Педагогические науки/ Проблемы подготовки
специалистов
Балгабаева Р.Н., Мурадилова Г.С.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті,, Қазақстан
«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»
МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Қазіргі уақытта мамандарды
дайындау саласында сапа мен тиімділікті арттыру үшін оқу
үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланбау
мүмкін емес. Ақпараттық технологиялар ішіндегі оқу
үрдісіне кең қолданылатын бір түрі ол мультимедиа
технологиялар.
Мультимедиа - компьютерде дыбысты,
ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы
бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған
компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді -
мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық
түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін, түрлі
түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап,
ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында
сақтап, сұхбаттық түрде жұмыс істейтін
компьютерлік жүйе. Мұнда мультимедиа элементтерін еркін интерактивті
түрде қатынас құруға, дыбыспен
сүйемелдейтін бейне көріністерді компьютер экранында
көрсетуге, толық мүмкіндік бар.
Тәжірибелік
қолданудың бір бағыты ретінде мультимедиалық
құрал қолданып оқитын дәріс болып табылады. Осы
мақала «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
студенттеріне мультимедиалық дәріс беру тәжірибесін талдау
нәтижесінде пайда болды.
Бұл бағыттағы
мамандықтың пәндерінің теоретикалық материалдары
математикалық формулаларымен, алгоритмдік сұлбаларымен,
пайдаланылатын программалық және аппараттық құралдардың
сілтемелерімен, программалардың бастапқы кодтарымен,
әртүрлі қолданбалы есептер шешімдерінің сәулеттік
және құрылымдық сұлбаларымен көп
жабдықталған. Оқытушының бүкіл оқу
материалдарын көрнекі және түсінікті түрде беру
мәселесін құрал-жабдықтардың дәстүрлі
түрлері – «бор мен тақта» күрт күрделендіреді,
әсіресе бұрын қарастырылған тақырыпқа
қайта оралу жағдайларында. Сондай ақ тақтаға
бормен жазу кезінде беріле алатын ақпарат көлемі аз,
көрнекілігі төмен болады.
Мультимедиа-дәріс мәтін,
статикалық және динамикалық графика, бейне және аудио
деректер, көрсетілетін программалық
құралдар енгізілген ақпаратты ұсыну ортасын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Материалды реттеу
құралы ретінде стандартты офистік құралдар және
web-технологиялармен, қазіргі графикалық кітапханаларды
пайдаланатын арнайы программалық кешендер бола алады.
«Ақпараттық жүйелер»
мамандығының үшініші курс студенттеріне «Java технологиялар
негіздері», «Ақпараттық жүйелерінің сенімділігі»
пәндерін оқыту тәжірибесінен мультимедиялық
дәрістердің келесі басымдылықтарын ерекшелеуге болады:
оқытушыға материалды
ыңғайлы жеткізудің ұсынылуы, оған визуальді
тиімділіктер (түстер, қаріптер), алгоримдер жұмысының
динамикасы, әдістер, ағымдар, бумалар, материалды берудің
сызықты емес тәсілі ретіндегі гипермедиа,
тыңдаушылырдың дайындық дәрежесіне сәйкес
материалды оқыту траекториясын келтіруді жатқызуға болады;
дәрістегі берілетін ақпарат
көлемінің ұлғайуы, ол
қарастырылатын тақырып санымен емес материалды
қарастырудың, талдаудың тереңдігімен өрнектеледі;
қарастырылатын материалға
студенттердің қызығушылығының көтерілуі;
кейбір алгоритмдердің немесе
әдістердің жұмысын
(іске асырылған программалық құрал түрінде)
тәжірибеде көрсету мүмкіндігі, ол оқытылатын
теоретикалық сұрақтардың қолданбалы жағын
қарастыруға мүмкіндік береді;
презентация, бейне-курс және т.б.
түрінде дайындаған оқытушының дәріс материалдарын
қызықты түрде, бос уақытында студенттердің
қайталау мүмкіндігі; Осы мүмкіндікті толық іске асыру
оқыту материалдарының арнайы медиатекасын құрған
жағдайда мүмкін болады, сондай медиатеканы оқытушы жиі
толықтырып, жаңартып отыруы және студенттердің
оған қатынау құқығы сақталуы керек.
Мультимедиалық дәріс
курстарының келесі даму бағыттарын ұсынуға болады:
мультимедиалық оқыту
материалдарын құрастыру және сақтау
құралдарын унификациялау;
материал ұсынылатын мультимедиалық
құралдарын зертханалық және тәжірибелік
сабақтарды орындау жүйелерімен интеграциялау;
материал ұсынылатын
мультимедиалық құралдарын білімді бағалау
жүйелерімен интеграциялау;
оқу үрдісінде мультимедианы
қолдану әдістемесін жақсарту және мультимедиалық
құралдармен жабдықталған оқыту
аудиториялардың санын арттыру.
Жоғары айтылғандар
оқу үрдісінде іске асырылса тек қана техникалық
бағыттағы емес, сонымен бірге басқа бағыттағы
мамандарды дайындау сапасы жоғарылап, тиімділігі артады.