Педагогические  науки/5.Современные методы преподавания

 

Ташаева Гүлнар Еркенқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы  Бұқар жырау ауданыҮштөбе орта мектебі

Ақпараттық мәдениетті бастауыш сыныпта қалыптастыру.

Совершенствование творчества младших школьников через информационные технологии.

I this article are shown the improving the students skills in the primary school through the informational technologies.

ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екенін баршаға мәлім.

Қазіргі  таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны жылдан – жылға кең өріс алып, жедел  өарөынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушының қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық (компьютерлік) технологияны  пайдалану және оның тиімді  әдістерін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.(1)40

Ауыл мектептерінде жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің  құрылымын түбегейлі өзгертуге, ақпараттандыру технологияларды пайдаланудағы даярлаудың  дидактикалық негізін оқыту мазмұнына, әдістеріне, оқыту мақсатына жетуге бағытталған оқытудың ұйымдастырылған пішіндеріне қойылатын талаптарды анықтайтын дидактикалық принциптерден құралады. Әрі оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауда.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшілігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігіне ләззат алуға мүмкіндік беру. Компьютерлер әрбір адамға әр түрлі пәндерді оқып, үйренуге көмек береді. Сонымен қатаркомпьютерде дәстүрлі оқыту әдістерінің тиімділігін арттырады және материалды оқыту мен үйренуінің жаңа жолдарын ашады. Олар оқушыға оқудың, жазудың, арифметиканың негізін игеруіне және зерттеу мәселесін шешудегі ойлау қабілетінің дамуына көмегін тигізеді. Компьютермен  кіші балалар, нашар оқитын және дарынды, жақсы оқитын оқушылар жұмыс жасайды. Ол жаңа модель айналасында оқу үрдісін қарқындатып, оқыту идеясының дамуын таратады. Білім беру мазмұнын оның барлық дңгейінде түбегейлі қаута құру: жаңа ақпараттық технология құралдарымен сәйкес келетін қоғамды ақпартаттандыру үрдісінің алғы шарты, оқытудың әдістемелік негізін ауыстыру, әрбір сабақты кең түрде оқытудың әдістемесін толықтыру және ұйымдастыру түрін игертеді. Дәстүрлі оқу пәндеріне жаңа ақпараттық технология құралын белсенді енгізу үлкен оқыту идеясының дамуын таратады.

Аталған проблеманы шешу ең алдымен, шығармашылық қабілет дегеніміз не, ол қандай өзіндік қасиеттермен ерекшеленеді және оны компьютердің көмегімен тиімді дамыта аламыз ба, деген мәселелерді шешуді талап етеміз.

Бастауыш сынып ақпараттық технологиялар оқушылардың түлғалық спаларын дамытуға, сақтауға және ашуға мүмкіндік береді. Бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндік әдістемелік апталығында өткізген ашық сабақтар мультимедиялық кабинетте өткізілген сабақтарды айтуға болады.

Бұл жерде мұғалімдер оқу-тәрбие үрдісінің  жалпылай мақсатын ғылыми тұрғыдан қарастыруды түсіндіре отырып, оқушылардың  шығармашылық дайындығын, тапсырманы орындау тәсілдерінің сәйкестігін анықтап оытарды.

Мұғалімнің жұмысында:

-         психологиялық – педогогикалық дайындығы.

-         дайындықтың көлемі мен құрамы (слайд, презентация жасау)

-         компьютерлік дайындықтың мақмұны қарастырылады.

Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компонеттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ А.Н. Лук  шығармашылық қабілеттердің компонеттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерін 3 – топқа бөліп қарастырады:

1)     ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық жіне икемдік)

2)     темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)

3)     ақыл-ой қабілеттері.

Автордың пікіріне толық қосыла отырып, сабақтың өту барысында кез келген сабақ дұрыс нәтиже бермесе, ол оқушының сабаққа қызығушылығы,ынтасы болмағаны.

1.     Оқушының көңіл-күйі оның шығармашылық қабілетінің жан-жақты дамуынан жұмысының нәтижелігіне әсер етеді.

2.     Ке келген іс-әрекеттің ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске  асырылады.

Міне, осыдан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көмпьютердің және соған сәйкес компьютерліғ ойындарды (үйрену, жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы  толықтай  қалыптастыра аламыз.

Төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жасауда теориялық талдау қорытындылары мен жаңа бір нәтиже алуда компьютерге сүйенемін. Сондай-ақ компьютерлік технологияның орасан зор мүмкіндіктерін зертеуге арналған дәлел бола алады.

Сабақта мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Қай пәнді алсақта, оқушылардың қызуғышылын арттыру үшін мұғалім әр түрлі әдістерді қолдануда өз шеберлігін таныту керек.  Мен ана тілі, дүниетану пәндерін оқытуда өз шығармашылық жұмысымда оқушыларды еліне деген сүйіспеншілігін, ұлттық сана-сезімін оятуды басшалыққа ала отырып, сабақ барысында (топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, интернет арқылы жаңа  мәлімен алу, презентация жасау) оқушының өз бетімен жұмыс істеуніе, ізденуіне шығармашылық қабілеттерін дамыту жолында қолданамын.

Күтілген нәтиже:

1.     Сынып болып топтық жұмықа түскенде, белсенді емес оқушының өзі жолдастарын кейін тартпау үшін жанын сала һз деңгейіндегі тапсырманы орындауға тырысады.

2.     Бұл арада оқушының өзіне деген сенімі әрі танымдылық, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеті артады.

3.     Сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткізу, оның тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеуге жетелейді.

Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепке компьютерді оқыту құралы ретінде өолдану әр мұғалімнің міндеті.

         Ал, математика пәнінде деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беремін. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны орындауға барлық оқушалыр міндетті, 2-3-деңгей бірте – бірте күрделенеді және бұл  дңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы. (2) 64. Ал 4-деңгей оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, өзіндік пікірін жеткізе алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Күтілген нәтиже: кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

           Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мұмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасрынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Шығармашылық қабілеттің түрін айқындап, жүйелеуді ең кішкентай бөлігінен бастаған жөн. Шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін жоғары деңгейдегі өнімді ойлау жүйесін зерттеушілік  қабілетін дамыту, өзін-өзі білімдендіру, жаңа идеялардыжүзеге асыру т.б. қасиеттерді дамыту қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.                                                         Ж.Сардарова. Жаңа ақпараттық технологияның бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудағы ролі.  Бастауыш сыныпты оқыту. №1 (40) 2007.

2.                                                         Ж.Қарабаев. Жаңа технологиялар – сабақта. Бастауыш мектеп №4 (64) 2003.

3.                                                         С.Кеңесбаева. Білімді ақпараттандыру. Бастауыш мектеп №7 (64) 2004.