Студент-филологтардың ақпараттық біліктілік дағдыларын дамыту жолдарын

         Б.Р. Оспанова  ҚазҰПУ

 

ХХІ ғасырбұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі бүгінгі күні өзекті мәселе. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, қазақ тілі де мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда, қазақ тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. Қазақ тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан қазақ тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Студентті ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? Сонымен қатар студенттер интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, студенттің оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде студенттерге шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал ЖОО ұстаздарының  бүгінгі заманға сай берілген білімдері осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Онда жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болуымыз қажет. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды дәріс бергенде жан-жақты қолдану, ұстаздың көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Студенттердің сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Ұстаз дәрісханаға кіргеннен студенттермен диалогта болады. Студенттерге белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету – студенттерді қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады: 1 кезең: диалогпен танысу; 2 кезең:диалогті жаттау; 3 кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру; Жазуды оқыту. Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да студенттер белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Студенттердің сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған студенттердің сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек. Қазіргі заман ұстазы тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Біздің басты мақсатымыз компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда қазақ тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды ЖОО қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.Ең тиімді программалардың бірі -Microsoft Power Point. Аталған бағдарлама  қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол студенттердің түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау,эмоционалды, автоматты және т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану студенттердің сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Өзге тілді дәрісханада қазақ тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: лексиканы оқып үйретеді; сөйлеу ырғағын; диалог, монолог және рөлдік ойындарды; хат жазуға үйретеді; грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, студенттердің есінде сақтауға көмектеседі.

Өзге тілді дәрісханада қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - студенттерге Қазақ тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.Танымдық бағыт бойынша: Студенттің лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай Қазақ тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.) Студенттің тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; Сөз мәдениетін таныту; Пікірталас мәдениетін жетілдіру; Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту; Студенттердің логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру; Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша: Студенттерге тіл нормаларын меңгерту; Тілдік сауаттылығын арттыру; Студенттердің тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру; Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; Шығармашылық қабілеттерін дамыту; Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;
     Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде қазақ тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде.Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды. Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды: Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.  Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген студенттердің өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын студенттердің өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. 

 ӘДЕБИЕТТЕР

1.Білім заңы. Алматы, 2007ж.

2. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 20003.

3. Дмитриева Е.И.Основная методическая проблема дистанционного обучения иностранным  языкам через компьютерные телекоммуникационные сети Интернет //М.,ИЯШ, 1998, №1, с. 27-32.4.

4. Андреев В.И. Проблемы педагогического мониторинга качеств. образования //М., Известия Российской академии образования, 2001, №1, 86-90.

5. Маткин В.А. Обоснование ценностно-синергетического подхода к подготовкам специалиста-профессионала //М., Вестник высшей школы, 1999, №6, с. 63-67.6. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка//М.,  ИЯШ, 2001, №2, с. 24-28.7.

6.  Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка //М., ИЯШ 2000, №3, с. 34-37.