Конырова Гулим Кайырбековна

Қарағанды қ. «№40 Негізгі мектебі»

«Балбөбек» шағын орталығы

 

Мектепке дейінгі балаларда геометриялық пішін бейнелерін қалыптастыру мәселелерінің шетел және отандық педагог-психологтардың еңбектерінде қарастырылуы

Математика ерте заманда,адамдардың әлем құбылысы заңдарын ұғыну әрекетінен бастап дүниеге келген.  Ғылымдарынң «патшасы» деген атаққа ие болған математиканың ірге тасын қалаған ғұламалардың ақыл-ойы пайда мен зиянды ғана есептеуге жұмысалған жоқ. Олардың жаратылыстың мәнін түсініп, оның үйлесімділік заңын ұғынып қана қоймай, сәулетін білуге талпынды.

Математика  дегеніміз – ол «жеті қырдың астындағы» тылсым дүние. Бала адамның  ой –арманынан туған дүниелер әлемін  еш қиналмай-ақ шарлап кетеді. Ертегі- бұл оның қиял-әлемі. Ал математика- бұл да «өтіріксіз қиялдың» ерекше бір түрі, идеялар әлемі. Мына дүние объективті түрде өмір сүреді. Біздің көңіл-күйіміз, шаршауымыз бен шабыттануымыз, ойымыз сүйіспеншілік шын және обьективті түрде өмір сүретіні даусыз. Оларды үстелге немесе құмыраға қол тигізетіндей ұстап көруге бомайды, бірақ олар өмір сүретіні анық.

Бала ертегілер дүниесін кәдімгі тұрмыс-тіршілікпен  оңай айырады. Сол сияқты математика әлемін физикалық денелер әлемімен «өз болжамымен» айыра алады. Баланың назарын санның біріңғай сандық сипатына аудару логика заңына қайшы келеді және соның негізінде санның абстракциялық идеясының қалыптасуына қиындық келтіреді.  Сол себепті, біз балаларға ең алдымен адамдар санасында өмір сүретін ерекше дүние ретіндегі математика туралы сөз етуді ол математика әлемінде балаларға тек жетекшілік жасап, оларға сандар мен фигуралардың өмір сүру заңдылықтары туралы ғана айтып беруі керек.

Жалпы баланың  жеке басының қалыптасуы және ақыл-ойының дамуы әртүрлі іс-әрекеттер процесінде жүзеге асырылады. Қарапайым математикалық түсініктер сенсорлық тәжірибе негізінде жинала береді. Педагогика мен психологияда оқыту мен дамыту мәселесіне үлкен көзқараспен қарайды.

 Балаларға  матемаика элементтерін оқыту әдістемелігі үшін Костюгтің басшылығымен  жүргізілген зерттеулер еркше назар аударады. Объектінің белгіленген, яғни түс, форма, шамасын айыра білу дәрежесі мектеп жасына дейінгі кезенде жемісті болатынын көрсетеді. Бала қатар тұрған әрбір элемент шамасын меңгере отырып табыспен игере бастайды.

Сөздердің мәнін меңгерту барысында бала заттардың қасиеттерін жалпылай білуге үйренеді. Кез-келген заттардың қасиеттері, әртүрлі фактілер, құбылыстар  балалардың назарынан тыс қалмайды. Бала жиын, сан, шама, пішін, уақыт, кеңістік туралы түсініктер мен ұғымдары бірізділіктерін  меңгере отыра, білімдерді жүйеге келтіреді.

Әр-түрлі құралдармен тәсілдерді қолдану арқылы балалардың сабақта ақыл-ой әрекетін белсенді ету балаларда дербестікті дамытады және оқытуда балалардың белсендігін қаыптастырады. Оқу танымдық әрекеттердің басқада түрлері математикалық даму нәтижесі пән аралық және әдістерді қолданады.

Геометриялық фигураларды қалыптастыруда педагог оқытудың сан алуан әдіс-тәсілдерін қолданады. Яғни, практикалық, көрнекілік, сөздік және ойын әдісті таңдауда түрлі факторлар әсер етеді. Сол кезеңде шешілетін бағдарлама міндеттері  балалардың  жас және жеке ерекшеліктері дидактиканың құралдары болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда  математикалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуы бір-бірімен тығыз байланысты  және олардың логикалық сферасын қалыптастыру қазіргі он жылдықта өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Осы жайда  зерттеу жүргізген Ж.Пиаже «Балаларда  сан  генезисі» атты еңбегінде балалардың сан туралы ұғымын қалыптастыру дегеніміз ол логикасын дамыту деп дәлелдеп берді.

Балаларда математикалық қабілетін дамытуда алғашқы кезеңде элементтерді немесе объектілерді белгісі бойынша бөліп алу немесе біріктіру, бойынша бөліп алу немесе біріктіру. Бір бүтін етуді қалыптастыруға арналған тапсырмалар беріледі.

Психолог П.П. Блонский «Егерде соңғылары болмаса, онда ойлаудың дамуы үшін негіз де жоқ  және ең соңғысы да қажетті мөлшерде пісіп-жетіле алмайды», - деген.

Г.С.Костюктың басшылығымен жүргізілген зерттеулерде обьектілердің белгіленген (түс, форма, шама) айыра білу дәрежесі, әдеттегіге қарағанда, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту жағдайында  өте жемісті болатынын көрсетті.

Отандық психолог Л.С.Выготский  әрқашан «ең жақын даму аймағында» қарап бағдарлану керек деп атап көрсеткен  ол былай деп жазады: «... біз тек бүгінгі күнге дейін аяқталған даму процесін ғана , оның аяқталған циклдарын ғана,  пісіп-жетілудің атқарылған процестерін  ғана емес, сонымен бірге қазір қалыптасу жағдайында тұрған енді-енді  пісіп- жетіле, дами бастаған процестерді де есепке алуымыз мүмкін».

И.Г. Пестолциидің айтқанына сүйене отырып, Лай  сан мен форма бір-бірімен туыстас әр біріншісінде екіншісінен немесе керсінше шығуы мүмкін деп дәлелдеді. Сонымен Лай  форма арқылы санды айқын елестетуді қалыптастыру қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Шетел авторларына сүйене отырып Ф.Н.Блехер бала әр жылы әртүрлі санды қабылдайды деп көрсетті. Мысалы, 2 санын бала 3-4 жаста, 3 санын 4-4,5 жаста, 4 – санын-5-5,5 жаста айыра біледі дейді.

А.М. Леушина жасаған балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру  тұжырымдамасы  қазіргі кездегі көптеген зерттеулерге негіз болды. Дидактикалық жүйесі сыннан өтіп бірнеше жыл бойы қызмет етіп келді. Әрі оның нәтижелері балабақшада оқыту мен тәрбиелеу  бағдарламасында жүзеге асуда.

Мекеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың оның ішінде геометриялық  пішіндерді ұлттық стилде қалыптастыру ерекшеліктеріне аса қарқынды дамуына Қазақстанның көрнекті ғалымдары Қ.Сарбасова, Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова, М.сансызбайқызы, Б.Рысбайқызы,Құрманалина Ш.Х., Т.Бәсенов үлес қосты.

Қорыта айтар болсақ, осы салаға аянбай тер төккен шетел және отандық психолог-педагогтардың қосқан үлесі зор. Сол кездің өзінде мектеп жасына дейінгі балаларға арнап көптеп шығарған оқу –құралдары бүгінігі білім беру саласында маңызы өте зор болып отыр. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында әдіс-тәсілдерді,көрнекі –құралдарды толығымен пайдаланса баланың ақыл-ойы кеңейіп,  жан- жақты дамитын болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     А. М. Леушина  «Мекеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» (1963-1965жж.).

2.     Ф.Н.Блехер «Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері», (1955ж.)