Педагогика
және психология магистрі, аға оытушы Килыбаева Г.К.
С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан, Өскемен қ.
gulnur-kilybaeva
Педагогические науки\ 2. проблемы подготовки
специалистов
Болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Соңғы
жылдары білім беру саласында бастауыш сынып мұғалімдерінің
құзыреттілігін қалыптастыру
туралы әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.
“Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970
жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың
соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби
құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің
қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен,
интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, “кәсіби мүмкіндіктер” және
т.б. түсініктерді біріктіреді. Д.И.Ушаковтың редакциясымен
жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары
“құзыреттілік” және “құзырет”
сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге
тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық,
абыройлық; “құзырет” – жеке тұлғаның
кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың
нақты жиынтығы.
Болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби сапасының
мәні ұзақ уақыт
бойы ғылымда қарастырылып, кәсіби құзыреттілік және
оның қалыптасуындағы педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік мазмұны ретінде анықталды.
Құзыреттілік (латын тілінен аударғанда competentio
от competo табысқа жету, сәйкестілік)-бұл маманның
кәсіби міндеттердегі нақты бір тапсырманы шеше алу қабілеті[1].
Кәсіби
құзіреттілікті анықтау туралы мәселе педагог, философ,
физиологтардың, арасында пікір қайшылықтары мен жаңа
ойлар тудыруда. Тұлғаның кәсіби процесін көп
жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік
құзыреттілігімен байланыста қарастырады. Орыс ғалымдары
В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова,
т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби
құзыреттілігі туралы мәселеге көп
қызығушылық пайда болғанын айтады. Д.Дьюи, У.Уоллер,
М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар кәсіби
құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне
қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады.
К. Ангеловски
кәсіби құзыреттілік құрылымын педагогикалық
іскерлік арқылы бөліп көрсетеді:
1. Нақты
педагогикалық міндеттерде тәрбиенің объективті
үрдісінің мазмұнын алмастыру, аудару іскерлігі: жаңа
білімді белсенді меңгеруге дайындығын анықтау үшін
тұлғаны және ұжымды айқындау; дамыту,
тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің кешендерін
қарастыру.
2. Логикалық
аяқталған педагогикалық жүйе қозғалысын
құрау іскерлігі: оқу-тәрбие міндеттерін жоспарлау
кешені және оны ұйымдастыру құралы,
әдіс-тәсілдерін таңдау.
3. Тәрбие факторлары
мен компененттері арасындағы өзара байланысын айқындау
және құру іскерлігі: білім алушы тұлғаны
белсендіруге, оның іс-әрекетін дамытуға қажетті
жағдай (материалды, моральды-психикалық, ұйымдастыру) жасау
және т.б.
4. Педагогикалық
іс-әрекет нәтижесін бағалау және есепке алу іскерлігі:
педагог іс-әрекетінің нәтижесі және білім беру
үрдісін талдау, өзіндік талдау; жаңа кешендерді
айқындау.
В.А.
Сластенина, И.Ф. Исаева, А.И. Мищенко және Е.Н. Шиянова болашақ
педагогтің кәсіби
құзыреттілігін педагогикалық іс-әрекетін жүзеге
асыруға теориялық және практикалық даярлығының
бірлігі ретінде сипаттайды[2]. Педагогикалық құзыреттілік –
педагогикалық қарым-қатынас үрдісін мақсат
бағдарлы түрде ұйымдастыру, педагогикалық
әрекетті тиімді жүзеге асыру, педагогтің педагогикалық
білімі, сапасы, қасиеті мен тәжірибесінің жүйесі болып
табылады. Педагогикалық іскерлік – бұл тұлғаның
гармониялы даму міндеттерін шешуге бағытталған негізгі
теориялық білімнің белсендірілген дағдылардың
жиынтығы.
Қазіргі
таңда кәсіби құзыреттіліктің төмендегідей
түрлері қарастырылады: Арнайы
құзыреттілік - өзіндік кәсіби іс-әрекетінің
жоғары деңгейде меңгеруі және оны келешекте
кәсіби дамужа ұйымдастыру, жобалау қабілеті; Әлеуметтік
құзыреттілік – кәсіби еңбек нәтиже
барысындағы әлеуметтік жауапкершілік, кәсіби
қарым-қатынас амалдары, бірлескен кәсіби іс-әрекеттерді
(топтық, кооперативті) меңгеру; Тұлғалық
құзыреттілік – тұлғаның кәсіби
ерекшеліктерінің қарама-қарсы тұру
құралдары, өзіндік даму, өзіндік бейне амалдарын
меңгеру; Даралық құзыреттілік - өз
еңбек әрекетін уақытқа орай тиімді ұйымдастыру
іскерлігі, кәсіби өсуге даярлығы, кәсібилік
аймағында дара тұлға болып дамуы, өзін-өзі
жетілдіру амалдарын меңгеруі[3].
Ғылыми
әдебиеттерде психологиялық құзыреттілік кеңінен
қолданыс тауып келеді. Психологиялық құзыреттілік
құрылымын Н.Е. Костылева төмендегідей элементтермен
бөліп көрсетеді:
- психикалық үрдістердің жүру ерекшеліктерін білу;
- оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын білу;
- білім алушының жас ерекшелік дамуын ескеру,
заңдылықтарын білу;
- психологиялық білімін шынайы педагогикалық тәжірибеде
жүзеге асыру іскерлігі[4].
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері қоғам
талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын,
ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез
түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,
тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда
ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық
байқалып тұрады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика
үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту
кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары
жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және
педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті
дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке
шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық
инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп
жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді[5].
Сонымен
құзыреттілік – бұл күрделі мәселелерді шешу
барысында болашақ педагогтің нақты
әлеуметтік-кәсіби деңгейінің тәжірибесі, білімі
мен іскерліктердің сәйкестілік өлшемі.
Болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін терең әдіснамалық және
теориялық тұрғыда даярлау қай кезде де күн
тәртібінен түспек емес. Олай болса, республика жоғары
оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты,
терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен
қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау
міндеті тұр.
Пайдаланылған әдебиет:
1.
Ангеловски К. Учителя и инновации книга
для учителя [Текст] / К. Ангеловски. – М.: Просвещение, 1991,-159с.
2.
Гришина И.В. Профессиональная компетенция
руководителя школы как объект исследования [Текст]: Монография – СПб.: СПбГУПМ,
2002.
3.
Маркова А.К. Психология профессионализма. М., Международный гуманитарный фонд
“Знание”, 1996. 312-с.
4. Муравьев Е.М. Компетентностный подход как одно из
оснований обновление образования//Народное образование, №5, 2003, 55-64-б
5. Равен Дж. Компетентность в современном обществе:
выявление,развитие и реализация: Перевод
с англ., М., 2002