Тусупбекова Н.К., Cыздыкова Г.Е.,
«Жұлдыз»
балабақшасы тәрбиешілері, Қарағанды қ.
Мектепке дейінгі кіші
жастағы балалардың тілін дамытуда
ата-аналардың
рөлі
Ғылыми кеңесші: ф.ғ.д., проф. Мажитаева Ш.
Тіл
– адамның бір-бірімен пікір алысып, қарым–қатынас жасайтын
құралы болғандықтан, тілдің
қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше.
Сондай-ақ тіл ұлт мәдениетінің басты
көрсеткішінің бірі.
Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық
дәстүрінің, сана–сезімінің, ойлау
тәсілінің, мінез құлқы белгілерінің
көрінісі бар. Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби
шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Олай болса,
баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап,
жүйелі түрде жүргізілуге тиіс.
Ғалымдардың пікірінше, адамның жеке
басының қасиеттері, әдетте 5 жасқа дейін
қалыптасады. Өйткені
қажетті қасиеттерінің бәрін мектеп жасына дейін
сіңіруге тырысады. Бала әр нәрсеге құмар,
айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын
сезінуге талпынып, өз құрбыларымен және ересектермен
тығыз қарым–қатынаста болады. Сондықтан мектеп жасына
дейінгі баланы жан-жақты дамытып, жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу, тілін дамытуға, ең бірінші, ата-ана да өз
міндетім деп түсінуі керек. Бала тілінің дамуы, негізінен,
эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында
қалыптасқан әке мен шешенің, әже мен
атаның, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына
тікелей байланысты. Баланың өзге жұртпен
қарым-қатынасы, амандасуы, үлкен-кішімен сөйлесуі-
бәрі-бәрі отбасынан басталады.
Бүгінігі техникалық мүмкіндіктер
дамыған заманда ата-аналардың да мүмкіндіктері кеңейді.
Оған теледидар, интернет арқылы бірге көрген ертегілер,
қойылымдар, ойындар, бағдарламалар септігін тигізеді. Бірақ
әрбір ата-ана өз баласының мүмкіндігін, жас
ерекшелігіне тән сөздік қорын жетілдіріп отыруға
тырысуы тиіс. Баланың тілі жас ерекшелігіне сәйкес дамуы үшін
ата-аналар баланы тек теледидар алдында отырғызып қана
қоймай, ертегілерді бірге көріп, не болмаса ертегіні ата-ана
өзі оқып беріп, баланың ертегіні түсінгенін, я түсінбегенін
байқап, сұрақтарына жауап беруге тиісті. Күнделікті
ауыз-екі сөйлесуде баланың сұрақтарына жауап беріп,
сөздерді дұрыс айтуын
бақылау ата–ана парызы.
Ата–аналар күнделікті өмірде баланың тілін
дамытуда ауыз әдебиеті ерекше роль атқаратынын ұмытпауы
керек.
Бесік
жыры
Мақал-мәтелдер

Тілді
үйретудегі Эпостық
шығармалар
құралдар
Ертегілер
Жұмбақтар
Қазақ
балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин да балаларды
оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті
шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп,
«Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына
жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі
сөйлеу мүмкін емес», - деген. Сондықтан да, ата-аналар
күнделікті тәрбиеде ауыз әдебиеті үлгілеріне мықтап
жігінуі керек. Бала тілінің дамуы бесікте жатқан кезінен «бесік
жырынан» басталады. Ол жырларда ананың баласына деген ақ тілегі,
алдан күткен үміті мен сенімі анық білінеді. Абай
«Туғанда дүние есігін ашады - өлең, өлеңмен
жер қойнына кірер денең», - деген сөз осының
айғағы.
Ертеде
техникалық құралдар, кітап болмаған заманда бала
тілінің дамуына халық ауыз әдебиеті әсерін тигізген.
Бесікте жатып-ақ анасының бесік жыры арқылы ана тілінің
әуезділігі, сұлулығы жас сәби жүрегінен
тереңінен орын тапқан. Бір
бесік жыры өзі қаншама тақырыпқа арналған?
Аяғын жаңа басқан сәбидің тұсау кесер
жырында да ата мен ананың ең ізгі арамандары көрініс береді.
Баланың тілі төрт түлік малға берілетін мінездеме
арқылы да дамыған. Ол өлеңдерде малдардың
түр-түсі ғана емес, шаруашылық орыны да әр
малдың ерекшелігі де көрсетілген.
Маң –
маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң
басқан.
Төрт
аяғын тең басқан...
Жан-жануарлардың,
өсімдік дүниесінің тылсым сырларын өз ара байланысын
әңгімелейтін тақпақ, жұмбақ
өлеңдер де баланы әрі әсемдік әлеміне бойлатып,
әрі табиғат құбылыстарын тануға септескен. Енді
бір өлеңдер балаларға сан үйретуге арналған
санамақтар («бір дегенің білеу...», «қуыр, қуыр,
қуырмаш...»), жаңылтпаштар нағыз тіл ширату емтиханы болып
саналған. Баланың ой- өрісін кеңейтуге
дағдыландыратын, танымын, білімін арттыратын тамаша өнердің
тағы бір түрі-жұмбақ болған. Халықтың
өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын
жетілдіруде, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін» әрі қысқа, әрі нұсқа ететін
ғибрат сөздер - мақал-мәтелдердің де тілдің
дамуына қосатын орны ерекше. Өзінің мазмұны және
құрылысы жағынан балалардың жас ерекшелігіне,
мінез–құлқына, психологиясына неғұрлым етене
жақын келетін жанр- ертегілер. Міне, ауыз әдебиеті үлгілері
арқылы баланың ой-өрісі, тілі дамып, өз ойын алтын
сапқа қаптаған, сөз шеберлері шыққан.
Әрине осы танымдық, тіл шеберлігі ата-ана арқылы,
қоршаған орта арқылы пайда болған. Бүгінгі
заманда ата-аналар ауыз әдебиетімен қатар баланың тілін
түрлі дидактикалық ойындар арқылы да дамыта алады.
Күнделікті өмірде, отбасында келесі дидактикалық ойындарды
қолдана алады:
«Қажет суретті
тап»
Мақсаты; Логикалық
ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс-әрекетті
есіне түсіру, қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем
құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу
жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.
«Формасы
ұқсас заттарды тап».
Мақсаты: Түрлі
заттарды пішіміне қарай ажырата білуге үйрету. Сөзбен атап
айтуға жаттықтыру, сабақта алған білім –
дағдыларын тиянақтау.
«Нені қайдан
алуға болады?»
Мақсаты : Адамға
қажетті заттарды тани, талдай
білуге нені қайдан алуға болатынын үйрету,
сөздік қорларын байыту.
«Драматизацияланған
ойындар»
Мақсаты: Бағдарламада
көрсетілген ертегі, әңгіме мазмұнына сәйкес
ойналады. Ол үшін балалар ертегі, әңгіме мазмұнын
саналы түсіну, көркем сөздерді меңгерту, шығарма
мазмұнын бұзбай жүйелі, мәнерлі әңгімелей
білуге үйрету, сабақта алған білімдерін тиянақтап,
кеңейте түсу мақсаты көзделеді.
Сөздік
дидактикалық ойындар.
«Телефон», «Мен не
дедім?», «Кім көп сөз ойлады?».
«Жұмбақ
ойындар»
Балаларға
таныс бұйымдар туралы жұмбақ айтылады.
Жұмбақ.
Екі басы бар,
Екі аяғы бар.
Табиғатқа
байланысты ойындарды да қолдануға болады. Мәселен, жыл
мезгілдері туралы не білесің? Бұл қай мезгіл? Не шулайды?
Өзенде. Тербеледі теректер. Орманда. Жемістер.
Осы негізгі ойын
түрлерін ата–аналар күнделікті тіршілікте қолданып, бала
тілінің дамуына үлесін қосса - нұр үстіне
нұр болар еді.
Қорыта
келгенде, тілі жаңа шыққан баланы сөйлете білу,
сөздік қорының көбеюіне жағдай жасай білу - әрбір ата-ананың міндеті.