Ғ.А.Бисенова, Р.Ж.Абтихалова
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық
–техникалық колледжі,Қазақстан
Шетел тіліне оқытуда интернет
мүмкіндіктерін тиімді қолдану
Бүгінгі
күнде компьютер – бұл ақпаратты алу мен
өңдеудің, компьютерлік және желілік
технологиялардың мүмкіндіктерінің өте қуатты
құралы, олардың жылдамдығы ақыл-ойды таң
қалдырарлықтай дәрежеде.
Ақпараттандырудың
мақсаты – жаңа ақпараттық коммуникациялық
техналогияларды қолдану арқылы адамның интеллектуалдық
қазметін қарқынды ету. Бұл үдірісті іске асырудағы
негізгі құрал – компьютер. Комьпютер – білім беру ісіндегі
бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық
міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін зор құрал.
Әлеуметтік
компетенциялық тиімді жолдарын іздестіруде зерттеушілер арасында
бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктері бар комьпютерлік
технологиялар қызығушылық тудыруда. Вертуальдық
кеңістікте, вертуальды интерактивті тілдік орта болып табылатын
интернетке ену көптеген зерттеуші - әдіскерлердің ойынша
аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде
қарастырылады.
Интернет
арқылы ғаламдық желінің ақпараттық
ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп,
сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы
дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық
мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады:
-
күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды,
оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
-
интернеттен алынған материалдарды талдау негізінде ауызша сөз
іскерліктерін жетілдіру;
-
жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат, т.б. жазба
жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша тіл білігін арттыру;
-
активті және пассивті сөз қорын,қазіргі шетел тілі
лексикасымен, жаңа терминдермен толықтыру;
-
өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен
мәдениеті, салт-тәстүрлері, экономикалық даму
ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту;
Оқу
үрдісінде интернетті қолданудың әдістемелік
ресурстарына тоқталсақ, ағылшын тілі сабығында
интернетті қолдана отырып, аудитивтік мәтінді қолданып, тілді
жетік білушілерді тыңдап, қарым-қатынас жасай отырып тілдік
ортаны қалыптастырады. Желідегі барлық ақпарат ағылшын
тілінде. Интернет компьютер технологиясын білумен шектелмейді.
Шетел тілін
оқыту оқушыларға өздері оқып жатқан
тілдің мемлекетімен жақынырақ танысуға яғни,
география, тарих, елтану пәндерімен тығыз болуды қажет етеді.
Сондықтан оқытушы сабаққа дайындық үстінде
дидактикалық, әдістемелік тапсырмалардың ішінде қайсысы
маңызды екенін шешіп алу керек. Интернетке келетін болсақ, оны
қалай және қандай мақсатқа қолдану
керектігін анықтап алайық;
-
желідегі материалдарды сабақ мазмұнына қосу;
-
сабақ тақырыбына сай ақпараттарды іздестіруде
оқушылардың ізденіс жұмыстары;
-
өзіндік оқу, шетел тілінің әр түрлі
сатыларындағы іскерліктерді игеру, дамыту;
-
оқытушының басқаруымен шетел тілінің белгілі бір
тақырыбы бойынша білімдерін тексеру;
Ақпараттық
технология – ақпараттарды жинау, сақтау және
өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген
әдістер мен өндірістік және бағдарламалық –
технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту
үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын
жақсартуға көмектеседі.
Интернетке
ену көптеген зерттеуші-әдіскерлермен аталған компетенцияны
дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Егер шетел
тілінде оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге
толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар
еді; мысалы, студенттер Интернет тораптарында берілетін тапсырмалар мен
жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды
пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына –
телеконференцияларға қатыса алады және нақты
уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға,
радиобағдарламалар тыңдауға, бейнероликтер көруге,
яғни ақпараттың қандай да түрлерін
қолдауға мүмкіндіктері бар.
Интернет
шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді
қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен
қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер
береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Шетел тілі
сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты
белгілерден тұрады.
Бұл
арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады.
Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды атап
көрсетуге болады.Олар мыналар:
-
оқушылардың ойлану дәрежесіне,материалды қабылдау
ерекшелігіне байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке
компьютерде бағдарлама құрып,оқушылармен дербес жұмыс
жасауға болады;
-
компьютер арқылы нашар оқитын оқушыларды
оқытудың тиімділігі артады.
-
Компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді;
-
Оқушының сабаққа деген қызығуын
арттырады.
Әрбір
сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де
қолданады: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу.Бұл
жағдайда ағылшын тілі пәні оқытушысының міндеті
оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда
компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету,өз бетімен
компьютерді қолдануды үйрету болып табылады.Сондай ақ
ағылшын тілін меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да
тигізер пайдасы зор.
Интернеттің
қандай деңгейде қолданылуының келесі
мүмкіндіктерін атауға болады;
-
оқытушы сабақ өткізер алдында тәжірибелік
сабақты өткізуі үшін қандай да бір аутентті
материалдарды таңдай алады;
-
дыбыстық ақпаратты жазып алуға болады (дыбыстық
плата болған жағдайда);
-
тіл тасушыларының түрлі тақырыптарға
қызықты сөздерін қажетті қалыпқа дейін
қысқартып алуларына болады;
-
жөндеп алынған түрлі мәселелерге ақпаратты
ауызша талқылау, пікірталас өткізу;
-
тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының
мәдениетінде оның қызмет алу ерекшеліктерін көрсететін
идеомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б алынатын нақты
хабарламаларын, ауызша немесе жазбаша айтылымдарына лингвистикалық талдау
жүргізу;
-
тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды
грамматикалық, лексикалық, анықтамалардан,
сөздіктерден, елтанымдық сипаттағы анықтамалардан
алынған материалдарды пайдалану.
Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту
және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір
оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.
Сабақ арасында ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың
сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі,
әрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау
мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сол
сияқты ағылшын тілін игеру барысында білімнің, дағдының
маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы
көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де
басты мақсаттың бірі болуы қажет.
Интернеттегі
аудио – видео бағдарламаларды магнитафонға жазып алуға,
оқушыларға тыңдатуға, талқылауға болады.
Сабақта
көп бағдарламаны компакт дискілерді қолдану ең тиімді
болып табылады. Интернеттен ең жаңа мәліметтерді үнемі
алып отыруға болады.
Компьютерлік
технологиялар арқылы өтетін оқу үдіріс
оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,
шығармашылық қабілеттерін дамытып өздерінің
кәсіби потенциялдарының қалытасуына жол ашады. Компьютерлік
технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай,
жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз
етеді. Ал ағылшын тілі сабағында интернетті қолдану арқылы
көптеген жетістіктерге жетуге болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
« Иностранные языки в школе» 2001ж.,№3.
2.
Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі»
2007,№5.
3.
Қазақстан мұғалімі. Алматы,23.07.1999.