Минайдарова М.И.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,

Алимжанова Л.,

Тараз қ. № 20 Балабақша әдіскері

БАЛАЛАРДЫ  ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ  ШЕТЕЛДІК  ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІҢ  МАҢЫЗЫ

 

   «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасында «Толық өркениеттің ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деп бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар аясында, қазақ халқының рухани-мәдени сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу басты мақсатымыз екендігін көрсеткен.  Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт– күнделікті, тұрақты, нақты, сабақтастықты үзбеу [1].

 Балалармыз – болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не жетсін. Бала өміріндегі мультфильмдер немесе анимациялық фильмдердiң шығу тарихы тереңде жатыр. Тарихта алғаш рет суретке жан бiтiрiп, жүрiп бара жатқан адамның бейнесiн салған  - бельгиялық физик Ж.Блато. Араға бес жыл салып француз суретшiсi әрi инженерi Э.Рейно мультфильм шығаруға арналған құралды жетiлдiрiп, көрiнiстi ұзартып, 15-20 минуттық комедиялық лента жасап шығарды. Ал, Қазақстандағы тұңғыш мультфильм 1967 жылы түсiрiлдi. Режиссер әрi танымал суретшi Ә.Қайдаров түсiрген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмi әлi күнге дейiн өзi биiгiнен төмендеген жоқ [ 2].

     Қазiргi таңда жасөспiрiмдердi теледидар тәрбиелейдi. Ал, мәдениетi мен өмiр салты мүлдем бөлек, бiздiң дүниетанымымызбен үйлеспейтiн батыс пен шығыстың анимациялық фильмдерi бүлдiршiндерiмiзге дұрыс тәрбие бередi деп айта аламыз ба? Әрине, жоқ. Баланы жастан тәрбиелемесе болмайды. Дұрыс егiлмеген әрi күтiм жасалмаған ағаш қисық өсетiнiн бiлемiз. Әрбір бала үшін тәрбиенің маңызы зор. Адамның өмiрге деген көзқарасы, келешекке деген сенiмi бала кезден қалыптасады. Ресей Республикасының Мемлекет қамқорлығының арқасында осы елде «Илья Муромец», «Три богатыря» атты мультфильмдер дүниеге келдi. Осы туындылар арқылы талай орыстың баласы өз тарихы мен мәдениетiмен сусындады, отансүйгiштiкке тәрбиелендi. Анимациялық фильмдер түсiрумен айналысатын әлемдегi ең мықты  «Уолт Дисней» және «Дрим Воркс» компаниялары АҚШ-та орналасқан. «Дрим Воркс» мамандары түсiрген «Шрэк-2» мультфильмi әлемнiң көптеген елiдерiнде көрсетіледі [3].

    Қазақ анимациясы 2001 жылдан бастап сәл-пәл iлгерi баса бастағанын айттық. Сол жағымды жаңалықтың бел ортасында жүрiп сапалы, мағыналы мультфильмдер шығарумен айналысып жүрген «САҚ» киностудиясы бұл күндерi тек Шымкенттiң ғана емес, бүкiл Қазақстанның мақтанышына айналды десек қателеспеймiз.

     Қазiргi таңда «САҚ» киностудиясы 20-дан астам мультфильм шығарып үлгердi. Қазақ мультипликация өнері­нің тұсаукесер мультфильмі ертегі негізін­де түсірілген, 1967 жылы жарыққа шыққан Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі. Бұл фильм шыға салысымен бүкіл әлем қазақ халқының қарлығашты қалай дәріптейтінін біліп, таңдай қақты. Фильм 1968 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілді. Қайдаров түсірген «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы» атты фильмдер қазақ мультипликациясының жетістіктері болды. 1970 жылы қазақ мультипликация­сы Орта Азиядағы жетекші орынға шықты. Осы кезеңде қазақ мультипликаторлары түсірген графикалық және қуыршақ фильмдердің саны жүзден асты. Режиссер-суретшілер Ж.Даненов пен Ұ.Қыстауовтың «Алпамыс батыр», «Айдаһар аралы», Е.Әбдірахмановтың «Тапқыштар», «Бозторғай», Б.Омаровтың «Үш шебер», «Қаңбақ шал», Т.Мұқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтың «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» атты мультфильмдері – қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармалар  [ 4 ].

Алайда бір дәуірден екінші дәуірге көшкенде ұлттық анимациямыз тоқырауға ұшырады. Осы орайда, 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары мен студенттері профессор Қайдаровтың жетекшілігімен «Құйыршық» (режиссер Қ.Қасымов) атты сериалдың бірінші графикалық мультфильмін компьютерлік технологияларды қолдана отырып шығарды. Бұл да өз алдына бір жетістік.  Ұлттық анимациямыздың әлі күнге дейін әлемдік бәсекеге түсе алмауы, ұлттық анимацияны идеологиялық құрал ретінде пайдалана алмауымыз өте өкінішті. Ресей аниматорлары ұлттық құндылықтарды балалардың санасына сіңіру мақсатында алдарына жан салмай тер төгуде. Олар көбінесе Крыловтың мысалдарын немесе тарихта болған батырларын кейіпкер ретінде алып, тамаша толықметражды анимациялар жасап шығарды. «Три богатыря», «Илья ­Муромец», «Алеша Попович», сияқты батырларын дәріптеу арқылы өздерінің «орыс деген ұлы халық» екенін, олардың мемлекеттері айбынды екендіктерін ұрпағының саналарына құйып отырады.  Анимациялық мультфильмдер ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, тарихымызды насихаттап, жас баланың санасына сіңіретін бірден-бір құрал[5].

    Шетелдік мультфильмдердің мазмұнына келсек, ойға қонымсыз, бала тұрмақ үлкен кісіні дұрыс ойдан адастыратынын байқаймыз. Қазіргі жас ұрпақ «Трансформер», «Мегамозг», «Халк», «Аватар» сияқты құбыжықтарды құрметтеп, солардың тәлім-тәрбиесімен өсіп келе жатқандығы баршамызды алаңда­тарлық жайт болуы керек.  Бұған ойлана қарасақ, шет елдің мультфильмдерінде терең мазмұн болмайды.

   Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сынды туындыла­рының деңгейіне әлі де жете алмай жатырмыз. «Мен Алдармын, Алдармын, сақалымды талдармын» деп әндетіп, бірақ өзінде сақал түгіл, мұрт та жоқ қазақ ауыз әдебиетінің кеңінен танымал кейіпкерін білмейтін адам жоқ. Қай телеарнаны ашпасаңыз да алдыңыздан Алдардың киносы, не Алдардың мультфильмі шығады. Бұл қуантарлық жайт. Десек те, қазіргі Алдардың бейнесі Шәкен Айманов сомдаған парасатты, қу да болса, елдің қамын ойлаған, жарлының байда кеткен ақысын алып беру үшін түрлі айлаға баратын Алдардан мүлдем өзгеше.        Бүгінгі Алдарда сол парасаттылықтан еш нәрсе қалмағандай. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі заманның нағыз алаяғы сияқты көрінеді. Сәби санасына да бұның кері әсері бары анық.

     Мультфильм жасау инемен құдық қазғандай ерен еңбекті талап ететінін түсіну қажет. Дегенмен, еліміздегі мультипликациялық кино жасаудың шебері саналатын студиялар да бар. Солардың бірі «САҚ» (бұрынғы «Жебе») киностудиясы. Олар Ә.Тәжібаевтың поэмасының желісі бойынша жасалған «Толағай» мультфильмі және «Қошқар мен Теке», «Момын мен қарақшылар», «Маймақ қаз». Жалпы, киностудия қорында жиырмаға жуық мультфильм бар. Бес минуттық, он минуттық мультфильм болсын әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні зор. Айтар болсақ, көпсериалды «Қазақия» мультфильмінің бір сериясында қазақтың «Көп түкірсе көл» деген мақалының мағынасы түсіндіріледі. «Қазақия» Қазақстандағы тұңғыш мультсериал. 6-7 минуттан тұратын қазақтың мақал-мәтелін, дәстүрін үйрететін осындай сериалдардың бар болғаны қуантарлық жайт. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл, өсиет, өнеге, қағида болып таралып келген тәлім-тәрбие тағылымының бай мұрасы бар.

   «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген дана халқымыз. Демек, баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін қазіргі таңда бұлмультфильмдер. Анимация - инемен құдық қазғандай қиын сала.  Алайда, ұлттық мүдде тұрғысынан жұмыс iстейтiндерi аз. Бiз мультфильмдерiмiзде ұл-қыздарымызды отансүйгiштiкке, елжандылыққа тәрбиелеудi мақсат еттiк. Мультфильмдердің бала өмірінде алар орны өте зор. Өзіміз кішкентай күнімізден әжеле­ріміздің ертегісін тыңдап, мультфильм көріп өстік, тәрбиелендік. Ертегілердің бәрінде басты кейіпкер мақсат-мұратына жететін, жақсылық жамандықты жеңетін.

Қазір мультфильмнің бәрі – шетелдікі. Идеология, тәлім-тәрбие басқа, оның бәрі біздің менталитетке келмейді. «Жастар – біздің болашағымыз» дейміз, «Қазақстан Орта Азия барысына айналады» деп үміттенеміз. Ал сол межеге кімнің арқасын­да жетпекпіз? Яғни сол жоспардың бәрін осы бүгінгі балалар, жас жеткіншектер жүзеге асырады. Солардың жүрегінде біз патриоттық сезім тудыруымыз керек. Отанына, еліне, салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік, тілімізді, дінімізді қадірлеу, қастерлеу сезімдерінің бәрін жас ұрпақтың бойына қазір сіңіруіміз қажет.

Мультфильм арқылы кішкентай жеткіншектерімізді салт-дәстүрін қадірлейтін, сыйлайтын, ұлттық мүддемізге сай патриот етіп тәр­бие­лей аламыз. Демек, мультфильм деге­німіз – өте күшті идеологиялық қару .

Мультфильм – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жас балалар теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да сол көгілдір экраннан үйренеді. Ендеше, жас буынның бойында туған тіл, мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін, сондай-ақ, баланың ой-өрісін дамытуға, ұлттық рухтағы тәрбиесінің бекуіне жол салатын қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көптеп шығарылса.

 Қазіргі ақпараттық заманда көгілдір экранның күшті  насихат құралына айналғанын ескерсек, отандық телеарналарға балаға ұлттық тәрбие беретін қазақ тіліндегі мультфильмдер шығару кезек күттірмес мәселе екенін атап айтқым келеді. Қазіргі балаларға жақын болған «Алдар көсе» мультсериалын бәрінің сүйіп көретіні де белгілі. Алдардың ақылдығын, әдемі әзілін ұғына білген бала да жақсы азамат болары хақ.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашан да халық тәрбиесін үлгі тұтады. Халық педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, қиял-ғажайып ертегілері, ой-өрісті дамытатын ойындар ұлттық тәрбие негіздері жатады. Міне, мұның барлығы дерлік адамгершілікке баулиды. Олай болса тәрбие – халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді .

               Пайдаланған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050»  стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты жолдауы. // Егемен  Қазақстан,  2012.

2.  «Бала тәрбиесі» журналы №2,  2010.

3.  «Бала тәрбиесі» №5 журнал, 2012.

4. «Айгөлек» №10 журнал, 2003.

5.  «Балалар журналы» , 2013.