Aкадемик, п. ғ. к., доцент Досанова Алтынай Жапаровна
Магистрант Каратаева Данагуль
Набиевна
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
САБАҚТА
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Саралай
оқыту әрекеті – білім алуға бағытталған
әрекет. Ол өз бетінше, әрі мұғалімнің
жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып
отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б.Ананьев,
Л.Выготский, А.Леонтьев, т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп
кезеңіндегі оқу әрекеті В.Давыдов, Л.Занков, т.б.
зерттеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру
арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай
өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының
негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір
сабақтың өзегі деп түсінуі керек. Саралай оқытуды
ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді
әрекеті арқасында репродуктивті емес нәтижеге жетеді.
Оқушылардың
дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен,
олардың ықылас-жігерін, ынтасын, еске сақтау мен ойлау
қабілеттерін, жалпы білім деңгейін зерттеуі керек. Бұл
ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін
анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне
диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама,
психологиялық тәжірибе жасау, ата-аналармен әңгіме
жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері
сабақтың сұрақ беру, кіріспе әңгіме,
оқыған материалды, т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс.
Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген
сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына
ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға
уақыт беріледі, ал үлгерімдері төмендеріне нақты
сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі
ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке
ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие
жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.
Өзіндік
әдісті жізеге асыруда мына мәселелер көзделеді:
1.
Оқушылардың жеке еркшеліктерін зерттеп, типтік
топтарға бөлу.
2.
Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр
түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу
және дамытудың әдістемелігін жасау.
3.
Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық
материалдардың жүйесін құру.
4.
Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.
Оқушыларды
топтарға бөлгенде олардың оқуға және
жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға
қабілеттілік деп оқушының неғұрлым
қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету
қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға
қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үш
топқа бөлуге болады.
Сыныпта
барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан
сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай
жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру
көзделсе, өте пайдалы.
Сондықтан
сынып оқушыларының жеке бас еркшелігін және жалпы
ой-өрістерінің даму деңгейін анықтау үшін
Р.Аметхауердің интеллектік құрылымға раналған
тестілердің әдістері негізінде
педагогикалық-психологиялық тест жүргіземін. Бұл тест
төрт топтан тұрады:
1-тест.
Сынаушыдағы мәнді, маңызды заттар мен
құбылыстарды екінші дәрежелі маңызсыз заттар мен
құбылыстардан жіктеп алу.
2-тест.
Бұл бесінші артық деп алып тастайтын сөздік варианттар
түрінде құрылған тапсырмалардан тұрады. Осы
әдіс арқылы зерттеулерден алынған нәтижелер
тексерілушінің жалпылау немесе жекешелеу операцияларын іріктеу
мүмкіндіктерін көрсетеді.
3-тест.
Мұнда тапсырмада аналог бойынша ой қорыту. Бұларды орындау
үшін тексерілушіге логикалық байланысты және түсініктер
арасындаға қатынастықты таба білу керек.
4-тест.
Бұл жалпылай білу мүмкіндігіне бағытталған. Оқушы
тест тапсырмасына кірген қос ортақ біріктіретін түсінікті
айта білуі тиіс.
Бұл
алынған тестер нәтижесінде оқушылардың ойлау
қабілеттерінің даму деңгейі белгілі ұпайлар
арқылы анықталып, жоғары, орта, төменгі деңгей
болып үш топқа бөлінеді. Сөйтіп, сыныпта, жоғары
деңгейде – 9 оқушы, орта деңгейде – 14 оқушы,
төменгі деңгейде – 2 оқушы қалды. Мұның
нәтижесінде оқушылардың ойларының
ұшқырлығы, таным қабілеттерінің
жоғарылылығы байқалады. Ал келесі тапсырма оқу
бағдарламасы бойынша құралды, яғни білім
сапасының көрсеткіші анықталды. Бұл мынадай
нәтиже берді: жоғары деңгейде – 8 оқушы, орта
деңгейде – 14 оқушы, төменгі деңгейде – 6 оқушы.
Жыл бойғы
алған білім көрсеткішін анықтау барысында
оқушылардың білім сапасы көтерілгендері байқалды.
Күнделікті
сабақ жоспарын жазуда сынып оқушыларының ерекшелігін ескере
отырып, берілген оқу материалдарының ауыр, жеңілдігіне
қарай топтап түрлендіремін. Өйткені оқушы өз
мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға
ерікті. Бірыңғай тапсырмалар оқушыны жалықтырып жіберуі
де мүмкін. Сондықтан оқушыны жалықтырмай, оған
қажеттілік туғызатындай тапсырманы деңгейіне қарай
саралап күрделендіріп отырамын.
Оқушылардың
жеке басының ерекшелігін ескере отырып таным белсенділігін арттыру,
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
арқылы баланың дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптастыруға
жол ашу, оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту мақсатында жұмыс істеймін. Менің мәселелік
тақырыбым «Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру»
болғандықтан әр түрлі шығармашылық іс-
әрекетті ұйымдастыру, мысалға: көріністі сурет бойынша,
тірек сөздер арқылы, жоспар бойынша мазмұндама, шығарма
жазу, мәтінді өңдеу, ертегі құрау, мәтіндегі
берілген әңгіме басы, ортасы немесе соңы бойынша
әңгіме құрау, мәтінді жалғастыру, т.б.
тапсырмалар беремін. Мұндай жұмыстарды да топтардың
ерекшелігіне сәйкес ыңғайлаймын. Жұптық
әдіс арқылы мықты мен әлсіз оқушы бірге отырып,
жұмысты орындайды. Мұнда әлсіз оқушы өзіне деген
сенімсіздіктен арылып, мықтысы өзінің қабілеті мен
икемділігін одан әрі бекітеді. Мысалы, өлең мазмұнын
қарА сөзбен әңгімелеп беруде немесе жазуда оқушы
ерекшелігі ескеріледі. Бірінші топ өлең мазмұнын
әңгімелеп жазып берсе, екінші топ ондағы тірек сөздер
бойынша сөйлем құрайды.
Қорыта
айтқанда, деңгейлік саралай оқыту технологиясы оқушы
мен мұғалімнің белсенді шығармашылық
қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін
жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Оқушы
білімі мен білгендегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін
анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны
жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар деңгейлік
саралай оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу
жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы
мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең
бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға
деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық
оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап
болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.
Әдебиеттер:
1.
Кәсіби даму
мектебі. - Алматы, 2004.
2.
Исабаев Ә.
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы, 1993.
3.
Жұмабаев М.
Педагогика.
– Алматы: Ана тілі, 1992.
4.
.Қазақ тілі
мен әдебиетін оқытудың жаңа технолгиясы. - Алматы, 2002.