабілеті (дағды, тіршілік әрекетіне қабілетті,
қызғушылық), жеке тұлғаның өзіндік
даму нәтижесі немесе қабілетін көрсету формалары.
Құзыреттілік бұл
оқытудың келешек өнімі, тұлғаның
технологиялық емес өзіндік өсуі мен дамуы, өзіндік
ұйымдастыру мен талдаудың әрекеттілік және
тұлғалық тәжірибесі.
Қазіргі уақытта болашақ
педагогтардың құзыреттілігін қалыптастырудың
кәсіби-педагогикалық жағдайы кәсіби немесе
кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі түсінігінде
қарастырылады.
Құзыретті маманды қалыптастыру
процесі – қазіргі білім саласының басты мәселесі. Маман құзыреттілігі
көптеген көкейкесті мәселелерді қамтып жатыр, себебі
әлеуметтік тәжірибе тұрақты өзгеріп отырады, білім
беру аумағы жаңаруда, техника мен технологияның барлық
түрлері пайда болып, маманға деген сұраныс өсіп жатыр.
Қазіргі уақытта
педагогтың кәсіби құзыреттілік мәселелері
маңыздысы оның мамандандырылған мінездеме құрамы.
Зерттеушілердің айтуынша, педагог «студентті бақылай білу керек,
оның мінез-құлық мотивтерін түсіну қажет,
бірақ бәрі емес, тек қана арнайы дайындалған педагогтар
жеке тұлғаны оқыту әдістерін қолдануға
құқылы».
В.Д. Иванов пен Л. Гурье былай дейді, бүгінгі күні «жүз
педагогтар арасындағы мамандардың және олардың жеке
тұлғасы мен іс-әрекетіне қойылатын талаптардың
бірегейлігі, массалық қажеттіліктердің
қарама-қайшылығы жүз шақты екені айдан
анық. Педагогтың кәсіби руханилығы, балалардың
әлеуметтік көркеюіне бағытталған, өзіндік
дамуындағы принциптік маңызды кеңістік, адам санатына ену
құзыреттілігі» [2].
Н.В.Кузьмина
пен Н.В.Кухарев керісінше, педагогикалық білім беру теориясында
«кәсіби құзыреттілік» педагогикаға қойылатын
кәсіби негізделген талаптар жиынтығы және
«мамандандырылған мінездеме», «тұлға профессиограммасы»,
«кәсіби даярлық», «кәсіпшілік» терминдерде қолданылады.
Жалпы, бір мәселені сипаттай отырып, аталған педагогикалық
категориялар ерекше маңызды және әр түрлі контексте
пайдаланылады [3].
«Даярлық»
және «құзыреттілік» түсініктері өзара
жақын, бірақ пара-пар емес. Егер даярлық бұл
«кәсіби» қатынаста дамып, кәсіби
қауымдастыққа енуге рұқсат беретін, мүмкін
жағдайдың сипаттамасы болса, онда «құзыреттілік»
сырттан ішке қарай іске асырылатын, нақты іс-әрекетте
көрінеді. Мағынасы бойынша жақын түсінік «педагогикалық
шеберлікті» А.Зерминов «педагогикалық-психологиялық
даярлықтың жоғары деңгейімен негізделетін,
педагогтың тұлғалық жеке қасиеттер
жиынтығы, оқытудың педагогикалық есептерін
оңтайлы шешу қабілеті, студенттердің дамуы мен
тәрбиеленуі» деп қарастырады.
Зерттеуші И.П. Подласый [4] құзыреттілікті – бағалау
дәрежесі, ол адамды қоғамдық еңбек
жүйесінде мамандандырылған іс-әрекет субъектісі деп
сипаттайды. Бұл мынаны ұсынады: 1) орындалатын есептер мен
мәселелерді тереңнен түсіну; 2) берілген
аумақтағы тәжірибенің жақсы білімі, оларға
табысты қол жеткізіп, белсенді меңгеу; 3) нақты пара-пар
уақыт пен орынды анықтаудағы іс-әрекет тәсілі мен
әдісін таңдау іскерлігі; 4) қол жеткізген нәтижелерге
жауапкершілікті сезіну; 5) қателіктерді түзетуде үйрену
қабілеті және мақсатқа жету поцесінде түзетулер
енгізу.
Сондықтан, жалпы мағынада құзыреттілік
лауазымды тұлғаның жеке мүмкіндіктері, оның
біліктілігі, белгілі шешім шеңберін өңдеуге қатысу
немесе белгілі білім мен дағдының арқасында өзі шешім
қабылдау.
Кәсіби құзыреттілік – бұл табысты кәсіби
іс-әрекеттік байланыс, оның мағынасы және барлық
білімі мен дағдысының жиынтығын пайдаланып, жүзеге
асыратын ерекше есептер анықтамасы.
Педагогикалық құзыреттілік – тұлғаның
жеке қасиеттер жиынтығы, ол объектіге ерекше сезімталдықты,
әдісті, педагогикалық еңбек жағдайын және
педагогтың жеке қасиеттерін қалыптастырушы өнімді
модельдер жасауды білдіреді.
Педагогикалық құзыреттілікті қалыптастырудың
үш бағыты бар:
- іс-әрекеттің
барлық жүйесін, оның функциялары мен иерархиялық
құрылымын өзгерту;
- тұлға субъектісін өзгерту;
- іс-әрекет
объектісіне бекітілген субъектілердің сәйкес компоненттерін
өзгерту [5].
Болашақ педагогтар дайындаудың
кәсіби моделі жалпыдан жеке іскерлікке ауысу арқылы
мақсатқа сай келеді. Осындай жалпы іскерлікке педагогикалық
ойлау және әсер ету іскерлігі, фактылар мен теориялық талдау
жасау іскерліктері жатады. Іскерлікті талдаудың теориялық
деңгейінен жеткізу – бұл педагогты кәсіби шеберлікке
оқытудың маңызды міндеті. Педагогтың біліктілік
сипаттамасына толығымен сәйкес келуі педагогикалық ойлау мен
әсер етуді, педагогикалық іскерліктің барлық
жиынтығын өзіне интегралдауды қамтамасыз етеді.
Неғұрлым дәстүрлі
үйлесімдік көзқарасы тұрғысынан айтатын
болсақ, кәсіби құзыреттілік: кәсіби
мәселелер мен бір уақытта өз бетінше шешу икемділігі бойынша
маманның жұмыс жасауына қажетті білім, іскерлік және
қабілетті меңгеруі мен кәсіби тұлғааралық
орта және ұжыммен қызметтес болу.
Қорыта
келе, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени,
қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай білім беру
ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз
ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты
дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің
бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды
құбылыс, себебі қоғам өзінің
әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының
мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек
сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік
білетін, кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді.
Әдебиеттер:
1. Баширова Ж.Р. Педагогическая компетентность преподавателя высшей школы
// Вестник КазГУ. Серия «Педагогические науки». -№2(11).-С. 21.
2. Иванов В.Д., Гурье Л. Проектная культура преподавателя вуза // Высшая
образования России. – 1998. - №3. – С.23-26.
3. Кузьмина Н.В., Кухарев Н.В. Психология структура деятельности учителя //
Гомель – Изд-во Гомельского гос. Университета, 1996.
4. Подласый И.П.
Педагогика: Новый курс: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений: в 2 кн. – М.:
Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003 – кн. 1: общие основы. процесс обучения. – 576
с.
5. Митина Л.М. Учитель
как личность и профессионал. - М.: Просвещение, 1994.