Педагогика және психология магистрі, аға оытушы Г.Қ. Дюсембинова,
бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі
магистранты Р. Мәлік
С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан, Өскемен қ.
Педагогические
науки\ 2. проблемы подготовки специалистов
Университет жағдайында
студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
моделін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары
Бүгінде
адамның өмірі мен әрекетінің кез келген саласында
эстетика мен поэзиясыз тіршілік етуге болмайтыны кәміл ақиқат.
Олай болса, қоғам және адам өміріндегі эстетика
аясының кеңеюі, тек ұрпақтан -
ұрпаққа тарихи-мәдени болуды ғана міндеттемейді,
сонымен қатар аға ұрпақтың тәжірибесін
бойымызға сіңіруді, әсемдік жайындағы тәжірибесін
молайтуды талап етеді.
Қазақстан
Республикасының «Жоғары білім беру туралы заңының» 9-бабында «Жоғарғы
оқу орындарында мамандар даярлауда ғылым мен білімді
ұштастыру, оқытудың белсенді әдістерін, жаңа
ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып, дараландыру
негізінде студенттердің шығармашылық және іс -
тәжірибелік қабілеттерін де таныту, қалыптастыру және
дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге
асырылынады» -делінген.
Студенттердің
эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың шарттарын
анықтап алу тақырыбымыздың негізгі проблемасы
болғандықтан, алдымен шарт сөзіне талдау жасап көрелік.
Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде: «шарт» сөзіне мынандай
анықтама беріледі [1]:
-
«Шарт»-өзара міндеттер алу жөніндегі келісім.
-
«Шарт»-міндет, борыш.
-
«Шарт»-керектілік, қажеттілік.
«Педагогикалық шарттар» және
«дидактикалық шарттар» деген ұғымдар педагогика
ғылымындағы негізгі ұғымдар болып саналады.
Педагогикалық
шарттар дегеніміз- қойылған міндетке жеткізуді қамтамасыз
ететін оқыту мазмұны және ұйымдастыру
түрлерінің обьективті мүмкіндіктері мен оларды жүзеге
асырудың материалдық мүкіндігінің жиынтығы.
Педагогикалық
шарттар ұғымы оқыту мен тәрбиелеудің
мақсат-міндеттерін, мазұнын, әдістері мен ұйымдастыру
түрлерін қарастырады. Сондықтан да «педагогикалық шарт»
ұғымын дидактикалық мақсатқа жеткізуге
арналған мазмұн мен әдіс-тәсілдердің элеметтерін
мақсатты түрде таңдау, құрастыру және
пайдалану деп түсінілген.
Ш.К.
Беркінбаеваның пікірінше [2], тәрбиені ұйымдастырудың
педагогикалық шарттарына: мақсат, міндет, мазмұн,
әдіс-тәсілдер, амал-құралдар және нәтиже
жатады. Сонымен қатар тәрбиеге ықпал етуші шарттары да
(мотивациялық, кадрлық, материалдық-техникалық,
ғылыми-әдістемелік, қаржылық,
ұйымдастырушылық, нормативтік,
құқықтық және ақпараттық)
қарастырған.
Тәрбие
теориясында А. Я.Зись, М.А. Оразалиева, Р. К. Дүйсембінова мәселені кешенді түрде шешуді
әдістеменің әлеуметтік маңызды мақсаттар мен
міндеттерге сай келуін қамтамасыз ететін міндетті шарт ретінде
қарастырады.
Біздің
жұмысымыз М. Н.Скаткиннің берілген анықтамасына жақын
келеді. Ол «педагогикалық шарттар» дегеніміз-зерттеу обьектісі болып
отырған феноменнің қалыптасуына маңызды әсер
ететін педагогикалық үдерістің сыртқы
факторларының жиынтығы», - [3] деп көрсетеді.
Сонымен,
университет жағдайында студенттердің эстетикалық
мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары-
оқу үдерісінде және дәрісханадан тыс жұмыстарда
студенттердің танып, білуіне, сол арқылы эстетикалық
мәдениеттің қалыптасуына жағдай туғызу.
Университет
жағдайында студенттердің эстетикалық мәдениетін
қалыптастыру мәселесін зерттей және ұзақ
жылдардан бері оқу-тәрбие үдерісінде пайдалана келе, мынандай
педагогикалық шарттардың түзілу керек екендігін
анықталды:
-
студенттердің эстетикалық құндылықтарды
игеруге деген қажетсінуін, қызығушылығын
қалыптастыру;
-
жоғарғы оқу орны студенттерінің эстетикалық
мәдениетін қалыптастыру мақсатында эстетикалық
циклдағы арнайы курстар енгізу;
-
өзіндік жұмыстардың, курстық және
дипломдық жұмыстардың тақырыптарын эстетикалық
мәдениетпен байланысты белгілеу;
-
студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
мақсатында
дәрісханадан тыс
уақытта поэзия клубы мен ақындар мектебінің жұмыс
істеуі;
-
оқу үдерісіндегі білім мазмұны студенттердің
эстетикалық мәдениетін, көркемдік-шығармашылық
белсенділігін, кәсіби шеберліктерін қалыптастыруға
бағытталуын ескеру;
-
әртүрлі шығармашылық жұмыстар
арқылы студенттердің
эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда халықтық
педагогика негіздерін басшылыққа алу қажеттілігін ескеру;
-
жалпы сұлулық жайындағы түсініктерін
тереңдетіп, оқу үдерісінде, дәрісханадан тыс
уақытта эстетикалық мәдениетті қалыптастыру үшін
қабілеттің алатын орнын ескермеуге болмайды;
-
студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда
оқыту және тәрбие үдерісін тиімді пайдалану;
-
оқытудың белсенді әдістерін пайдалану;
Бұл
шарттарды мотивациялық, мазмұндық және кәсібилік
деп топтауға болады [4].
Біз белгілеп отырған
педагогикалық шарттардың ішіндегі ең маңыздысы
–жоғарғы оқу орындарындағы әртүрлі
мамандықтар бойынша оқу-тәрбиесіне арнайы курстар енгізу
мәселесі. Осы мақсатта эксперименттің қалыптастырушы
кезеңінде «Поэзия клубының жұмысы» атты арнайы курс
бағдарламасы жасалып, ол оқытушылырдың назарына
ұсынылып, кафедра мәжілісінде талқыланды. Арнайы курста
көркем әдебиет, соның ішінде поэзия арқылы
студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
көзделді. Осы орайда курстың мақсаты, міндеттері,
өткізілетін іс-шаралардың үлгілері, әдіс-тәсілдер
таңдалып алынды.
Курс мақсаты:
халқымыздың ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі әлем
таныған, мойындаған поэзиясының эстетикалық табиғатын,
көркемдік ажар-бояуларын таныта отырып, студенттер бойында
эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.Осы мақсатқа
жетуде мынадай міндеттер қойылды:
-
шығарманың қат-қабат ішкі құрылымы,
астарлы , бейнелі көркем ойын таныту үшін теориялық
білімдерін кеңейту;
-
шығарма бойындағы тұтастықты бұзбай, образдар
жүйесіне сүйене отырып, әсемдік мазмұнын танытып аша
алатындай студенттердің бойында талдау дағдыларын
қалыптастыру;
-
тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға үйрету;
-
студенттердің шығармашылық қабілеттерін
танытуға мүмкіндік туғыза отырып, әр сөзді
жоғары эстетикалық талғаммен қолдануға
үйрету.
Әдіс-тәсілдер:
талдау, сараптау, пікірталас, баяндау, әңгімелеу, т.б. және
интербелсенді әдістер ретінде жаңа технологиялардың кейбір
оқыта үйрету ойындарын алуға болады (модульдік оқыту
технологиясының, оқу және жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау, т.б.)
Құралдар:
интербелсенді тақта, слайд-проекторлар, плакаттар. Атқарылатын
ісшаралар: дәріс сабақтар, семинар сабақтар, поэзия кеші,
жергілікті ақындармен кездесу.
Елімізде соңғы жылдары
болып жатқан әдеби-мәдени ірі оқиғалар мен
өзгерістерге байланысты ғылымда да жаңа бетбұрыстар,
ізденістер жасалып жатыр. Әдеби әлемде де айтарлықтар
өзгерістер бар. Халық құндылығына деген
тоталитарлық жүйе кезіндегі көзқарас өзгерді,
басқа қырынан танып білуге мүмкіндік туды. Жалпы
әдебиеттің заңдылықтары, сонымен қатар эстетикалық категория
философиялық эстетика заңына сүйенеді. Сол арқылы көркем
туындының заңдылықтары, идеялық-эстетикалық
мән-мазмұны ашылады [5].
Поэзияда адамға отты
қуат берер, әсер етер - эмоция. Олай болса, өнерде этика мен
эстетика – егіз дүние. Оларды бірінен-бірін бөліп алып
қарастыруға болмайды. Өлең мен жырларға,
дастандарға талдау жасауда мұны естен шығармаған
жөн. Кейіпкер бойындағы адамгершілік қасиетті тек жалаң
сипаттаумен ашар болсақ, онда көркем образдың адам жанын
баурап алар эстетикалық қуаты әлсірейді. Студенттер бойына
эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда поэзияның
таптырмас құрал екенін ескере отырып, осындай детальдарға
мән берудің рөлі ерекше.
Жас ұрпақты халқымыздың
ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиеті
туындыларымызбен суысындата алсақ қана болашақ маманның
жан дүниесін әсімдікке баули аламыз. Туған әдебиетіміздің
қайнарынан сусындай ой-өрісі ұштастылып, көркемдік
әлеміне құштар болып өскен әрбір маман иесі
туысқан халықтар әдебиетінің, мәдениетінің
тарихын игеруге, дүниежүзлік мәдениетті оқып
үйренуге ынтызарлықпен ұмтылары анық.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Балтабаев М. Х. Основы музыкально-эстетического воспитания учащихся
молодежи средствами казахской традиционной художесвенной культуры : автореф.
дис. ... докт. пед. наук / М. Х. Балтабаев . – Алматы,1994 – 447 с.],
2.
Ұзақбаева С. А. Балаларға эстетикалық тәрбие
берудегі халық дәстүрлері / С. А. Ұзақбаева . –
Алматы:Білім,1990 – 32 бет.
3.
Дүйсембінова Р.К. Оқушыларды қазақтың
ұлттық ән-күй шығармашылығының
құралдарымен музыка – эстетикалық тұрғыда
тәрбиелеу : автореф. дис. ...
канд. пед. наук / Р.К Дүйсембінова Р.К. – Алмыты, 1992 -25 бет.
4.
Таубаева Ш.Т. Науычные основы
формирования исследовательской культуры учителя общеоразовательной школы.
Автореф.дис...док.пед.наук. – Алматы, 2001 .- 45 с.
5.
Кишкашбаев Т. А. Музыкально – эстетическое воспитание младших школьников
средствами казахской инструментальной музыки :
автореф. дис. ... канд. пед. наук /Т.А.Кишкашбаев – Алматы, 1992 – 25
бет.