Педагогические науки/5. Современные методы преподавания

 

Б.Т. Төлеуханова

Бұқар жырау ауданы, Үштөбе орта мектебі

г. Караганда

 

Бейіндік оқыту-заман табалы.

 

Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке түлғаны жан-жақты жетілдіріп,танымдық іс әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық саяси-мәдени өзгерістерге  байланысты оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты қазақ халқы елін,жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін,тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап,қорғап, рухани-адамгершілік тығылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Бейіндік мектепте оқушыларға дұрыс бағыт беруді ұйымдастыру мақсатымен мұғалімдердің шығармашылығынан туындаған авторлық бағдарламалар қосымша курстар арқылы жүргізілуі тиіс. Мектебімізде бастауыш сыныпта «Тіл дамыту», «Мәнерліп оқу», т.б үйірмелер жүреді. Осы үйірмелерде бастауыш сынып  оқушыларына патриоттық  тәрбие беру, көркем шығармаға қызығушылығын  ояту,  көркем әдебиетке баулу, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту,адамгершілік,кішіпейілдік,гуманистік қасиеттерді тәрбиелеу, ұлттық өнерді қастерлеу,  қорғауға үйрету сияқты білім мен тәрбие берудің басты мәселелері тиімді ұйымдастыру.  

Бейіндік мектепте ана-тілін меңгерудің бастапқы кезеңін маселелік тұрғыдан оқыту үшін ауызша жүргізілетін кіріспе курс енгізуге болады.Осы курс арқылы ана тілдің барлық іс-қызметін (ауызша,сөйлеу,жазу) оқытатын негізгі  курсқа біртіндеп  өту қарастырылады.

Осыған байланысты  оқушылардың диалогтік,монологтік сөйлеуге, оқуға үйретуге арналған жаттығу жұмыстарын орындаудың  тәсілдерін  топтық жумыс  арқылы орындайды. Мақал-мәтелдер адамгершілікке тәрбиелейді. «Батыр туса-елдің ырысы,жаңбыр жауса-жердің ырысы» деген адамның көпшіл  халқының қамын ойлайтын,абзал азамат екенін дәлелдейді.Достық туралы (Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өмірі қысқа болады», « Дос көңілі  шарайна, сындырып алма абайла» мақалдарынан дос қадірі туралы ой түйіндейді.

Бейіндік оқыту  тұжырымдамасы  ҚР-ның 12  жылдық білім беру тұжырымдамасы негізінде жасалған.  Мұнда мемлекетіміздің  орта білім беру жүйесінің бағыты мен жүйесі  жүзеге асу принци птері мақсаты мен міндеттері айқындалған.  Қазіргі заманның  басты байлығы білім екендігін  адамзаттың өмірлік тәжірибесі дәлелдеп отыр. Қай елде білім мен ғылым жоғары дамыған деңгейде болса , сол елдер көшбасшы мемлекеттер қатарына қосылуда.Әлемнің дамыған елдерінде жаңа технологиялармен жұмыс істей білетін , білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға  айрықша мән береді. Біз де осы көштен қалмай ,алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті  50 елдің қатарына кіру үшін білім саласын реформалауды жаплғастыруды қолдаймыз. Осыған байланысты баланың дамуына әрине мектептің орны ерекше.  Баланың өзін- өзі көрсете алатын  шығармашылық қабілеттері , жан- жақты дамуы мектепте қалыптасуы  қажет. Адам өміріндегі жауапты кезеңдерінің бірі мамандық таңдау кезеңі болып табылады. Жоғары сыныптардағы бейінді саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталған. Бейіналды дайындық таңдау курстарын енгізу  арқылы іске асырылады.Таңдау  курстары білім беру бағдарламасының жүзеге асырудың ұйымдастыру формасы болғандықтан , бейінді пәндер бойынша  оқыту сұраныстары туады. Бейінді оқыту  жүйесін саралау мен даралау оқушылардың қызығушылықтарын, икемі мен қабілеттерін қалыптастыруға, кәсіби  қабілеттерін дамытуға  мүмкіндік тудырады. Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы  мен өз өміріне  қаншалықты риза екендігін –ңарасында тікелей байланыс бар. Қандай да болсын өнер түрі қоршағаншындық болмысының құбылыстарын бейнелейтін өзіне тән көркемдік құралдары арқылы баланың санасына  әдемі әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін қоршаған өмір шындығына эмоциялық қатынасының қалыптасуын , сапалы дәрежеге жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді деп ойлап әрбір бөлігіндегі тақырып мазмұны өте қысқа жазылған.Бастауыш сынып оқушыларының күйге, әнге деген қызығушылығынарттырады, өткен материалды еске түсіруге көмектеседі. Оқушылардың жан- жақты дамуына әсерін тигізеді.Сурет салуға,көркем жазуға, білімді тереңірек алуына көп мүмкіндік беруде.

Көрнекті неміс педагогы Адольф  Дистерверг  «Жаман мұғалім шындықты  өз дегеніне жеткізеді, хабарлайды, ал жақсы ұстаз  шәкірттерін шындыққа жетуге баулиды»   деген пікірі бүгінгі талаптарға сай келеді. Жаңа технология кезінде оқушы біріншіден, таныс тәсілдер арқылы бұрыннан таныс үлгілербойынша жұмыс жасауды жүзеге асырады. Екіншіден, танымдық іс- әрекет арқылы білім мазмұнын нәтижеге бағдарлайды. Үшіншіден, шығармашылық іс-әрекет арқылытаныс  емес жағдайдағы проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырады, жеке адамның тұлғалануымен ерекшеленеді. Баланың іс-әрекетін мақсатты түрде ұйымдастыру, оған басшылық ету,  білімді өз белсенділіктерімен алуға жағдай туғызу – жаңа педагогикалық технологиялардың белгілері. Бұл орайда кез- келген ізденіс-оқуісіндегі субьектілер оқушы мен оқытушының  өзара іс- әрекетіне, танымдық қызметін бағытталуы тиіс. Сабақ беру  үрдісінде   «дамыта оқу» технологиясын пайдаланамын.Технологияның бейіндік оқытудағы маңызы. Оқушылардың білім деңгейін анықтай отырып жеке қабілеттерімен мүмкіндіктері мен жан-жақты дамуына жағдай туғыза алады. Мектептерде он екі жылдық оқуға өтуді ұйымдастыруда бейінді оқытуды жүзеге асыру оның ішінде бейіндік пәндерді арттыру мүмкіншілігін басты назарға алатын болсақ, осы бейінді арқылы әрбір оқушының бойында жатқан қабілеттерін сыртқа шығара өзінің қалауы бойынша  мамандықты таңдауына мүмкіншілігімізге қарай баланың бойндағышырақты жан-жақты бейіндеп жандандыру, әр-түрлі салаларға қоғамға сай бейімдеп , бейімдік оқуға  дайындалу болып табылады. Келешекте бейіналды орта бейімді және жоғары білім алуды  негізі болады. Біздің міндетіміз оқушының  шығармашылық қабілетін танып қызығушылығын дамыту және де жеке оқытунегізінде  оқудың өзіндік  іс-әрекеттің  қалыптасуы.

Бейіндікті ұйымдастыруда саралай оқытуды жүзеге асырудағы отандық және шетелдік мектептердің  жұмысын талдаубарысында мынадай қортындылар жасауға болады.

-Оқыту бейіндік саралау оқу мекемелерінің әр- түрлі типтерінің болу негізінде жүзеге асады.

-Оқушылардың  бейімдері мен қабілеттерін  есепке алмай жүргізілген  бейіндік саралау оң нәтиже бермейді.

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер:

1. «Өзгеріс-Перемена»  газеті,  №9,  2006 ж

2. Бейіндік оқытудың тұжырымдамалық негізі,  Қарағанды 2007 ж

3. Бейіндік оқыту-әлеуметтік, психолого-педагогикалық проблеманың бірі.

4. «Бастауыш сыныпта оқыту» журналы, 2009 ж.